Мемлекет және құқық теориясы. Мемлекеттің пайда болуы



1.Тақырып.

Мемлекет және құқық теориясы.

Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі құралы болып табылатын мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп, өмір әдет.ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін қорғау үшін құқық пайда болды. Мемлекет дегеніміз . өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым.

Мемлекеттің пайда болуы
Біздің планета ғылымнан белгілі болғандай, шамамен 4 . 5 млрд. жыл бұрын түзілген. Ежелгі адамдар шамамен 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Археологтардың зерттеулеріне сүйенсек біздің республика төңірегінде алғашқы адамдар шамамен бір млн. жыл бұрын пайда болғанын байқаймыз. Ойлау қабілеті бар адамдар . homo sapiens . шамамен 40 мың жылдар бұрын пайда болған. Біздің эрамызға дейінгі 4.5 мың жылдықта ең алғашқы қала мемлекеттер пайда бола бастады. Демек, осыған орай адамдар 35 жылдан астам уақыт мемлекетсіз өмір сүрді деуге болады.
Мемлекетке дейінгі уақыт ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе туыстық құрылыс деген атқа ие болды. Өйткені адамдар туыстармен топ болып, негізінен қандық жүйемен біргелесіп өмір сүрді.
Алғашқы қауымдық құрылыс жетілмеген қоғам болды, адамдар негізінен тек жинау экономикасымен, табиғаттағы барды терумен, дайын күйінде алумен айналысқан болатын. Қоңыржай климатта самсып пісіп тұрған жемістерді теру, аң аулау, балық аулау сияқтылармен айналысты. Осыған орай олардың қарулары да жетілмеген болатын.
Алғашқы қауымдық қоғамда әлеуметтік билік тіршілік етті. Әлеуметтік билік күштеуді емес,алдымен еріктілікті негізге алды. Еңбек ету жалпыға бірдей, әркім өз міндеттерімен еркін түрде айналысты. Тапқан тамақ бәріне бірдей тең бөлініп берілді. Олардың құқықтары мен міндеттері бірдей болғанындай, жауаптылықтары да бірдей болды.
Туыстық қоғамдағы негізгі басқару органы ол . ақсақалдар кеңесінен, көсемнен және туыстардың барлық мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналыс болып есептелді. Жалпы жиналыста туыстардың өмірінің негізгі, маңызды мәселері . соғыс немесе бейбітшілік, басқа адамдарды асырап алу, тағыда басқа мәселелер қарастырылды. Бұл жиналысқа әр.бір ересек кез келген сұрақтарды шешу үшін қатысуға құқылы болды.
Жедел басқару мәселесінде ақсақал болып туыстардың арасынан құрметті мүшелердің бірі сайланды. Бұл қызмет сайланбалы және ауыстырмалы болды,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
Алғы сөз.
Мемлекет пен құқық адамзаттың қалыптасуының материалдық және рухани
қажеттіліктерінің жемісі. Бүгінгі заман жастарын өмірдің өзгеруіне,
заманның талабына сай оқытып, баулып, тәрбиелеу үшін мемлекет пен құқық
туралы оқып, білу болашақ ізбасарларымыздың құқықтық тәрбиесінің, құқықтық
санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюіне, тереңдеуіне және азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Жоғары білім оқу жоспарына енген әлеуметтік гуманитарлық циклдың
негізгі пәндерінің бірі ретінде жоғарғы оқу орындарында оқылатын Құқық
негіздері, Құқықтану, Мемлекет және құқық негіздері пәндерінің ең
басты санаттары мен ұғымдарының бірі ол мемлекет пен құқық. Бұл пәндердің
еліміздің болашағы, елтұтқасы болар жастарымыздың білікті де білімді болар
мамандар даярлап, тәрбиелеудегі маңызы өте зор.
Ұсынылып отырған оқулықта мемлекет пен құқық туралы ұғым, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттік билік жүйесі және
олардың басқа жаңа қоғамдық саяси институттарымен өзара әрекеттесу жолдары,
адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі, Егемен Қазақстанның құқық
салаларының (азаматтық, әкімшілік, отбасылық, қаржы, экологиялық, еңбек,
қылмыстық т.б.) негізгі мәселелері қарастырылған.
Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10 шілде
2002 жылғы №541 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған, жоғары оқу
орындарында оқылатын Құқық негіздері пәнінің барлық мамандықтар мен
дайындау бағыттарына арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде
құрастырылған.

1.Тақырып.

Мемлекет және құқық теориясы.

Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі құралы болып табылатын мемлекет
қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың
түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп,
өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына
орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге
асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін
қорғау үшін құқық пайда болды. Мемлекет дегеніміз - өзі орналасқан
аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу
аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым.

Мемлекеттің пайда болуы
Біздің планета ғылымнан белгілі болғандай, шамамен 4 – 5 млрд. жыл
бұрын түзілген. Ежелгі адамдар шамамен 2 млн. жыл бұрын пайда болған.
Археологтардың зерттеулеріне сүйенсек біздің республика төңірегінде алғашқы
адамдар шамамен бір млн. жыл бұрын пайда болғанын байқаймыз. Ойлау қабілеті
бар адамдар – homo sapiens - шамамен 40 мың жылдар бұрын пайда болған.
Біздің эрамызға дейінгі 4-5 мың жылдықта ең алғашқы қала мемлекеттер пайда
бола бастады. Демек, осыған орай адамдар 35 жылдан астам уақыт мемлекетсіз
өмір сүрді деуге болады.
Мемлекетке дейінгі уақыт ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе
туыстық құрылыс деген атқа ие болды. Өйткені адамдар туыстармен топ болып,
негізінен қандық жүйемен біргелесіп өмір сүрді.
Алғашқы қауымдық құрылыс жетілмеген қоғам болды, адамдар негізінен
тек жинау экономикасымен, табиғаттағы барды терумен, дайын күйінде алумен
айналысқан болатын. Қоңыржай климатта самсып пісіп тұрған жемістерді теру,
аң аулау, балық аулау сияқтылармен айналысты. Осыған орай олардың қарулары
да жетілмеген болатын.
Алғашқы қауымдық қоғамда әлеуметтік билік тіршілік етті. Әлеуметтік
билік күштеуді емес,алдымен еріктілікті негізге алды. Еңбек ету жалпыға
бірдей, әркім өз міндеттерімен еркін түрде айналысты. Тапқан тамақ бәріне
бірдей тең бөлініп берілді. Олардың құқықтары мен міндеттері бірдей
болғанындай, жауаптылықтары да бірдей болды.
Туыстық қоғамдағы негізгі басқару органы ол – ақсақалдар кеңесінен,
көсемнен және туыстардың барлық мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналыс болып
есептелді. Жалпы жиналыста туыстардың өмірінің негізгі, маңызды мәселері –
соғыс немесе бейбітшілік, басқа адамдарды асырап алу, тағыда басқа
мәселелер қарастырылды. Бұл жиналысқа әр-бір ересек кез келген сұрақтарды
шешу үшін қатысуға құқылы болды.
Жедел басқару мәселесінде ақсақал болып туыстардың арасынан құрметті
мүшелердің бірі сайланды. Бұл қызмет сайланбалы және ауыстырмалы болды,
басқа ешқандай жағдай жасалынбады ақсақал туыстардың мүшелерінің бәріменен
бірдей құқылы болды тең және солармен бірдей үлес алып отырды. Оның билігі
тек мәртебесінде болды және туыстардың мүшелерінің бәрі оны сыйлады.
Әскери билікті жүргізу үшін әскери көсем сайланды. Туыстардың өзінің
ішінде ақсақалдар кеңесі де түзілді. Туыстар тайпаға бірікті оларды
ақсақалдар кеңесі басқарып отырды, ақсақалдар кеңесі туыстар өкілдерінен
түзілді. Кеңес тайпаның көсемін сайлады, бұл қызметте қоғамның бастапқы
дамуының барысында ауыстырмалы болды және ешқандай жеңілдік берілген жоқ.
Тайпа одағын тайпа көсемі басқарып отырды, оны көсемдер кеңесі сайлады.
Туыстық құрылыстың мынадай негізгі соған тән нысандарын бөліп
қарастыруға болады:
1. Қауым мүшелерінің ортақ төңіректе тұруына және жалпы бірігіп
істейтін шаруашылық істерде бірге болу үшін қандық туыстықтың
болуы.
2. ортақ бірдей тілдің, әдет – ғұрып пен дәстүрдің болуы.
3. өз туыстарыының ішінде некелесуге тыиым салу. Қазақ қоғамында бұл
тыймының жеті атаға дейінгі аралықта болуы (бұл тек өте жақын
туыстар арасында ғана емес, алыс туыстар арасында да сақталды).
4. ортақ жерлеу рәсімі мен жерінің болуы.
5. әрбір рудың өз атауының болуы.
6. руды – жалпы жиналыста сайлаған абыройлы ру мүшесі – көсем немесе
ақсақал басқарды.
Сөйтіп, ежелгі қауымдық құрылыстағы әлеуметтік билік тікелей қоғамдық
кезең болып табылды.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар мемлекеттік-құқықтық жағдайда өмір
сүруде. Барлық азаматтар белгілі бір мемлекетке жатады, мемлекеттік билікке
көтеріледі, өздерінің іс-әрекеттерімен құқықтық жазбаларға және талаптарға
әсер етеді.
Ежелгі дәуірде-ақ адамдар мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері
мен жолдары туралы ойлана бастаған. Әртүрлі жақтармен сипатталған көптеген
теориялар жасалған.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа
болды. Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен
бірікті. Бұл кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа
әлеуметтік қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық
қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды.
Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық
кеңесте де өз пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери
көсемдер өз қызметіне сайлану құқығы бойынша келді.
Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті
болды. Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді
потестарлық билік (латын сөзінде potestus-билік, күш) дәуірі деп те
атаймыз. Адамдар өз міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап
отырды.
Рулық қоғамда негізгі билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және
рудың ересек мүшелерінің жалпы жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі
маңызды мәселелер шешілді. Сайланған көсемдер рудың беделді мұшелері болды.
Біртіндеп, жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери
көсемдер келді. Ру ақсақалдары және әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге
ие болмады.
Әр бір кезеңдердің ғұлама ғалымдары, ойшылдар мен пәлсәпашылар
мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы өздерінің тұжырымдамаларын,
теорияларын ұсынған.
1. Теологиялық ( діни ) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда
болуын құдайдың құдіретінен, яғни барлық билік құдайдан деп түсіндіреді.
Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті.
2.Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген отбасымен,
монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда болды деп
көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне негізделді. Оның
негізін қалаған б.д.д. III ғ.Аристотель болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл
қағида өмір сүруде.
3. Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты дамиды.
Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл теория
б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның ішінде
Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері Блюнчли,
Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б. болды.
4. Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім
нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-
адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің
бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі.
Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII-XVIII
ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций, Б.Спиноза,
Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, А.Н.Радищев болды.
5. Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси
факторлармен байланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап
алуы,жеңілген халық үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды.
Күштеу теориясын жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың
құрылуына алып келеді деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың
шапқыншылығы, олардың билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін
тигізді. Оның өкілдері К.Каутский, Л.Гумплович, Е.Дюринг еді.
6. Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері
Г.Тард, Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың
психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі
тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым-қатынасына
байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда
болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым
әсерін тигізеді.
7. Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы
қауымдық құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық
жағдайын қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістердің болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс,
Л.Морлан болды.
8. Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің
Шығыстық деспотизм еңбегінде мемлекеттің пайда болуын
өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық
жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл менеджерлік бюрократтық
таптыалып келді. К.Виттфогель деспотизм деп гидравликалықнемесе
агроменеджерлік өркениетті атайды.
Дәлдеп келгенде, бұл теориялардың барлығы мемлекеттің әркезеңдегі
тарихи құбылыстарға байланысты дамып,қалыптасуын көрсетеді.

Мемлекет функциясы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің функциясы, яғни орындайтын ролі
ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттерні, мемлекеттің
қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функциясы ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді.
Ішкі функцияларға еліміздің материалдық-техникалық базасын құрып,
дамытуға бағытталған мына қызмет салалары кіреді:
Мәдени-тәрбие жұмыстары.
Әлеуметтік қызмет көрсету.
Құқық тәртібін қорғау.
Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны
қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен
оның органдарын тікелей өздері немесе өз өкілдері арқылы басқаруға қатысты
функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге
асырады.
Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан
Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол
сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін
қамтиды.
Мемлекеттің де өзіне тән нысандары бар. Мемлекет нысаны ретінде
мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылымы,
мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері түсініледі. Бұл ұғым үш
тұрғыдан, яғни ұлттық-мемлекеттік құрылымның нысаны, саяси (мемлекеттік)
режим және басқару нысаны тұрғысынан сипатталады.
Ұлттық - мемелекеттік құрылым нысаны негізінен біртұтас (унитарлы) және
федеративтік нысандарға бөлінеді. Бір тұтас нысанда мемлекет тек әкімшілік-
аумақтық бөліністерге (облыс, аудан) ғана бөлінеді. Федеративтік нысанға
бірнеше дербес мемлекеттік құрылымдардың ерікті одағы нәтижесінде пайда
болған мемлекеттер жатады (Мысалы, дербес Республикалар кіретін Ресей
Федерациясы). Бұл нысандардан басқа бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің белгілі
бір мақсатқа (экономикалық, әскери, т.б.) жету үшін уақытша ғана бірігетін-
конфедерация нысанындағы мемлекеттер болуы да жоққа шығарылмайды (мыс.,
Еуропалық Одақ, ТМД, т.б.). Конфедерация тәуелсіз мемлекеттердің одақтасуы.
Өз мемлекеттерімізге қатысты мемлекеттің саяси режимі деп азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кеңінен кепіл бола алатын және мұндай
құқықтар мен бостандықтардың басымдығын мойындайтын шын мәніндегі халықтық
билікке сүйенген мемлекет билігін, мемлекеттік басшылықты жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдерін түсіну керек.
Қазақстан Республика азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы
мемлекет ісін басқаруға қатынасуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және
ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар (Конституцияның 33-бабы). Саяси
режимі бойынша тоталитарлық мемлекеттердің, бірінде- пролетариат
диктатурасы басым болып келсе (КСРО), басқаларында- фашизм айқын көрінген
(Германия, Италия, Жапония). Ал авторитарлық режимдегі мемлекеттер бүкіл
биліктің тек “бір қолда” болуымен ерекшеленеді. Біздің республикамыз саяси
құқықтық режимі бойынша демократиялық мемлекет.
Басқару нысаны дегеніміз мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылу
және қызмет тәртібі Қазақстан Республикасы Конституцияның 2-бабының 1-
тармағына сәйкес басқару бойынша –Президенттік Республика билік бөлінісі
заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөліну принциптеріне
негізделген.
Мемлекеттік билікті, тұтастай алғанда – мемлекеттік аппарат, яғни
мемлекеттік міндетерді шешу мемлекет функциясын орындау мақсатында
мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін өкілеттер жүктелген құзыреттік
органдар мен мекемелер жүйесі жүргізеді.
Мемлекеттік аппаратқа мына органдар жатады:
Қазақстан заң шығарушы және жоғары өкілді органы – Праламент, ал
жергілікті жерлерде – аумақтық өкілді органдар;
мемлекеттік басқару органдары;
сот билігі органдары;
прокуратура органдары;

Құқық ұғымы және оның мәні
Құқықты субъективтік тұрғыдан қарастырсақ, әрекет еркіндігін білдіреді.
Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді
тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық-
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді.
Бұл орайда көрсетіп кету керек субъективтік құқық объективтік құқықтың
негізінде туындайды. Құқық дегеніміз-мемлекет белгіліп, мақұлдаған жалпыға
міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік
ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз
етілетіндігінде.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі-
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасын мемлекеттік, сонымен қатар
жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі жөніндегі
ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы өзінің
азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын
қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен тұтаса
отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз
ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Интернационализм-барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылық
және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті тану және
оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі.
Гуманизм (латын тіліндегі humanus-адамдық, адамшершілік)-адамның жеке
тұлға ретіндегі құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету
құқығын тану.
Құқық мемлекеттік қатынастарды реттеуде мынадай қызметтер
атқарады:
1-ден, маңызды реттеушілік қызмет;
2-ден, қорғаушылық қызмет;
3-ден, гуманистік қызметті қорғайды;
4-ден, идеологиялық қызмет;
5-ден, тәрбиелік қызмет.
Бұл қызмет түрлері қоғамдық өмірде мемлекет пен жеке тұлғалар
арасындағы негізгі фактор болып саналады.
Мемлекетке дейінгі өмір сүрген нормалардың өз ерекшілігі болған.
1) жоғарыда айтылып өтілгендей алғашқы қауымдық қоғам тарихи түрде
қалыптасқан мінез-құлық ережелерімен,яғни салттарымен реттеледі.
2) бұл нормалар адамдардың мінез-құлық және санасында өмір сүреді.
3) құқық нормалары әдетке айналған түрде болды,сенім арқылы және
мәжбүрлеу ( рудан қуу ) арқылы шаралар қолданылды.
4) табу жүйесі,қоғам тиым салу әдісімен реттеліп отырды. Бұл жүйе жеке
құқықтар мен міндеттердің болмауымен сипатталады.
5) олар рудың және тайпаның барлық мүшелерінің мүддесін көрсетті.
Құқық нормалары жазбаша түрде жалпыға мәлімет ретінде дайындалды.
Құқық нормалары үш негізгі жолмен қалыптасты:
1) кәдімгі құқық нормаларында мононормалардың ( алғашқы қауымдық
салттар ) дамуы және мемлекеттің күшімен оларды санкцияландыру.
2) мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі арқылы, құқық нормаларының
арнаулы құжаттарда-нормативті актілерде көрінуі.
3) прецеденттік құқық арқылы, яғни сот және әкімшілік органдардың
қабылданған шешімдерінен көрінуі және басқа істерде оларды үлгі
етілуі.
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары мыналар:
1. Теологиялық теория - құқық жердегі тәртіпті реттеу үшін құдайдың
қалауымен пайда болды.
2. Табиғи құқық теориясы. Адамның табиғаттан пайда болатын табиғи құқығы,
туылу, қайтыс болу, үйлену т.б. құқықтары.
3. Құқықтың тарихи мектебі. Бұл теориялар бойынша құқықтың ұлттық
ерекшілікке байланысты тарихи түрде пайда болып, дамуы.
4. Құқықтың нормативті мектебі. Құқық нормаларының жоғары тұрған құқық
нормаларына бағынуы.
5. Құқықтың психологиялық теориясы. Құқықтың адамдардың психологиялық
қажеттілігінен пайда болуы.
6. Құқықтың маркстік теориясы. Бұл теория негізіне құқықтың экономика мен
эконимикалық базистің қажеттілігенен пайда болуы жатты. Құқықтың пайда
болуына әртүрлі құбылыстар әсер етіп отырды.

Құқық бастаулары
Құқықтың қайнар көздері-құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың
жиынтығы (мемлекет, таптар, идеология және т.б.), оған құқықтық сипат
беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,
декрет және т.б.). Құқық бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана
танылады. Үндеулер, мәлімдемелер, декларациялар және т.б. моральдық-саяси
сипаттағы актілер құқықтық маңызы болмағандықтан құқықтың қайнар көзіне
жатпайды.
Құқықтың қайнар көзіне құқықтық әдеттерді, сот (әкімшілік) прецедентін,
шарттарды, ғылыми доктриналарды, нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз.
Құқықтық әдеттер-адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітірлеген әдет-ғұрыптар.
Құқық прецеденті- жоғары сот органдары қабылдаған нақты шешім. Осы
шешім төменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады.
Номативтік құқықтық актілер-қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы
ережелерден тұратын мемлекеттік органдар ресми қабылдаған актілер.
Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те атайды.
Өйткені ол өз мазмұны жөніндегі мейлінше маңызды, басты заң болып табылады,
ағымдағы заңнаманы немесе басқа да нормативтік актілерді қабылдауда
бастапқы саты ретінде тиянақты қызмет атқарады.
Конституция (латынша constіtutіo-құрылыс)- қоғамдық және мемлекеттік
құрылыстың, биліктің өкілді органдарының тәртібі мен принциптерін, сайлау
жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мемлекеттің
Негізгі Заңы.
Маңызды құқық бастауы Парламент қабылдаған заңдар болып табылады. Олар
нормативтік актілерге (жарлықтарға, қаулыларға және т.б.) қатысты жоғары
заңды күшке ие.
Заңдардың, Президент жарлықтары мен қаулыларының негізінде және орындау
үшін шығарылған заңға сәйкес актілер де маңызды құқықтың қайнар көзі болып
табылады.
Құқық қайнар көзінің негіздеріне әр түрлі министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, Үкімет жанындағы бас басқармалардың, инспекциялардың,
департаменттердің нормативтік-құқықтық сипаттағы актілері, бұйрықтары,
нұсқаулары, қаулылары, сондай-ақ Республика Жоғарғы Сотының қаулылары,
Президенттің орындауға тиісті Жарлықтары негізінде жарияланатын нұсқаулары,
Үкімет қаулылары жатады.

Құқық нормалары және оларды жүзеге асыру
Құқық нормалары-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар,
барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен
орындалуы міндетті мінез-құлық ережелері. Ережелерді жүзеге асыру сендіру
тәсілімен ғана емес, мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.
Құқықтың үстема нормасы ретінде Конституция қоғамдық қатынастарды,
Республиканың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды етеді,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, мемлекеттің
мақсаттары мен ұйымдастыру принциптерін белгілеуді қамтиды.
Құқықтық нормалардың құрылымы-оның құрылысы, элементтері: гипотеза,
диспозиция және санкция.
Құқықтық норманың гипотезасы-нормада көрсетілген мінез құлық
ережелерінің күшіне енуіне байланысты орынның уақыттың немесе оқиғаның
жағдайларында қолданылатын белгілі бір шарт.
Диспозиция-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі болып табылады. Онда
мінез-құлық ережелері сипатталып, анықталады. Құқық пен оған қатысушылардың
реттелетін құқықтық нормалары қатынастарының міндеттері белгіленеді.
Санкция-құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті
жасағаны үшін немесе әрекетсіздігі үшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл
мінез-құлық ережесін сақтамаудан немесе құқық нормасы белгілеген шектен
шығып кетуден болатын салдар.
Бұйыру мазмұны немесе диспозиция сипаты бойынша құқық нормалары
императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Императивтік нормаларда үзілді-кесілді, бұйрық нысанында нақты талаптар
қойылады.
Диспозитивтік нормаларда диспозиция тараптардың мәселені өздері шешуіне
мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде белгілі бір ережелерді қамтиды.
Құқық тәртібін нығайту ісінде құқықтың реттеуші және қорғаушы
нормаларының айырмашылықтары бар.
Қорғаушы нормалар құқықтық жауаптылық өлшемдерін, қоғамдық қатынастарға
қатысушылардың құқықтарын қорғау өлшемдерін анықтайды.
Құқық нормасының кеңістіктегі әрекеті деп осы норма жүзеге асырылатын
аумақ ұғынылады және бұл бәрінен бұрын заңды немесе басқадай нормативтік
актіні шығарған органға байланысты.

Құқық жүйесі
Құқық жүйесі дегеніміз-қоғам объективті заңдылықтарына байланысты
қалыптасқан оның ішкі құрылымы.
Құқық саласы дегеніміз-сапалы біртекті нақты қоғамдық қатынастарды
біріңғай жақын белгілері бойынша ретеп отыратын нормалар жиынтығы.

2.Тақырып.
ҚР Конститутциялық құқық негіздері

Конституциялық құқық дегеніміз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды,
мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің
негіздерін халықтың қолындағы мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін
реттейтін және белгілейтін құқықьық нормалардың жиынтығы.
Конституциялық құқық-құқықтың жетекші саласы. Себебі оның қайнар көзі
Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру
аясында қалыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары
басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады.

Мемлекет және адам

Құқықтық мәртебе (латынша status-орын, жағдай) –Республика азаматының
құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы). Республикадағы
әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы.
Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық
тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары,
белгіленген азаматтық құқықтар мен міндеттер тарайды. Азаматтық адамның
тууына байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына
байланысты пайда болады. Республика азаматтығын алудың негіздері мен
тәртібі, азаматтықтың сақталуы мен жойылуы конституциялық заңмен
белгіленген.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру
немесе Республика азаматтығынан шығу мәселелері Президент шешеді.
Біздің республика адам құқығы бұзылуының құрбандары болған шетел
азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға баспана беруге құқылы. Барлық
ұлттар мен ұлыстардың, жан-жақты дамуы және жақындасуы саясатымен
қамтамасыз етілетін барлық нәсілдер мен ұлттардың азамматтарының толық
теңдігіне кепілдік берілуі, азаматтардың патриотизм және интернационализм
рухында тәрбиеленуі, ана тілін пайдаланудың мүмкіндігі үлкен жетістік болып
табылады.
Республикамызды мемлекеттік тіл біздің тәуелсіз еліміздің егемендігіне,
атауына сәйкес, қазақ тілі сөзсіз. Негізгі Заңда ерекше көрсетілгендей,
мемлекеттік ұйымдарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс
тілі ресми түрде қазақ тілдерімен тең қолданылады.
Негізгі Заңда азаматтардың еңбек етуге, демалуға, білім алуға және
бұрыннан бар басқа да құқықтары сақталып қана қоймай, олар кепілдіктерін
жоғарылататын нақты жағдайлармен толықтырылып мазмұны тереңдетіле түсті.
Біздің мемлекетімізде азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтары,
мысалы, өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау сенімді де нақты
қорғалған.
Азаматтардың құқықтары мен ботандықтары олардың жеке мүдделерін
қанағаттандыратын адамдардың мемлекеттік істерге қатысуының тиімді құралы
ретінде де көрініс береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік құрылысы.
Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік құрылысы дегеніміз-
мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөліністерінің құрылымы,
қызметінің ұйымдастырылуы, құқықтық мәртебесі, олардың өзара қатынас
тәртібі. Конститутция ұлттық татулықты қамтамасыз ететін біздің еліміздің
барлық ұлттары мен ұлыстарының жан-жақты жақындасуын қамтитын ұлттық
мемлекеттік құрылыс принциптеріне сүйенеді. Ата заңымыз бойынша біртұтас
мемлекет-Қазақстан Республикасы-демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекеттілік құру жолында, Республикамыз-егемен мемлекет, яғни
оның жетекші, тәуелсіз, дербес билігі бар. Ол аумақтық үстемдікті жүзеге
асырады. Елдің ішінде тәуелсіз мемлекеттік билікке ие, басқа мемлекеттер
арасында өз бетінше дербес қатынасқа түсе алады.
Мемлекеттік билік пен басқарудың өзіндік жоғары органдары бар
Республика бүкіл ел бойынша біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясат
жүргізеді. Сонымен бірге, ғылыми-экономикалық прогрестің негізгі бағыттарын
және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың жалпы шараларын
анықтайды. Мемлекеттік билік пен басқаруды жоғары органдарының ғана
құзыретіне кіретін біртұтас мемлекеттік бюджеті және басқа мәселелерді
қарастырып бекітеді. Республиканың бірден-бір заң шығару қызметін жүзеге
асыратын ең жоғарғы өкілді органы Парламент болып табылады.
Негізгі Заңда Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретіне жататын
аса маңызды мемлекеттік мәселелердің жиынтығы көзделген. Жоғары өкілді
орган Конституция мен заңдарды қабылдап қана қоймай, ол республикалық
бюджетті бекітеді, ақша жүйесін анықтайды. Премьер-Министрдің
тағайындалуына келісім береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын
сайлайды. Бас Прокурорды тағайындайды, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін,өз
құзіретіне кіретін басқа да мәселелерді шешеді. Жергілікті мәні бар
мәселелерді шешуді жергілікті өкілді органдар жүзеге асырады.
Мәслихат депуттарын тиісті аумақта тұратын азаматтар төрт жыл мерзімге
сайлайды. Мәслихаттың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі,
депутаттарының саны және құқықтық жағдайлары заңмен белгіленеді.

3.Тақырып.
Әкімшілік құқықтың ұғымы.

Әкімшілік құқық- Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және
күрделі салалардың бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің
басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың
тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің
бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекетік
органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы
жауапкершіліктерін арттыру әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады.
Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігі қамтитын
мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы
қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық
және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымы адамдар
үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-
тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында
құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік- құқықтық
қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Қазіргі кезеңдегі әкімшілік-құқықтық негізгі проблемаларының бірі-
өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-
бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа
қатынастарын құру проблемасы отыр.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда Әкімшілік құқық- терминінің әртүрлі
анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық әдебиеттерде әкімшілік
құқық- тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал
жалпы түрде әкімшілік құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшын admіnіs tratіve faw)
ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару - өкім ету
қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық
саласы анықталған.
Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына
төмендегідей:
Біріншіден, әкімшілік құқық-құқықтың дербес саласы
Екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық
қатынастардың реттеушісі болып табылады.
Үшіншіден, әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы
мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды
адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын
(қалыптасатын), дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге
арналған.
Әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық
қатынастарды құрайды.
Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды түрде
міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-
құлық ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай
ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, басқару функцияларын жүзеге
асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық
тәртібін орнатады.
Мемлекеттік атқарушы органдары қатысушы болатын кез-келген қоғамдық
қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынастар
пайда болады, сондықтан да әкімшілік-құқықтық реттеуге жатады.
Қоғамдық қатынастарды әкімшілшік - құқықтық реттеудің механизмі.
Әкімшілік құқық өзінің пәнінің ең алдымен атқарушы субъектілерін олардың
конституциялық міндеттеріне толығынан сәйкес етіп ұйымдастыру мен
қызметіне, сондай-ақ реттелінетін басқарушылық қатынастарға басқа
қатысушылардың мінез құлқына белгілі құқықтық режим(тәртіп) орнатады.
Қазақстан құқығының бұл саласының атқаратын қызмет рөлінің негізгі
көрінісі, оның реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа- тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да,
реттелінетін басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары
мүдделерін қорғауды да қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция)
функциясы қосылады.
Сонымен, әкімшілік құқық - атқарушы билікті (тым кеңірек ұғым бойынша –
мемлекеттік-басқару қызметін) нақтылы жүзеге асыруға байланысты және сол
туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық
нормалардың жиынтығы болып табылатын Қазақстанның құқықтық жүйесінің
саласы.
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асыра отырып , басқару
қатынастарына, оларға қатысушылардың мінез-құлқына өз нормаларының
реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің
белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеудің әдістері болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны. Әкімшілік құқықтық қатынастар
– бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық
қатынастар, ондағыы тараптар әкімшілік - құқықтық нормаларымен
тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды
иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
1. Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа
тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады.
Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар
болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық
бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік
өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін
емес.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да басқару
органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша
пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың
пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші
тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келімінсіз де пайда болуы
мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан
ерекшелейді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік құқықтық
қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Осы
белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.
Тіке әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық реттеудің және
мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің
арасындағы байланыстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде
білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталынатынның дәл өзі.
Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеңберінде
тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады.
Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-
биліктік өкімі болмайды. Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқару саласында,
тікелей қатынастар сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық
қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген
қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза
отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с.),
қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді
бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып
табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар
құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен
қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда
жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам
оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны
тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе,
әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Құқық теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал
абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар.
Мысалы, ұсақ бұзақылық ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы
сол сияқтылар- осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана
қасақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар
абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін
бұзу, тағы сол сияқтылар.
16 жастан 18 жасқа дейінгі дамдар ӘҚБтК-тің 13-бабының екінші абзацында
көрсетілген(ұсақ бұзақылық, атылатын қарудан елді мекендерде және бұл үшін
бөлінбеген орындарда,немесе белгіленген тәртіптің ережесін бұзып ату,
полиция қызметкерінің немесе халық жасақшысының заңды өкіміне немесе
талабына қасақана бағынбау және с.с) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған
жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың (теріс қылықтың) құрамы.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың
практикалық маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылық барлық белгілері бола
тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз
болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы- нормативтік- құқықтық актілермен
бекітілген белгілердің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда
әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (элементтері) болып:
объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы табылады.
Құқық нормаларымен жағы, реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен
қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект
ретінде нақтылы нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар
болады.
Объективтік жағы әкімшілік құқықпен тийым салынған әрекетке немесе
әрекетсіздікке саяды. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе әрекетсіздік
көптеген құқық салаларымен (азаматтық, еңбек, қаражат және басқа ...)
реттелінген нақтылы қоғамдық қатынастарға қол сұғуы мүмкін.

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі белгілері.
Әкімшілік жауаптылық- заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті
органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық (теріс
қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрініс табады.
Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.
Сонымен бірге заңдық жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік
жауаптылыққа сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де
жауаптылықтың нақ осы сипатты белгілері бекітіледі.
Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктеріне тұтасынан алғанда
мыналар саяды:
1. Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе
олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады,
яғни оның өзінің нормативтік- құқықтық негізі бар.
2. Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.
3. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар
да болуы мүмкін.
4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.
5. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен
тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың
лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар (судьялар) қолданылады.
6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не
жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға -құқық бұзушыларға
қолданылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып
табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі
белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның
арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық
қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі;
осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен
реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара
міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық
нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар
әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара
байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда
жалпылық пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін
тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құқықтық
нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын
ерекшеліктері бар.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы
мүмкін: - қазақстан Республиксының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар;
мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары:
мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық
бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-
өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен
мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері
әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының
бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе
лауазымды адам болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары
мыналар: 1. Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің
басқа тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады.
Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы
мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің
арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік өкілеттіктері
болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да –
басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша
пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда
болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне
қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды
азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуі
тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олардың тікелей
міндеті екендігін ескеру керек.
3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша,
әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды
адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың тараптарын әкімшілік-құқықтық
қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының
жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан
уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда болады.
Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот
тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкіміліке-
құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық
қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың
ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша
топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес
тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.
Тіке әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық реттеудің және
мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің
арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді.
Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі
бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық
қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардың тепе-теңдігі
болмайтынын дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың заңдық-
биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы,
азаматта немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, басқарудың төменгі
органында).
Тіке түрдегі көптеген әкімшілік-құқықтық қатынастар олардың біріне-
бірі бағынышты емес қатысушысының арасында пайда болады. Алайды, бұл сияқты
жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзыретінің арқасында ұйымдық
жағынан оған бағынбайтын белгілі бір құқықтық қатынастың басқа тарабына
орындауға міндетті болатын заңдық актілер шығаруға құқылы. Мысалы,
министрліктердің біреуінің басқа министрліктерге, ведомстволарға және
азаматтарға міндетті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде
өкілеттіктері болуы мүмкін. Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың,
өрт қауіпсізідігінің мәселелері және көптеген басқалар болуы мүмкін.
Бұл сияқты қатынастарға барлық басқа әкімшілік-құқықтық қатынастарды
да жатқызуға болады, оларда тараптардың ұйымдық бағыныштылығы болмаса да,
бірақ бір тараптың басқа тарапқа қатысты заңдық билікті іс-қимыл жасауға
құқығы бар. Мұндай құқықтық қатынастардың қатарына бақылау-тексеру
органдары мен олардың тексеретін объектілерінің арасында пайда болатын
қатынастары жатқызуға болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардағы шын мәніндегі тікелікті және
тараптардың теңсіздігін өзінің құқықтық мазмұны бойынша иландыра
дәлелдейтін ең ауқымды белгі мынау: бұл түрдегі барлық тіке қатынастар бір
жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді.
Мұндай тәуелділік қандай да болмасын мәселені шешуге қажетті заңдық -
биліктік өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде
болатындығымен алдын ала айырылады.
Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеңберінде
тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады.
Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-
биліктік өкімі болмайды.
Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқар саласында, тікелік қатынастар
сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.
Көлбеу құқықтық қатынастар көпшілігінде тіке қатынастарға шарт
болатынын басқару тәжірибесі көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қандай да
болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу сатысында тараптар тең
құқылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы қатынастар
тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың және әкімшілік
құқықтың басқа субъектілерінің өзара қарым-қатынастарында кең орын алған.
Көлбеу түрі азамат пен басқару органының (лауазымды адамның) арасында
мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым
бергенде т.с.с. қалыптасатын қатынастарға тән.
Бірақ көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы тек заңды биліктік
шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрық шығарғанға дейін ғана көрінісін
табады. Осы кезеңнен бастап көлбеулік қатынасы тікелей мәні бар қатынасқа
айналады, мұнда тараптар енді жұмыстың шарты мен еңбек ақының мөлшерін
талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмысқа тұрған жеріндегі әкімшіліктің
заңды өнімдерін орындауға міндетті болады.

4.Тақырып.
ҚР Азамматтық құқық негіздері

Республикадағы мүліктік қатынастар саласында заңдылықты нығайту
ісіндегі ұйымдардың, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы
азаматтық заңдардың маңызы ерекшезор. Олар нарықтық қатынастардың сан-
салалы міндетерінің кең шеңберін орындайды, шаруашылық, меншік жүйесінің,
шарттық тәртіптің және т.с.с. нығаюына ықпал етеді.
Азамматтық заңдар өз реттеуіндегі қатынастар қатысушыларының теңдігін,
меншік қолсұғылмаушылықты, шарт еркіндігін қорғайды, азаматтық құқықтардың
кедергісіз іске асуын, қатысушыларының бұзылған құқықтарының қалпына
келтіруін, олардық сотта қорғалуын қамтамасыз етеді.
Азамматтық заңдармен реттелтін қоғамдық қатынастар азаматық құқықтың
пәнін құрайды. Азаматтық заңдар сондай-ақ, тиісті құқық салаларымен
реттелмеген жағдайда отбасылық, еңбек ресурстарды пайдалану және айналадағы
ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға да қолданылады.
Мүліктік қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарын, тұтыну заттарын және
өзге де материалдық игілікткрді иеленуге, пайдалануға және оларға билік
етуге байланысты қалыптасады.
Мүліктік қатынастарды баламалы-ақылы және ақысыз деп бөледі. Баламалы-
ақылы қатынастар айналымдағы заттың құнын өтеуге байланысты туындайды.
Бұлар – сауда-саттық, айырбас, тауар жеткізіліміғ, мүлікті жалдау түріндегі
және т.б. тауар –ақша қатынастары. Ақысыз қатынастар ақысыз (өтеусіз)
негізде құрылады, бұлар-сыйға тарту, өтеусіз пайдалану, мұраға алу,
проценнтсіз заем және т.б. қатынастар.
Азаматтық құқықтың пәні ретінде азаматтар мен ұйымдардың жеке-
адаралығын білдіретін мүліктік емес жеке қатынастар да танылады. Мүліктік
емес жеке қатынастарға, бір жағынан, тікелей мүліктік қатынастарға, екінші
жағынан, оларға мүлде байланысы жоқ қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар-азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін
және іскерлік беделін қорғау жөніндегі қатынастар. “Азамат немесе заңды
тұлға- өзіннің ар-намысына,қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың
шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сор арқылы теріске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Қауымдық-рулық құрылыс
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Мемлекет және құқық
Пәндер