НЕСЕП - ЖЫНЫС АППАРАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
НЕСЕП -- ЖЫНЫС АППАРАТЫ

1. Несеп (бөлу) мүшелері
2. Жыныс мүшелері

Несеп шығару мүшелері организмдегі зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі - несепті организмнен сыртқы ортаға шығарады.
Несеп шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп түзуші мүшелер - жұп бүйрек және несеп өткізуші жолдар - несепағар, қуық, несеп шығар уретра.
Еркек малдарда несепшығар жыныстық өзекпен бірігіп, несеп-жыныстық өзек құрайды. Ал, ұрғашы жануарларда несепшығар жыныстық мүшелердің несеп-жыныстық кіреберісіне ашылады.
Бүйрек. Бүйрек - пішіні лобия тәріздес, қызыл-қоңыр түсті қомақты, құрсақ қуысының бел аумағында орналасқан жұп мүше. Сырт жағынан бүйрек майы, ал тікелей өзін талшықты тығыз фиброздық қабық қаптап тұрады. Сөйтіп, бүйрек екі қабықпен қапталған. Бүйректің ішкі медиальдік ойыс беті - бүйректі қақпа арқылы оған қоректендіруші артерия мен жұмысын реттеуші жүйкелер еніп, одан вена және несепағар шығады. Бүйректің ішкі кескінінде бір-бірінен айқын ажыратылып тұратын үш аумақты байқауға болады. Олар: бүйректің фиброздық қабығының астындағы шеткі қызғылт - қоңыр түсті несеп түзуші қыртысты аумақ, бүйректің ортаңғы жағында орналасқан несеп өткізуші ішкі бозғылт аумақ және осы екеуінің аралығында жатқан қоңыр түсті ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аумақ. Бүйректің тек ветральдік беті сірлі қабықпен қапталған.
Бүйректің қыртысты аумағында қаннан несеп түзетін ұсақ бүйректік денешіктер қатарласа орналасады. Оларды бір-бірінен іштік сәулелер ажыратып жатады.
Ішкі бозғылт аумақ көптеген бүйрек пирамидаларынан құралған. Олардың жалпақ табаны шетке қарай бағытталған. Пирамидалар табандарынан бүйректің қыртысты аумағына іштік сәулелер кетеді. Ал, пирамидалардың бүйрек ішіне қарай бағытталған төбелері - бүйректік емізікшелер деп аталды.
Шекаралық аумақты доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аумағына сәулелік артериялар тарамдалады. Радиальдік артериялардың екі жағында қатар-қатар болып бүйректер денешіктері орналасады.
Бүйректің түрлері әртүрлі жануарларда әр түрлі болып келеді. Бүйректі құрайтын оның бөліктері - бүйрекшелерде де, бүйрекке тән үш аумақ және пирамида емізікшелері мен оларға жанаса жалғасып жатқан бүйректік тостағаншалар болады. Бүйрекшелер бір-бірінен өткізу түтікшелері және дәнекерлік ұлпа арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып, бүйрек түрлерін құрайды. Негізінен олардың төрт түрі кездеседі.
1. Көптік бүйрек
2. Тілімді көпемізікшелі бүйрек
3. Тегіс көпемізікшелі бүйрек
4. Тегіс біремізікшелі бүйрек
Бүйрек паренхимасын несеп түзуші түтікшелер - нефрондар түзеді.
Нефрондардың негізгі бөлігі 80% қыртысты аумақта болады. Сонымен қатар ол аумақтан бүйрек денешіктерін де көруге болады.
Нефрон - капсуладан, проксимальдік бөлімнен, нефрон ілмектерінен және дистальдік бөлімнен тұрады.
Радиальдік артериядан бүйректік денешікке афференттік тармақ - әкелгіш артериола арқылы артериялық қан ағып келеді. Денешік ішінде әкелгіш артериоладан капиллярлар шумақшасы таралады. Сыртынан гломерула екі қабат шумақша қабықшасымен қапталады. Шумақшадан артериялық қан әкеткіш артериола арқылы ағып шығып, бүйректі қоректендіруші қан капиллярларына тармақталады. Әкелгіш және әкеткіш артериолалар аралығында артериялық капиллярлар шумақшасын - артериялық ғажап тор деп атайды. Әкелгіш артериоланың диаметрі кең, әкеткіш артериолалардың диаметрі тар. Сондықтан капиллярлар шумақшасына ағып келген қан мөлшері, одан ағып шығатын қан мөлшеріне қарағанда әлдеқайда көп болады. Осының нәтижесінде шумақша капиллярлары ішінде қан қысымы күшейеді де, қан сұйығының біраз бөлігі қан капиллярларының қабырғалары арқылы гломерула капсуласы қуысына шығарылып, одан әрі нефронның бөліктері арқылы жылжып ағады. Осы қан сұйықтығын алғашқы несеп дейді. Нефронның қабырғасы арқылы алғашқы несептен организмге қоректі заттар, су кері сорылып, керексіз ыдырау өнімдері несепке шығарылады. Сөйтіп, нефронның соңғы бөлігінде кәдімгі соңғы несепке айналады.
Бұл заттардың қанға кері сорылуына нефронның проксимальдік бөліміндегі торшалардың құрылыс ерекшелігі септігін тигізеді. Проксимальдік бөліктің қабырғасы бір қабатты куб эпителий түзеді. Эпителий торшаларының апикальдік бөлігінде көптеген микробүрлері болады. Бұлар микроскопта торшалардың щеткалық көбесі ретінде көрінеді. Осы торшалар негізгі сору аппаратын құрайды. Торшалар цитоплазмасында пластинкалық комплекс пен цитоплазмалық тор жақсы дамыған. Олар лизосомалар мен митохондрияларға бай келеді. Эпителий торшаларының базальдік бөлігінен цитолеммалардың терең қатпарларын көруге болады. Бұлар базальдік жолақ. Ол торшалардың ыдырау өнімдерін түзіп, несепке шығарады.
Бүйректік денешіктен алыстаған сайын нефрондарда щеткалық көбелер мен базальдік жолақ нашар байқалады. Нефронның иректелген проксимальдік бөлімі түзуленіп келіп, төмендегі нефрон ілмектеріне айналады. Нефрон ілмектері бозғылт зат аумағына қарай бағытталған төмендеуші бөліктен және қыртысты зат аумағына кері көтерілетін өрлеме бөліктен тұрады.
Төмендеуші бөліктің қабырғасы жалпақ эпителийден түзіледі. Ал, өрлеме бөліктің қабырғасы куб тәрізді эпителийден түзілген. Нефрон ілмектерінде тұздар мен судың кері сорылу процесі одан әрі жалғасады. Өз кезегінде нефрон ілмектерінің өрлеме бөлігі қабырғасы куб тәрізді эпителийден тұратын иректелген дистальдік бөлімге ауысады. Бұл бөлімде су және хлоридтердің қайта сорылу процесі әрі жүріп жатады. Нефронның дистальдік бөлімінің кейбір бөліктері бүйрек денешіктеріне жақын жатады. Осы дистальдік бөлімнің торшалары қан қысымын реттеуге қатысатын гормональдік заттар түзуге бейім келеді.
Несепағар. Несепағар - бүйректік түбектен шығып құрсақ қуысы қабырғасының дорсальдік бетін бойлай каудальдік бағытта, іштік сірлі қабығының несеп-жыныстық қатпар арқылы қуықтың дорсальдік қабырғасына жанасып, қуықтың сыртқы сірлі қабығы мен адвентициясының шекарасында қосылып, оның еттік қабығын тесіп өтеді. Одан соң еттік, кілегейлі қабықтар арасында 3-5см аралықта жүріп отырып, қуықтың қуысына ашылады. Несепағардың қуықтың қабырғасында осылай орналасуы несептің тек бір бағытта, яғни бүйректен қуыққа қарай ғана ағуына жағдай тудырады.
Несепағардың кілегейлі қабығын көп қабатты ауыспалы эпителий астарлайды. Несепағардың тек басталатын жағының кілегейлі қабығында ғана кілегей бөлетін бездер орналасады.
Еттік қабығы сыртқы, ішкі ұзынша және олардың аралығындағы сақинаша үш қабаттан түзілген. Сыртынан сірлі қабықпен қапталған.
Қуық. Қуық - пішіні алмұрт тәріздес несеп жиналатын қуысты мүше. Оның денесі, құрсақ қуысына қарай бағытталған төбесі, жамбас қуысына қарай енетін мойны болады. Қуықтың қабырғасы үш қабаттан тұрады, ал кілегейлі қабығында без болмайды. Ол көп қабатты ауыспалы эпителиймен астарланған. Қабырғасының ішкі дорсальдік несепағар ашылатын бетінде екі несепағарлық білеулер көрінеді. Ол несепағар тесіктерімен аяқталады. Осы тесіктерден несепағарлық қатпарлар қуықтың мойнына қарай бағытталып қуықтық үшбұрыш құрайды. Одан әрі несепағарлық қатпарлар бірігіп, несепшығарлық қырды түзеді. Қуықтың еттік қабығы несепағар қабырғасындағы сияқты үш қабаттан тұрады. Қуықтың мойнына қарай еттік қабық сақиналанып, оның қысқыш етін түзеді.
Сыртқы сірлі қабығы құрсақ және жамбас қабырғаларымен жалғасып, қуықтың орталық байламын, бүйірлік байламдарын түзеді. Несепшығар қуықтың мойнынан басталып, жыныстық мүшелерге барып ашылады. Сөйтіп, несеп - жыныстық өзектерді құрайды. Несепшығар қуықтан басталатын ішкі тесігі, жыныстық мүшелерге ашылатын сыртқы тесігі болады.
Еркек малдарда уретра жыныстық өзекпен бірігіп несеп - жыныс өзек, ал ұрғашы жануарларда ол несеп - жыныстық кіреберіс түзеді.

1 - сурет. Жылқының зәр бөлу мүшелері
1 -- оң бүйрек (жүрек пішіндес), 2 -- сол бүйрек, 3 -- несепағар, 4 -- 5 -- оң жөне сол бүйрекүсті безі, 5 -- клоака, 7 -- 8 -- бүйрек артериялары, 9 -- кіндік артериясы, 10 -- куықтың төбесі, 11 -- қуықтың денесі, 12 -- куықтың мойны, 13 -- несепағар білеуліктері, 14 -- қуық үшбұрышы, 15 -- несепағар тесігі, 16 -- несепағар қатпарлары, 17 -- несепшығар қыры

2 сурет. Бүйректің орналасу орны (топографиясы) А -- шошқа,
Б -- сиыр, В -- жылқы
1 -- 7 -- бел омыртқалары, 12 -- 18 -- қабырғалар, а -- сол бүйрек, б -- оң бүйрек, в -- көкет аяқшасы.

3 сурет. Бүйрек бөлікшесінің, бүйрек денешігінің және нефронның құрылысы
A -- бүйрек бөлікшесі, Б -- бүйрек денешігі, В -- нефрон (бүйрек өзекшесі) I -- қыртысты аймақ, II -- бозғылт маңы (юкстамедулла) аймағы, III -- бозғылт аймақ: 1 -- сірлі қабық, 2 -- фиброзды қапшық, 3 -- бүйрек денешігінің шумақшасы, 4 -- бүйрек денешігі, 5 -- нефронның проксимальды бөлімі, 6 -- нефрон ілгегінің төмендеген бөлігі, 7 -- нефрон ілгегінің жоғарылаған бөлігі, 8 -- нефронның дистальды бөлімі, 9 -- бүйректің жинағыш түтікшесі, 10 -- бүйрек емізікшесінің тесіктері, 11 -- бөлікаралық артерия, 12 -- доғалық артерия, 13 -- бөлікшелераралық (радиальды) артерия, 14 -- бүйрек емізікшесі, 15 -- бүйрек тостағаншасы, а -- бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабаты, б -- бүйрек денешігі қапшығының ішкі қабаты, в -- бүйрек денешігі қапшығының қуысы, г -- бүйрек денешігінің қан капиллярлар шумақшасы, д -- әкелгіш артериола, е -- әкеткіш артериола

ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ. Көбею мүшелері (органы размножения) -- organa genitalia -- жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелердің жиынтығы. Жануарлардың көбею мүшелері бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: жыныс бездері (еркек жануарларда ен, ұрғашы жануарларда жұмыртқалық); жыныс жолдары (еркек жануарларда ен қосымшасы, шәует жолы, несеп-жыныс өзегі; ұрғашы жануарларда жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр; қосалқы жыныс бездері (еркек жануарларда қуықалды, баданалық); жыныстық қатынас мүшелері (еркек жануарларда жыныстық мүше (пенис), ұрғашы жануарларда сыртқы жыныс мүшелері, несеп-жыныс кіреберісі және қынап). Жыныс бездерінде жыныс торшалары (сперматозоидтар, овоциттер) дамып, көбею процесін реттейтін гормондар түзіледі. Жыныс жолдары ұрықтану процесі мен ұрықтың дамуын қамтамасыз етеді. Эмбриондық кезеңде жыныс бездерінің паренхимасы мезодерманың нефрогонадотомынан, ал стромасы мезенхимадан дамиды. Жыныс тор - шалары сарыуыз қапшығы қабырғасында жетіліп, қан арқылы болашақ жыныс бездеріне келіп қоныстанған гаметобласттардан дамиды. Жыныс бездеріндегі жыныс торшаларының дамып, пісіп жетілуін қамтамасыз ететін тіректік торшалар (енде сустеноциттер, жұмыртқалықта фолликулалық торшалар) мезотелийдің жыныс қатпарларынан (буылтығынан) дамиды. Гормондар бөлетін эндокриноциттер мезенхимадан жетіледі.
Көбею мүшелері жануарлардың жынысына байланысты еркек (аталық) және ұрғашы (аналық) жануарлардың көбею мүшелері болып екіге бөлінеді.
Аталық және аналық көбею мүшелері жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін мүшелер жүйелері.
Аталық көбею мүшлеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, енқап, несепжыныстық өзек, қосалқы жыныстық бездер, жыныстық мүшенің терілік бүрік басы - күпек препуций жатады.
Аталық көбею мүшелерінің негізгі жыныс безі - ен. Онда аталық жыныстық торшалар - спермийлер жасалынады.
Ен пішіні сопақша, жұп паренхиматозды мүше. Енде жыныстық торшалармен қатар, аталық жыныстық гормондар да түзіледі. Еннің басқа ішкі мүшелерден айырмашылығы - ол құрсақ және жамбас қуыстарынан тыс енқапта орналасады. Ол енбау арқылы осы жүйенің басқа мүшелерімен жалғасып жатады. Ен мен ен қосымшасы тығыз байланысып жатады. Еннің бас және құйрық екі ұшы, ен қосымшалық және оған қарама-қарсы бос екі жиегі, латеральдік және медиальдік беттері болады. Еннің бас ұшы ен қосымшасының басына құйрық ұшы ен қосымшасының құйрығына жанасып жатады. Ен сыртынан өзіндік қынаптық сірлі қабықпен қапталады. Бұл сірлі қабық еннен ен қосымшасына өтеді де, оны сыртынан қаптап, одан әрі сыртқы жалпы қынаптық қабыққа