Ақша қаражаттардың сипаттамасы және есеп айырысу нысандары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәннің атауы: Бухгалтерлік есеп негіздері.

Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есебі.

Орындаған:ИС-21 тобының студенті
Қайратов Расул
Тексерген:Искакова.A .A

Көкшетау,2022 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Бөлім. Ақша қаражаттарының экономикалық мазмұны және оны жетілдіру жөніндегі ғалымдармен оқымыстылардың ой.пікірлері
1.1.Ақша қаражаттардың сипаттамасы және есеп айырысу нысандары ... ... ...5
1.2.Ғалымдар мен тәжірибешілер еңбектеріндегі ақша қаражаттарды жетілдіру жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Бөлім.Ақша қаражаттарының есебі.
2.1.Кассадағы ақша қаражаттар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа түсіп, олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-берiс қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын төлеу міндттемелеріне, сондай-aқ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді. Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады. Eсеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді. Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі), жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қолтаңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдардан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуға құқылы. Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.

1. Ақша қаражаттарының экономикалық мазмұны және оны жетілдіру жөніндегі ғылымдармен оқымыстылардың ой пікірлері
1.1. Төлем тапсырмаларын дайындау
Төлем тапсырмасы, бұл -- банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны компьютерде қажетті дана бойынша басады. Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қояды, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады. Төлеуші болып кәсіпорынның есеп айырысу шоты ашылған банк саналады және сол бөлігінде кәсіпорынның аталуы мен оның есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі. Төменде біз ҚР Ұлттық банкіде біздің банкінің берген кодын, ал дебет бағанасында ҚР Ұлттық банктегі есеп айырысу шотының шифрын көрсетеміз. Одан төмен алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі банкінің коды (МФО -- межфилиальные обороты -- филиалдар арасындағы айналымдар), ал кредит бағанасында -- ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі. Аударылатын қаржы көлемі бас әріппен сөз түрінде басылады. Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады. Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса, кәсіпорынның мөрі қойылады.Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң мақсатты бағыттар (ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған) бойынша жұмсалу қажет. Ақшаның жұмсалмаған қалдығы кассаға тапсырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі. Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордерімен жасалады. Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша хабарландыруларды толтырады. Хабарландыру бланкісін банктің операторынан алу мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ банк тиісті операцияны өткізгеннен соң, банктің көшірмесімен бірге тігіледі. Үш бөліктің әрбірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабылдағаны, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жазылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою қажет. Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айырысу шотымызда бұл сома дебет бойынша, ал банкіде -- кредит бойынша өтеді)
1.2. Есеп айырысу чектерін қолдану
Есеп айырысу чегі -- чек берушінің шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі. Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері болып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен көлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жасалады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзім көрсетіледі. Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау стансасына дейін жүктерді тасымалдау үшін темір жол тарифінің сомасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы бойынша жасалады. Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан басқа, есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа есеп айырысу шотынан белгіленген соманы аудару нұсқауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс. Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорынның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайдалану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі. Қазіргі уақытта жалған чектердің көбейіп кетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған.Вексель, бұл -- қатаң белгіленген, жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме. Вексель өзінің иесіне төлеу мерзімі келуі бойынша онда айтылған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге келісім берген (акцепттелген) тұлға төлеуге борышты. Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек сонда ғана ол өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді. Коммерциялық вексельдер, мысалы, сауда операцияларын несиелендіруде қолданылады. Егер сіз тауарды сатушы ретінде 100 % алдын ала төлемді ала білсеңіз, онда бұл, әрине, жақсы болады. Алайда, нашар сұраныс пен өсіп бара жатқан бәсекелестік жағдайларында есеп айырысудың мұндай түрі сирек қолданылады. Сатушыларға тауарларды жеткізіп бергеннен соң, төлемге немесе несиеге беру жағдайына көнуге тура келеді. Мұндай несиенің бір әдісі болып төлемін белгілі кезеңнен кейін жасау міндеттемесімен вексельді жазып беру саналады. Вексельді жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлемақысы есебінен вексельді қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып саналады. Вексельдер жай және аударма түрде болады. Жай вексель кредитордың (вексель ұстаушының) пайдасына борышкерге (вексель берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады. Аударма вексель (тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойындатады. Борышкер акцепт, яғни төлеуге келісім бергеннен соң, қолмақол ақшаның қызметін орындай отырып, ол жазумен тұлғалардың шексіз шеңберінде айналып жүре алатын аудару жазуы (индоссамент) траттаға қойылады. Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен, ол ақшаны қайтарып алуға толық кепіл бола алмайды. Борышкер кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайға түсіп және оның мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы мүмкін. Жоғары сыныпты (классты) банкілер кепілдік беретін вексельдер сенімдірек болады. Аударма вексельдермен коммерциялық қызметтің бірқатар варианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап тұрып, одан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ, ол вексельді банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдікке қойып, банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер жойылған. Кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау және қызметтер атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құнын емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім -- коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы. Мысалды қарайық: біздің кәсіпорынның жіберілген өнімі есебінен вексель алдық (ұстадық). Вексельді төлеу және оның жабылу мерзімі келгенше № 2020 Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар шотында дебиторлық қарыз есептеліп тұрады. Бұл жағдайда № 2020 шотқа әрбір вексель бойынша қарызды төлеу мерзімдерге негізделіп, есеп айырысулардың ерекше карточкасын жүргізу ұсынылады. Атап айтқанда, қамтамасыз етілген дебиторлық қарызды төмендегіше белгілеу қажет: 1. Төлеу мерзімі әлі келмеген вексельдермен; 2. Дисконтталған (банкіде есепке алынған) вексельдермен; 3. Төлеу мерзімі өтіп кеткен вексельдермен. Ақша қаражаттың келу барысы бойынша бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады: Дт 1040 (1010) -- Кт 2020.
2 Бөлім Ақша каражаттарының есебі
1.1. Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді түзету
Кәсіпорын оқтын-оқтын (күнделікті немесе басқа белгіленген мерзімдерде) банкіден өзінің есеп айырысу шотының көшірмелерін алады. Онда операцияның мазмұны шартты кодпен ауыстырылып қойылады. Банктің көшірмесі белгілі кезеңде кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы банкімен жүргізілген операциялардың тізімін құрайды. Ол есеп айырысу шоты бойынша операцияны жүргізгеннен кейін беріледі. Көшірмеге әрбір сома бойынша анықтаушы құжаттар қоса тігіледі. Банктің көшірмелерін бухгалтерлік өңдеу кезінде банк кәсіпорынның борышкері ретінде болатындығын, өйткені ол кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап және оны өзінің айналымында пайдаланатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондықтан, қаржылардың қалдықтары мен олардың келіп түсуі кәсіпорынның бет есебі кредиті бойынша, ал ақша беру мен аудару -- дебет бойынша жазылады. Кәсіпорынның бухгалтері бұл операцияларды №1040 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты шотында керісінше тәртіпте жазады. Егер бухгалтер есеп айырысуда қателесіп, қажет болған сомадан артық ақша аударып қойса, онда бұл жағдай туралы банкіге шұғыл хабар жіберуі қажет. Егер төлем тапсырмасы банкіден өтіп кетсе, онда № 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (оның ішінде шағымдар бойынша қойылған) шотын қолданып, кейінг есеп айырысу кезінде қажетті соманы реттеу немесе ақшаны алған тұлғаға артық кеткен қаржыларды қайтару туралы өтінішін жолдауы қажет. Банктің көшірмелерін бухгалтер тексереді және оның ақ шеттерінде байланысатын шоттардың шифры көрсетіледі. Сол шоттар көшірмеге тігілген құжаттарда да көрсетіледі. № 1040 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, бұл -- активті баланстық шот. Оның қалдығы айдың басына есеп айырысу шотында кәсіпорын қаражаттарының мөлшерін бейнелейді, дебет бойынша айналым -- өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылу есебінен, банк несиелерінің келуінен, кассадан қолма-қол ақша салымынан және т.б. келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит бойынша әртүрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу нәтижесінде қаражаттардың кемеуі көрсетіледі. Сол операцияларды жоғарыдағы сызбаларда бейнеледік. Жылдық есеп беруді дайындаудан бұрын есеп айырысудың түгендеуі жасалуы тиіс. Егер дебиторлық қарыздарды тексеру барысында ол қарызын мерзімінде бермейді деген күмән пайда болса, онда біз өзімізде сол сомаға резерв қалыптастыруымыз мүмкін (Дт № 1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв шоты мен Кт № 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек шоты)

