Электр желісінің құрылымдары. Әуе электр Желілерінің құрылымдық элементтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Электр желісінің құрылымдары.Әуе электр Желілерінің құрылымдық элементтері.
Электр Желісі - электр энергиясын өндірілетін орындардан (мыс, электр ст-нан) тұтынушыларға жеткізуге әрі оларға бөліп таратуға арналған құрылғылардың (трансформаторлық және қосалқы тарату ст-ларының, аспалы және кабельдік желілердің) жиынтығы. Ол қалалық, аудандық, ауылдық, өнеркәсіптік, энергет. Э. ж. болып, сондай-ақ электр энергиясын тарату, қоректендіру желілері болып та ажыратылады. Электр энергиясын алысқа таратып жеткізу үшін жоғарылатқыш трансформатор ст-нда ток кернеуі жоғарылатылады. Кернеу артқанда ток күші кемитіндіктен, қуат шығыны азаяды, сөйтіп өткізгіш сымдардың жуандығын дардың жуандығын жіңішкерту мүмкіндігі туады.
Төмендеткіш қосалқы ст-нда кернеу тұтынушылардың пайдаланылуына қажетті шамаға дейін төмендетіледі. Белгілі бір кернеулі токты өзгеріссіз қабылдауға әрі бөліп таратуға арналған қосалқы ст. бөліп таратушы деп аталады. Әр түрлі кернеулі Э. ж-н өзара қосу үшін желілік қосалқы ст-ларда орнатылған жоғарылатқыш және төмендеткіш трансформаторлар қолданылады. Қосалқы ст-ларда трансформаторлардан басқа коммутациялы аппараттармен жабдықталған жоғары және төм. кернеулі бөліп тарату және бақылау, басқару құрылғылары болады. Әрбір Э. ж-нің электртех. жабдықтары жұмыс істейтін номинал кернеумен сипатталады. Біздің елде пайдаланылатын номинал кернеулер: 220127, 380220 және 600 В және 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750 кВ; қ. Аспалы электр линиясы, Трансформатор.
Қазіргі электроэнергетикада электр энергияны тасымалдау негізгі мәселе болып тұр. Бүгінгі таңда бірнеше миллион киловатты өткізу қабілеттігінің электр берілісі желілері бар, олар энергияны жылына ондаған миллиард киловатт-сағатына тасымалдайды. Электр берілісі желілері энергияны өндіру орнынан энергияны тұтыну орнына бір жақты ғана тасымалдамай, энергожүйелері арасындағы төтенше негізгі байланысты да тасымалдап отырады. Осы жүйе аралық байланыс бойынша электр энергия сол немесе басқа да жаққа бағытталады, әсіресе осы байланыстар кең бағыталса және әртүрлі сағаттық белдеулерді өтсе, энергияны тұтынуды резервтеу немесе бір қалыпқа келтіру графигі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Осы барлық факторларды (жерлерді қарауына алу, шығындар және т.б.) ескерсек, электр берілісі желілері мен энергияны тасымалдау мұнай немесе газды құбырмен тасымалдағаннан қымбат тұрады.
Энергияны тасымалдаудың кез келген жүйелері сияқты электр берілісі желілері үшін, яғни сол бойынша жіберілетін қуаты немесе жүйені жылына пайдаланатын сағаттар санын, жылына таратылатын электр энергиясын ескеріп, ең маңыздысы өткізу қабілеттілігі болады екен.
Қарапайым электр берілісі желілері үшін өткізу қабілеттілігі сымдағы токтың жіберілетін мәнімен немесе нақтырақ айтқанда, токтың тығыздылығымен, сымның көлденең қимасы ауданының бірлігіне келетін тоғы бойынша анықталады. Осы қиманың сымындағы токты немесе ток тығыздылығын таңдау техникалық-экономикалық түсініктерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр желісінің құрылымдары
Трансформатордың пайдалану әдістері
АДАМДАРДЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН ҚОРҒАНЫШ ЖЕРЛЕНДІРУМЕН ҚОРҒАНЫШ НӨЛДЕНДІРУДІ ҚОЛДАНУ
Желінің бөліктік зарядтық қуаты
Әуе желілерін монтаждау
Өнеркәсіптің есептік электрлік жүктемелерін анықтау
БАҒЫТТАЛҒАН КЕРНЕУ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС
СҰРАҚТЫҢ ЖАЙ КҮЙІ
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СӘУЛЕНІҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ЭЛЕКТР БЕРУ ТАПРСЫРЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫ
Пәндер