Еңбек мотивациясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Тақырыбы:
Еңбек мотивациясы



Биология мамандығы
Орындаған: Тукубаева А.Т.
Тексерген: Джумажанова Г.К.

2020 оқу жылы
Еңбек мотивациясы
Еңбек мотивациясы - бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу әрекетіне ынталандыру.
Мотив (ниет) - жұмысшының түрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын түсіндіру және негіздеу тәсілі.
Мотивтер мынадай еңбек жағдайларына байланысты:
мамандық немесе жұмыс орнын таңдау жағдайы;
белгілі бір мамандық бойынша нақты кәсіпорындағы күнделікті жұмыс дау-жанжал жағдайы;
жұмыс орнының өзгеруі немесе кәсіптің ауысуы жағдайлары;
еңбек әрекеті шарттарының маңызды өзгерістерімен байланысқан инновациялық жағдай; тағы басқа жағдайлар.
Еңбектің тәртібі ( жөн-жосығы ) мынадай мотивтерді сипаттайды:
қамтамасыз ету мотивтері - жұмысшының және оның отбасының жағдайының жақсы, жайлы болуы үшін қажетті материалдық жабдықтар жиынтығымен байланысты; материалдық қызығушылыққа негізделген, жалақыны бағытқа алған;
бейімділік мотиві - жұмысшының еңбек әрекеті процесіндегі ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылуы;
абырой мотиві - жұмысшылардың әлеуметтік мақсатын жүзеге асыруға, қоғамдық маңызды әрекеттерге қатысуға ұмтылуы.
Ф.И.Тейлордың зерттеулері негізінде пайда болған еңбек психологиясының пайда болуынан бастап еңбектегі міндеттерге адамда жағымды қатынас қалыптастырудың негіздері ретінде, алғаш рет еңбек мотивациясы қарастырылды. Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің себептерін талдаумен байланысты.
Негізгі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты адамның еңбекке деген жағымды қатынастарының ерекшеліктері адамды өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби іс-әрекетте жоғары деңгейіне жетуге, өз жұмысын жеткілікті орындауға ынталандырады. Адамның еңбекке деген қатынастардың ерекшеліктерінің құрылымын зерттеуге байланысты 3 бағытты бөлуге болады:
когнитивтік;
аффективтік;
мінез-құлыққа байланысты.
Когнитивтік бағыттың зерттеушілері қызметкердің еңбекке қатынасын еңбек жағдайларына байланыстырады. Аффективтік бағыттың зерттеушілері адамдардың эмоционалдық қарым-қатынастарының факторлары мен олардың кәсіби іс-әрекет процесіндегі мінез-құлқы және ұжымдағы психологиялық ахуалға, қызметкерлердің өзара қарым-қатынас жасауына көңіл бөледі. Адамды өзінің кәсіби іс-әрекетін топтың, басқа адамдардың әсері арқылы орындауға ынталандыратын ішкі және сыртқы қатынас жасау ерекшеліктері зерттелді. Мінез-құлықты зерттеу бағытындағы зерттеушілер қызметкердің мінез-құлқының өзгеруін еңбек жағдайлары мен еңбек мазмұнына байланыстырып қарастырады.
Осы бағыттағы зерттеулердің негізін салушы Ресейде психологияны эксперименттік ғылым ретінде ұйымдастырған А.Ф.Лазурский. Ол тұлға қатынастары кең мағынада қарастырды - тұлғаға байланысты барлық ерекшеліктерді (қоршаған орта, материалдық заттар, басқа адамдар, әлеуметтік топтар, кәсіби іс-әрекет, рухани заттар: ғылым, дін, адамның өзінің рухани өмірі) ескере отырып зерттеді.
Жеке даралық іс-әрекетті қоғамдық қатынастар жүйесінде адамдардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер (А.Ф.Лазурский, В.Н.Мясищев) іс-әрекеттегі қандай қатынастар және олар қалай жүзеге асатынын, мотивтер жүйесі қалай қалыптасатынын зерттеу керек деп көрсетті. А.Г.Здравомысловтың, В.П.Рожинның және В.А.Ядовтың зерттеулерінде қызметкерлердің еңбекке деген қатынастары қарастырылды. Зерттеушілер еңбек мотивациясының, еңбек іс-әрекетіндегі мотивтердің құрылымының, құндылықтар жүйесі мәселесінің теориялық сұрақтарын қарастырады. О.И.Зотова қызметкерлердің еңбек іс-әрекетіндегі жұмысқа қатынасын анықтайтын мотивтердің күрделі жүйесін зерттеді. Адам іс-әрекеті мен оның қажеттіліктерінің қанағаттану мәселесіне байланысты В.С.Магун жүргізген зерттеулер еңбек процесіндегі жетіспеушіліктерді қызметкерлердің санасына және тұлға қажеттіліктері мен оны қоршаған адамдардың өз әрекеттері мен басқа адамдардың әрекеттеріне саналы түрде ауысуы айқындалды, сонымен қатар, іс-әрекет тиімділігі мен қажеттіліктердің қанағаттандырылуының арасындағы байланыс зерттелді. Іс-әрекет тиімділігі мен тұлға қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының арасындағы байланысты зерттей отырып, В.С.Магун, бұл байланыс жағымды және жағымсыз болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Осыған байланысты статистикалық зерттеулер тұлға қажеттіліктері мен іс-әрекет тиімділігінің арасындағы байланыстың осы 2 түрін анықтай отырып, келесі фактілерді шығарды: "адам қаншалықты жақсы жұмыс істесе, соншалықты жоғары деңгейде оның қажеттіліліктері қанағаттандырылған", "қызметкердің жұмыс істеу тиімділігі жоғарылаған сайын, оның қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі төмендейді".
Еңбек тиімділігі мен еңбекпен қанағаттану арасындағы оң және теріс байланыстарды осылай анықтауға болады: оң байланыстар еңбекпен қанағаттанудың, қызметкерге байланысты, басқа адамдарға байланысты барлық аспектілерін айқындайды, және тиімді іс-әрекетті байқатады, ал теріс байланыстар қызметкердің жұмыс істеу жемістілігі жоғарылаған сайын, оның еңбектің сыртқы жағдайлармен қанағаттануы төмендейтінін көрсетеді. Автор еңбек жағдайларын ішкі және сыртқы деп бөліп қарастырады. Сыртқы жағдайларға жұмыс істеу орнындағы құралдардың жағдайы, еңбектің санитарлық-гигиеналық аспектілері еңбек ақысын төлеу жүйесінің деңгейінің жоғарылауы, жұмыспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу мотивациясының студент өмірі үшін маңыздылығы
Еңбек мотивациясына байланысты зерттеулердің негізгі мәселелері
Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі
Мотивация қағидалары және оның мінездемесі
Мотивацияның негізгі теориялары
Персоналды басқару негіздері және персонал қызметі
Материалдық емес мотивация
Мотивацияның жасайтын әрекеттері
Функционалды біліктілік
Оқытудың психологиялық мәселелері
Пәндер