Бизнес-жоспар getrelaxed флоат-студиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

IMG_3772.PNG

Бизнес-жоспар

«#getrelaxed» флоат-студиясы

Орындаған: Романов А. Е.

Тексерген: Құрманғалиева Л. А.

Игликова Д. Д.

Құттыбаева Н. Б.

Қарағанды - 2018 ж.

Мазмұны

Жобаның паспорты3

I. Түйіндеме 4

1. 1 Жалпы сипаттамасы 4

1. 2 Жобаға кіріспе 5

II. Жобаның тұжырымдамасы 6

III. Қызметтер сипаттамасы 7

IV. Маркетинг бөлімі 10

4. 1 Қызметтер нарығының сипаттамасы 10

4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестері 11

4. 3 Маркетинг стратегиясы 12

4. 4 SWOT-талдау 14

V. Техникалық жоспарлау 15

5. 1 Техникалық процесс 15

5. 2 Керекті жабдықтар 16

5. 3 Орналасуы және құрылысы 19

VI. Ұйым, басқару және персонал 20

VII. Қаржы жоспары 21

7. 1 Жалпы шығындар 21

7. 2 Жалпы кірістер 21

7. 1 Қаржы индикаторы 23

VIII. Әлеуетті тәуекелдерді бағалау 25

IX. Кәсіпорынның өсу мүмкіншілігі 26

ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Жобаның атауы
#getrelaxed
Жобаның атауы: Жоба түрі
#getrelaxed: Флоат-студия
Жобаның атауы: Заңды мекен-жайы
#getrelaxed: Қарағанды қ., Республика Даңғылы 18/2
Жобаның атауы: Жобаның жалпы құны
#getrelaxed: 5 270 960 теңге
Жобаның атауы: Қажетті инвестициялардың көлемі
#getrelaxed: 5 000 000 теңге
Жобаның атауы: Өтініш берушінің байланыс деректері
Жобаның атауы: Басшының аты-жөні
#getrelaxed: Романов Аман
Жобаның атауы: Телефон
#getrelaxed: 8 747 962 75 56
Жобаның атауы: Мекен-жайы
#getrelaxed: Қарағанды қ., Октябрь ауданы
Жобаның атауы: Электронды почтасы
#getrelaxed: itsrmnv@icloud. com
  1. ТүйіндемеЖалпы сипаттамасы

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында флоатинг қызметін көрсететін #getrelaxed флоат-студиясын ашуды көздейді.

#getrelaxed қызметінің негізгі түрлері:

  • Флоатинг;
  • Массаж;
  • Аромамассаж;
  • Тайский массаж.

Қызмет көрсетудің негізгі тұтынушылары қарапайым халықтан бастап ортопедологиялық аурулары бар адамдарға дейін.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар:

Шығындар атауы
Сомасы
Шығындар атауы: Негізгі капиталға инвестициялар
Сомасы: 3 537 000 теңге
Шығындар атауы: Айналым капиталы
Сомасы: 1 733 960 теңге
Шығындар атауы: Барлығы
Сомасы: 5 270 960 теңге

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен де, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы «Банк ЦентрКредиттен » несие алу есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда:

Қаржыландыру көзі
Сомасы, теңге
Үлесі
Қаржыландыру көзі: Меншікті қаражат
Сомасы,теңге: 270 960
Үлесі: 5, 5%
Қаржыландыру көзі: Несие қаражаты
Сомасы,теңге: 5 000 000
Үлесі: 94, 5%
Қаржыландыру көзі: Барлығы
Сомасы,теңге: 5 270 960
Үлесі: 100%

1 жыл ішіндегі инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 16% дисконттау ставкасы кезінде 27 436 230 теңгені құрады.

Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR)
25%
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR): Таза ағымдағы құн (NPV), мың тг.
25%: 19 576 401
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR): Жобаның өтелімділігі (жай), ай
25%: 7
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR): Жобаның өтелімділігі (дисконтталған), ай
25%: 6
  1. Жобаға кіріспе

Флоатинг немесе сенсорлық депривация - бұл жоғары тығыздықтағы ағылшын тұзымен қаныққан және жайлы температураға дейін жеткізілген су резервуарында жүзу. Процедура абсолютті қараңғыда және тыныштықта өтеді. Осылайша, абсолютті жеңілдіктің әсері пайда болады, бұл барынша демалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, флоатинг - сауықтырудың перспективалық технологиясы. Процесс әрбір адам үшін денсаулық жағдайына қарамастан пайдалы болы көрсетілген. Бір рәсім өзінің тиімділігі бойынша толыққанды 8 сағаттық ұйқыға баламалы. Сондықтан, флоатинг бұлшық етті толығымен босаңсытады, жүйке жүйесін қалпына келтіреді, ауырсынуды, спазмды жоюға, депрессиядан құтылуға көмектеседі. Көптеген танымал адамдар мұндай қызметтің пайдасын баяғыдан бағалады. Мысалы, спортшылар осылайша физикалық жүктемелерден кейін қалпына келеді, ал белгілі тұлғалар ауыр және белсенді күндерден кейін демалады.

Флоатинг-қарапайым бизнес, бірақ үлкен қаржаттарды қажет етеді. Қазақстанда бұл нарық әлі толығымен жетілмей, танылмаған бизнес. Бірақ, батыста және АҚШ-та ол бұрыннан танымалы. Бизнесті құру қиын емес, ең бастысы жарнамаға назар аудару маңызды. Өйткені, әрбір адам флоатинг деген не екенін білмейді. Сауықтыру процедурасын бір рет сынап көргеннен кейін адам тағы да жеңіл камераға барғысы келеді.

o.jpg

  1. Жобаның тұжырымдамасы

Жоба тұжырымдамасы Қарағанды қаласында флоатинг-студияны ашуды қарастырады.

Студияның негізгі қызмет түрлері:

  • Флоатинг;
  • Массаж;
  • Аромамассаж;
  • Тайский массаж;
  • Әр түрлі майлар, тұздар және құралдарды сату.

Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары болып кез келген адамдарды жатқызуға болады. Себебі қызметтің бұл түрімен тек ортопедиялық және өзге де буын ауруларымен ауыратын адамдармен қоса, күнделікті іс-шаруалармен және өздерінің жұмыстарындағы жүктемеден демалғысы келген адамдарда келе алады.

Студия Қарағанды қаласы, Республика Даңғылы 18/2 көшесі бойында құрылған 80 ш/м үй-жайда жалдық төлем түрі бойынша орналасады.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын және болашақтағы дамуын ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде қызметті жүзеге асыру ұсынылады. ОКЭД бойынша бизнестің негізгі коды 96. 04 - Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі, ал қосымшасы 93. 19 - Өзге де спорт саласындағы қызмет және 86. 90. 3 - Массаж салондарының қызметі .

Салықтың ең тиімді түрі - Оңайлытылған декларация .

Қызметтің осы түрімен айналысу үшін қосымша лицензиялар алу талап етілмейді, ал рұқсат алу үшін санэпидемстанцияға және өрт инспекциясына жүгінуге тура келеді.

Бұл бизнес-жоспар басшылықтың іс-қимылға түпкілікті нұсқасы болып табылмайды, ал мұндай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы да, көрсетілетін қызметтердің ассортименті де өзгеруі мүмкін. Көрсетуге жоспарланған қызметтердің бәсекелестік артықшылықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекше ерекшеліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі ашу қажет.

  1. Қызметтер сипаттамасы
  • Флоатинг

4.jpg Бұл жаңалықты жүзеге асыру үшін клиентті арнайы флоат-камераға орналастырады. Ол ерекше ағылшын тұзының жоғары құрамы бар ерітіндімен толтырылған үлкен сыйымдылық.

Бұл камерадағы судың көлемі көп емес, флоат-камераның түбінен өлшегенде - 25 см, алайды оның құрамындағы тұз концентрациясы өте жоғары болғандықтан адамның денесі ешқандай күш-жігерсіз су бетінде қалықтап тұрады. Бұл процедура кезінде “ ұшып тұру ” секілді жеңіл сезім пайда болады.

Клиент флоат-камераға түскеннен кейін қақпақты жабады және ол жарығы жоқ, ерекше ортаға түседі, онда тек тыныш, босаңсытатын дыбыстар ойнайды. Абсолютті релакске жету үшін тұз ерітіндісінің температурасы 34, 8 градус болуы керек. Флоат-камераға барғаннан кейін клиент жинақталған стресстерден, кернеуден және дабыл сезімінен құтылады.

  • Массаж

kosmoenergeticheskiy-massazh.1.jpg Массаждау барысында қысым терінің барлық қабаттарына, тері бұлшық еттері мен тамырларына, майлы және тер бездеріне әсер етеді. Сонымен қатар, терімен тығыз байланысты орталық жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді.

Бұл рәсім жұмыс істеп тұрған капиллярлардың кеңеюіне және резервтік капиллярлардың ашылуына әкеледі. Нәтижесінде массирленетін жерлерде, сондай-ақ ішкі мүшелерде, бұлшық пен қан арасында күшейтілген газ алмасу орын алады. Массаждың әсерінен резервтік капиллярлар ашылғанда, адам ағзасындағы қанның қайта бөлінуі жақсарады, бұл жүрек жұмысын оңайлатады.

  • Аромамассаж

Аромамассаж классикалық массаж тәсілдері арқылы адамның терісіне әсер ету механизмі болып табылады. Эфир майлары адамның терісі мен ағзасына, сондай-ақ хош иісті буды жұту арқылы ішіне тыныштық әсерін қалыптастырады.

592b9568272c6.jpg

Аромамассаж жасау үшін мынадай тәсілдер қолданылады: үйкеліс, қысым, діріл және хош иісті майларды қолдану. Бұл комбинация тері дініне емдік әсер етеді, ағзаның қорғаныс функцияларын арттыруға ықпал етеді, оның сыртқы және ішкі жағымсыз әсерге қарсы тұруын арттырады.

Аромамассаж бүкіл денені және оның жеке аймағын массаждау үшін де қолданылуы мүмкін. Бұл ретте хош иісті майларды әртүрлі дозада және комбинацияларда пайдалану пациенттің ауру дәрежесі мен сипатымен, сондай-ақ емшара жүргізу барысында ағзаның жауап реакцияларымен анықталады.

Хош иісті массаж жасау үшін эфир майлары қолданылады, олардың концентрациясы 30%-ға жетуі мүмкін.

  • Тайский массаж

6a2ae95645208d02681aaf3234e2cbb5.jpg Тай массажы немесе «йога-массаж» - бұлшық ет тініне терең басу, йога қалпын еске салатын пассивті жаттығулар, рефлексология, созылу, буындардың ашылуы, адам денесіндегі энергия ағынын белсендіру, акупрессура сияқты әсер етудің бірқатар тәсілдерін қамтитын сауықтырудың тұтас жүйесі.

Тай массажының тамыры Аюрведе, ежелгі үнді емшілік жүйесінде және әлемдегі ең көне қытай медицинасында жатыр. Тай массажының тарихы 2500 жылға жуық, ал бүгін жүз жыл бұрын сияқты Таиландта кеңінен танымал.

Қызметтердің жоспарланған бағалары

Атауы
Бірлік
Уақыты, мин
Бағасы, теңге
Атауы: Флоатинг
Атауы: Флоатинг микс.
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 30 мин
Бағасы, теңге: 4 000
Атауы: Флоатинг макс.
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 60 мин
Бағасы, теңге: 8 000
Атауы: Абонемент микс.
Бірлік: 10 рет
Уақыты, мин: 30 мин
Бағасы, теңге: 35 000
Атауы: Абонемент макс.
Бірлік: 10 рет
Уақыты, мин: 60 мин
Бағасы, теңге: 75 000
Атауы:

#doublerelax

(30 мин. Флоатинг +40 мин. массаж)

Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 70 мин
Бағасы, теңге: 7 000
Атауы: Массаж
Атауы: Толық массаж
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 40 мин
Бағасы, теңге: 4 000
Атауы: Жергілікті массаж
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 30 мин
Бағасы, теңге: 1 500 - 3 500
Атауы: Аромамассаж
Атауы: Толық массаж
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 40 мин
Бағасы, теңге: 5 000
Атауы: Тайский массаж
Атауы: Толық массаж
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: 40 мин
Бағасы, теңге: 5 000
Атауы: Сатылым қызметтері
Атауы: Массаждық майлар(1000 мл)
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: -
Бағасы, теңге: 2 000
Атауы: Массаждық майлар (200 мл)
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: -
Бағасы, теңге: 450
Атауы: Массаждық майлар (150 мл)
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: -
Бағасы, теңге: 300
Атауы: Ванналық тұздар
Бірлік: 1 рет
Уақыты, мин: -
Бағасы, теңге: 350 - 2 500
  1. Маркетинг бөлімі
  1. Қызметтер нарығының сипаттамасы

Қазіргі ғылыми-технологиялар билік ететін заманда адамдар қаншалықты өмірді жеңілдету үшін ғылыми жаңалықтар ойлап тапсада, күнделікті өмірдегі адамдарқарбаласы азаймауда. Әсіресе эмоционалды және физикалық түрде қиын жұмыста жүрген адамдардың стресстік жүктері сағат сайын үлкейуде. Осындай мән-жайлардың әсерінен SPA қызметтер саласындағы әр кәсіпорындардың маңызы артуда және халық қол жая қарсы алуда.

Осы SPA қызметтер ағысында Батыс елдері үшін қалыпты қызметке айналған Флоатинг, ал ТМД елдері үшін таныс емес жаңалық. Бұл өзара нарықтың әлі қамтылмағанын білдіреді.

ҚазҰМУ зерттеулері бойынша адамдардың стресстік инциденттің және неврологиялық аурулар жағдайы жыл сайын артуда, ал 2017 жылы бұл күрт өсіп кеткен. Күрт өсім 2017 жылы жұмыскерлер санының серпімді өсуінен туындады.

Осы зерттеуді негізге ала отырып 2018 жыл SРА саласындағы қызметтерге деген мұқтаждықтың шыңы деген қорытындыға келуге болады.

  1. Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Бұл қызмет түрі жаңа бір бағыт болғандықтан нарықта аса көп тұрақталмаған, сондықтан да бәсеке дәрежесі аз. Бүкіл Қазақстан бойынша толығымен флоатинг-студия саясыты бойынша жұмыс атқаратын орын біреу - Miracle флоат-студиясы . Ол Қарағанды қ, Лободы 16 мекен-жайында орналасқан. Ал нарықта тұрақталуы 3 жыл (2015 ж. бастап) .

Алайда өзіне флоатинг қызметін қосымша түрде көрсететін сән-салондары әлде қарай көбірек.

Қала атауы
Тұрғындар динамикасы, адам
Салон саны
Қала атауы: Алматы
Тұрғындар динамикасы, адам: 1, 7 млн.
Салон саны: 18
Қала атауы: Астана
Тұрғындар динамикасы, адам: 1, 02 млн.
Салон саны: 4
Қала атауы: Қарағанды
Тұрғындар динамикасы, адам: 0, 58 млн.
Салон саны: 1

Ал әлеуетті бәсекелестері болып SPA қызметтерін көрсететін бүкіл салондарды жатқызуға болады. Зерттеулер бойынша Қарағанды қаласында келесі салондар тіркелген:

Атауы
Қызмет түрі
Мекен-жайы
№:
Атауы: Toreador
Қызмет түрі: Ерлерге арналған массаж
Мекен-жайы: ул. Ярославская, 1/1
№:
Атауы: Flamingo
Қызмет түрі: Сән орталығы
Мекен-жайы: пр. НуркенаАбдирова, 9
№:
Атауы: Kraftway
Қызмет түрі: Эстетикалық Косметология орталығы
Мекен-жайы: мкр. Степной 4, 27
№:
Атауы: Egoist
Қызмет түрі: Ерлерге арналған Массаж SPA-салоны
Мекен-жайы: ул. Ерубаева, 35
№:
Атауы: Шан-гри-ла
Қызмет түрі: SPA салоны
Мекен-жайы: ул. Ермекова, 120
№:
Атауы: For Man
Қызмет түрі: Ерлерге арналған Массаж SPA-салоны
Мекен-жайы: ул. Лободы, 48
№:
Атауы: Мужской клуб GQ
Қызмет түрі: Ерлерге арналған массаж
Мекен-жайы: ул. Ленина, 81/3
№:
Атауы: Beauty SPA
Қызмет түрі: Дене эстетика институты
Мекен-жайы: пр. Республики, строение 7/5
№:
Атауы: КiмАсар
Қызмет түрі: Сұлулық және денсаулық орталығы
Мекен-жайы: ул. Лободы, 31/3
№:
Атауы: Empire Spa
Қызмет түрі: SPA салоны
Мекен-жайы: ул. Университетская, 28/3
№:
Атауы: АруАна
Қызмет түрі: Эстетикалық медицина орталығы
Мекен-жайы: ул. Кривогуза, 65/4
№:
Атауы: Magic
Қызмет түрі: SPA-салоны
Мекен-жайы: мкр. Гульдер-1, 3 Б
№:
Атауы: Estetik club
Қызмет түрі: Beauty & Spa
Мекен-жайы: ул. Чкалова, 5

Кестеде көрсетілгендей салондардың көбісі массаждық қызметті көрсетіп, флоатинг саласына тікелей бәсекелестік көрсете алмайды.

Құрылатын «#getrelaxed» флоат-студиясыныңнегізгі артықшылықтары:

  • Жоғары білікті және ашық персоналдың болуы;
  • Флоат-бөлмелердің заманға сай LED-шамы және босаңсытатын аудио колонкалармен жабдықталуы;
  • Ыңғайлы орналасуы;
  • Заманға сай технологиялар;
  • Өзгеше дизайн;
  • Дисконтты жеңілдіктер; Маркетинг стратегиясы

Маркетинг әрбір кәсіпорынның жұмыс істеп, мына бәсекелестік ырғағында сөніп қалмас үшін керек бөлім. Қазіргі уақытта маркентингтік жоспарсыз жұмыс істемейтін кәсіпорын жоқ. Сондықтанда «#getrelaxed» флоат-студиясының маркетингтік жобасын құруын ерекше назарда және қазіргі заман критерийлеріне толыққанды жауап бере алатын түрде жасау керек.

«#getrelaxed» флоат-студиясының маркетингтік жылжыту стратегиясы 3 негізгі кезеңнен тұрады:

  1. Ашылғанға дейін;
  2. Ашылу күні;
  3. Ашылғаннан кейін.
  • Ашылғанға дейін. Флоат-студиясын ашпас бұрын халықты оған дайындау керек. Сондықтанда осы мақсатта ең алдымен халықпен қарым-қатынасқа түсе алатын алаң құру керек, яғни компанияның әлеуметтік желілерде: ВКонтакте, Инстаграмда жеке парақшасын және өзіндік дизайнда жасалған сайт ашу керек. Кейін оған адамдарды тарту үшін жарнамалық кампанияларды іске қосу керек. Бұл салада ең жақсы нәтиже беретін жарнама түрлері ол - әлеуметтік желілердегі таргеттік жарнама және қаланың адамдар жүру динамикасы жоғары жерлерде баннер, плакаттар, флаерлар жапсыру. Ең негізгі мақсат - халықты ашылу күніне деген ажиотаж қалыптастыру.
  • Ашылу күні. Студияның ашылу күні, ол оның өзінің әлемге бар екенін жариялауы. Демек тұтынушылардың бірінші әсері қандай болса, кейінгі кезектердегі олардың студияға деген қарым-қатынасы сондай болмақ. Сол үшін ашылу күнін дүркіретіп тойлау керек. Ол үшін SPA саласындағы атақты мамандарды немесе блогерлерді шақырып флоат-қызметтері жайлы толыққынды мәліметтер беріп, сыйлықтарға лотерея өткізу керек. Кейін жарнамалық флаерлармен келген бірінші клиенттерге 50% жеңілдікпен қызмет көрсету жобаланған.
  • Ашылғаннан кейін. Флоат-студияның келесі күндері жиналған тұтынушылар аудиториясын ұстап тұру керек. Ол үшін бонустық-жеңілдіктер системасын қолданып, ал мереке күндері ерекше бонустар қолдану керек. Бүгінгі жаңалықтар эрасында қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар/трендттер жайлы біліп соларды өзіміздің кәсіпорнымызда қолдану идеялар ойластыру керек. Бұл өз кезегінде клиенттер аудиториясын үлкейтуге көмектеседі және адамдардың ойларында «#getrelaxed» флоат-студиясын«ескі жаңалықтар» секциясына түсірмейді.

Маркетингке кететін шығындар:

Атауы
Саны
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
Атауы: Сайт
Саны: -
Бағасы, теңге: -
Сомасы, теңге: 6 360
Атауы:
  • Домен
  • Хостинг
Саны:

1

1

Бағасы, теңге:

3 360

3 000

Сомасы, теңге:

3 360

3 000

Атауы: Веб-дизайн
Саны: 1
Бағасы, теңге: 130 000
Сомасы, теңге: 130 000
Атауы: Брендбук
Саны: 1
Бағасы, теңге: 150 000
Сомасы, теңге: 150 000
Атауы: Блоггерді шақыру + жарнама
Саны: 1
Бағасы, теңге: 95 000
Сомасы, теңге: 95 000
Атауы: Жарнама
Саны: -
Бағасы, теңге: -
Сомасы, теңге: 172 000
Атауы:
  • Промоушн
  • Постер
  • Плакат
Саны:

2

1

15

Бағасы, теңге:

1 000

50 000

8 000

Сомасы, теңге:

2 000

50 000

120 000

Атауы: Барлығы
Саны: 553 360 теңге
  1. SWOT-талдау
Әлді жақтары
Әлсіз жақтары
Әлді жақтары: 1. Тікелей аналогтары жоқ, әдетті тудыратын ерекше қызмет түрі.
Әлсіз жақтары: 1. Салыстырмалы қызмет түрінің қымбаттылығы.
Әлді жақтары: 2. Әлеуетті тұтынушылардің кең ауқымы.
Әлсіз жақтары: 2. Тоб мүшелерінде сату тәжірибесінің болмауы.
Әлді жақтары: 3. Әр клиентке жеке жету тәсілін қамтамасыз ететін жақсы саясаты.
Әлсіз жақтары: 3. Клиенттердің жаңалықтарға жабықтығы қызметтің төмен сұранысына әкелуі мүмкін.
Әлді жақтары: 4. Қызмет сапасының адам факторына тәуелділігінің төмендігі.
Әлсіз жақтары: 4. Нақты тұтынушылар спектрінің болмауы (жоқтығы) .
Әлді жақтары: 5. Нарықтың әлі толық зерттелмей бәсекелестік дәрежесінің өте төмен болуы.
Әлсіз жақтары:
Әлді жақтары: Мүмкіндіктер
Әлсіз жақтары: Қауіптер
Әлді жақтары: 1. Мемлекетте және қалада кәсіпорындар желісін құру.
Әлсіз жақтары: 1. Әлеуетті бәсекелестер фонында сұранысты жоғалту.
Әлді жақтары: 2. Жастар, орта және жоғары класстағы адамдар ортасында жаңа сәнді «ағымның» пайда болуы.
Әлсіз жақтары: 2. Заңнаманың тұрақсыздығы.
Әлді жақтары: 3. Тұтынушылар тобының өсуіне қарай кәсіпорынды масштабтау: екінші флоат-камераны, стоун және т. б. қызметтерін қосу.
Әлсіз жақтары:
  1. Техникалық жоспарлауТехникалық процесс

Әрбір SPA қызметтерімен қолдануынң өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан олармен қолданбас бұрын процессімен танысып алу керек.

  • Флоатинг

1. Флоатинг қызметімен қолданбас бұрын, клиент үстіндегі бүкіл сыртқы киімін және әшекей бұйымдарын шешіп, қобдишаға салу керек.

2. Кейін бүкіл сыртқы шаң-тозан және өзгеде парфюмериялық қосымша заттардан құтылу үшін душқа түседі.

3. Тазалық процессі біткен соң, егер клиенттің денесінде сыртқы жаралар болса, оған дезинтериялық көмек көрсететін және ағылшын тұзымен қатынасқа түскенде ешқандай жағымсыз реакция болмау үшін ерекше майларды жағу керек.

4. Клиенттің құлағына ешқандай су кірмес үшін құлаққа арналған қысқыштарды киу керек. Және клиенттің өзіндік қалауы бойынша мойын және бас ыңғайлығы үшін жастықты кіргізуге болады.

5. Флоатинг суына түспес бұрын клиент бетінде душтан кейінгі және флоат-бөлменің үстінгі жағында одан алдыңғы сессиядан қалған су болса, кейін флоатинг-сессиясында кедергі жасамас үшін салфеткамен сүртіп тастау керек.

6. Осы бүкіл қадамнан кейін клиент еш уайымсыз тартымсыздық қалпынан барлық ләзатты ала алады. Флоат-бөлменің есігі жабылғаннан кейін уақыты санауы басталады. Ал сессия біткен соң флоат-бөлменің жарығы жанып сессияның аяқталғаны жайлы хабарлайды.

Флоат-сессиясы аяқталғаннан кейін клиент алынған әсерін толығымен сезіну үшін пост-флоат бөлмесінде шай, су ішіп және тіскебасарлармен әлденіп диван немесе креслода отырып рахаттана алады.

  • Массаж

Массаж сеансы жайлы массаж кабинетінде өтеді. Жұмсақ музыка демалуға көмектесу үшін ойнайды. Клиент массаж процедураларын жүргізуге арналған ыңғайлы, заманауи массаж үстелінде жатады.

Көптеген массаж техникасы дәстүрлі түрде киімсіз орындалады, алайда, бұл толығымен клиентке байланысты. Клиент жайлылық деңгейіне дейін шешіну керек. Ол бүкіл сеанста тиісті түрде жабылатын болады. Тек массирленетін учаскелер ашылады.

Классикалық массаж жиі клиенттер үшін негіз болып табылады. Жалпы классикалық массажда сеанс клиенттің жүйке жүйесін тыныштандыруға және сыртқы бұлшық шиеленісті босаңсытуға көмектесетін кең, тегіс қимылдардан басталуы мүмкін. Дене босаңсытылып, бұлшықет кернеуінің аймағын алып тастау үшін, қысым біртіндеп артылады. Біз терінің шамадан тыс үйкеліссіз массаждауболмас үшін жүзім тұқымы майы немесе кремін қолданамыз. Май теріні ылғалдауға көмектеседі. Егер клиент кез келген ыңғайсыздық сезінсе, дереу хабарлап, басқа тәсілді қабылдау керек. Массаж клиенттің денесі кедергі келтірмеген кезде ең тиімді пайдаланылады.

Массаждан кейін клиент пост-флоант залына барып демала алады.

  1. Керекті жабдықтар

Студияның негізгі көрсететін қызметі флоатинг болғандықтан ең алдымен флоат-бөлме жабдықтары қарастырылады.

Флоатинг қызметі үшін флоат-капсуласы немесе флоат-бөлмесі орнатылады. Флоат-капсуласы техникалық жағынан қолдану және орнатылуы жеңіл болғанымен, баға жағынан өте қымбат болып келеді. Сондықтан студияның бастапқы уақытында жұмыс істеу үшін флоат-бөлмелері орналастырылады. Салыстырмалы бағалары:

Атауы
Бағасы, теңге
Атауы: «Zero» компаниясының XL флоат-ваннасы.
Бағасы, теңге: 1 102 860
Атауы: «i-sopod» компаниясының флоат-капсуласы.
Бағасы, теңге: 8 570 950

«Zero» компаниясының XL флоат-ваннасы. «i-sopod» компаниясының флоат-капсуласы.

item_164.jpg 06dv11699ex-w1200.jpg

Флоат-бөлмесінің қолдану процессі техникалық түрде флоат-капсуласынан айырмашылығы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәріхана басқару жүйесін зерттеу
Бизнес жоспар: SS-beauty сұлулық студиясы
G N Garant сақтандыру компаниясының web-сайтын құру
Алматы - әсем қала
Тігін студия қызметтерінің тізбесі
Java - бағдарламалау тілі туралы
Қазіргі Қазақ радиосы
Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді қосымша құру
Программа жұмысын басқару операторлары
Урбандалу процестерін моделдеудің ақпараттық жүйесін құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz