Алаша хан кесенесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Е. Тәңірбергенов атындағы Түркістан техникалық индустриялық колледжі
СӨЖ
ТАҚЫРЫП: Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштері
Тобы: ЕТҚ-1 922
Орындаған: Марипжанов Ш
Қабылдаған: Жусипбаева Г. У.
Түркістан қ., 2023 ж.
ЖОСПАР
1. Рухани қайта өрлеу
2. Тарихи - мәдени ескерткіштердің қазіргі күйі
3. Айша - Бибі, Алаша хан кесенелері
4. Қозы-Көрпеш, Баян сұлу мазары
Қазақстанның алдында қоғамды жаңғырту міндеті тұр. Ол қоғамдық сана мен ұлттың рухани қайта өрлеуінсіз мүмкін емес. Рухани қайта өрлеу жолдарының бірі Қазақстанның рухани қасиетті орындарына қоғамдық назарды аудару болып табылады. Олар рухани дәстүр негіздерінің бірі ретінде қарастырылады.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз - ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар ел. Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылғы мамыр айында «Сакральды Қазақстан» («Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы») жобасы жасалды.
Тарихи мәдени ескерткіштер - ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді. Киелі Түркістан аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ. А. Ясауи кесенесінің маңында және Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес - ұлттық сананы сақтау күресі.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни, халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қайсыбір халықтың немесе ұлттар мен ұлыстардың жаратылыстан алатын өз тарихы мен орны бар. Қазақ халқының тарихында айрықша атауға тұратын қасиетті жердің бірі - «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы.
Тарихи-мәдени ескерткіштер - ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, оның сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Солардың бірі - «Таңбалы» шатқалындағы археологиялық ескерткіштер.
«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 5000-ға жуығын қазіргі таңда «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі қола дәуірінен бастау алатын жартастағы суреттер мен жерлеу орындары, яғни, қабірлер болып келеді.
Ашық аспан астындағы қорық-мұражай жыл сайын ескерткіштерді тиімді қорғау мақсатында бақылау-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, жаңадан табылған археологиялық мұраларды есепке алып, оларды жоюдан, бүлінуден қорғау мақсатында іс-шаралар атқарып келеді. Тізімге алынған әрбір ескерткіш орналасқан аумағына қарай, сол жердің өткен тарихынан хабардар ететін ұлт байлығының рухани қазынасы екені баршамызға мәлім.
Ескерткіштерді түпнұсқа қалпында сақтау қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Көптеген тарихи-мәдени мұралар жеке тұлғалардың жауапсыздығынан өзгерістерге ұшырап, кейбір жағдайда жойылып кету қаупі төніп отырады. Осы орайда жергілікті халық аталған тарихи-мәдени мұраларымызды бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап, мектептерде өтілетін тәрбие жұмыстарына енгізсе, оның келешек ұрпақты өз елінің мәдениетіне, өткен тарихына жанашырлықпен қарайтын, ұлтжанды етіп тәрбиелеуде маңызы зор.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады. Қазіргі таңда «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық мұражайының Жартас суреттерін қалпына келтіру және ғылыми зерттеу, қор сақтау бөлімі осы бағытта тыңғылықты жұмыс жасап келе жатыр. Бөлім мамандары жыл сайын археологиялық зерттеулер арқылы Таңбалы аумағынан ғасырлар куәсі болған жартас суреттері мен қорған-қабірлердің, тұрақтардың орнын тауып, зерттеп тізімге алып келеді.
Осыған орай әрбір қорық - мұражайдың, әсіресе, Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген мұражайдың негізгі мәселесінің бірі - мұра нысандарының тұтастығы мен таза табиғилығын сақтау және қалың көпшілікке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Соңғы жылдары халықаралық сарапшылар қауымдастығының назарына ілінген «Таңбалы» археологиялық кешенінің мәдени ландшафты және жартастағы бейнелерді сақтауы туралы, қорық - мұражай басшылығы мен менеджерлері арқылы республикалық және халықаралық баспасөз беттерінде кеңінен жариялап келеді.
Таңбалыда өткізілген әртүрлі деңгейдегі іс- шаралар мәдени ландшафтардың қазіргі кездегі қоғамдық санадағы рөлінің күннен-күнге артып келе жатқандығының айғағы.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деп жазған. Ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау өткен көне замандарда да өткір мәселенің бірі болып отырған. Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың зақымдануы кез-келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келеді.
Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.
Айша-Бибі кесенесі
Айша - бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Аңызға сенсек, Айша бибі - Қараханға ғашық болып, оны іздеп барамын деп көз жұмған жан. Аңыз желісіне салсақ, Айша бибі еліне сапарлап келген Қарахан мен ару бір-бірін ұнатып қалады. Алайда Қарахан еліне тұтқиылдан жау шауып, еліне аттануға мәжбүр болады. Келемін деп уәде берген Қараханнан хабар болмаған соң, ғашық ару оны өзі іздемекке бекінеді. Алайда әкесінен үш рет рұқсат сұрап, батасын ала алмаған көрінеді. Меселі қайтқан Айша бибі жанына 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне қарай аттанады. Ел шетіне таяған сәтте аттан түсіп, демалып жуынбақшы болады. Сол кезде Айша бибіні жылан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қараған да жетеді. Бірақ Айша ару тілге келмейді. Сонда Қарахан ең болмағанда о дүниеде бірге болайық деп өлім аузында жатқан қызбен сол жерде некесін қияды. Келін болып босаға аттамаса да уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан (Әулие ата) Айша бибі қабірінің үстіне күмбез соқтырады. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ. ) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938 - 39 жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
Алаша хан кесенесі
Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш. Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж. ) .
Қалжан Ахун медресесі Бұл нысан XIX ғ. аяғында салынған медресе Қызылорда қаласының солтүстік батысында 60 шақырым жерде автокөлік тас жолы бойында және темір жолдан 100 метр жерде орналасқан. Қалжан Ахун 1862 жылы Хиуа хандығында дүниеге келген және Хиуа мен Бухараның рухани оқу орындарында білім алған. Қалжан Ахунаның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысындағы Жамақағлы жеріндегі табын руынан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарының қолында тұрып, Хиуа хандығына қызмет етеді, ол жерде үлкен қызмет атқарады. 1875 жылы дүние салады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz