Adobe Photoshop бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Коммуникация - бұл берілетін және қабылданатын ақпараттың жалпы мағынасын дамыту арқылы өзара әрекеттесу субъектілері арасында байланыс орнату актісі мен процесі. Мақсаты семантикалық қабылдау болып табылатын әрекеттер коммуникативті деп аталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі міндеті-әлеуметтік қауымдастыққа қол жеткізу. Сонымен қатар, өзара әрекеттесудің әр субъектісінің даралығы мен бірегейлігі сақталады. Сондықтан, әлеуметтік қауымдастық, мысалы, дүрбелең туындаған кезде, коммуникация емес, өйткені бұл жағдайда жеке тұлғаның иесізденуі орын алады және адам белгілі бір уақыт ішінде өзінің жеке қасиеттерін жоғалтады, жалпы адам массасында ериді және оның заңдарына бағынады.
Кең философиялық мағынада қарым-қатынас қарым-қатынасқа, ойлармен, ақпаратпен, идеялармен алмасуға немесе мазмұнды бір санадан екіншісіне символдық жүйелер арқылы беруге байланысты әлеуметтік процесс ретінде қарастырылады. Қарым-қатынасты түсінудің әлеуметтанулық аспектісі материалдық және рухани әлемнің кез-келген объектілерінің байланыс құралдарының ерекшеліктерін ашады. Сондықтан бұл ұғым көбінесе әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына (бұқаралық ақпарат құралдарына) қатысты қолданылады. Олардың кең таралуы және өркениетпен байланысты кез-келген адамға әсер етуі қазіргі адамдар өмір сүретін жалпы ақпараттық өріс ұғымын тудырды. Бұқаралық процесс ретінде қарым-қатынас дегеніміз-адамдардың бағалауы, пікірлері мен мінез-құлқына әсер ететін үлкен таралған аудиториялар арасында техникалық байланыс құралдары арқылы ақпаратты үнемі тарату. Жеке қарым-қатынас процесі ретінде қарым-қатынас нақты өзара әрекеттесетін субъектілердің семантикалық өрісін анықтайды.

1. НЕЗІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Adobe Photoshop бағдарламасы

Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб- дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны əркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.
Adobe - Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді.Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:
1. Меню қатары: Edit, layer, image, select, filter, view, window, help.
Image - тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.
Layer - қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Select - ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.
Filter - функцияның әр-түрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерінің жиынтығы
Window - палитраларды қосу және ажырату.
2. Инструменттер палитрасы: Жұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі
Құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан
3. Параметрлер палитрасы (Options): Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.
4. Палитралар - Спецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе.
5. Қыстырмалар - Үнсіз келісім бойынша экранда 3-ші пайда болады. Олар:Browser (Шолушы), Too Presets және Layer Comps. Олар жиі қолданылатын файлдарды тез шақыру қызметін атқарады. Кез келген палитраны қыстырма ретінде қастыруға болады.
Негізгі түсініктер мен терминдер.
1. Pixcel (пиксель) - Екі өлшемді графикалық растрдағы бейненің өлшемі. Яғни сурет құралып тұрған кішкене нүктелер.
2. Resolution (мүмкіндік) - ұзындық бірлігіне сай келетін нүктелер саны. Бейненің параметрінің бірі. Бұл мән жоғары болған сайын бейне сапалы, алайда оның көлемі үлкен болады.
3.Түстік модельдер (RGB моделі) - Түстік модель бояудың берілу принціптерін анықтайды. RGB моделі көбінесе мониторға түске бері үшін пайдаланылады. Кеңт тараған модель. Бұл модель бойынша бұл модельдің үш түстік құраушысы бар.
Red (қызыл)
Blue (көк)
Green (жасыл)
Әр каналдың ашықтылық деңгейіне (0..., 255) байланысты көпдеген түстер алынады. 0 - минимальдық ашықтылық, 255 - максимальдық ашықтық.
4. Layer (қабаттар) - қабаттар мен жұмыс істеуду ұйымдастыру.
5. Selection (ерекшелеу) - ерекшеленген аймақпен жұмыс істеу фотошопта үлкен роль атқарады.
6. Қосымша панель немесе Альфа чаннель - ерекшелеудің оригинальді формасы. Мұнда ақ түс ерекшеленген, қара түс ерекшеленбеген, сұр түс жартылай ерекшеленген иксельдерді анықтайды.
7. Bland Model (пиксельдерді қосу режимі) - фотошопта кез келген элементпен жұмыс істеу бұрыннан бар пиксельдердің үстіне жаңа пиксельдерді қосу болып табылады. Қарапайым режимде ескі пиксель жаңа пиксельмен алмстырылады.
Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез-келген пайдаланушы білуі керек. Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы - графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа.
Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.
Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді. Сол уақыттарда программалық жабдықтарда экранда Photoshop жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.
Бұл бағдаламаның қарқынды дамуы бірнеше компаниялардың компьютерлік графикаға бет алуына себеп болды, бірақ Adobe компаниясы ғана Photoshop - пен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Adobe Photoshop бағдарламасының ресми болжамы 1990 жылдың ақпанында шыға бастады. Қазіргі таңда Adobe Photoshop бағдарламасының қолданыста жүргеніне 22 жыл толды. Бұл программа графика көмегімен коммерциялық құралдардың, нарықтың жетекшісіне айналған Adobe фирмасының белгілі өнімі. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл бағдарламаның қолдану аясы кеңінен таралуда.

1.1.1 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі

Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.
Маркетингтік ақпарат - нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг - ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де - осы маркетингтік қызмет болып табылады. Жарнама - сауда двигателі, деп бекер айтпайды.
Бүгінгі қоғамды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, тауар өндірісінің тамырына қан жүгіртіп, оның дамуына жарнаманың қосар үлесі зор. Жарнама индустриясының қызметі барлық салада кеңінен пайдаланылып жатыр. Жарнаманың күші мен ролі әлемдік бизнес тәжірибесінен белгілі. Алдымен жарнама өңделген, көркем суреттелген түрде, эмоционалды безендірілген және түсінуге жол ашардай, әлеуетті тұтынушылардың назарын аударардай тауарлар, қызметтер туралы дәйектер мен мәліметтерді келтірердей ақпараттарды қамту керек.
Бір жағынан өз ақпараттылық, сендірерлік пен иланушылықты үйлестіре отырып, жарнама адамға эмоционалды-психологиялық әсер қалдырады. Сондықтан көпшілік жарнаманы бизнес әрі өнер деп таниды. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнамалар түрінде жүзеге асырылады.
Компьютерлік технологияның пайда болуымен бірге жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай клиенттердің өзін өзін Ұлы сезінердей қайталанбас мүмкіндік пайда болды. Суретшілердің, фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын іске асыру және оларды қажет жағдайда тираждау аталмыш бағдарламаның көмегімен айтарлықтай проблема емес. Жарнамалар жасауда Adobe Photoshope бағдарламасының орны ерекше.
(мысалдар келтіру, банер, билборд, винил)
Эстетикалық талғамға сай жасалған үлкен винил паннолар да адамдарды көп қызықтырады. Әдемі жасалған паннолар оларды сүйсiндiредi. Мысалы: АҚШ-тың бір районында орналасқан панно тұрғындардың 90 пайызының көңілінен шығып, панно сол районның визит карточкасына да айналған екен.
Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта.
Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да дейін және кейінгі нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.
Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.
Эстетикалық операцияға Photoshop бағдарламасы арқылы қолданылатын бірнеше нұсқаларды көрсетсек. (фотолар СЛАЙД)
Пластикалық хирургияға: бет пішінін өзгерту, денедегі артық бөліктерді алу, тіс жөндеу т.б. жатады. Photoshop бағдарламасы - адамның сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге мүмкіндік беретін программа. (салыстыру фотолары СЛАЙД)
Компьютерлік технологияны қолданып жүрген ғалымдардың айтуынша операция алдындағы компьютерлік модельдеу емделуші мен медицина қызметкерінің арасындағы сенімділікті нығайтып, жоғары нәтижеге жетуіне себеп болады екен.
Алдағы уақытта отандық медицина қызметкерлері де Adobe Photoshop бағдарламасының ерекше мүмкіндіктерін қолданып, тереңірек пайдаланса деймін.
Мамандардың айтуынша, Photoshop күннен күнге дамып келе жатыр. Photoshop - тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар. (Мысалы: суреттің өңделуі СЛАЙД)
Adobe Photoshop - суреттермен жұмыс жасайтын фотографтарға, архитекторларға, дизайнерлерге, полиграфия мамандарына өте қажетті программа. Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер, открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.
Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялық өнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ, PRINT, Регион Сем Пресс, МАСКА дизайн студиясы, ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ, ПОЛИГРАФСЕРВИС типографиясы, Семей Коркем, Konica, Фотомир т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: "Арбат", ЖК Евдокимов, Амиргазина А.О., Аскар и К т.б.
Ақпараттық технологияның дамуынан, оның ішінде графикалық программалардың сұранысынан бірнеше жаңа маман иелері ашылып, табыстың жаңа көзі пайда бола бастады. Мысалы: Adobe Photoshop бағдарламасымен жылтырақ (глянцевый) журналдардағы қыздардың бет әлпетін өзгертіп, макияж бен киім үлгілерін жасау журналдардың жүздеген тираждармен таратылуына себеп болып отыр.
Adobe Photoshop бағдарламасының сиқырлы аспаптары арқылы тамаша, таңқаларлықтай, адам сенгісіз суреттерді дайындау, оларды редакторлеу мен өңдеу қоғам игілігіне қызмет етеді. Бұл бағдарламаның кең ауғымда дамып келе жатқанын өзіміздің жердің өркендеуінен де көруге болады.

1.1.2 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар. Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.
Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына нүкте қойылды деп айтуға болады.
Жарнама агенттіктері мен баспаханалардың, атап айтқанда компьютерлік технологияны, иллюстрацияны пайдалану арқылы адамдардың денесіндегі сәйкессіздікті жарнамалайтын кәсіпорындардың жұмыстарына шектеу қоюда. Бұл тек адамның денесіне ғана емес, азық - түлікке, киім үлгілеріне, интерьерге, демалыс орындарын жараманалауға да қатысты айтылған.
Саясаткерлердің пікірінше, өңделген суреттің дауылы тұтынушыларды ақша шығынына және жан күйзелісіне ұшыратып, олардың жүйке жүйесінің жұқаруына, физикалық әлсіреуіне әкеледі.
Халықты алдап - арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.
Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе (Valerie Boyer) көтерді. Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығардs. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген деген жазудың жазылғанын атап айтқан.
Валери Бойенің айтуы бойынша Компьютерлік ретушьті қолдану адамдардың сенгіштігіне әкеледі. Тұтынушылар шынайы өмірде жоқ нәрсеге ұмтылып, өз бойларындағы кемістікті жоюға тырысады. Нәтиже шықпағандықтан, өз кемшіліктерін жою мақсатында психикасын, денсаулығын, тіпті өмірін де қауіп қатерге тігеді. Ең бірінші кезекте шоу - бизнес жұлдыздарының жақсартылған суреттеріне қарап жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы күрт төмендейді деген.
Бойенің заң жобасы бойынша Photoshope бағдарламасы арқылы өңделген суреттерді ескертусіз пайдалану 37 500 евромен ғана шектелмейді, кей жағдайларда азаматтарды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруына дейін апарады.
Ал Италия мемлекетінде модельдерді жарнамалауда яғни 175 см бойы мен 55 кг салмақтағы суреттерді қолдануға тыйым салу туралы заң шыққан. Сол сияқты Испания мемлекеті де бұл заңды қолдап отыр.
Атақты дизайнер Джорджо Арманида өзінің арық модельдер туралы пікірін білдірді. Dove косметикалық өнімін шығаратын компания модельдер емес қарапайым қыздардың сабынды жарнамалап, ол жарнаманы компьютерлік өңдеуден өткізіп, жаңа технологиялар арқылы жоғары нәтижеге жету туралы арнайы көрсетілімдік жарнама жасап шығарды. Француздардың соңынан ағылшындықтар, израильдықтар, германдықтар да осы заңның орындалуына өз үлестерін қосуда. Осы заңдардың орындалуы алдағы жылдарда барлық Евроодақтың қолдауына ие болады. Тек бұл тізімге ең соңғылар болып біздер мен американдықтар ғана енетін шығар. Біз - инерциямен, ал американдықтар мода индустриясы, жылтырақ журналдар, пластикалық косметологиямен хигургиядан түсетін қыруар ақшаны жоғалтпас үшін Photoshope бағдарламасымен жұмыс жасай береді.
Photoshope бағдарламасын 70 елде қолданады. Бірақ қолдану барысында арнайы мамандардың болмағандығынан үлкен қателіктер де кетіп жатады. Мысалы, жұмысына салғырттықтан немесе немқұрайлы қарағандығынан жалтырақ журналдар мен үлкен көлемді билбордтар, банерлер мен панноларда біршама қателіктер байқалады.
Осындай қателіктерді жою үшін Photoshope бағдарламасын жетік меңгерген, жоғары білімі бар дизайнерлер мен полиграф мамандарынан тұратын комиссияның құрылып, барлық елдегі жарнама беттеріндегі ақпаратты сараптап, талқылап, қолдануға берілсе деген ойым бар.
Қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолданып жоғарыда айтылғандай пластикалық операциялар кеңінен жасалуда. Бірақ, технология мен адамның мүмкіншіліктері сәйкес келмей жатқанда пластикалық операцияның ойдағыдай болмайтынына көзіміз жетеді.

1.1.3 Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері

Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол - растрлық болып табылады. Растрлық суреттер- кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте- пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.
Adobe Photoshop бағдарламасының түстер палитрасы (Color Picket) алдыңғы қатардың және артқы қатардың түсін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түсті сандар координатасын жазу арқылы таңдауға болады. Adobe Photoshop бағдарламасында дайын түстерді де таңдауға болады. Ол CMYK - моделінің түстері. Бағдарламадағы түстер палитрасы негізгі болып алынған. Басқа палитраны қолданғаннан кейін негізгі палитраға ауысу үшін менюде файл Орналастыру Негізгі палитра.
Color (Түс) палитрасы түстерді араластыруға және таңдауға мүмкіндік береді. Бұл түстер суретті өзгерту кезіндегі құралдарға қолданылады, мысалы, Fill (құю) немесе Canvas Size (Холст размеры). Палитра моделінен түс моделін таңдаңыз, осы кезде сурет түстерін араластыруға болады. Түсті таңдау үшін ,палитрасынын астында орналасқан түстер жобасын басыңыз. Түстер таңдайтын Color Picket (Түс палитрасы) панелін ашу үшін, негізгі төртбұрышты шертіңіз, егер ол қазір жабық болса, оны екі рет шертіңіз. Түстер палитрасының астындағы сол бөлігінде екі кішкентай тіктөртбұрыш бар: ақ және қара. Оларды шерту арқылы түстерді белгілеуге болады: негізгі- қара, артқы түс-ақ. Ақ және қара түстерімен әртүрлі суреттер бейнелеп салуға болады.
Color Picket (Түстер палитрасы) мынадан тұрады:
Түс таңдау бөлігі (үлкен төртбұрыш)
Түс реңдерін таңдау бөлігі
Түс салыстыру бөлігі (кішкентай тіктөртбұрыш, ол көлденең екі бөлікке бөлінген: үстіңгісі - нақты түс, астыңғысы - таңдалған түс)
Цифрлы түстер бөлігі: HSB, RGB, Lab, CMYK моделдері.
Түстерді салыстыру бөлігінде екі ескерту шығуы мүмкін.
Warning: out of gumut for printing - Стандартты түстер аймағынан шығып кету
Warning: not a Web safe color - Қауіпсіз түстер аймағынан шығу (интернет үшін)
Бірінші ескерту (үшбұрыш ортасында леп белгісі бар) - сіз таңдаған түсті басып шығаруға мүмкін емес екендігін көрсетеді. Себебі CMYK стандартты түстер аймағында сіз таңдаған түстің жоқ екендігін көрсетеді. Осы кезде сіз таңдаған түске ұқсас, стандартқа сәйкес түс үлгісі көрсетіледі.
Екінші ескерту (кубик)- бұл ескерту сіз таңдаған түстің Windows және MAC ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламаларда әртүрлі көрсететінін айтады. Себебі олар әр түрлі палитралар жүйесінде жұмыс істейтінін көрсетеді. Осы екі ақпраттық жүйеде бірдей көрсететін түс үлгісі жанында көрсетіледі. Сол түсті таңдау үшін тіктөртбұрышты басыңыз.
Color Picket (Түстер палитрасы) арқылы:
Түстер реңінің аймағын белгілеуге болады.ол үшін өзгерту тетігін қою (H, S, B, R, G, B, I, a немесе b) және тышқанды қозғалту арқылы.
Үлкен төртбұрыштың белгілі біл аймағын шерту арқылы, белгіленген түстер ішінен түс таңдауға болады
HSB, RGB, Lab немесе CMYK Түстер моделінен түстің цифрлық белгісін белгілеу арқылы түс таңдауға болады.
Стандартты каталогтардағы керекті түстерді қолдану үшін Custom (түстер каталогы) мәзірін басу керек. Бұл жерде Adobe Photoshop бағдарламасының стандартты 17 түстер каталогы көрсетілген. Осы каталогтардың ішінде ең көп тараған PANTONE.

1.1.4 Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы ескі суреттермен жұмыс істеу

Ескі суреттер. Бұл ондаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тарихы. Бұл ескі альбомдарда сақталған, қолдан қолға өткен, ескірген, сарғайған суреттер. Осындай ескі мұралардың көп бөлігі мұражайларда, мұрағаттарда, жеке коллекцияларда, альбомдарда сақталған. Суреттердің барлығы уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Осы суреттерді қалпына келтіруге Adobe Photoshop бағдарламасы көмектеседі. Осы бағдарлама арқылы біз ескі суреттегі міндерді тазалай аламыз, суреттерді түстендіре аламыз. Енді суретпен жұмыс істеу тәсілін талқылайық. Егер ескі суреттерді алатын болсақ ескі суреттердің көбі арнайы мамандармен сурет студияларында жасалған. Бұл суреттерде сурет ашықтылығы жақсы қойылған. Осындай суреттерге түс беру өте оңай. Сурет түссіз болғандықтан (сканерден өткізген кезде ол RGB форматта сақталады ), біріншіден оны RGB форматынан Grayscale моделіне ауыстыру керек. Бұл суреттің көлемін азайтады және Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеуді оңайлатады. Одан кейін техникалық ақаулармен жұмыс істеу керек, оның ішінде түсін белгілеу, реңін келтіру.
Сурет түсін жаңалау.
Өзгерту керек суретті ашыңыз. Оның кеңейтіліміне мән беріңіз.
Ctrl+O пернесін басып, суретті орналастырыңыз. Одан кейін суретті RGB моделінен Grayscale (Сұр градияциясы) моделіне ауыстыру керек. Ол үшін:
Image Менюінен Mode Grayscale (режим-сұр градияциясы)
Суретті Lab color моделіне ауыстырғаннан кейін L (жарықтық) каналын айрықшалау.
Компьютерлік графика мамандары көбіне екінші амалды қолданған дұрыс дейді.
Image Mode Grayscale (Сурет-режим-сұр градияциясы) "Discard color information" (түс туралы ақпаратты алып тастау) терезесі шығады, OK басыңыз. Суретті сұр градияциясы моделіне ауыстырамыз. Осы кезде сурет көлемі бірнеше есеге кішірейеді.
Filesave as (Файл-сақтау) мәзірін басу арқылы суретті PSD форматында сақтаңыз. Осы кезде сурет түсі бастапқыдан қараңғылау болады. Бұл суреттің реңін келтіру үшін керек. Суретті сканер арқылы өткізгендегі жылтыр түс кетеді.
PSD форматтағы суретті қайтып ашыңыз. Керек болса WindowChannels (терезе-каналдар) мәзірін басыңыз. Бұл мәзір арқылы сіз екі суретті салыстыра аласыз.
Image Mode Lab color (Сурет-режим- Lab color) мәзірі арқылы суретті толық түсті Lab моделіне ауыстырамыз. Осы кезде палитрадағы түстер каналының өзгерісіне мән беріңіз. Каналдардың ішінен ең түсі анық каналды таңдаңыз. Енді оны белгілеу керек.
Белгіленген а каналын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Photoshop графикалық редакторы
Photoshop бағдарламасы туралы
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ПӘНІНЕН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТОПТАМАСЫ
Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Фотосуреттерді жөндеу
Компьютерлік графика бағытының информатика пәнінде қамтылуы
Компьютерлік графика бағдарламалары
Оқулық элемент - Adobe Photoshop негіздері
Түс реңі
Пәндер