Ойын - балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
"Ойын - балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы"
Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі ойын орасан зор роль атқарады. Ойын балалар үшін айналадығы танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшқыштар, Отбасы, Балалар бақшасы және т.с.с. болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті - рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушың әрекеттеріне, ал Аурухана болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Драматизациялық ойындарға мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті-рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек - ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын арқылы балаларды оқыту және тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
ОЙЫННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Сенсорлық тәрбие ұғымы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Пәндер