Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері

Мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.

Талқылау сұрақтары:

  1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары;
  2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары;
  3. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы.

Негізгі ұғымдар: фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, инвестиция, амортизация т. б.

1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары

Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.

Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.

Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін, фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.

Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында ісәрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттың толық еместігі жүйесінде қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакциондық шығындардың1 орын алуы туралы алғышарттар қойылады. Фирма осындай шығындарды қысқарта отырып, нарықтық және әкімшіліктік жолдармен ресурстарды оңтайлы үйлестірудің неше түрлі әдістерін қолдана алуы тиіс. Нарықтық жол кезінде баға механизмі есепке алынады, ал әкімшіліктік жол кезінде баға механизмі ескерілмейді. Бұл жерде фирманың құрылымы ресурстарды нарықтық тұрғыдан үйлестірудің шығындары мен оларды әкімшіліктік басқару тұрғысынан бөлу шығындары арасындағы арақатынаспен анықталады. Нәтижесінде, фирманың өзі ресурстарды нарықтық әдіспен тиімді орналастырудың баламасы ретінде қарастырылады. Демек, нарық ресурстарды тиімді бөлудің жалғыз ғана әдісі деген белгісінен айырылады. Осындай бағыттың құндылығы фирманың қолданатын ресурсының ерекшелігіне байланысты дұрыс шешім қабылдауы нарықтың өзі қамтамасыз ете алмайтын өндірістік тиімді әдісті ұйымдастыра алу қабілеттілігін түсіндіруден анық көрінеді. Сондықтан фирманың пайда табудағы табиғаты трансакциондық және басқарушылық шығындарды салыстырудан ғана емес, оның ерекше ресурстарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді болып табылады.

Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы - бұл фирманың өндірістік теориясы , ал екінші жағдайда, фирман ың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық жағына көңіл бөлінуі қарастырылады - бұл фирманың келісімдік теориясы.

Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар жиынтығы ретіндегі күрделі иерархиялық ұйым болып табылады.

Фирма - бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығындарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын өндірістік бірлік.

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

  • шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
  • экономикалық мүдделілігі;
  • шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
  • белсенді ізденуі, жаңашылдығы.

Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру ісәрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

  1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
  2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді.
  3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
  4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

  1. Экономикалық жағдайлар:Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақшақаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артықкемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.
  2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау сияқты әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс.
  3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.

Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.

  • Өндірістік кәсіпкерлік- бұл тауар өндірумен және қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
  • Коммерциялық кәсіпкерлік- бұл өнім өндірумен байланысты емес тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
  • Қаржылық кәсіпкерлік- бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
  • Кеңес беру кәсіпкерлігі- бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
  • Сақтандыру кәсіпкерлігі- бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
  • Делдалдық кәсіпкерлік- бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.

Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік - бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік - бұл екі немесе одан да көп адамдардың капитал салымдары (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

  1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
  2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.

Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:

  1. Концерн- көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
  2. Ассоциация- экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
  3. Консорциум- ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
  4. Синдикат- бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
  5. Картель- тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
  6. Трест- белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

3. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің (ҚРСА) мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2013 жылы 19%-ға жетті. Бұл төмен көрсеткіш болып табылады. Сондықтан мемлекет 2020 жылға ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесін шамамен 40%-ға дейін арттыру міндетін айқындап отыр. Дамыған елдермен салыстырғанда (мәселен, Германияда - 57%, Ұлыбританияда - 52%, АҚШ-та - 52%, Францияда - 50%) отандық ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесінің тым төмен болуы сол үлестің үлкен бөлігін ірі бизнестің жасайтындығымен (мұнай-газ және тау-кен секторларында қамтылған 7% ірі бизнес ЖІӨ-нің 75%-дан астамын өндіреді) түсіндіріледі. Бұл жағдай отандық бизнес құрылымының көп бөлігінің шикізат салаларында шоғырланғандығын айғақтайды.

ҚРСА деректеріне сүйенсек, 2013 жылдың 1 шілдесіне сәйкес тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1 493 044 бірлікті құрады, соның ішінде, шағын бизнестің кәсіпорындары - 239 931 (16%), жеке кәсіпкерлер - 1 061 464 (71%) және шаруа (фермерлік) қожалықтары - 191 649 (13%) болды.

Республика бойынша 2013 жылдың 1 тамызына сәйкес, ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың саны 2 582 278 адамды құрады, соның ішінде, шағын бизнестің заңды тұлғалары 601 141 адам, орта бизнестің заңды тұлғалары 696 241 адам, жеке кәсіпкерлер 931 793 адам, шаруа қожалықтары 353 103 адам болды. Ал экономикалық белсенді халықтан (8 774 638 адам) ШОК-те қамтылғандардың үлесі 30, 4%-ды құрады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 4 849 869 млн. теңгеге жетті.

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнесахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы 58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан 2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен 1-орынға шықты.

Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және кәсіпорындарды жою сияқты маңызды салалар бойынша Қазақстан алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды.

ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. Кәсіпкерлікті дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы - 2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әрі қарай - Бағдарлама) жүзеге асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, сонымен қатар іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456, 9 млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен - 265 жоба, көлік пен қоймалау - 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісі - 160 жоба.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Кәсіпкерлік қызмет
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Бизнес пен мемлекет арақатынасының астары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz