Жоғарғы мектеп дидактикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті АЕҚ

МӨЖ №1
Жоғарғы мектеп дидактикасы .

Дайындаған: Кенжеғажиева А.М
7М01505 мамандығы, МБЕ - 001
Тексерген: Джанбубекова М.З

Семей қаласы, 2020 жыл

1.Дидактика ұғымы, түрлері және қызметі. Даму тарихына қысқаша шолу.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (дидактикас- оқытушы, дидаско- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфанг Ратке (1571-1636). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.К.Коменский пайдаланып, 1657 жылы өінің Ұлы дидактика еңбегін жарыққа шығарды.Оның ойы бойынша, диактика нені оқыту? және қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап береді.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Сонымен қатар, қазіргі дидактика Кімді? Қашан, Қайда? Неге оқыту? сынды сұрақтарға жауап іздейді.
Әл - Фараби оқыту дегеніміз- үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.
Дидактиканың зерттеу пәні:
* Оқыту;
* оқудың себептері;
* барысы;
* нәтижелері.
Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады.
* Жалпы дидактика оқытудың заңдылықтырын, принциптерін қарастырады.
* Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысыян, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы: Математиканың оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми -теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды.
Дидактиканың ғылыми- териялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту прирнциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
* Оқыту - мұғалім мен оқушылардың беліленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру.
* Білім беру - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
* Оқыту мазмұны - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
* Оқыту мақсаты - әдіс - тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
* Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп, дамытатын іс- әрекет барысы.
* Оқу - оқушының сана сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық тағамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
* Оқыту принциптері - оқытудың мазмұнын , ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.
* Оқыту түрлері- жалпы дидактика тарихында оқытудың 3 түрі қалыптасқан : Түсіндірмелі- иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы ( компьютерлік).
* Оқыту әдістері- оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым - қатынасының тәсіл амалдары, білім мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал- тәсілдер мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Білім берудің көздеріне қарай сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер болып бөлінеді.

Дидактиканың даму тарихы: Оқыту теориясының негізін қалаушылар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, В.А. Сухамлиский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев,А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т.б.Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) Оның 1632 жылы шыққан Ұлы дидактика кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып - сабақ жүйесі туралыжазылады.Ол басты мақсат- адамшылық, оған жету жолы- білім беру жіне оқыту деп санады. Көп емес, өмірге керекті білімдерді беруге шақырып, оны түсіндңру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістердің пайдалығын дәлелдеді. Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары деген еңбегінде сынып- сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

1. Оқушыларды сыныптарға бөлу;
2. Әр сыныпқа, мектепке оқушыларды белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай ешкімді одан босатпау;
3. Бір бөлме беру;
4. Күніне 4 сабақ өткізу;
5. Әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
6. Қоңыраудың соғылуы;
7. Тәртіп;
8. Бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;
9. Сабақты күзде бастау.

Коменский сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Коменский Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі, - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827) Гертруда өз балаларын қалай оқытады ( 1801ж) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады.Қошаған дүниені сезім арқылы қабылдау- білім негізі.Одан әрі нәтиже дерексіз деген .Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама- ақыл жемісі, оның негізі, оқудың қарапайым құралдары.Пестолоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған.Оның пікірінше заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екеніндігін дәлелдеген.Ұлы педаого көрнекілік әдісін Я. А. Коменскийге қарағанда терң жазып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелер
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Оқыту теориясы
Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері
Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері
Жоғары мектеп дидактикасы
Проблемалық оқыту туралы ұғым
Оқу – дидактикалық процесс
Пәндер