Дт Кт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары Кассаға теңгемен ақша салымдары 1210 Сатып алушылардың дебиторлық берешегі Алушылардан ақшаның келіп түсуі 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек Дебиторлық қарыздар есебінен ақшалардың келіп түсуі 3010 Қысқа мерзімді банктік қарыз Банктерден қарыз алу 3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар Тапсырыс берушілерден аванстың келіп түсуі 3390 Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек Кредиторлық қарыздар есебінен ақшалардың келуі 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары Кассаға теңгемен ақша салымдары 1610 Берілген қысқа мерзімді аванстар Материалдар жеткізу үшін аванстар берілді 3010 Қысқа мерзімді банктік қарыз Алынған қарызды қайтару 31 бөлімше Салықтар бойынша міндеттемелер Бюджетке төлемдер жасалды 3310 Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек Алынған тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу 3220Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер Жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалар аударылды 3210 Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер Бюджеттен тыс қорларға ақшалар аударылды
1.2. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
№ 1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты шотында шетелдік валютадағы операциялар есепке алынады. Бір уақытта олар операцияны жасау күніне жүретін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы (курсы) бойынша теңгеде бейнеленеді. Бұл № 1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты шоты активті екенін еске саламыз. Олардың дебеті бойынша валютаның келуі, кредит бойынша -- шығыс етілуі бейнеленеді. Әрбір шетел валютасы бойынша оған қосымша аналитикалық есеп жүргізу қажет. Бағамдық айырма № 6250 Бағамдық айырмадан түскен кірістер шотына апарылады және өткізуден тыс табыстардың (негізгі емес қызметтің табыстары) жеке бабы ретінде бейнеленеді.

3 Бөлім.Ақша қаражаттар есебін жүргізу ерекшеліктері
1.1 Кассалық операциялар жүргізудің тәртібі
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген. Нұсқау мыналарды ұйғарады: -- ҚР банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау; -- чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолмақол ақшаларды жұмсау; -- банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау; -- кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі; -- ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер; -- кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі. Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін Материалды жауапты болады. Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады: -- кіріс кассалық ордерлер; -- шығыс кассалық ордерлер; -- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы; -- кассалық кітап. Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс етілуі -- шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі. Ақша өткізетін түлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі. Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін күні, айы, жылы белгіленген Алынды немесе Төленді таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төлқұжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс. Кіріс және шығыс ордерлер, оларға кезекті нөмір беріледі, тіркеу журналында есепке алынады.
Құжаттың №
Шаруашылық операцияның мазмұны
Байланыс шоты
Кіріс
Шығыс
Күннің басталуына қалдық

250
--
1
Ш.Сеитовтан есепті соманың қа йтарылуы

1200
--
2
Темір-банк ААҚ банкіден АБ № 026036 чек бойынша ақша кірісі

90000
--
3
А.Сәрсенбаевқа -- іссапар шығыстарына есепті сома берілд

--
5000
4
Желтоқсан айының еңбекақысы төленді

--
85000

Бір күндегі жиынтық

91200
--

Күннің соңына қалдық

1450
--

Кассир: (қолтаңбасы) Құжаттарды тексеріп және екі кіріс, екі шығыс кассалық ордер қабылдадым Бухгалтер: (қолтаңбасы) Қолма-қол ақша сейфте сақталады. Онда қатаң есеп берудің бланкілері (еңбек кітапшалары мен оларға қосымша беттер, автокөлік жолдама қағаздарының квитанциялары және т.б.) және басқа бағалы құжаттар (демалыс үйлері мен санаториларға жолдамалар, пошталық маркалар, қоғамдық көлікте жүру талондары, кәсіпорын қайта сатып алған акциялар) да болуы мүмкін
1.2 Есепті тұлғалармен есеп айырысу\
Есепті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іссапар шығыстары мен материалдар сатып алу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала алған кәсіпорынның қызметкерлері саналады. Кассадан шаруашылық және басқа шығыстарға қолма-қол ақша алуға құқылы лауазымдар мен тұлғалардың тізімін кәсіпорынның басшысы бекітеді, ал іссапарларға қаражаттар оның бұйрығы негізінде беріледі. Қызмет іссапары болып тұрақты жұмысынан (кәсіпорынның жайғасу орнынан) тыс қызмет тапсырмасын орындау үшін ұйым басшысының ұйғарымы бойынша қызметкердің сапары саналады. Іссапарына берілетін соманың мөлшері іссапардың мерзімі және оның тағайындалу орнымен шектеледі, өйткені сапардың екі жағына жолақы, іссапардағы тәуліктік және пәтер ақылар төленуге жатады. Қызмет іссапарларының тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді. Есепті тұлғалармен есеп айырысу № 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Есепті тұлғаның кәсіпорын алдындағы қарызы іссапар мен алынатын сомалар бойынша есеп беру мерзімдері өтіп кетпегенше әдеттегіше болып есептеледі. Бұл қарыз № 1250 шоттың дебеті, ал оның жойылуы кредит бойынша бейнеленеді. Егер барлық алынған ақшалар жұмсалмаған жағдайда, олардың сол бөлігі кәсіпорынның кассасына қайтарылады (№ 1010 шоттың дебеті мен № 1250 шоттың кредиті бойынша). Егер ақшалар артық жұмсалса және ол шығыстар құжаттар арқылы дәлелденіп, кәсіпорынның басшысымен бекітілсе, онда кассадан қосымша ақша беріледі. Қалай болған жағдайда есепті тұлға оған барлық шығындарды дәлелдейтін құжаттар (көліктерге билеттер, қонақүйлер мен дүкендердің шоттары және т.б.) қоса тігілген аванстық есеп жасайды. Егер есепті тұлғалардың саны көп болса, онда арнайы ведомостарда олардың аналитикалық есебін жүргізу мүмкін.
Қолма-қол ақшаның келуі мен берілуінің синтетикалық есебі № 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты активті шотында жүргізіледі. № 1010 шоты бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма -қолсыз есеп ашылуының нысандары және олардың сипаттамасы
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау
Ақша қаражаттарының сипаттамасы
Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
Ақша қаражаттарының есеп айырысу және валюталық шоттардағы есебі
Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің есебі және талдауы
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Ақша қаражаттарының аудитін талдау
Айналым өндірістік қорлар
Пәндер