ауысар алдында екі қабат сірлі қабықтан тұратын ен шажырқайын түзеді. Өзіндік қынаптық сірлі қабық астында тығыз дәнекер ұлпалық берік-ақтық қабық енді қаптап жатады. Бұл қабы еннің бас ұшынан құйрық ұшына қарай үңгілене еніп, ен ортасын түзеді. Ен ортасынан еннің сыртқы ақтық қабығына қарай тығыз дәнекер ұлпалық перделіктер ен паренхимасын көптеген бөліктерге бөледі. Сөйтіп, ен екі бөлімнен: строма және паренхимадан құралған. Ен стромасы ақтық қабық, ен ортасы және перделіктерді түзеді. Ен стромасы арқылы енге қоректендіруші тамырлар және оның қызметін реттеуші жүйкелер өтеді. Ал ен паренхимасын перделіктер аралықтарындағы бөліктер жиынтығы құрайды. Бұл бөліктерді қабырғаларында спермийлер түзілетін иректелген ұрықтық түтікшелер және олардың аралығында жатқан аралық интерстициальдік ұлпа құрайды. Интерстициальдік ұлпа торшаларында аталық жыныстық гормон түзіліп, қанға шығарылады. Иректелген тұқымдық түтікшелер ен ортасына қарай бағытталып, түзу ұрықтық түтікшелерге айналады. Олар ен ортасында бір-бірімен жалғасып, ендік тор жасайды. Бұл ұрықтық түтікшелер өзара қосыла отырып, алып шығу өзекшелерін құрайды. Ол ен қосымшасына қарай бағытталып, оның бас бөлігіне айналады. Ен қосымшасының бас бөлігінен шыққан алып шығу өзекшелері бір-бірімен қосылғаннан кейін, ен қосымшасы өзегін түзеді. Бұл өзек қосымшасының денесін және құйрығын құрайды.
Ен қосымшасының құйрық бөлігінде өзек кеңейіп, шәуеттік жолға айналады да, енбаудың құрамында құрсақ қуысына қарай бағытталады. Ен қосымшасы жыныстық жолдарға жатады. Ен қосымшасы қуысында спермийлер жиналады, уақытша оның қабырға сөлімен қоректенеді. Қабырғалық сөл ортасының әсерінен спермийлер қозғалмай, өздерінің тіршілік қасиеттерін сақтайды. Спермийлер жиынтығын шәует дейді.
Сонымен ен қосымшасында оның басы, денесі және құйрығы болады. Түзілген спермийлер ендік тор түтікшелерінен алып шығу өзекшелері арқылы ен қосымшасы өзегіне өтеді. Алып шығу өзекшелері ен қосымшасының басын құрайды. Олар бір-бірімен қосылып ен қосымшасы өзегін түзеді. Ол иректеліп, оның денесі мен құйрығын құрайды. Ен қосымшасының өзегі ен қосымшасы құйрығынан шәуеттік жолға айналады. Ен қосымшасының құйрығы енмен арнайы байламмен, ал еннің жалпы қынаптық қабығымен еннің шаптық байламымен байланысады.
Ерекшеліктері: айғырда еннің бас ұшы краниальдік, ал ен қосымшалық жиегі дорсальдік бағытта орналасады. Ен қосымшасы мен еннің аралығында ен қосымшасының саңылауы болады.
Бұқа, теке, қошқар ендерінің бас ұштары дорсальдік, ал қосымшалық жиектері каудальдік бағытта орналасады.
Қабан енінің бас ұшы краниовентральдік, ал ен қосымшалық жиегі дорсокраниальдік бағытта денеге қиғаш жатады.
Енқап - құрсақ қабырғасынан дамыған, дорба тәріздес қуысты мүше. Оның қуысында ен және ен қосымшасы орын тебеді. Енқаптың өзі ұмадан және қынаптық қабықтардан тұрады. Ұма теріден және ет-серпімділік қабықтан түзілген. Ұма терісінде тер мен май бездері көп болады. Оның сирек түктері көзге жақсы көрінеді. Орталық сагиттальдік сызықтың бойымен онда орналасқан тері жиегін байқауға болады. Ет - серпімділік қабығы терінің шел қабатынан, беткейлік шандыр және бірыңғай ет ұлпасына дамыған. Ол сыртқы терімен тығыз байланысып кетеді де, біртұтас енқаптың сыртқы қабығын құрайды. Ет - серпімділік қабығынан түзілген ұманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау
Несеп — жыныс аппараты қүрылысы мен қызметінің жалпы заңдьлықтары
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»
Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Қошқардың жыныс жүйесінің физиологиясы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Ұлпа
Көбеюдің мәні
Пәндер