Сөз тіркесі туралы түсінік


13-тақырып: Сөз тіркесі туралы түсінік.
1. «Сөз тіркесі - синтаксистің объектісі.
Сөз тіркесі - сөйлемде толық мағыналы сөздердің (ең кемі екі сөз) өзара бірі бағындыра, екіншісі оған бағына (сабақтаса) байланысуын айтамыз . Мысалы: жақсы бала, атасына көмектесті, досымның мінезі, бүгін келеді т. б.
Сөз тіркесі бағыныңқы сөзден тұрады. Бағыныңқы сөз - басыңқы сөздің мағынасын нақтылап, даралап тұратын бірінші сөз. Басыңқы сөз - сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз.
Басыңқы сөз есім сөзден немесе етістіктен болуына қарап, сөз тіркесі есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі болып екіге бөлінеді. Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі есім сөзден бөлады. Етістікті сөз тіркесінің басыңқы сөзі етістіктен болады. Мысалы: ақ лақ, айтуға құмар, терезелердің екеуі, оның мұнысы деген тіркестерінің басыңқы сыңары - «лақ, құмар, екеуі, мұнысы» сөздері, олар есім сөзге жатады, сондықтан бұл тіркестер есімді сөз тіркесі деп аталады. Ал тез келді, кітап оқы деген сөз тіркесінің басыңқы сыңары - «келеді, оқы» сөздері, олар етістікке жатады, сондықтан бұл тіркестер етістікті сөз тіркесі деп аталады.
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен 4 түрлі тәсілмен байланысады.
1. Қосымша. Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғаулармен байланысады. Мысалы: мен оқушымын, балаға бер, баланың сөмкесі т. б.
2. Шылау. Сөйлемдегі сөздер септеулік және жалғаулық шылаумен байланысады. Мысалы: білім алу үшін оқы, сабақ туралы сөйес.
3. Орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып, орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы: алыс жер, атақты адам т. б.
4. Интонация. Сөйлемдегі сөздер интонация арқылы байланысады. Мысалы: Асан - оқушы. Бұл - қалам. т. б.
Сөз тіркесінің байланысты сөздердің байланысу түрлеріне қарай айтылады. Сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Қиысу - бастауыш пен баяндауыштың жан жағынан үйлесіп, жіктік жалғау арқылы байланысқан түрін айтамыз.
Матасу - бірінші сөз (зат есім немесе заттанған сөз) ілік септік тұлғасында, екінші сөз тәуелдік жалғауында байланысып келген сөз тіркесін айтамыз.
Меңгеру - сөз бен сөз атаумен іліктен басқа (барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) септік жалғаулары және шылаулар арқылы байланысуын айтамыз.
Қабысу - сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы іргелесе байланысуын айтамыз. Мысалы: қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр т.
Жанасу - орын тәртібі жағынан іргелес немесе алшақ тұрып, ешбір жалғаусыз байланысатын сөз тіркесін айтамыз. Мысалы: кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білді т. б
Сөз тіркесі белгілі бір синтаксистік (толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық) қатынасты білдіреді.
- Анықтауыштық қатынас - қабыса, матаса байланысқан тіркестер. Зат пен оның белгілері арасында болады. Мысалы: алтын ( қандай? ) алқа, алты ( қанша? ) үй, анамның ( кімнің? ) сөзі.
- Пысықтауыштық қатынас - меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан тіркестер. Қимыл және оның әр алуан сапасы арасында болады. Мысалы: ауылға (қайда?) бару, үйден (қайдан?) шығу, сөзімен (қалай?) қуантты, әдейі көру үшін (не мақсатпен?) келді.
- Толықтауыштық қатынас - меңгеріле байланысқан тіркестер. Қимыл мен оның объектісінің арасында болады. Мысалы: үйді ( нені? ) көрді, анаммен (кіммен?) сөйлестім, Айгүлден (кімнен?) сұрадым.
2. Сөз тіркесінің сөзден және сөйлемнен айырмашылығы.
1. Сөз тіркесі - мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде болмауға тиісті. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөз енсе, сөз тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан басым да, бекем болады. Осыған орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін енсе, синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер, формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Осылай болғандықтан, оның оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.
Сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жататындығы сияқты, сөз тіркестері де заттардың, сапа-белгілердің, іс-әрекеттердің атаулары ретінде қолданылып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жатады. Грамматикалық және мағыфналық бірлікте болатын сөз тіркесі “күрделі ұғым болғанымен, қалайда әйтеуір бір ұғымды білдіреді және оны белгілеуші ретінде қызмет атқара алады. Ол - фразеологиялық единицаның еркін эквиваленті”, ал фразеологиялық единица мағыналық жақтан сөздің эквиваленті бола алады.
Сөз тіркесі сөйлем құрамында ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, “күрделі атаулардың әр басқа түұрлері ретінде де зерттеуге болады”.
2. Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикеалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері пайда болады.
Сөз тіркесуін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда, барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы, киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасымен кездесу және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz