Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы.
Соғыс қимылдарының барысы.
Қазревком мен Қазақ АКСР-нің құрылуы.
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты,мұнда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды. Верныйда Кеңестерге қарсы күресу мақсатымен ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады. Революцияға қарсы ощақ Оралда құрылды. Облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Осындай әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, бай-кулактарға, жергілікті партиялармен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты. Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттің белсенділік көрсетуіне орай, 1918ж. жазда азамат соғысы кең көлемде жойылып кетеді. Олардың ең басты күші - Чехословак корпусы болды. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алады, 1918ж. маусымда Семейде Кеңес өкіметі құлатылады. Жетісуда шаруалар селоларының бір тобы Черкасск селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді. Антанта елдері үкіметтерінің қолдауымен Самарада - эсер-ақгвардияшы үкіметі-Комуч құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша Үкіметі орнады. 1918ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918ж. шілдеде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады. Азамат соғысы жағдайында Қызыл әскерді құру ісі де жүзеге асырылды. Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918ж. мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918ж. жазында Қызыл әскердің құрамды бөлігі ретінде Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу, Торғай облыстарының уездері негіз болды. 22-25-ші Чапаев дивизияларының ерлігі, Орал менОрынборды қаһармандықпен қорғау - тарихи даңққа бөленді. Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизан қозғалысы елдің едәуір бөлігін қамтыды. 1919ж. жазында Шығыс майданындағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанмен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919ж. алғаш Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920ж. наурызда Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы-Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстан жеріндегі ірі соғыс операциялары М.В. Фрунзе, М.Н. Тухачевский, В.И.Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А. Иманов т.б. сияқты белгілі қолбасшылар мен талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды. 1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Кирревком) құрылды. Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешов, Б. Қаратаев кірді. Казревкомның аса маңызды міндеті- қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, болашақ қазақ Кеңестік мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету. Сонымен бірге Казревком армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа жеткізу, яғни Әскери коммунизм саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты (азық-түлік салғырты енгізілді).Азамат соғысының басталуы жағдайында Кеңестер әскери құрылысқа Түркістан мен Қазақстанның жергілікті байырғы халқын тартты. Мұсылман бөлімдері деп аталған әскер бөлімдері құрылды. Мұндай бөлімдер көбінесе ұзақ тұрақтамады. Оның себептері көп еді. Бір жағынан, ұлы державалық шовинистер қаруланған мұсылман Ресейдің жауы деп пайымдалды. Екінші жағынан, қазақтар армия үшін сенімсіз элемент және олар әскери қызмет құрметін көрсетуге жеткен жоқ, олардың адалдығына сен,уге болмайды деп санаған бұрынғы отаршыл орталықтың сенбеушілігі әсер етті. Ұлттық әскер бөлімдерін құру бастапқыда еріктілік принципінде жүргізілді. Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау туралы 1918 ж. мамырдың 29-ында Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) декретінен кейін 1918 ж. қарашаның 17-сінде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша белгілі бір әскери өлшемдерге еркін топтауға рұқсат берді. Ұлттық құрамаларды рота буынынан ірі етіп құрмау көзделді. Іс жүзінде полктер мен бригадалар құрылды. Мәселен, 1918 ж. күзінде Бөкей ордасында кеңестік тұңғыш үлгілі қазақ атты әскер полкі құрылып, ол кейіннен БОАК-тың Құрметті Қызыл туымен наградталды.
1919 ж. қазан айында Қостанай уездік әскери комиссариаты 5-Қызыл Армияның қатарын толықтыруға 3000 адамнан тұратын жеке дала бригадасын аттандырды. 1920 ж. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды. 1920 ж. аяғына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасының, Орал және Торғай облыстарының көлемінде 37 әскер бөлімі мен бөлімшесін құрады. Наурыз айында Торғай облысында 6000-нан астам адам мобилизацияланды. Жетісу облысында жеке қазақ бригадасы, жалпы саны 5,5 мың адамнан тұратын 27-Түркістан және 15-Дүнген полктері құрылды. Мамыр айында РКФСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің шешімімен 19 жастан 35 жасқа дейінгі орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.Әскер бөлімдерін құру процесінде Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә. Жангельдин, Торғай уезінің әскери комиссары А. Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б. Қаратаев, сондай-ақ әскери бөлімшелердің командирлері және комиссарлары Т. Әлиев, С. Арғыншиев, Б. Алманов, Ж. Жәнікешев, М. Масанчи, А. Розыбақиев, О. Исаев, А. Оразбаева және басқалар халық арасында үлкен ұйымдастыру жұмысын жүргізді. Қазақстан территориясында өріс алған майдандардағы соғыс қимылдарының дамуы алғашқы кезекте Шығыс майданындағы соғыс операцияларының барысымен тығыз байланысты болды. Ә. Жангельдиннің экспедициясы Қазақстанда, атап айтқанда, Ақтөбе облысында елеулі рөл атқарды. 1918 ж. қарашада Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918—1920)
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер