Сюжетті - рөлдік ойындар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Начало формы
Сюжетті - рөлдік ойындар
Балалар ойынының алғашқы формаларының бірі - сюжетті - рөлдік ойындар. Сюжетті - рөлдік ойындарды өз мәнінде ойнату үшін алдын-ала дайындық жұмысына көңіл бөліп, балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс-тәжірибелерін толықтыра берген жөн. Сюжеттi-рөлдiк ойындарының ерекшелiгi сол, оны балалардың өздерi жасайды. Ойынның дербес әрекетi айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкiн. Сюжеттi-рөлдiк ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттерi болып табылады. Мысалы: Дукен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерiне, ал Аурухана ойынын ойнағанда дәрiгер мен науқастың әрекеттерiне елiктейді.
Сюжетті - рөлдік ойындарды балалар өздігінен үш-төрттен бірігіп ойнай береді. Көбіне олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Ал, тәрбиешінің міндеті - ойынға бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін, сюжетті - рөлдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластыра білген жөн. Ойын кезінде баланың мінез-құлқы өзгереді. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есіне тез сақтап қалады.

Ғарышкерлер

Ойын мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.
Қажетті атрибуттар: көкшіл матадан тігілген ғарышкердің костюмі, бас киім, жалаушалар.
Ойын шарты. Ойын серуенде, зымыран ойыншығының жанында өткізіледі.
Балаларды рөлдерге бөлу: командир, механик, дәрігер, ғарышкерлер.
Командир ғарышкерлермен жаттығу жүргізеді. Дәрігер денсаулықтарын тексереді. Ракетаға әр жолы 4-5 баладан отырып ұшады. Жерде жалаушамен белгі беріп, ұшатын, қонатын бағытын сілтеп көрсетеді. Ойынды түрліше күрделендіріп өткізуге болады.

Сән ательесі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту, достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Қажетті атрибуттар: іс тігетін ойыншық машина, үлгілер, матаның қиықтары, қуыршақ, сән журналдары.
Ойын шарты.
Балаларды рөлдерге бөлу: 3-4 бала тігінші, 2-3-уі киім пішуші (модельер)
Ательеге 2-3 бала қуыршақтарын көтеріп, көйлек, т.б. заттарды тіккізуге тапсырыс береді. Киім пішуші арнайы өлшеуішпен қуыршақтың көйлегінің ұзындығын, кеудесін, жеңін өлшеп алады да, дайын үлгімен қияды.
Бұл жұмысты ұжымды түрде барлық балалар бірігіп істеуіне әбден болады.

Пошташы
Ойынның мақсаты:Балаларды достыққа, ізгілікке, т.б. қасиеттерге тәрбиелеу
Қажетті атрибуттар: пошташының қалпағы, сөмкесі; пошта жәшігі, Балдырған журналдары, хаттыстар (конверт).
Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға: Қазір бір-біріңе хат жазасыңдар ,- деп хабарлайды. Ол үшін хаттыстың сыртына достарыңның атын жазып, ішіне өздерің қалаған суреттеріңді салып, пошта жәшігіне тастайсыңдар.
Пошташы хаттарды жәшіктен сөмкесіне салып, өз иесіне тарата бастайды. Ойынды әрі қарай өрбітуге болады.
Сәуле , саған кім хат жазды? немесе Ненің суреті, атын ата? т.б. сұрақтарды қоя отырып, балалардың танымын кеңейтуге болады.

Кеме
Мақсаты: Адамдардың әр түрлі мамандықтары туралы балалардың білімдерін жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті атрибуттар: ағаштан жасалынған кеменің макеті, руль, капитанның қалпағы, балықтар.
Ойын шарты. Балалар өз қалаулары бойынша капитан мен кеме жүргізушіні тағайындайды, содан кейін әрқайсысы өз орындарына отырады.
Капитан өзінің жүргізушісіне оңға бұр, солға бұр, тура жүр,- деп басқарып отырады.
Кемемен серуенге шыққанда теңізшілердің еңбегі, балықтардың түрлері жайында мағлұмат беріледі. Саяхат көңілді болу үшін ән айтады.
Бұл ойын балаларды ұйымдасқан түрде ойнай білуге баулиды.

Балықшылар
Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.
Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.
Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма-кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір-екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл-әрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып болғаннан кейін реттеп жинап қояды.
Ойынға Балықшы тақпағын пайдалануға болады.
Дауылға да қарамай,
Жауынға да қарамай
Балықшылар айдында
Ау тартады жағалай.
Ұшқыш
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.
Қажетті атрибуттар: ұшқыштың бас киімі, билет, дүрбі
Ойын шарты.
Балаларды рөлдерге бөлу: 4 бала ұшқыш рөлінде, қалған балалар жолаушылар, 1 бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті - рөлді ойынды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Балабақшада сюжеттік-рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі
МЕКТЕПТЕГІ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ СИПАТЫ
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер