Мәдени қарабидай



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мәдени қарабидай (лат.Secale cereale)
– астықтұқымдасының қарабидайтуысын а жататын бір түрі және тағамдық дақыл.

Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік
Қарабидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс
Қазақстанжәне Қарағандыоблыстарында өсіріледі. Сабағы – қуыс сабан,
биіктігі 110 – 180 см. Жапырағы таспа пішіндес. Тамыр жүйесі – шашақты,
топыраққа 2 м-дей тереңдейді. Гүлшоғыры – күрделі масақ. Гүлінің 2 гүл
қауызы бар. Жемісі – дәнек. 1000 түйір дәні 15 – 37 г тартады. Қарабидай
жел арқылы тозаңданады. Ол күздік дәнді дақылдардың ең суыққа төзімдісі,
тұқымы 1 – 2°С жылылықта өніп, 9 – 14°С жылылықта көктейді. Көктегеннен
кейін 12 – 16 күн өтісімен түптенеді. Көктемде 5°С жылылықта (кейде одан да
жоғары) арамшөптерді басып өсе бастайды. Оңтүстікте вегетац. кезеңі 257 –
272 күн, солтүстікте 345 – 375 күн. Қарабидай сондай-ақ ауыспалы егісте де
өсіріледі. Қарабидай егісіне түйіршіктелген суперфосфат, азотты, фосфорлы
тыңайтқыштар, калий тыңайтқыштары беріледі. Қосымша қорек ретінде әр га
жерге 0,75 – 1,0 ц аммиакты селитра және 1,5 – 2,0 ц суперфосфат шашылады.
Республиканың солтүстік батыс және шығыс облыстарында Қарабидай әдетте,
тамыздың 10 – 25-інде қатарлап себіледі; бөлектеп ору әдісімен 4 – 6 күн
ішінде жинап алынады. Қазақстанда күздік Қарабидайдың егіс көлемі 49,3 га
(2008). 1 га-дан ортa есеппен 14,0 ц өнім алынады. Аудандастырылған
сорттары: Шолпан, Саратовская 4, Долинская, Харьковская 55, т.б. Негізгі
зиянкестері – күздік шыбын, күздік көбелек, астық қандаласы т.б.; аурулары
– қастауыш, қатты және сабақ қаракүйесі, қара зең және склеротиниоз.
Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді
дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ
бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Өсімдік туралы[өңдеу]
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін
өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл.
Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40
центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%)
мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда
өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын
бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес,
сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың
дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде
көбіне қолданылған сұлымен қара бидайға қарағанда, суыққа және
құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен
мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе
бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері
50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік
майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар
(калий, кальций, магний, фосфор т.б ), өзектер, пектинді заттар, сонымен
қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе
көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп
болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам
ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е
дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Қолданылуы[өңдеу]
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, тритикале және булгур жармасын
жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі манная крупа. Тритикале –
будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон,
кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады.
Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру
үшін қолданылады.
Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы
қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл
шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын
масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың
пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы
болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дақылдың халық шаруашылығындағы ролі
Қара бидай квас уытын дайындау жайлы мәлімет
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы
Қара бидай дәндерінің әртүрлілігі
КАРА БИДАЙ
Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі өкілдері және оның маңызы
Қысқы қара бидайдың құлағы
Жабысқақ қызылбояу алабұта тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы, ассортименті және сапасына қойылатын талаптар
Пәндер