Компьютер жұмысының принципi


Алғы сөз

Қазiргi ғылыми-техникалық даму кезеңiнде инженер-лiк, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлi есептердi тиiмдi түрде шешу мен медициналық диагноз қою т. б. зерттеу нәтижелерiн жоғары дәлдiкпен алуды электронды-есептеуiш мәшинелерсiз (ЭЕМ-сiз) ұйымдастыру мүмкiн емес. Осы се-бептi орта және жоғары бiлiмдi мамандар өз бiлiмiн ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалану әдiстерiмен кеңiнен үйлестiре алатын болуы тиiс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс iс-теудi күнделiктi дағдыға айналдыруы үшiн де қажет.

Ақпарат. Информатика ЭЕМ, оның

даму кезеңдерi

А қ п а р а т (И н ф о р м а ц и я) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлi обúектiлер, құбылыстар мен процестер т. б. жөнiндегi мағлұматтар Ақпарат делiнедi. Мысалы, айналадағы кеңiстiктен жер жағдайы, өсiмдiктер жөнiнде көп Ақпарат аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы-күннiң бұлтты екенiн және жауын жаууы мүмкiндiгiн т. б. бiлдiретiн Ақпарат. Көшеге iлiнген бағдаршамның көк не қызыл түсте жарықтануы - жолды кесiп өтуге болатынын не болмайтынын бiлдiретiн Ақпарат. Радио, телевизор арқы-лы берiлетiн хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да Ақпарат түрлерiнiң бiрi.

Қоғам өмiрiнiң сандық заңдылығын бейнелейтiн статистикалық Ақпарат өте күрделi. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың әр жылда не тоқсан сайын дайындаған Ақпаратсын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкiн болмас едi. Ұшу траекториясына әсер ететiн бүкiләлемдiк тартылыс заңын, денеге үйкелiс әсерiн және т. б. қажеттi Ақпаратны бiлмей, ғарыш кемесiн ұшыруға болмайтыны да белгiлi.

Ақпаратны сандық кесте, сурет, текст сияқты түрлi түрде көрсету, жинастыру мүмкiн. Мысалы, өсiмдiктiң биологиялық қасиеттерiн зерттеп, нәтижесiн кесте түрiнде дайындау; ренген сәулелерi арқылы адам организмi кескiнiн суретке түсiру; мәлiметтiк Ақпаратны газет, журнал беттерiнде басып шығару‚ т. б.

Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуiне байланысты, түрлi Ақпаратны жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткiзiп беру процестерi (Ақпаратлық процестер) үлкен көлемдi әрi маңызды жұмыстардың бiрi болып отыр.

50 жылдардың бас кездерiнен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуiш мәшинелерiн (ЭЕМ-дердi) осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкiндiк туғызуда.

ЭЕМ-дi компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуiне бейiмделiп дайындалған сандық, ‚ символ-дық, ‚ текстiк т. б. Ақпаратны берiлгендер деп те атайды.

Мақсатқа жету үшiн Ақпаратны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендiру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берiлгендердi өңдеу мәшинеге түсiнiктi нұсқаулар тiзбегi ( программа ) арқылы жүргiзiледi.

Түрлi салаларда жиi пайдаланылатын берiлгендер мен программалар көп болғандықтан, олар әр түрлi материалдар-дан тұратын магниттiк таспаларға, дискiлерге ( тасымалдаушы-ларға) жазылып, сақталып қойылатын болды.

Сақтаулы Ақпаратны iздеп, оны тұтынушуларға жеткiзiп беру инфрмациялық қызмет көрсету (ИҚК) делiнедi. Республика мен ТМД мемлекеттерiнде тек ғылыми-техни-калық ИҚК- мен айналысатын 16 мыңнан аса кiтапхана бар. Олардың анықтамалық-Ақпаратлық қорында ғана 2 млрд. тан аса Ақпаратлық мәлiметтер жинақталып, көп мәлiметтер компьютер дискiлерiне жазылып қойылған. Осы-лардың арасынан қажеттiсiн iздеп, тауып беру көп еңбектi керек ететiнi, бiрақ бұл жұмыстың маңыздылығы сөзсiз. ИҚК-ның маңыздылығына бiр ғана мысал: егер өндiрiс бас-қармасын қажеттi Ақпаратмен, түрлi ғылыми-техникалық жаңалықтармен дер кезiнде қамтамасыз етiп отырмаса, ол жаңа техниканы пайдалануды жоспарлауға, өндiрiсте еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға үлкен кедергi келтiрер едi. ИҚК-де ком-пьютердi пайдалану түрлерi көп. Мысалы:

* абоненттiң телефон нөмiрi сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;

* үлкен қалаларда транспорт билеттерiн сатуды ұйым-дастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тiркелiнетiндiктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйым-дастыру қиын емес) ;

* байланыс каналдары бойынша қосылған компьютер-лер жүйесi арқылы түрлi мәлiметтердi, iс қағаздарын, фото-суреттердi бiр қаладан екiншi қалаға жiберу;

* медицина саласындағы компьютерге енгiзiлген экс-перттiк жүйенi (бiлiм қорын) пайдаланып, адам ауруының тү-рiн анықтау және емдеу тәсiлдерiн белгiлеу;

* пайдаланушы текстерiн компьютердiң баспа құрылғысы (принтер) арқылы қағазға басып шығару т. б.

Қазiргi кезде Ақпаратны тиiмдi түрде пайдалану-шылар дүние жүзiнде негiзгi позиция алып келедi. Осыған байланысты, қоғам келешекте Ақпаратлық қоғам болаты-ны сөзсiз.

И н ф о р м а т и к а - Ақпарат қасиеттерiн және оның көрсетiлуi мен автоматты түрде өңдеу әдiстерiн зерттейтiн комплекстi ғылым.

ЭЕМ-нiң техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, Ақпаратны жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткiзiп беру тәсiлдерiн Ақпаратлық не компьютерлiк тех- нология деп те атайды (texne (техно) - шеберлiк, logos (логия) -iлiм) .

Жалпы, Ақпаратны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесiн тал-дауды ұйымдастыру үшiн орындалатын әрекеттер мынадай:

* Ақпаратны алып, өңдеуге мүмкiндiк туғызатын үлгiсiн дайындау;

* оны өңдеу үшiн жинақты түрде нұсқаулар тiзбегiн алгоритмiн) құру;

* мәшине «түсiне алатын командаларды (командалар жүйесiн) пайдаланатын бiр программалау тiлiнде алгоритмдi программаға айналдыру;

* программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;

* нәтиженi зерттеу. Егер құрылған үлгiде‚алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

* керек кезiнде пайдалану үшiн берiлгендер мен дұрыс-талған программаны тасымалдаушыға тиеп, сақтау.

Бұл әрекеттердiң көпшiлiгi, мысалы, үлгi дайындау, про-грамма құру оңай жұмыс емес. Олар кiтаптың келесi тарау-ларында қарастырылады.

Күрделi Ақпаратны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкiндiк бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер Ақпаратны өңдеу тәсiлдерiн зерттеу мен ком-пьютерде түрлi есептердi шешу ғана емес. Ақпаратны өңдеу және ИҚК үшiн ЭЕМ-дi кең түрде пайдаланудың жаңа

жолдарын iздестiру, осыған сәйкес компьютердiң дамытылған үлгiлерiн құрастыру және оларды қамтамасыз ететiн программалар дайындау ( мәшине архитектурасын дамыту ) да информатикаға тиiстi негiзгi жұмыстардың бiрi.

Э Е М ж ө н i н д е. Алғашқы кездерде жарыққа шыға бастаған негiзгi өңдеу құралы - бiрiншi буын ЭЕМ-дерiнiң iшкi құрылымы элементтерi жеке бөлшектерден дайындалған электрондық логикалық схемаларға негiзделген болатын. Бұл бөлшектердiң негiзгiлерi вакуумдық электрондық шамдар едi. Мұндай компьютерлердiң көлемдерi үлкен, сенiмдiлiгi жоғары емес, тездiк жылдамдықтары бiр секөнтте 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын.

(Екi санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бiр әрекет қарапайым операция деп аталынады да, оны орындайтын команда мәшинелiк команда делiнедi) . Оның үс-тiне, мұндай мәшинелер үшiн құрылатын программа мәшинелiк командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбектi қажет еткiзетiн, ЭЕМ-нiң өзi тек есептеу жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдаланылатын. )

Транзисторды ойлап шығаруға байланысты, 50 жылдардың соңғы кезiнде техникалық негiздерi түгелдей алмастырылған, негiзгi элементтерi жартылай өткiзгiштi транзисторлардан тұратын екiншi буын ЭЕМ-дерi жарыққа шықты. Мұндай элементтер мәшиненiң әрекет тездiгiн және мәшиненiң сенiмдiлiгiн елеулi түрде арттыруға мүмкiндiк бердi. Екiншi буын мәшинелерiнiң сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендегендiктен, олардың өзiндiк құны да бiрiншi буын мәшинелерiне қарағанда көп төмендетiлдi. Оның үстiне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлi ( Алгол, Фортран, Бейсик‚ т. б. ) программалау тiлдерiнде операторлардан тұратын программалармен жұмыс iстеу мүмкiндiгi туды. (Өңдеу операторы - бiрнеше, тiптi ондаған, жүздеген мәшинелiк командалардан тұруы мүмкiн программалық команда (әрекеттер тiзбегiнiң негiздiк бiрлiгi. ) )

Сонымен тиiмдi программа құру технологиясына же-ту арқылы жұмсалатын адам еңбегiн үнемдеудiң екiншi ке-зеңi аяқталды.

Алпысыншы жылдардың екiншi жартысында және жетпiсiншi жылдардың бас кездерiнде ЭЕМ құрылымына одан әрi сапалы, күрделi өзгерiстер енгiзiлiп, элементтiк негiзi ин- тегралдық схема (ИС), үлкен интегралдық схема (¶ИС) және аса үлкен интегралдық схема (А¶ИС) болатын үшiн-шi, төртiншi буын мәшинелерi көптеп жасалына бастады.

Интегралдық (бiртұтас) схема -мүмкiндiгi күрделi тран-зисторлық схемадай болатын, аумағы 1 кв. см. -ге де жетпейтiн фунциональдық блок. Ол жартылай өткiзгiштi кристалдан (негiзiнен кремнийден) тұрады да, элементтерi- транзисторлар, диодтар, конденсаторлар, резисторлар осы платада тұтас құрастырылады. ( Плата -түрлi электрондық схемаларды орна-ластыруға мүмкiндiк беретiн материалдан құрылған көп қа-батты пластинка. )

Интегралдық схеманы пайдалану ЭЕМ-нiң сырт аумағын шұғыл кiшiрейтуге және оның жұмыс өнiмдiлiгiн жүздеген - мыңдаған есе жоғарылатуға себеп болды.

Мәшине жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық Ақпаратны өңдеуге арналған компьютердiң негiзгi құрылғыларын бiрге қосып процессор деп, ал бiр не бiрнеше А¶ИС-тен тұратын процессорды микропроцессор деп атайды. Бiр микропроцессордың құрамында кемiнде бiр-неше ондаған мың транзистор бар. Мысалы, 1981-жылы Intel фирмасының жасап шығарған алғашқы 8086 нөмiрлi микропроцессорының өзiнде 29000 транзистор орналастырылған және аумағы 5. 7 кв. мм ғана болатын.

Қазiргi кездiң күрделi ЭЕМ-дерiне орталық (негiзгi) және шет аймақтық деп аталатын бiрнеше микропроцессор орналастырылған. Олар мәшинеге енгiзiлген бiрнеше про-грамманы уақытты үзу деп аталатын режимде шамамен бiр мезгiлде “қатар” орындап шығуға мүмкiндiк туғызып отыр. Ақпаратны осылайша өңдеудi мультипрограммалық режимде өңдеу деп атайды (мульти-көп) .

ЭЕМ-дер үлкен, өте үлкен (супер), кiшi (мини), өте кiшi (микро) компьютерлер болып, бiрнеше типке бөлiнедi. ¶лкен ЭЕМ-дер (ЕС ЭЕМ 1035, 1046, . . . ) секөнтiне миллионнан ар-тық қарапайым операцияларды орындай алады. (ЭЕМ-нiң бағасы оның жабдығы және қамтамасыздандыру програм-малары бағаларының қосындысына тең. ) Мысалы, 80 жылдар-дың басында Ресейде құрастырылған ЕС 1046 үлкен ком-пьютерiнiң сипаттамасы мынадай:

орталық процессордың өнiмдiлiгi 1, 3 млн опер/с

негiзгi жад көлемi 8 Мбайт

алатын орны 17 X 6, 5 кв. м

(Жад ұғымы 7-тақырыпта берiлген. )

Интегралдық схеманы пайдалану және ЭЕМ-дi құрас-тыруды автоматтандыру жылдамдығы 250-800 мың операция/с болатын миниЭЕМ-дердi (СМ3-СМ4, . . . ) және микроЭЕМ-дердi (арзан микрокалькуляторлар мен iштей орналастырыл- ған микроЭЕМ - дердi, бiр жазу столына толық сыйып кететiн дербес компьютерлердi ) көптеп шығаруға мүмкiндiк туғызды. Қазiргi кезде пайдаланылып жүрген дербес компьютерлер - IBM PC және оған үйлесiмдi компьютерлер, т. б.

IBM PC-ге үйлесiмдi дербес компьютерлер жұмыс iстеу мүмкiндiгi жағынан алпысыншы жылдары шығарылған үлкен ЭЕМ-дерден кем түспейдi. Оларды оқу орындары, мекемелер, инженерлер, т. б. түрлi Ақпаратны өңдеуге, iс қағаздарын жүргiзуге, басқарудың автоматты жүйесiн ұйым-дастыруға және тағы басқалар үшiн пайдалануда.

есептеу жұмыстары жүргiзiледi де, iштей орналастырылған микроЭЕМ-дер тұрмыстық, өнеркәсiптiк т. б. құралдарға iштей орналастырылып, осы құралдарды не олардың бөлiктерiнiң жұмысын автоматты түрде бақылау не басқару үшiн пайдаланылады.

1. 2. Компьютер жұмысының принципi.

Iшкi жад. Екiлiк код. Ақпаратның

өлшем бiрлiгi

Компьютер Ақпаратны арнайы құрылған про-граммалар арқылы ғана өңдей алады. Жалпы, оның орындай-тын н е г i з г i ж ұ м ы с ы : Ақпаратны ендiру, оны өңдеу, өңделген Ақпаратны сыртқа шығару, сақтау (1-сурет) . Ақпарат мәшинеге оның ж а д (не i ш к i ж а д, ж ы л д а м ж а д, о п е р а т и в т i ж а д) деп аталатын құрылғысына кодталған (шифрланған) күйде ендiрiледi. Шифрлау ұғымын түсiндiру үшiн ескi телеграф аппараты арқылы телеграмма жiберу тәсiлiн қарастырайық. . Онда қабылдаушы-

ендiру сақтау шығару

1. 1-сурет. Компьютер жұмысының принципi

ның аппаратына телеграмма Морзе әлiппесi арқылы шифрланып жiберiлетiн. Мысалы, кейбiр қазақ алфавитi әрiптерiнiң Морзе әлiппесi бойынша шифрлары мынадай:

.  (А),  . . . (Б), . . . (C) т. б.

Телеграмма жiберу мынадай қасиетке негiзделген: теле-грамма жiберушiнiң аппаратында түйiсу лезде тұйықталып ажыратылса, қабылдаушының жылжымалы қағаз таспасына нүкте, сәл уақыт тұйықталып ажыратылса, сызықша қойылып шығады. Осы қасиеттi пайдаланып жiберiлген

 . . .  . . .

телеграмма үзiндiсiн қабылдаушының БАС деп оқып шығуы қиын емес.

Компьютер үшiн пайдаланылатын код - 0 мен 1-ден тұратын тiзбек. 0 мен 1 -екiлiк санау жүйесiнiң цифрлары (1. 4-тақырыпты қараңыз) . Информатикада код түзетiн мұндай цифрлар б и т деп аталады ( binarу digit -екiлiк цифр) .

Екiлiк санау жүйесiнiң сандары ондық сандар сияқты бiр разрядты, екi разрядты не көп разрядты болып келуi мүмкiн. ¶шiншi және одан жоғарғы буындық компьютерлерде бiр символды кодтау үшiн сегiз разрядты екiлiк код пайда-ланылады, мысалы, 11000101. Мұның компьютер жадына жiберiлу түрi мынадай: код жадқа сегiз өткiзгiш бойымен электр сигналдары арқылы жiберiледi де, жадтың электрондық схемалары қабылдайтын жоғарғы деңгейлi кернеу 1 арқылы, төменгi деңгейлi кернеу 0 арқылы кодталады. Ол схемалық түрде 1. 2-суретте көрсетулi. Жадта бiр биттен тұратын Ақпаратны сақтайтын электрондық құрылғыны т р и г г е р деп атайды (триггер-iлмек) .

U 1 1 0 0 0 1 0 1

уақыт

1. 2-сурет. Екiлiк код (байт)

Есептеуiш техникада Ақпаратның өлшем бiрлiгi үшiн б и т және б а й т алынған (ағылш. byte -байт) .

Байт-8 биттен тұратын тiзбек. Практикада байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), г игабайт (Гбайт) өлшем-дерi де пайдаланылады:

1 байт = 8 бит = 2 3 бит,

1 Кбайт = 1024 байт = 2 10 байт,

1 Мбайт= 1024 Кбайт = 2 20 байт,

1 Гбайт = 1024 Мбайт= 2 30 байт.

Кбайт, Мбайт өлшемдерiнiң шамалары мынадай : жазу машинкасында терiлген бiр беттiк текстiң көлемi 2 Кбайттан сәл аздау, ал 500 беттiк кiтапқа енгiзiлген текстiң көлемi шамамен-1 Мбайт.

Компьютердiң жұмыс iстеуi үшiн оны түрлi програм-малармен жабдықтау қажет. Мәшине түсiне алатын (Бейсик, Паскаль т. б. ) тiлдердiң бiрiнде сөз тiркесiн, құрылысын (синтаксисiн) сақтап дайындалған, өзiнше бiр тиянақты нәтиже беретiн нұсқаулар (командалар) тiзбегiн программа деп атайды. Программалардың екi түрi бар. Бiрiншiсi мәшине жұмысын басқаруға арналған, оларды жүйелiк программалар не операциялық жүйе деп атайды. Екiншiсi - Ақпаратны өңдеп, нәтиже алу үшiн пайдалунышылардың (мәшинемен жұмыс iстейтiн адамдардың) дайындаған программалары. Оларды қ олданбалы программалар деп атайды.

1. 3. Жадтың сыйымдылығы. Адрес.

Мәшинелiк сөз. Кодтар кестесi

А. Қазiргi кездегi дербес компьютерлердiң iшкi жа-дында 0-ден бастап нөмiрленiп қойылған, әрқайсысы бiр байттан тұратын мыңдаған, миллиондаған ұ я ш ы қ т а р бар. Әр ұяшықты байт деп те атайды, ол - биттердi белгiлейтiн екi тұрақты жағдайы бар сегiз физикалық құрылғылар тiзбегi.

Жадта орналастырылған байттар санын жадтың сыйым- дылығы не көлемi деп, әр байттың нөмiрiн оның адресi деп, адреске сыятын биттер санын ұяшықтың ұзындығы деп атайды. Сыйымдылық Кбайт, Мбайт, Гбайт өлшемдерiмен бе-рiлуi де мүмкiн. Мысалы, IBM PC компьютерлерiне қарағанда қарапайым Ямаха MSX-1 атаулы дербес компьютерде жадтың сыйымдылығы 64 Кбайт, 1120 арқылы нөмiрленген ұяшықтың адресi-1120, оның ұзындығы-8 екiлiк таңба (1 байт) .

Күрделi дербес компьютерлердiң көбiнде программа командалары, бүтiн және нақты сандардан тұратын берiл-гендер қатар орналасқан екi байттан тұратын өрiске (ұяшық-қа) ендiрiледi де, өрiстiң адресi үшiн бiрiншi байттың адресi алынады (ол жұп сан болуы тиiс) . Мысалы, 1120, 1121, 1122, 1123, 1124, 1125 нөмiрлi байттарға сәйкес өрiстердiң адрестерi - 1120, 1122, 1124. Өрiске енгiзiлген екiлiк кодты мәшинелiк сөз , не қысқаша с ө з деп атайды. Есептеуiш техникасында сөз де Ақпаратның екiншi түрдегi өлшем бiрлiгi ретiнде алын-ған.

Соңғы шыққан, мүмкiндiгi мол, дербес ЭЕМ-дерде өрiс-тiк ұяшық төрт не одан да көп байттан тұрады (төрт байттық ұяшықтың адресi 4-ке еселi) .

Компьютер жад өрiсiне (адреске) енгiзiлген инфор-мацияға бiрден айналым жасап, оны өңдей алатын етiп құрылған. Осылайша өңделетiн биттер санын процессордың разрядтығы деп атайды, ол-ЭЕМ-нiң негiзгi сипаттамаларының бiрi.

Процессорда командалар мен берiлгендер енгiзiлетiн арнайы ұяшықтар бар. Оларды регистр деп атайды.

Б. 1 . 2-тақырыпта әр символ бiр байт арқылы код-талатыны ескертiлген болатын. Байтты 256 түрде (, 1, 10, 11, …, ) жазу мүмкiн бол-ғандықтан (2 8 =256), компьютердiң жұмыс iстеуi үшiн 256 түрлi символды таңдап алуға болады. Iс жүзiнде пайда-ланылатын символдардың кейбiрi әр елде әр түрлi. Мысалы, бiздiң республикада олардың қатарында қазақ, /орыс алфавит-терiнiң әрiптерi бар. Компьютердiң түсiнуi үшiн символдарды 256-ға дейiнгi байттармен жеке-жеке нөмiрлеп қояды да, оларды сәйкес символдардың кодтары ретiнде қабылдайды.

Бiздiң елде дербес компьютерлер үшiн пайдаланылатын кодтар ИАК-8 т. б. кестелерге енгiзiлген (ИАК - Ақпаратны алмастыру кодтары) . Осы кестелер бойынша латын алфавитiне тиiстi

А әрпiнiң коды-0100 0001 (65),

В әрпiнiң коды-0100 0010 (66) т. с. с.

Мұндағы жақшалардың iшiнде жазылған ондық сандар - екiлiк кодтардың ондық санау жүйесiнде өрнектелуi (1. 4-тақырыпты қараңыз) .

ИАК-8 кестесiнде 32-ге дейiнгi кодтар түрлi басқару командалары үшiн арналған; символдарды кодтау 32-ден басталады. Оның үстiне, 127-ге дейiнгi кодтар дүние жүзi елдерiнде пайдаланылатын ASCII атаулы кодтармен бiрдей етiп алынған. 128-255 аралығындағы сандар - қазақ/орыс әрiптерi мен түрлi псевдографикалық символдардың кодтары.

(Windows’та 1251 атаулы код пайдаланылады)

1. 4. Кодты және бүтiн санды түрлi санау

жүйелерiнде өрнектеу

Өткен тақырыпта компьютер екiлiк кодта жазылған Ақпаратмен, яғни 0 және 1 цифрларының тiзбегi арқылы шифрланған сандармен жұмыс iстейтiнi баяндалған болатын. Мұндай сандар екiлiк санау жүйесiнде берiлген делiнедi.

Жалпы, санау жүйесi дегенiмiз - сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсiлдерiнiң жиынтығы. Санау жүйелерiнiң позициялық және позициялық емес болып бө-лiнетiн екi түрi бар екенi белгiлi. Мұның бiрiншiсi-ерте кезден қалыптасқан ондық санау жүйесi, екiншiсi-римдiк санау жүйесi. Жалпы алғанда, позициялық жүйе тек ондық санау жүйесi ғана болмауы мүмкiн. Егер сан түзетiн цифрлар раз-рядтарының бiрлiктерi оңнан солға қарай есептегенде бiр-бiрiнен тұрақты бiр сан есе, мысалы, q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесiнде берiлген деп, ал q осы жү-йеенiң н е г i з i деп аталады. Ондық санау жүйесi үшiн q=10. Позициялық санау жүйесiнде санды жазу үшiн 0-ден бастап (q-1) -ге дейiн бүтiн сандар пайдаланылады да, олар осы жүйенi ң базистiк (негiздiк ) цифрлары деп аталынады.

Дербес компьютер негiзiнен екiлiк, ондық, оналты- лық санау жүйелерiнде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс iстейдi (базистiк цифрларын 1-кестеден қараңыз) .

Соңғы санау жүйесiндегi A, B, C, D, E, F әрiптерi-осы жүйенiң сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15 цифрларын анықтайтын символдар.

q санау жүйесiнде n разрядтан тұратын кодтың не бүтiн санның жазылу үлгiсi: (a n a n-1 … a 1 a 0 ) q .

1-кесте

q: q
Базистiк цифрлар (символдар): Базистiк цифрлар (символдар)
q:

2

10

16

Базистiк цифрлар (символдар):

0‚1

0‚1‚2‚3‚4‚5‚6‚7‚8‚9

0‚1‚2‚3‚4‚5‚6‚7‚8‚9‚A, B, C, D, E, F,

q=2 үшiн мұндағы а k цифрлары 0 не 1 болатын екiлiк са-нау жүйесiнiң базистiк цифрлары (k=0, 1, . . . , n) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ПӘНІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Компьютердің құрылысы туралы
Компьютерлік техниканың дамуы және компьютер архитектурасы
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Эем архитектурасы
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Функционалды - құрылымды ұйымы
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz