Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
13.Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары
14.Ми қыртысы, оның қабаттары. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысы орталықтары
1Ми қыртысы, паллиум (лат. cortex cerebrі) - адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.
Сұр заттың қалыңдығы 1 - 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.
Балықтарда ең алғашқы Ми қыртысы - палеопаллиум; ал жануарлардың тіршілік ортасының құрлыққа ауысуына байланысты, мысысалы, қосмекенділерде палеопаллиуммен бірге архипаллиум (ескі Ми қыртысы); бауырымен жорғалаушыларда неопаллиум (жаңа Ми қыртысы) пайда болған.
Сүтқоректілер мен адамдарда жаңа Ми қыртысы өте жақсы дамыған. Адамның Ми қыртысының 95,6%-ы осы неопаллиумнан түзіледі. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Мұны Ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы 1,3 - 5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 10 - 14 миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамида, жұлдыз, ұршық, тағы басқа тәрізді болады.
Адам Ми қыртысының ең жақсы жетілген қатпарларында нейрондардың алты қабатын ажыратуға болады:
молекулалы қабатта ұсақ клеткалар мен көптеген нейрон өсінділері байқалады;
сыртқы дәнді қабатты пирамида және жұлдыз тәрізді нейрондар құрайды;
ең қалың пирамидалы қабат (мөлшері 10 - 40 мкм), пішіні пирамида тәрізді нейрондардан тұрады; 4) ішкі дәнді қабат ұсақ жұлдыз пішінді нейрондардан түзіледі;
ішкі пирамидалы қабат пирамида пішінді ірі нейрондардан тұрады. Мұны орыс ғалымы В.А. Бец (1834 - 94 жылдары) ашқан, сондықтан бұл қабатты кейде Бецқабаты деп те атайды;
полиморфты қабат көп пішінді әр түрлі мөлшердегі нейрондардан түзіледі. Сондай-ақ Ми қыртысының құрылымдық бірлігіне нейроглиялар да жатады.
Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады.
2.Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады . Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Анализаторлардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау -- алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.
Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады.
Анализаторлардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.
Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.
4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.
5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады.
Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың оссрін сезу және контактты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар.
Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.
Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.
15.Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы
Комиссуралық талшықтар, ми комиссуралары немесе дәнекерлері құрамына еніп, екі ми сыңарының симметриялы бөліктерін байланыстыратын комиссуралық талшықтар. Ең үлкен ми дәнекері - сүйелді дене, corpus collosum, neencephalon-ға жататын екі ми сыңарының бөліктерін жалғастырады. Шамасы жағынан едәуір кішілеу екі ми дәнекері, comissura anterior мен comissura fornicis иіс сезу миына жатады және алдыңғы дәнекер иіс сезу үлестері мен екі гиппокамп жанындағы қатпарларды, ал күмбез дәнекері гиппокамптарды байланыстырады. Ассоциативті талшықтар бір ми сыңары қыртысының түрлі аймақтарын өзара байланыстырады. Олар қысқы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа талшықтар,fibrae arcuatae cerebri, доға тәрізді будалар түрінде, көршілес қатпарларды өзара байланыстырады. Мұндай талшықтар будалары бірнешеу. Cingulum, белдеу күмбезді қатпарда өтетін талшықтар будасы, ол белдеулік қатпар қыртысының түрлі аймақтарын өзара және сондай-ақ ми сыңарының медиалді бетінің көршілес қатпарларымен де жалғастырады. Маңдай үлесі, fasciculus longitudinalis superior арқылы төменгі шеке үлесшесімен, шүйде үлесімен және самай үлесінің артқы жағымен жалғасады. Самай және шүйде үлестері өзара fasciculus longitudinalis inferior арқылы байланысады. Ақырында, маңдай үлесінің көздік бетін ілмек тәрізді буда, fasciculus uncinatus, самай полюсімен қосады.
16.Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері, филогенез. Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе
Иіс сезу миы, алдыңғы ми әлі де жануардың мінез-құлығын басқаратын ағзаға айналмаған кезде, иіс сезу анализаторымен байланысты пайда болған, алдыңғы мидың филогенездік жағынан ең көне бөлігі. Сондықтан оның барлық құрылымдары иіс сезу анализаторының түрлі бөліктері болып табылады. Балықтардың бүкіл дерлік алдыңғы миы иіс сезу ағзасы болып табылады. Сүтқоректілер мен адамда байқалатын жаңа ми қыртысының дамуына байланысты алдыңғы мидың жаңа бөлігі - жамылғы, pallium, дамиды. Бірақ жамылғы да ұзақ даму жолын өтеді және ол филогенездік жағынан әртүрлі үш бөлікке бөлінеді. 1. Paleopallium - самай үлесінің құрамына енеді. Бұл бөлім алғашында ми сыңарының латералды бетінде орналасады, бірақ одан кейін аса үлкейген neopallium әсерінен шұжық тәрізді түзіліс - гипокампқа айналып, соңғы мидың бүйір қарыншасы қуысының төменгі муйізінің медиалды жағына ығысады. Гиппокамп ежелгі қыртыспен, paleocortex, жабылған. 2. Archipallium - ми қыртысының маңдай үлесіндегі иіс сезу буылтығының қасында жатқан және көнке қыртыспен, archicortex, жабылған вентралды бетіндегі кішкене бөлімі. 3. Neopallium - жаңа жамылғы оның қыртысында, neocortex, жоғарғы иіс сезу орталықтары - анализаторлардың қыртыстық шеттері пайда болады. Бұл күмбезді қатпардың бөлігі болып табылатын - uncus. Осының нәтижесінде адамның иіс сезу миында түрлі текті түзілістер болады, олар топографиялық жағынан екі бөлімге бөлінеді. Шеткі бөлігі - иіс сезу үлесі - lobus olfactorius.
Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе. Ми сыңарларының бетіндегі сұр қыртыстан басқа, тағы да оның қабатында негіздік ядролар немесе қыртысасты деп аталатын сұр зат жиындары орналасады. Қыртысасты ядролардың үш жиыны бар: corpus striatum, claustrum және amygdaloidem., құйрықты ядродан жоғары және ортаға жақын жатады. Одан ішкі қапшық (капсула) деп аталатын ақ зат қабықшасымен бөлінеді. Құйрықты ядроның жуандаған алдыңғы бөлігі, оның басы бүйір қарыншаның алдыңғы мүйізінің латералды, қабырғасын түзеді, ал құйрықты ядроның жіңішкерген бөлімі,бүйір қарыншаның орталық бөлігінің түбімен артқа қарай созылады; ал оның құйрығы,төменгі мүйіздің жоғарғы қабырғасына қарай иіледі. Құйрықты ядро медиалды жағынан таламуқа жанасып, одан ақ зат жолағымен, бөлінеді. Алдыңғы және артқы жағынан құйрықты ядроның басы алдыңғы тесіктелген затқа жетіп, сол жерде жасымық тәрізді ядромен , оның putamen деп аталатын бөлігімен қосылады. Екі ядроның бұл кең байланысуынан басқа ішкі қапшықтың ақ будаларымен араласа орналасатын жұқа сұр жолақтары болады. "Жолақ дене" деп аталуы осы себептен,жасымық тәрізді ядро, құйрықты ядромен таламустан латералды орналасып, олардан ішкі қапшық арқылы бөлінеді. Ми сыңарларының горизонталды кесіндісінде жасымық тәрізді ядроның ішкі капсулаға қараған медиалды беті, ұшы ортасына қарай бағытталған бұрыш пішінді болып келеді. Бұрыштың алдыңғы жағы құйрықты ядроға, ал артқы жағы таламусқа параллелді жатады. Латералды беті сәл дөңестеу және аралшық аймағындағы ми сыңарларының латералды жағына қарайды. Жасымық тәрізді ядро екі параллелді ақ қабатшалар арқылы үш кішкентай ағзаға бөлінеді. Біреуі күңгірт-сұр түсті латералды қабық,ал ақшылдау екі медиалдысы бозғылт шардеп аталады. шарбақ, аралшық арасындағы орналасқан сұр зат табақшасы. Ол қабықтан ақ зат қабықшасы - ал аралшық қыртысынан аталатын қабатша арқылы бөлінеді. бадамша тәрізді дене, астында самай үлесінің алдыңғы шетінде орналасқан. Стриопаллидарлық жүйе - экстрапирамидалық жүйенің басты бөлігі, сонымен қатар құрамындағы осыған ұқсас вегетативті орталықтарға басымдық жасайтын, жылу реттеу мен көмірсу алмасуға қатысты вегетативтік қызметтерді жоғары реттеуші орталық болып табылады. Көмкерме жүйе түрлі вегетативтік қызметтерді реттеуге, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға және сезімге бөленген мінез-құлық реакцияларының эмоционалдық қалпына әсер ететін соңғы, аралық және ортаңғы ми түзілістерінің кешені. Оның негізгі бөлігін бадамша тәрізді ядро аймағы, шекаралық жолақ, гипоталамус, гиппокамп, күмбез, септалды аймақ, емізіктәрізді денелер, емізік-таламус будасы, белдеулік қатпар құрайды. Үлкен ми сыңарының медиалді бетінде көмкерме жүйе белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарлардан тұрады.
17.Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы.
Соңғы ми сыңарларында сүйелді дене деңгейінен төмендеу, ортаңғы сызықтың екі жағында ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінен бүкіл ми заты қабаты арқылы бөлінген екі бүйір қарынша, , сииметриялы орналасады. Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді: қарынша қуысы маңдай үлесінде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз, cornu anterius, түрінде басталып, осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке, pars centralis, созылады. Ал бұл бөлік сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге,(самай үлесі қабатында) және артқы мүйізге, (шүйде үлесіне) бөлінеді. Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын түзеді, ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады. Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы алып жатады, ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі. Бүйір қарыншаның орталық, ең тар бөлігінің жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан тұрады. Ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады. Артқы мүйіз сүйелді денеден шығатын - tapetum деп аталатын ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған; оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі енуінен түзілген буылтық - құс топшысы, байқалып тұрады. Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды. Жоғары қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі .Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес - гиппокамп, созылып жатады, ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі. Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ - деп аталатын түзіліс өтеді. Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық жатады. Бүйір қарыншаның медиалды жағынан, оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім, түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады. Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалыңдығы болып табылатын эпителимен жабылған латералды жиегі болып табылады.
18.Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі. Таламусасты аймағы, оның бөліктері. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. III қарынша, қабырғалары, қатынасы.
Аралық ми (diencephalon; көне грекше: dia - аралық, enkephalon -- ми) -- пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасының (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі.
Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі -- таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі -- эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жұлыннан жəне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус -- аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.
Аралық ми үшке бөлінеді:
1. Таламус - көру төмпешігі.
2. Гипоталамус - төмпешік асты құрылым.
3. Эпиталамус - төмпешік үсті құрылым.
Барлық құрылымдар ми қарыншасын жан - жағынан қоршап оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұлардың қызметі гипоталамусқа қарыншаны толтырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар тікелей әсер ете алады.
Эпиталамус - эпифизден тұрады. Таламус көп ядролы. Ол ми қыртысына сезім серпіністерін өткізеді. Гипоталамус ішкі ағзалардың қызметін жүйке, қан арқылы реттейтін көп ядролы құрылым.
Таламус.
1. Таламус 40 шақты ядродан тұрады.
2. Арнамалы ядролары жұлыннан келетін апараттар - құлақтан, көзден шығатын серпіністерді ми қыртысына жеткізеді.
3. Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер гипоталамустың арнамалы ядросынан келіп түседі. Бұл ядролардың қызметі ми қыртысымен байланысты.
4. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтастай әсер етеді. Оның қозғыштық қасиетін белсенділігін арттырады.
5. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртыс асты базальдық диадролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зоналарына серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттеп, жүйе қатарына кіреді.
Гипоталамус.
1, Көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы 32 жұп құрылым.
2. Ядролардың орналасуына қарай алдыңғы, ортаңғы. бүйірдегі, артқы болып бес топқа бөлінеді.
3. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы,торлы құрылым, сопақша ми мен тығыз байланысты.
4, Гипоталамус ішкі ортадан көптеген ақпараттар келеді және организмнің көптеген функцияларын реттеп отырады.
5. Ішкі ағзаларының қызметін гипоталамус вигетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді.
6. Гипоталамус жүрек қан жүйелерінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, бүйректердің қызметін, ас қорыту қызметін, несеп шығаруды қамтамасыз етеді.
7. Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністер мен химиялық әсерлерге сезімтал келеді.
8. Гипоталамус артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің бөлімі, алдыңғы ядросында парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі. Ал ортаңғы ядросында зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.
9. Гипоталамуста тойыну орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе жануар алдына қойған асты ішпейді, жүдей бастайды. Ал егер осы арталықты алып тастаса жануар тамақты қанша ішседе тоймайды. Гиперорагия - адамның денесін май басады.
10. Гипоталамус бүйірдегі ядроларда аштық орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе адам алдына қойған асты жейді, тоймайды. Ал егер бұл ортаны алып тастаса тамаққа қарамайды. Адам жүдейді.
11. Гипоталамуста шөлдеу орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе адам суға тоймайды. Оны полидепция деп атайды.
12. Гипоталамус сөлініс бездерінің гормондық функциясын реттейді.
13. Гипоталамуста мутивация орталығы орналасқан. Адам ашуланады, жылайды. Күледі. Оның бұл қызметі лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады. Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді.
19.Ортаңғы ми құрылысы қызметі
Ортаңғы ми (средний мозг) -- мидың басқа бөліктеріне қарағанда үлкен өзгеріске ұшырамаған және көлемі де кішірек болып келеді. Ортаңғы ми екі сабақшасы мсн төрт төмпешіктен түзілген. Оның жіңішке қуысын су өткізгіш деп атайды.
Ми сабақшалары (ножки мозга) -- ортаңғы мидың алдыңғы жағында ұзына бой жатқан қос бағанға ұқсайды. Олар төменгі жағынан көпірге, жоғарғы жағынан ми сыңарларына еніп жатады. Ми сабақшаларының көлденең кесіндісінің ортасында жатқан қара затты байқауға болады. Осы меланин пигментіне бай қара заты ми сабақшасын сыртқы жағындағы табан бөлі-гіне және ішкі жағындағы қақпақшасына бөліп тұрады. Қақпақша бөлігінде ұзына бой жатқан қызыл ядродан қозғалтқыш (Монахов) жолы басталады. Ал қызыл ядроның екі жағында көру төмпегіне баратын сезім жолдары жатады. Ми сабақшасы табан бөлігінде өтетін нерв талшықтары пирамида жолынын жалғасы болып табылады. Бұл жол төмен қарай түсіп, көпірмен сопақша ми арқылы жұлынға дейін жетеді. Қыртыс-көпір жолы көпірдің өзінде аяқталса, қыртыс-ядро жолдарының талшықтары төртінші қарынша мен су өткізгіш түбіндегі ми жүйкелерінің ядроларына жалғасады.
Су өткізгіш қабырғасында III -- IV жұп нервтерінің ядролары орналасқан. Оның IIIжұп нервісінің түбірі ми сабақшаларының аралығыиан шықса, IV жұп нервісінің түбірі ортаңғы мидың артқы жағынан шығып, ми сабақшаларын айналып мидың алдыңғы бетіне қарай өтеді.
Ортаңғы мидың да су өткізгіш түбінде ретикулярлы заты болады. Ол сопақша ми мен көпірдің ретикулярлық затының жалғасы болып есептелінеді.
Төрт төмпешік (четверохолмия) ортаңғы мидың артқы жағын түзеді. Ол ақ пластинкамен жабылып жатқан төрт төмпектен тұрады. Олар көлденең саймен жоғарғы және төменгі қос төмпешіктерге бөлінеді. Жоғарғы қос төмпешік -- қыртысасты көру рефлексін бағыттау орталығы болып саналса, төменгі қос төмпешік -- қыртысасты есту рефлексін бағыттау орталығы болып есептелінеді. Себебі, жоғарғы қос төмпешік арқылы көру рефлексін бағдарлайтын орталық орналасса, төменгі қос төмпешік арқылы есту рефлексі өтеді. Бұл төмпешіктерден төмпешік -- жұлын (текто -- жұлын) жолы басталады. Осы жолдың талшықтары ортаңғы мидың қақпақшасынан айқасып өткеннен кейін қозғалтқыш торшаларға жалғасады. Олардан шыққан талшықтар бұлшық еттерге жетеді.
20.Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі). Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі.
Артқы ми (metencephalon; көне грекше: met -- артқы, enkephalon -- ми) -- мишық пен ми көпірінен құралған ми бөлімі.
Мишық (лат. cerebellum) адам мен жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-тендігін сақтау жөне дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіруші (координация) орталықтары орналасқан, пішіні шар тәріздес ми бөлігі. Ол сыртындағы үзынынан өтетін екі бүйірлік сай арқылы ортаңғы -- құртша және екі бүйірдегі мишық жартышарларынан тұрады. Мишық сыртқы мишық қыртысынан (сүр зат) және ішкі мишықтың ақ затынан құралған. Ми көпірі (лат. pons) сопақша ми ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz