Сезім немесе эмоция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. "Сезім" немесе "эмоция" сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек көреді.

Күнделікті сөйлеу тілімізде "сезім" деген сөз "түйсінудің" мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.

Мәселен, "Мен иісті сеземін демей", "иісті түйсінемін" деген дұрыс болады. Түйсіну органдарының орнына сезім органдары деген тіркес жиі қолданылады.

Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар "сезімдер" мен "эмоцияны" бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде, бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім - бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т. б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді, Сезім эмоциялар арқылы байқалады. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, қуану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешіреді.

Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзі - объективтік шындықтың адамдардың қажет-тіліктерімен сәйкестікте болуы.

Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз -адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі. Адамдар шыңдық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат) . Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі келетіңдері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.

Оқу әрекетіңде сезімдер мен эмоцияларының мәні өте жоғары. Олар адамды іс-әрекетке талпындырады, оқудағы, жұмыстағы, шығармашылықтағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сезім және эмоциялар адамның мінез құлқын, белгілі бір өмірлік мақсаттарының қойылуын жиі анықтап отырады.

Сезімдер объективтік, әлеуметтік мәні бойынша жағамды және жағымсыз болып бөлінеді: мұндай жағдайда жеке және әлеуметтік бағалау әруакытта сәйкес келе бермейді, белгілі бір құбылыстар, деректер бізге жағымды көрінеді, жиі оларды қолдаймыз, басқа құбылыстарды айыптаймыз және жоққа шығарамыз. Осыдан келіп, адамдардың сезімі жағымды немесе жағымсыз сипатқа ие болады.

Жағымды сезімдерге қанағаттану, куаныш, бақыт, шаттық, махаббат сезімдері жатады. Жағымсыз сезімдерге қанағаттанбау, қайғы-қасірет, жек көру, қорқыныш сезімдері жатады.

Күшті сезімдермен адамдардың ерлік істері байланысты. Адамдардың сезімдері даралық және жан-жақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді: бұл сүйіспеншілік, қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасірет, қорқыныш сезімдері.

Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.

Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін қандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғаңдары әсер етеді.

Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.

Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.

Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стиеяос" - грек сөзі, қазақшалағанда - күш деген мағынаны береді) . Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін, қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім ("астенос" - грек сөзі, казақшалағанда - әлсіздік мағынасында қолданылады) . Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

И. П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әруақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.

Сезімдер - бұл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмоция дегеніміз, - деп жазды. И. П. Павлов, - инстинктің жұмысы, сезім - қайғы, қасірет және т. б. - бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.

Сонымен, эмоциялар - бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.

Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.

Сезімдердің негізіне ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылығы тек адамдарға тән болады.

Күнделікті бақылау жұмыстары көрсеткендей, эмоциялық көңіл күйлер ерекше физиологиялық үрдістермен және ағзадағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, эмоциялық көңіл-күй жағдайында қан айналысы өзгереді, жүректің соғуы жиілей немесе баяулай түседі. Эмоциялық көңіл-күй жағдайында адам қызарады, кейбіреулері - бозарады, түсі өзгеріп кетеді. Адамның эмоциялық жағдайларының жүрек қызметінің өзгерістерімен байланысы анық байқалады. Оны сөйлеу тілімізде ертеден бері сезімді жүректің қызметімен бірлікте қарастырып келгеңдігін білеміз.

Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде - бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.

Адам сезімінің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында іске асатын үрдістер жатады. Бас ми қыртысы сезімдердің күші мен тұрақтылығын реттеп отырады. Ал жартышарларынан айырылған жануарлар әруақытта да өте күшті, кез-келген жағдайда қозу үрдісінде болатындығы дәлелденді. Бет бұлшық еті сему ауруымен ауыратын адамдар кез-келген нәрсеге күлегеш келеді. Кейбір бас ми қыртысының қызметі бұзылған ауруларда әртүрлі себептерден өте сәйкес келмейтін эмоциялық жағдайларды - орынсыз күлу немесе жылау сияқты сезімдерді басынан кешіреді.

Көптеген сезімдердің физиологиялық негіздеріне И. П. Павлов қалыптасқан динамикалық стереотип қызметінің бұзылуын атап көрсеткен болатын-ды.

Сезімдер бас мидың қыртыстары аймағының қызметімен байланысты. Сезімдерді білдіретін еріксіз қозғалыстардың орталықтары болып табылатын көру төмпешіктері жатады. Көру төмпешіктерінің бұзылуы эмоциялық саланың бұзылуына әкеп соқтырады, бас мидың қыртыстары аймағында вегетативтік жүйке жүйесін басқаратын орталықтар жатады, сол орталықпен эмоциялық көңіл-күй тығыз байланысты.

Кейбір сезімдер вегетативтік жүйке жүйесінің және оны басқаратын басқа органдардың қызметінің артуымен байланысты. Сондықтан да кейбір эмоциялық көңіл-күйде біз қан айналысы, ас қорыту органдарының қызметінің артуын, тыныс алу, көз алдындағы өзгерістер, терінің қызаруын байқаймыз. Ішкі секреция бездерінің қызметі артады, организмге қажетті шырындарды бөліп шығарады. Осындай эмоциялық жағдайда біз күштің артуын көреміз, өзімізді сергек, еңбекке қабілетті сезінеміз.

Басқа сезімдер, керісінше, вегетативтік жүйке жүйесінің органдарының қызметін әлсіретуімен байланысты. Қайғы, қасірет, үрейлену сияқты жағымсыз эмоцияларда қан айналысы, ас қорыту, тыныс алу, беттің бозаруын, көздегі өзгерістерді және т. б. байқаймыз.

Кейбір жағымсыз сезімдер кейде вегетативтік жүйке жүйесінің артуымен аңғарылады, мысалы, ашу, қорқыныш сезімі. Бұл сезімдердің жағымсыз әсері организмнің әлсіреуімен, күштің кетуімен, ал кейде ерекше жүйкелік күйзелістермен жүріп отырады. Кейде вегетативтік жүйке жүйесінде оның басқаратын ағзаларында себебін еөзіміз білмейтін көңіл-күйлер болады. Мысалы, адамдарда орынсыз, есепсіз шаттану, қуану, қорқыныш және т. б. сезімдер кездеседі.

Бас ми, И. П. Павловтың ілімі бойынша, жүйке жүйесінің жоғары бөлігі ретінде ағзада іске асатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайды. Одан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мен эмоция жайлы
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Сезім және эмоция
Эмоцияның және сезімнің психофизиологиясы
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Сезім мен эмоция
Сезім және эмоция жайлы
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz