Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Инженерлік-технологиялық факультет
Энергетика және металлургия кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)

2019
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2014 жыл
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (бұдан әрі - 2050 Стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған нұсқауларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің қағидаттары мен тәсілдемелеріне, мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттеріне негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіреді.
1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы
Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты.
Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды.
Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.
Маңызды ішкі факторлар ретінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақ мерзімді және орнықты дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясына өтуін атап көрсеткен жөн.
Сыртқы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру қажеттілігінен, қақтығыстардың шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары
Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) елдің жасыл даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;
11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының
басымдықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Орталық Азияның саяси тұрақты, экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі.
Қазақстан өңірдегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге, оның ішінде шектес мемлекеттерден таралатындарына қарсы іс-қимыл жасау үшін жан-жақты күш-жігер жұмсайтын болады.
Қазақстан Орталық Азияда жанжалға бейім әлеуетті әлсірету, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды, су-энергетикалық торап пен өзге де қайшылықтардың түйінін шешу мақсатында ішкі өңірлік интеграцияны дамытуға ұмтылады.
Өңірдің халықаралық саясат пен экономиканың біртұтас интеграцияланған субъектісіне трансформациялануы перспективалы мақсат болып табылады.
2. Еуразиялық интеграцияны елімізді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде орнықты ұстанымға ілгерілетудің пәрменді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын болады.
Осы процесс шеңберінде мынадай негіз қалаушы қағидаттар сақталады: саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, кезеңділік, прагматизм және өзара тиімділік, интеграцияның барлық органдарындағы тараптардың тең өкілдігі және барлық деңгейдегі интеграциялық өзара іс-қимылдардың консенсусы.
3. Қазақстан мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеуді аяқтау, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша және жағалау маңындағы мемлекеттер арасында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген тұрақты және достық қатынастарды нығайту жұмыстарын жалғастырады.
4. Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар қызметінің жауапты қатысушысы бола отырып, осы ұйымдардың қызметі шеңберіндегі өзінің басты міндеттерін былай пайымдайды:
1) түрлі салаларда өңірлік және жаһандық сипаттағы шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі кезінде ұлттық мүдделерді ескеруді қамтамасыз ету;
2) өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігерге сындарлы қатысу және үлес қосу;
3) Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету;
4) әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде өңірлік және халықаралық ұйымдар мен форумдар арасындағы ынтымақтастықтың оңтайлы және өзара қолайлы қалыптарын орнату;
5) өңірлік және халықаралық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың саяси-құқықтық және ұйымдық-әкімшілік функцияларын жетілдіру.
Қазақстан өзінің ұлттық мүдделеріне сай келетін әрі практикалық тұрғыдан пайда әкелетін халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмысына қатысады.
5. Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі міндеттер шеңберінде:
1) әлемнің барлық мемлекеттерімен және олардың бірлестіктерімен достық және алдын ала болжанатын қатынастарды дамытады;
2) БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын ұстанады және саяси диалог пен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін құқық үстемдігі қағидатының негіз қалаушы маңызын мойындайды;
3) өңірлік және халықаралық жанжалдарды келіссөздер жүргізудің халықаралық тұрғыда танылған форматтары шеңберінде шешуді жақтайды. Қазақстанның ұстанымы мемлекеттердің егемендігі мен олардың халықаралық тұрғыда танылған шекараларындағы аумақтық тұтастығын сақтау туралы БҰҰ-ның негіз қалаушы қағидаттарына, дағдарыстарды реттеу жөніндегі құжаттарда, ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларында көрсетілген ережелерді орындау негізінде даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуді іздестіруге негізделеді;
4) ядролық қарусыз және жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерінсіз бейбітшілікке қол жеткізуге күш-жігер жұмсайды, таратпау режимдерін нығайту, қарулардың мұндай түрлеріне толық тыйым салу және оларды жою, сондай-ақ әлемнің түрлі өңірлерінде ядролық қарудан азат аймақтарды құру мақсатында көпжақты тетіктерді дамытуға қатысады;
5) жаппай қару шығаруға, оның ішінде ғарышта, қарудың жаңа түрлерін жасау мен өрістетуге қарсы күресті дәйекті түрде жақтайды;
6) қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайды;
7) терроризмге, экстремизмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, адам саудасы мен заңсыз көші-қонға, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша басқа мемлекеттермен бірлесіп екіжақты және көпжақты негізде нақты шаралар қабылдайды;
8) халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және кибертерроризмге қарсы күресті жалғастырады.
6. Қазақстан сыртқы экономикалық басымдықтарын іске асыру мақсатында:
1) елдің экономикалық-ресурстық, транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін іске асыру, ұлттық экономиканың қауіпсіз дамуы және оның инвестициялық тартымдылығы үшін жағдайлар жасау мақсатында өңірлік және халықаралық интеграциялық процестерге қатысады. Осы тұрғыда ел үшін тиімді шарттарда Дүниежүзілік сауда ұйымының қызметіне қатысу маңызды міндет болып табылады;
2) индустриялық-инновациялық даму жөніндегі міндеттер шеңберінде ұлттық экономиканың басым секторларына инвестициялар мен озық технологиялар тарту, оны әртараптандыру және технологиялық жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді;
3) халықаралық экономикалық ұйымдар мен қаржы институттарына елдің толық құқылы қатысуын және ұлттық мүдделерді ілгерілетуді қамтамасыз етеді;
4) экономикалық және сауда дипломатиясын дамытады, дипломатиялық құралдар арқылы шет елдерде мемлекеттің және қазақстандық жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін ілгерілету мен қорғауды қамтамасыз етеді, жаңа және дәстүрлі әлемдік нарықтарда қазақстандық бизнес пен экспорттық өнімдердің болуын кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды;
5) әлемнің барлық елдерінің дамуы үшін тең мүмкіндіктер беретін әлемдік әділ валюта-қаржы жүйесін қалыптастыруға қатысады;
6) Астана экономикалық форумы мен оның негізінде тұжырымдалған халықаралық бастамаларды ілгерілету жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді;
7) өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге халықаралық күш-жігер жұмсау ісіне қатысады;
8) өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосуды жалғастырады. Энергетикалық ресурстарды өндіруші елдердің, транзиттейтін елдердің және тұтынушы елдердің мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуді, оларды экспорттаудың әртараптандырылған, тұрақты және қауіпсіз маршруттарының жүйесін құруды жақтайды;
9) тиісті ұлттық институт құра отырып, әлемдік қоғамдастықтың дамуға ресми көмек көрсетуге күш-жігер жұмсау ісіне қатысуға ниеттенеді.
7. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау және жаһандық климатты сақтау мәселелеріне баса көңіл аудара отырып:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану және оларды басқару тиімділігін арттыру, қоршаған ортаның сапасын және халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында елдің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға күш-жігерін жұмсайды. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді қоса алғанда, жасыл экономикаға біртіндеп көшу Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі міндеттерді іске асырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады;
2) жасыл өсім бағдарламалары мен жоспарларын іске асыруда Еуропа, Азия және Тынық мұхит елдерінің мемлекеттік және жеке меншік секторларының, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың әріптестігін қолдауға бағытталған Астананың Жасыл көпір бастамасын жүзеге асыратын болады;
3) постиндустриялық қоғамдағы проблемалардың шешімін іздестіруге бағытталған Жаһандық энергетикалық-экологиялық стратегияны қоса алғанда, экологиялық жағынан орнықты энергиямен жабдықтау саласында қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерді әзірлеу мен енгізу жөніндегі бастамаларды ілгерілетеді;
4) су қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау саласында көршілес елдермен шарттық құқықтық базаны жетілдіруді жалғастырады;
5) халықаралық ұйымдармен және бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің аумақтарын оңалту жөніндегі донорлармен ынтымақтастықты, оның ішінде Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор қызметінің шеңберінде жалғастырады;
6) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны қабылдау жөніндегі жұмысты Каспий маңы елдерімен бірлесіп жалғастырады;
7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерінде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтады.
8. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаттың гуманитарлық өлшемін дамытуға басым мән береді. Осыған байланысты Қазақстан:
1) шет елдерде болатын Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер асырап алған, шет елдерде тұратын қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмысын күшейтеді;
2) шет елдердегі өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, визалық рәсімдер мен режимдерді ырықтандыруға, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдарға бағытталған көпжақты конвенцияларға қосылуды және екіжақты шарттар жасасуды жалғастырады;
3) қылмыстық және азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру мен сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасасуды жалғастырады;
4) білім, ғылым мен мәдениет, туризм және спорт, жастар саясаты, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласында көпжақты конвенцияларға қосылу және екіжақты шарттар жасасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты және жұмысты одан әрі жүзеге асырады;
5) Қазақстан туралы тарихи және заманауи білімдерді дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтетін болады;
6) шет елдердегі қазақ қауымдастықтары шоғырлана тұрып жатқан жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін, олардың тарихи отанымен байланысын дамытуды қолдайтын болады;
7) әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және халықаралық мәдени-гуманитарлық даму салаларында қазақстандық азаматтық қоғамның және үкіметтік емес сектордың ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды; оларды тиісті халықаралық іс-шараларға қатысуға тартады;
8) өшпенділік, нәсілдік кемсітушілік, діни қайшылықтар, экстремизм мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
Саясат тарихы туралы ақпарат
Өнім сапасын арттыру жайлы шетелдік тәжірибе
Фирманың маркетинг қызметін басқару әдістемесі
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Экономикалық дамуы
Туристік фирма ұсынатын қызметтер спектрі
Пәндер