Қазіргі заманғы өркениет
1-бет
Қазіргі заманғы өркениет деп XX ғасырдың екінші жартысынан - XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз. Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады. Жердегі адамзат өркениеті саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып енген 191 федерациялық және унитарлық мемлекеттерден, олардың кейбіреулерін біріктіретін конфедерациялардан, экономикалық және әскери одақтардан, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік құрылуы анықталмаған 60 шақты аумақтан тұрады.
2-бет
Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:
* дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
* дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;
* дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;
* ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;
* экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
Адамдар ресурстарды үнемді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау мәселелелерін шешумен айналысуда. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық конференцияларда белсенді көтеріле бастады. Рим клубы, ЮНЕСКО, т.б. халықаралық ұйымдар, экология мәселелерін талқылаған семинарлар өткізіп тұрады. Соңғы кездері ғаламшардың жылынып бара жатуына байланысты бұл үдерісті баяулату мәселелерімен алдыңғы қатарлы өркениетті қоғамдар көбірек айналыса бастады. Қазақстанда Семей ядролық полигонын жабу, ядролық жарылыстардың салдарын жою, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында Невада-Семей қозғалысы құрылып, белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Арал теңізі суын қалпына келтіру мақсатын көздеп, арнайы құрылған Комитет бар. Соңғы жылдары мемлекеттің ынтасымен құрылған экология мәселелерімен айналысатын ведомствалар пайда болуда.
3-бет
Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған көшпелілер философы (Ш.Уәлиханов) атанған Асан Қайғы өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы оз заманы туралы коп -дерек береді (М.Әуезов - Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асан Қайғы хан алдына өзінің ымыраға келу теориясын ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Ол іздеген Жерұйық шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасыңда сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған халық оны Асан Қайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау Жерұйық деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Асан Қайғының жыр-толғаулары, негізінен, үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады.
4-бет
Асан Қайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
1) этикалық дүниетаным ? ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды;
2) поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары;
3) Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспешпілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Ел ауызындағы аңыздарға қарағанда Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлерінің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Ал, бүгінгі күнге Ел айрылған, Асан қайғы, Желмаяның жүрісі, Зар сияқты санаулы күйлері ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz