Туберкулездің эпидемиологиясы


Туберкулез - зақымданған ұлпаларда қабынудың спецификалық ошағының пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Туберкулездің эпидемиологиясы
1) Туберкулез - негізінен ауалы-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру
Туберкулез науқастан дені сау адамға жөтелу, түшкіру, қақырықты түкіру арқылы беріледі
Ашық формалы ТБ бар науқас емделмесе жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін
2) Алиментарлы - сапасыз термиялық өңдеуден өткен су, сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа азық-түлік арқылы;
3) Қатынасты- науқаспен тікелей қатынас, тұрмыстық заттар арқылы: хирургтарда, лаборанттарда, ветеринарларда т. б кездеседі (қоздырғыш тері арқылы енеді) ;
4) Жатырішілік - өте сирек кездеседі, тек плацента зақымданған кезде анадан балаға плацента арқылы беріледі.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Туберкулез - ауруының қоздырғышын Кох (неміс ғылымы) таяқшасы
тудырады. Оны 1882 жылы Роберт Кох ашқан. Кей жерлерде оны туберкулез
таяқшасы, ал қазіргі уақытта микобактериясы деп атайды.Микобактериялардың бірнеше түрлері бар:
- Адам микобактериялары
- Ірі қара мал микобактериялары
- Құс
- Кеміргіштер - қоздырғыштары,
ТВС - таяқшасы ұзындығы 6 микронға созылатын таяқша қалпында болады. Кейде әр түрлі формада болуы мүмкін. Бұл қоздырғыштардың ерекшелігі физикалық, химиялық факторлардың әсеріне төзімді келеді. Сүйық қақырықтың қүрамындағы туберкулез таяқшасы 5-6 айға дейін тіргаілік жасай алады. Тіпті кеуіп қалған жағдайдың өзінде де түрлі заттарда кітаптарда, төсекте, ойыншықтарда өз қасиеттерін бірнеше айға дейін сақтай алады. Кейіннен тіршілігінде қолайлы жағдай туғанда қайтадан патогендік белсенділік танытады. Олардың құрамы, түстері формалары әр түрлі болуы мүмкін. Микобактериялар қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделіп отырады. Қоздырғыш белсенділігі кейде күшейеді, кейде төмендейді, кейде мүлдем жойылуы мүмкін. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты - таяқшаларының қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтап қалуы
немесе « қалғу» формасына ауысуы. Микобактериялардың трансформациясына әкелетін факторлардың бірі- антибактериалық терапия. Антибактериалдық дәрілердің әсерінен (қоздырудың зиянды әсері деп) туберкулез қоздырғыштары басқа формаға ауысып, лимфа бездерінде немесе басқа зақымдану ошақтарында қалғуы мүмкін. Сол кездерде науқастарда аурудан айыққан сияқты жалған сезімдер пайда болады. Бірақ біраз уақыт өткен соң микобактерия өз қалпына қайта келіп, ауруды қайта қоздыру мүмкін. Қоздырғыштың осындай зиянды түрлерінің бірі- дәріге тұрақты формасы (разистентті форма) .
Антибактериалдық дәрілер туберкулез таяқшасына зиянды әсерін тигізбейтін болса, қоздырғыштардың бұл формасы жүргізілген емге қарамастан еркін тіршілік етіп, көбейе алады. Қоздырғыштың бұл түрі 39-40 % жағдайда науқастарда кездеседі және бір адамнан екінші адамға жұққанда, бұл дәрілермен емдеу мүмкін емес.
Ауру дамуының қауіп-қатер факторлары:
- Жағымсыз әсер етуі мүмкін: нашар тамақтану, ауыр жұмыс, үсіну, стрессті жағдайлар, жаман әдеттер.
- Аурудың басталу себебі: ағзаның иммунитетінің төмендеуі. Бұндай жағдай дұрыс тамақтанбаудан болады. ЖИТС инфекция, ауыр қосалқы аурулардан (қант диабеті, асқазан жарасы, зоб және т. б)
Туберкулездің жіктемесі:
- Негізгі клиникалық түрлеріне қарай:
1-топ- балалар мен жас өспірімдердің туберкулездік улануы.
2-топ- тыныс мүшелерінің туберкулезі:
- Алғашқы туберкулездік комплекс;
- Кеуде сарайы ішіндегі лимфа түйіндерінің туберкулезі;
- Жайылған өкпе туберкулезі;
- Ошақты өкпе туберкулезі;
- Өкпе туберкуломасы;
- Кавернозды өкпе туберкулезі;
- Фиброзды-кавернозды туберкулез;
- Туберкулездік прлеврит т. б.
3-топ- басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі: жүйке жүйесі, ми қабықтары, ішек, іш пердесі, сүйек-буын, көз, тері және тері асты май қабаты, т. б. мүшелер туберкулезі.
- Туберкулездік процестің сипатына қарай:
- Процестің орналасуы - өкпе бөлікшесі, сегменті немесе басқа мүшеде орналасуы;
- Фазасына қарай - инфильтрация, ыдырау, жайылған, кері сорылу, тығыздалу, тыртықтану, әктену;
- Қоздырғыштың бөлінуіне қарай - қоздырғыш бөлінсе - БК+, қоздырғыш бөлінбесе - БК- ;
- Компенсация дәрежесіне қарай: компенсациялық, субкомпенсациялық, декомпенсациялық. Асқынулары: өкпеден қан кету, спонтанды пневмоторакс, өкпе және жүрек шамасыздығы, ателектаз, бүйрек шамасыздығы т. б.
Негізгі белгілер:
- Жөтелдің 2 аптаға созылуы;
- Қатты шаршау
- Әлсіздік
- Тәбеттің төмендеуі
- Дене салмағының азаюы
- Кеуде куысының ауыруы
- Түнгі уақыттағы терлеу
- Дене қызуының көтерілуі
- Кеуде тұсындағы ауырсыну;
- Қанды түкірік тастау;
Өкпе туберкулезінің бірінші кезендегі түрлері көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында пайда болып, бірінші ретті туберкулез кешені, кеуде куысы бездерінің туберкулезі, плевра туберкулезі, кейде өкпенің ошақгы, инфильтратты немесе шашыранды туберкулезі түрінде дамиды.
Өкпе туберкулезінің екінші кезеңдегі түрлерімен негізінде ересек адамдар ауырады. Алғашқы ауырғандардың ішінде өкпенің ошақты, инфильтратты, шашыранды туберкулездері мен туберкулез плевриттері жиі кездеседі. Өкпенің каверналы, фиброзды-каверналы және өкпе туберкулемасы мен циррозды туберкулездері екінші кезеңдегі туберкулездің созылмалы түрлерін құрап, диспансерлік тіркеуде ұзақ уақыт тұратын аурулардың санын толтырады.
Өкпе туберкулезінің клиникалық сипаты, осы жоғарыда аталған туберкулездің түрлерімен тығыз байланысты, әр алуан болады. Көлемі жағынан шағын мөлшерлі ошақты, инфильтратты. шашыранды өкпе туберкулездері, басталған кезеңде сырқат адамның өзіне де, оның айналасындағы жақындарына да білінбей, жасырын дамыса (скрытое, бессимптомное течение), енді бірінде, аз симптомдар мен біртіндеп басталып (малосимптомное течение), ұзақ уақыт аурудың дәрігерге қаралмай жүріп алуына себеп болады. Шашыранды өкпе туберкулезі және оның туберкулез менингитімен асқынған түрлері, сол сияқты туберкулез плевриті мен туберкулез инфильтратының кейбір түрлері болса, кенет басталып, жедел дамиды (острое течение) . Бірак. өкпе туберкулезінің тез дамитын, ауыр ағымды түрлері қазір сирек.
Ауырғандардың ішінде емдеу режимін түрлі себептермен бұзып, ем қонбаған жағдайда туберкулез процесі айлар мен жылдарға созылып (хроническое течение), өкпенің каверналы, фиброзды-каверналы туберкулезі орын алады.
Өкпе туберкулезінің кезеңдері мен түрлеріне сәйкес туберкулез процесінің даму жолында әртүрлі деңгейде білінетін жалпы клиникалық симптомдар мен синдромдарды атаған жөн. Олардың негізгілеріне организмнің улану (интоксикациялық) синдромы жатады. Улану синдромы адам денесінде жүріп жатқан инфекциялық процестерінен және микобактерияның көбейіп денеге таралуынан пайда болады. Осының салдарынан ауру адамның дене қызуы көтеріліп, тек күшейіп, жұмыс қабілеті төмендеп, әлсірейді, тамаққа тәбеті төмендеп, жүдей бастайды. Жүрек қағысы жеделдеп (тахикардия), түнгі ұйқысы бұзылады.
Сонымен қатар өкпе тарапынан да симптомдар біліне бастайды, жөтел мен шамалы қақырық пайда болып, кеуде тұсы шаншиды, ентігеді. Кейбір аурулардың қақырығына қан араласып, өкпеден қан кетуі де мүмкін.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Флюрографиялық тексеру деп қысқа уақытта халықты жаппай түрде тексеру әдісін айтамыз. Флюрографияның кемшілігі туралы айта кетер болсақ:
1. ұйымдастыру қиын
2. қымбатқа түседі
3. қосымша тексеру тәсілдерін талап етеді
4. аурудың этиологиясын анықтамайды
Флюрографиялық тексеру арқылы тексерілген адамдардың ішінен тек 25 % ғана анықталады.
Рентгенологиялық әдіс. Бұл әдіс бұрын кеңінен қолданылған, қазір де қосымша әдіс ретінде қолданылып келеді. Рентгенологиялық әдістің кемшілігіне тоқталсақ:
- аурудың этиологиясын анықтамайды
- қымбат тәсіл
- көп аппараттарды, материалдарды талап етеді
- науқастың да, мед. қызметкердің де денсаулығына зиян
Туберкулиндік байқау - немесе оны Манту байқауы деп те атайды. Бұл
әдіспен қысқа уақытта көп адамдарды тексеруге болады. Сезімталдығы
жоғары. Бүл байқаудың кемшілігі- нәтижесін тек 72 сағаттан соң ғана
анықтауға болады. Көбінесе балаларға қолданылады. Қымбат әдістердің
бірі.
Томограммалық әдіс- өкпедегі тереңде жатқан өзгерістерді, жасырын
ошақтарды, басқа әдістермен анықтауға болмайтын ошақтарды
аныктауға мүмкіншілік беретін тәсіл.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫН ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Туберкулез ауруы анықталған адам, ең басты екі мәселені:
санитарлық және емдік- профилактикалық шараларын мұқият орындап отыруы керек. Санитарлық және емдік алдын алу шараларына тазалықты, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін деохлор ерітіндісі қосылған сумен жуып, шыңын дымқыл шүберекпен сүртіп алып түру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауа алмастырып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына ерекше көңіл аударып отырған жөн.
Ауру жататын бөлменің қабырғасын жуып, сүртіп алуға ыңғайлы
болуы үшін оны сырлап қойған дұрыс. Сондай-ақ бөлмеге басы артық зат,
бұйымдар, шаң үстайтын кілем ілудің қажеті шамалы. Науқастардың
ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек үстап, қайнатып тұрған дұрыс. Оның төсек орны, киім-кешегі, бет орамалы бөлек ұсталынып, жеке жуылуы тиіс.
Науқастың көрпе- жастығының тысын, ақжаймасын жуған кезде біраз уақыт деохлор ерітінідісі араласқан суға салып қою және шамасы келсе, сырқат адам өз кірін өзі жуып алуы керек.
Туберкулез ауруының алдын алу шаралары екіге бөленеді: Спецификалық және бейспецификалық.
Бұл алдын алу шаралары туберкулез инфекциясына ағзаның резистентті болуын күшейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz