Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ Қоры



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ Қоры

Айтылып келгендей "инвестиция" ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл проблемаларды шешу үшін олардың қатарында инвестициялық қорларды атауға болатын тиісті қаржы институттары құрылды.
Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқығын қорғау және ақша қаражаттарын тарту және артынша диверсификацияны есепке ала отырып бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен инвестиция тәуекелін төмендету мақсатында қаржы рыногында қызмет етеді. Олар инвестициялық процесте маңызды рөл ойнайды, өйткені ақыр соңында өндірісті дамытуға бағытталатын шағын салымшылардың едәуір қаражаттарын өз қолдарына шоғырландырды. Инвестициялық қорлар өз қаражаттарын тікелей акцияларға, облигацияларға, оларды банк депозиттеріне сала алатын және т.б. инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салу көзі болып табылады.
Инвестициялық қор - өз акцияларын шығару және ашық орналастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту және тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қазақстанда инвестициялық қорлар кез келген заңды және жеке тұлға акционерлері бола алатын акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл қорлардың барлық қызметі сәйкесінше кіріс алу мақсатымен әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдар жасауға және қалыптасқан портфельді басқаруға негізделеді. Инвестициялық қор негізінен шағын жеке инвесторлар есебінен акция шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Түскен қаражаттарға қор кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және салымшыларын акция бойынша белгілі бір кірістермен қамтамасыз етеді. Өз қызметін жүзеге асыру барысында инвестициялық қор белгілі бір принциптерді басшылыққа алады:
· Инвестициялық салымдардың диверсификациясы;
· Бағалы қағаздармен тәуекелі жоғары операциялар жасауға тыйым салу;
· Бағалы қағаздарды сатып алуға деген кәсіби амал;
· Жеке инвесторға қарағанда қаржы қаражаттарының көп болуы.
Қызмет барысында инвестициялық қор өндірістік және сауда-саттық қызметін (бағалы қағаздармен қаржы құралдарынан басқа) жүзеге асыра алмайды, кез келген түрдегі кепілдіктер бере алмайды, басқа инвестициялық қорлардың сондай-ақ кастодианның регистратордың және аффилииирленген тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын акцияларын сатып ала алмайды, 6 айдан асатын мерзімге банктерде заем қаражаттарын тарта алмайды, бағалы қағаздармен кепіл мәмілелерін жасай алмайды, кез келген тәсілмен заем бере алмайды, сондай-ақ опциондармен жасалатын мәмілелермен, "қысқа сатумен" айналыса алмайды.
Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымын келесідей көрсетуге болады:
- Акционерлердің жалпы жиналысы
- Басқарма
- Инвестициялық қорды басқарушы
Кез келген Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының құзіретіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда ол сол сияқты инвестициялық қордың типі қайта ұйымдастыру; инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бағалы қағаздар портфелін басқарушымен сондай-ақ регистратор және кастадианмен жасалған шарттарды бекіту жөніндегі мәселелерді шешеді.
Инвестициялық қордың атқарушы органы басқарма болып табылады. Басқарманың заңмен белгіленгеннен басқа да жеке құзіреттері болады, мәселен басқарушының қызмет нәтижелері туралы және инвестициялық қордың қызметімен қаржылық жай күйіне қатысты есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялауды жүзеге асыру. Басқарма мүшелері брокер, осы қор басшысының лауазымды тұлғаларының қызметтерін жүзеге асыра алмайды.
Инвестициялық қорды басқарушы - бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын және оны басқару туралы инвестициялық қормен жасалған шарт негізінде қызмет ететін заңды тұлға.
Қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға тиісті лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Басқарушы бағалы қағаздар портфелін басқаруға шарттарын бір мезетте екі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік
Ұлттық инновациялық қор
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы, мәселелері
Жинақталған зейнетақы қорының мәні ,мазмұны, атқаратын қызметі және оның шетелдік тәжірибесі
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары
Пәндер