Арнайы педагогиканың ғылыми және этникалық негіздері
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі
бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде
бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға
бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет
екені сөзсіз. Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол
біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін
шешуге мүмкіндік береді. Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен,
педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік
табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін
дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін
игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың
әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Философиялық жіктеумен сәйкес
арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық
аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық,
философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық. Арнайы
білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады.
Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті,
ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы
өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын
түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн. Нақты
мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне
арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық
аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердін қазіргі
экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді. Дамуында ауытқушылықтары бар
тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы
философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық
тұрғыдан жүйеленбеген. Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу
үшін ықпалын тигізеді. Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі
бағытта қалыптасады, олар: — гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру; —
фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру; —
интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі
балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді.. 2.
Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі. Арнайы педагогиканың
әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде және совет
одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың
концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның
негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған
сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі
тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету
арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды. Бұл контексте арнайы
білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы
болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы
ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған. Кеңес дәуріндегі
арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық
пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу
туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті.
Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде
екінші сортты адамдар деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы
шектейтін – қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың
екінші жартысында, соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-
бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың
салдары өмірдегі ең жоғары құндылық — адам өмірі мен амандығы екенің
көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап “Адам құқықтарының Жалпы
Декларациясы” қабылдағаннан кейін бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін
халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес құра бастады. Бұл контестегі
мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта құрылуына деген
жаңа көзқарастың мәнінің негізі – ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей
ме онысына қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының
кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету
идеясы болып саналады. 3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік даумында туа немесе жүре
пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін
зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында
ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу
тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын
зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз
байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға
бағытталады. Арнайы психология пәні – тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі
себептерін айқын анықтайды және кеміс балалардың психикасын зерттейді.
Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған
психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және
түзету жолдарын табуын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі
әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын
және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев
Семенович Выготскийдің еңбегі. Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды
әлеуметтік және биологиялық факторлардың қисындасуы арқылы қарастырған. Бұл
толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды
әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудің тиімді әдістер мен
тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып,
оның негізгі факторларын белгілеуге болады. Біріншіден, Л.С.Выготский
кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру
жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі
зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның
орнын толықтырады. Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті
енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің
төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Екіншілік ауытқулар
баланың психикалық даму құрылымын өзгертеді. Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы
міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің
әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелділігі, олардың бірі – бірімен байланысы,
теуелділігі. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту,
қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі.
Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту,
сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек
әрекетіне қосуды ұсынған. Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға
өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық
көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген
жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды. Бұл
процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және – сыртқы әлеуметтік
факторлар бірдей тигізеді. 4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
Адамның ең маңызды игілігі — жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл
құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру
механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы
халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық
адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір,
діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға,
қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды.
2. Арнайы педагогиканың этикалық негіздері.
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын
философиялық ұғым.Этика (грек. Ethos – дағды, әдет, ғұрып) деген мағынаны
білдірсе керек. Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-
аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасауда жалпы әдептік
нормаларды басшылыққа алуы.Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу.
Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен
амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін
көрсетеді.
Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның
үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы
мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім
үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын
нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады. Педагогика теориясын қаншама жетік
білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог
ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.
Педагогикалық этика – адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу
мәдениеті, өзін дұрыс ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну:
жұмысқа, қыдыруға, тойға, т.б) байланысты киім-киісі, сөйлеу мәнері,
мимика, жесть, дене қимылы жатады. Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын
деп Абай атамыз әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп
айтады. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да
нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі.
Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын. Сөйлеу
кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты
немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Педагогтың дауыс
ырғағы балаға түрліше әсер етеді.Педагогтың даусы баланың бас миына
жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір
педагогтардың сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі. Оның
өзі балаға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына
келтіреді. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы
этикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың Адамда барлық нәрсесі жүзі де,
киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс деген ұлағатты
сөз педагогтарға айтылған сияқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді ,
жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой
басын күтінбей жүру педагогтік этикаға үлеспейді. Әрқашан сұлу болып
жүрейік.
Педагогтың киім киісі қандай болу керек?
• Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға
ықпал ететіндей киіну керек.
• Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу
керек

ықпал ету мақсатында таңдалу керек
• Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс.Педагог
өзіне-өзі сенімді болуы керек.
3. Арнайы педагогиканың əлеуметтік мəдени жəне əлеуметтену негіздері.
Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана
дейін шетелде және совет одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен
қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын
жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және
әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім
берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке
араластыру болды.
Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға
түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын
толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.
Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту
концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді
негізімен сәтті бірігіп кетті.

шектейтін – қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды.
ХХ ғасырдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz