Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті АЕҚ

МӨЖ №2
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері

Дайындаған: Ануарбекова А.Н
7М01505 мамандығы, МБЕ - 001
Тексерген: Джанбубекова М.З

Семей қаласы, 2020 жыл
Жоспар:
1. Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік.ОӘ жіктелуі
2. Интербелсенді әдістердің оқытудағы мәні мен әдістері
3. Белсенді оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқьпу процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік әдіс -- мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет- деген анықтама береді.
Оқыту әдісі -- оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары -- деген де пікір айтылады. Оқыту әдістері -- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері -- мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Оқыту әдістері -- мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары. Оқыту әдістері -- мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру. Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет.
Олай болса оқыту әдістері -- оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқыту үрдісінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.

* Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай :
-- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
-- репродуктивтік әдіс;
-- проблемалық баяндау әдісі;
-- эвристикалық әдіс.
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай;
-- жаңа білім беру әдісі;
-- біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
-- Техникалық құралдармен жүмыс істеу әдісі;
-- Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
-- білімді тексеру әдісі;
-- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай:
-- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
-- оқуға ынталандыру;
-- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:
-- ауызша баяңдау әдісі;
-- есеп шығару әдісі;
-- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай:
-- жаңа білімді игеру әдісі;
-- өзіндік білім әдісі;
-- проблемалық әдіс;
-- практикалық әдіс;
Көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі. Солардың ішінде ең көп тарағаны -- білім берудің көздеріне сәйкес:
-- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
-- көрнекілік әдістер;
-- тежірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.

* Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқьпу әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады. Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
* Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
* Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
* Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс -- сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: Сөз -- ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек.
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үрдістерін) байланысты да әрекет. жасайды.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардьщ орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаңдарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
-- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
-- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала керсетуге болмайды;
-- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;
-- көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
-- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
«Педагогика курсы» лекция жиыны
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Сызуды оқыту әдістемесі
Пәндер