Ф. Тейлор енгізген басқарудың 3 қағидасы. Вебер ілімі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті АЕҚ

Басқару психологиясы
1 - тапсырма

Дайындаған: Ануарбекова А.Н
7М01505 мамандығы, МБЕ - 001

Семей қаласы, 2020 жыл
Жоспар:
1. Ф.Тейлор енгізген басқарудың 3 қағидасы.
2. Вебер ілімі.
3. Психоанализ теориясының басқару психологиясына қосқан үлесі.
4. Басқару стильдеріне талдау.
5. Үйрету теориясының маңызы.
1.Ф.Тейлор енгізген басқарудың 3 қағидасы:
Менеджмент ғылым ретінде XIX ғ-ң аяғы мен XX ғ-ң басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны тейлоризм деген ағыммен байланысты екені айтылады. Алғашқы рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған Фредерик Тейлор.
Фредерик Тейлор (1856-1915) американдық өнертапқыш және инженер. Әлемге Ғылыми басқарудың әкесі деген атпен таныс. Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды.
Оның теориясын:
* Гаррингтон Эмерсон (1853-1931),
* Генри Форд (1863-1947),
* Френк Гилберт (1868-1919),
* Лилиан Гилберт (1861-1919)
т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқару теориясының классикалық мектебі мыналардың әсерінен қалыптасты:
* ұйымдар санының өсуі;
* тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі;
* I дүние жүзілік соғыс;
* 1929-1933 ж-ғы дағдарыс және пост индустриалды революцияның басталуы.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болады. Қазіргі кезде басқарудың американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.
Тейлордың Ғылыми басқарудың қағидалары еңбегі 1911 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте жарық көрген Тейлодың идеялары оның өмір бойы жасаған жұмысының қорытындысы болды, сонымен қатар, ол еңбекте жұмыс барысындағы мысалдарын көрсеткен.
Ғылыми басқарудың негізгі қағидалары:
1. Саралау қызметі қағидасы. Атқарылатын жеке жұмыстың әр бөлігі ғылыми тұрғыдан талдануы қажет. Талдау нәтижесінде қызметкер дәл осы жұмысты атқаруда эффективті болуы мүмкін тиімді әдісті ойлап табуы керек - Ең үздік әдістердің бірі. Бұл қағида : еңбек қүралдарын зерттеу, Бірінші санаттағы жұмысшы орындай алатын максималды жұмыс көлемін өлшеуден тұрады. Бұл процессті жұмысшылар күнделікті орындаулары тиісті.
2. Мамандану қағидасы. Аталған жұмысқа тағы да сол Ғылыми тұрғыдан толықтай сәйкес келетін маман таңдалады. Маманды белігілі бір қызметтері дұрыс орындауға үйретеді. Тейлордың пірінше, кез-келген адам әртүрлі жұмыстарды атқаруда Бірінші санатты бола алады. Басшының ең маңызды рөлі болып әр қызметкерге лайықты жұмысты анықтау және таңдалған жұмыста қызметкерді Бірінші санатты дережесіне жеткенінше үйреті, оқыту болып табылады.
3. Материалдық қызығушылық қағидасы. Тейлордың жұмыстары материалды қызығушылықтар ұстанымына басты рөл беретін экономикалық адам конценпциясының негізін салады. Жұмысшы істеген жұмысына қарай жалақы алуы тиіс деп пайымдады Тейлор. Жұмыстың ғылыми жолмен жүруі үшін менеджер, яғни басқарушы қызметкерлермен әріптестік қатынаста болуы керек. Қызметкерлер мен басшылық арасында жұмысты атқарудағы айқын бөлініс бар. Басшылық жұмысты жоспарлайды және бақылайды, ал жұмысшылар оны орындайды.
2.Вебердің ілімі:
Макс Вебер - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер.
Вебер пайымдауының айқындаушы методологиялық принципі жүйелі антинатурализм болып табылады. Бұл бөлімдегі оның идеялары ХІХ - ХХ ғасырлар аралығында бірнеше атақты философтар ұстанған гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы білімдерін - "мәдениет туралы ғылым" және "табиғат туралы ғылым" деп ара жігін ашатын тұжырымдамамен байланысты.
Бұл тезистегі адам өмірінің шындығын қарастыра отырып, материалдық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын ғылыми әдістерге сүйенуге болмайды деген пікірмен келіседі. Адам - саналы тірі жан, сондықтан да мұның өзі, Вебердің пікірінше, оның барлық істеген ісінің сапалы құрамына кірмеуі мүмкін емес, демек, қоғамдық және мәдени шындықты сараптап зерттеушінің бұл жәйттен ауытқуға құқы жоқ. Осыған байланысты неміс ғалымы, оның дәуірінде кең таралған көптеген социология тәсілдеріне қарама-қарсы түрде, оны жаратылыстану ғылымдарының логикасы бойынша жасауға бейім болмады. Оның түсінігінде социология гуманитарлық білімнің бір бөлігі болып табылады. Алайда сонымен бірге ғылымдағы мәдениет туралы ортақ мәні бар, объективті бастаудан бас тарту Вебердің көңіліне қонбады. Мысалы, ол өзінің кейбір әріптестерінің психологизмге бет бұруын сынап, субъективті мағына мен объективті қоғамдық құрылымдардың өзара әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
Әлеуметтік шындық пен социологиялық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі - жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, социология соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді. Сол үшін Verstehen термині енгізілді. Ол неміс тілінен сөзбе-сөз "ұғыну" деп аударылады. Вебердің социологиялық әдісінде кәдімгідей автономды маңызға ие болып отыр.
Сонымен бірге, социология мейлінше тұжырымдалған түрдегі адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болғанымен, өзін әрбір жеке алынған индивидтің дәлелін анықтауға арнай алмайды. Бұл дәлелдердің әр түрлілігі және бір біріне ұқсамайтындығы соншалық, біз олардың қандай да бір қисынды бейнелеуін немесе белгілі бір типологияны жасауға шамамыз келмей қалады. Алайда, Вебердің пікірінше оның қажеті де жоқ: өйткені адамдардың барлығының ортақ табиғи болмысы бар, адамдардың өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасындағы түрлі іс-әрекеттерінің типологиясын ғана жасау қажет.
Макс Вебердің мінсіз типтер туралы iлiмi, басқаша айтқанда, ұғыну әлеуметтануы -- қоғамға идеалистiк көзқарастың айқын көрiнiсi. Вебер әлеуметтануы қоғамдық ғылымдардың ерекше әдісі ретінде ұғынуға жүгінеді. Оның пікірінше, әлеуметтік өмірдің кез-келген түрі -- біз өзіміз оған тән деп есептейтін субъективті мәнге ие. Олай болса, осы субъективті мәнді зерттеудің әдісі -- ұғыну, яғни зерттеу пәнін -- зерттеушінің сезінуі. Бұл - субъективті процесс.
Макс Вебер әлеуметтік іс-әрекеттің негізгі тарихи түрлерін көрсетіп берді.
1. Аффективті іс-әрекет (ғадет) -- индивидтің табиғи, жыныстық табиғатына жақын, санадан тыс іс-әрекет.
2. Дәстүрлі іс-әрекет (ғадет) -- топтағы қарым-қатынастар, салт-сана, дәстүр арқылы реттеледі.
3. Рационалдық іс-әрекет (ғадет). Ғадеттің бұл түрін Макс Вебер екіге бөліп көрсетті: құндылықты-рационалдық, мақсатты-рационалдық. Әлеуметтік ғадеттің дәстүрлі түрі дәстүрлі қоғамға тән болса, рационалдық ғадет нарықтық қарым-қатынастар кезеңіне тән. Олай болса, шаруашылық қарым-қатынасы әлеуметтік мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес келіп отырады.

3.Психоанализ теориясының басқару психологиясына қосқан үлесі:
Психоанализ теориясы. Әрбір жаңа басқару мектебі теориясы адамға ерекше қарайды. Басшыға әркез машиналармен емес адамдармен жұмыс істеуге тура келеді. Басқару аумағында жұмыс істейтін әрбір маман өз бағыныштыларын бақылап, керек кезде дұрыс шешім қабылдап отыруы тиіс. Бұндай тапсырма Дж. Фон Нейманмен машиналарды қажет еткенде олардың қажетсіз заттардан құралатыны зерттелген.
Ең бірінші адам ынтасына ғылыми зерттеу жүргізген, психоанализ ғылымының негізін салушы австриялық психиатр - дәрігер Зигмунд Фреид болды. Ол адамның әрбір психикалық құбылысы арнайы себепке негізделген және оның ессіз үрдістерінен адамның өзін ұстауы тәуелді деп есептеген. Адамның тәртібі екі инстинктті ұмтылушылықтармен түсіндіріледі:
* өмірге ұмтылыс
* өлімге ұмтылыс.
Олардың әрбірі жойқын күшке ие. Эростың энергиясы либидо, ал танатос энергиясы мортидо деп аталады. Осы күштер адамның белсенділігін анықтайды.
Психоанализ теориясы негізіне санасыздық идеясы себеп болады, олар адамның тәртіптік ұмтылушылығын анықтайды. Фрейд әр шығармашылығың астарына біз көрсетуге ұялатын қанағаттандырылмаған сексуалды қалаулар себеп деп есептейді. Бірақ, адамның өз ұмтылыстарынан бас тартуы сублимация ретінде қарастырылады. Сабырсыз әрекеттер нәтижесінде адамдар арасында туындаған түсініспеушіліктер, оларды шешуге емес, шиеленістіруге әкеліп соғады.
Фрейд әлеуметтанудың 4 баспалдығын қарастырады: ауызша, аналды, фаллилық және генитальды. Осы баспалдақ барысында сәби өз дене мүшелері арқылы рахаттанған немесе ашуланған кезінде өз назарын аударады. Алғашқы үшеуі ересек адамның психикасының бұзылуына әкеліп соғады.
Ересектермен ауызша кезеңінде (туғаннан 1,5-2 жасқа дейін) жағдайлар болған кезде ауызына назар аударту мәселесі туындайды. Темекі, ішімдік, сағыз шайнау, стрессті дәмді нәрсемен басу, жаман сөз арқылы төбелеске себепші болу осыған баланың дұрыс қалыптаспаған ауызша кезеңі себеп болады.Аналды кезеңдегі ересектермен туындаған мәселе (2-3 жас) баланы дәретке үйретіден туындайды. Егер ересектер баланы ұқыпсыздығы үшін жазаласа, аналды мінез, яғни мінездің ұқыптылық, тазалық сияқты белгілері қалыптасуы мүмкін. Бұндай адам қызметте өзіне бағыныштыларға ұсақ айыптаулармен мәселе тудыруы мүмкін.Үшінші кезеңде (4-5 жас) өзін жыныстық рөльді тасушы ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің қалыптасуы және оның алғышарттары. Тейлоризм
Менеджменттің қағидалары
Әлеуметтану және саясаттану
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Социология ғылымының құрылымындағы басқару әлеуметтануының орны
Аймақтық басқару ғылыми пәнді басқару ретінде
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Ғылыми басқару тәсілі
Ғылыми басқару
Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құршысы
Пәндер