Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау

Әдебиеттану – әлемдік әдеби үдеріс пен әдебиет дамуының ерекшеліктері мен
заңдылықтарын, көркем шығарманың күрделі табиғатын, болмыс-бітімін
зерттейтін маңызды ғылым салаларының бірі. Әдебиеттануға кіріспе пәнін
оқытуда әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшеліктерін
ашуға, көркем мәтінді талдаудың ғылыми ұстанымдарын теориялық тұрғыдан
пайымдауға мән беріледі. Қоғамдық сананың ерекше саласынан саналатын
көркемөнердің қасиетті бір тармағы – сөз өнері. Әлемдік әдебиеттің классигі
Оноре де Бальзактың: Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны және күрделісі
және ең жоғарғы түрі деген сөзіне ден қойсақ, сөз өнері туралы ғылымның
қаншалықты қиын да қызықты екеніне көзіміз жетеді. Өнер алды - қызыл тіл
деп таныған қазақ халқы сөздің қадірі мен парқын терең түсінген. Әдебиет
тарихы – атына заты сай, әр халық әдебиетінің көне дәуірлерден бастап
тарихи тұрғыдан қалыптасу жолын, даму ерекшелігін, ондағы әдеби бағыт,
ағымдарды, әдебиеттің дамуына үлес қосқан шығармашылық иелерінің әдеби
мұраларын зерттейді. Әдебиет тарихы әдебиеттің шығу тегін, өткен
дәуірлердегі даму үдерісін, әдебиеттің қалыптасу тарихын және жеке ақындар
мен жазушылардың шығармашылығын қарастырады. Сол себепті әдебиет тарихшысы
тек әдебиетті ғана терең біліп қоймай, сол әдебиетті тудырған халықтың
тарихын, мәдениетін, дәуірдің қоғамдық әлеуметтік жағдайларын жете танып
түсінуі қажет. М.Әуезовтің 1927 жылы жарияланған Әдебиет тарихы атты
оқулығы қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде үлкен ғылыми құбылыс болды. Ғалым
еңбегінде алғаш рет әдебиет тарихының ғылым ретіндегі міндеттерін белгілеп,
әдебиет тарихының қолданылу жолын айқындады. Әдебиет тарихы сол кезеңдегі
әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуына, әдеби-тарихи мұраларды
зерттеу ісіне айрықша үлес қосты. Алайда ол өткен тарихты дәріптеген зиянды
еңбек ретінде танылып, тек 1991 жылы ғана ғылыми айналымға түсті.
Әдебиеттанудың негізгі салаларынан өзге жанама тараулары бар.
В.В.Прозоровтың сөзімен айтсақ, олар - әдебиет ғылымының негізін құрайтын,
қызметін қамтамасыз ететін, тірек салалар. Олар әрі көмекші, әрі
фундаменталды салаларға жатады, себебі әдебиеттануға фактографиялық,
эмпирикалық сипат дарытады. Текстология (Мәтінтану) - әдеби шығармалардың
мәтінін зерттеу мен жариялау, талдау ұстанымдарын жинақтайтын филология
саласы. Әдебиет теориясымен, әдебиет тарихымен тығыз байланысты
текстология - аса ұқыптылықты, ыждағаттылықты талап ететін күрделі сала.
Негізгі мақсаты – көне мәтіндерді атрибуциялау, яғни әдеби шығарма
мәтінінің тарихын, жазылған уақытын, қай авторға тиесілі екендігін анықтау
ісімен қатар сол мәтіндердің мазмұнын талқылау. Текстология палеография,
библиография, археография, әдеби шығармашылық психологиясы деректеріне
сүйенеді. Әдебиет – арабша сөз өнері, асыл сөз, үлгілі сөз деген
сөзден шыққан, ал орысша литература деген атау латынның әріп, жазу-сызу
деген мағынадағы сөзінен тарайды. Еуропада ХҮІІІ ғ. бастап литература
термин ретінде қолданылып келеді. Әдебиет кең мағынасында жазылған және
қоғамдық маңызы бар мәтіндердің жиынтығы ұғымында да қолданылады. Қазіргі
кезеңдегі қолданыс аясы кең, яғни жазба мәдениет туындыларына байланысты да
(діни, философиялық, эстетикалық, деректі, техникалық, ғылыми мазмұндағы
және т.б. әдебиет) қолданылады. А.Байтұрсынұлы Әдебиет танытқыш атты
еңбегінде сөз өнеріне: Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен
келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша асыл сөз, арабша -
әдебиет, еуропаша – литература – деген анықтама береді. Ғалым ойын әрі
қарай сабақтай отырып: Бір нәрсе, я бір тақырып турасындағы пікірімізді,
яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол
сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп,
қисынын, қырын, кестесін келістіріп, сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару
болады– дейді. Историография (Тарихнама) - әдебиеттану ғылымының даму
тарихын зерттейді. Әдебиет тарихының, әдебиет теориясы мен сынының даму
тарихы турасындағы материалдар жинағы историографияны құрайды. Әдебиеттану
историографиясы арнаулы пән ретінде жете дамымаған. Алайда әдебиеттану
саласынан жазылған кез келген диссертацияда зерттеу тақырыбы бойынша барлық
сыни әдебиеттерге талдау жасалған арнайы бөлім болады. Бұл пән гуманитарлық
білім аясында жаңалық ашу мүмкіндігінің бар екенін (мысалы, М.Бахтин
ортағасырлық күлкі мәдениетінің тұтас әлемін ашты) және әдебиет тарихында
айтылған пікірлердің барлығы объективті емес, зерттеушілердің жеке
көзқарасына да тәуелді екенін мойындау мақсатында қажет. Библиография –
көркем әдебиет пен әдебиеттану ғылымы бойынша еңбектер мен зерттеулер
туралы ақпарат, мәлімет беретін ғылыми сала. Библиография – таңдаулы көркем
шығармалар мен әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен
анықтамалар, сілтеме, шолулар жиынтығы. Әдебиеттану ғылымы, оның ішінде сын
эстетикамен тығыз байланысты. Эстетика қоғамдағы көркемдік даму
тәжірибесінің теориялық жинақталуы болып табылады. Филология ғылымының
біріне жататын әдебиеттанудың тіл білімімен де байланысы терең. Филология
тіл және әдебиет деп бөлінеді де, тіл ғылымы фонетика, лексика, грамматика
деп жіктеледі. Әдебиеттану - әдебиет, сөз өнері жайлы ғылым болса, тіл
білімі – тіл жайындағы ғылым. Әрине, екеуі екі түрлі ғылым, мақсаттары да
түрліше. Тіл білімі сөз өнерінің құбылыстарын, адамның сөйлеу қызметіндегі
ерекшеліктерді, сол адам сөйлеген тілдегі даму заңдылықтарының
ерекшеліктерін көрсетеді. Әдебиеттану халықтың көркем әдебиетін, оның
мазмұны мен формасының даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейді.
Әдебиеттанудың зерттеу объектісі – көркем әдебиет ғана емес, көркем сөз
өнері, фольклор, халықтың ауыз әдебиеті. Әдебиет – жазумен шыққан ұғым.
Фольклорды зерттеу әдебиетті зерттеумен тұстас келді. Фольклорды хатқа
түсіргенде, оның нақтылығы, сол халықтың тіл ерекшеліктері, диалектілері,
фразеологиясы, ритмикасы мен айтылуы - бәрі де ескерілуі керек. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz