Құрылыстық бас жоспарды жобалау


Тақырыбы: Құрылыстық бас жоспарды жобалау
а) Жалпы нұсқаулар мен жобалау әдістері
Құрылыстық бас жоспарды жер үстіндегі құрылыстарға жасалынады. Құрылыстық бас жоспарды жобалауға бастапқы мәліметтер болып: құрылыс алаңының бас жоспары, құрылыстық күнтізбелік жоспар және жұмыста қолданылған әдістердің шешімдері кіреді. Құрылыстық бас жоспар бөлек параққа (А2) сызылады.
Құрылыстық бас жоспар салынатын құрылысты ұйымдастыру сапасын толық көрсетеді. Құрылыстық бас жоспарда құрылысшылар жұмысына қажетті жағдай жасалуын, жұмысты механизациялау, материалдар мен конструкцияны қабылдау, сақтау және оларды қоймада жинауды көздейді. Құрылысты су мен энергиямен қамтамасыз етуді қарастырады. Құрылыстық бас жоспарда салынатын ғимарат, уақытша қолданылатын ғимараттар мен жолдар, кран жолы, материалдар мен бұйымдарды сақтап жинауға арналған қоймалар, ерітінді мен бетонды қабылдайтын орын, уақытша қолданылатын су, канализация, электроэнергия жүйесімен қамтамасыз ету және алаңға жарық, өрт сөндіру гидранты, өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар орынын, құрылысшылардың демалатын орынын, құрылыс алаңын қоршау, алаңға «»кіретін және шығатын орын, қауіпті зонаның шекарасы сызылып көрсетіледі.
Құрылыстық бас жоспарды сызу масштабы 1:200; 1:400; 1:500; 1:1000; 1:2000.
б) Құрылыстық бас жоспарды және шартты белгілерін сызып көрсету (интерактивті және сынып тақтасына)
Құрылыстық бас жоспар парағының
Компоновкасы
б) Құрылыстық бас жоспарда қолданылатын шартты белгілер
кесте1
Шартты белгілер мына кесте түрінде сызылып жазылады.
Құрылыстық бас жоспарды сызып отырып, шартты белгілерге анықтама беру.
Жобаланатын ғимарат
Жобаланатын ғимарат -жылыту жүйесінде сызылған бас жоспар бойынша орналасады. Оны орналастыру ерекшеліктері: жел өрнегіндегі желдің соғу бағыты бойынша; құрылыстық бас жоспардың ортасына жобалануы қажет.
Кран қозғалысының жолы
Кран қозғалысының жолы - жобаланатын ғимараттың биіктігіне байланысты кран жолы көрсетіледі. Бұл схемада екі түрлі кранның жолы көрсетілген, мұнаралы және жебелі кран.
Жебелі кран
Крандардың қозғалысы көрсетіледі. Егер, кран мұнаралы болса, онда ол жобалатын ғимараттың бір жағына ғана қойылады. Ал, жебелі кран болса онда ол, жобалатын ғимараттың периметрі бойынша қозғалып жүреді.
Ашық қойма мен ерітінді, бетон қабылдайтын орын
Ашық қойма мен ерітінді, бетон қабылдайтын орындарды кран орналасқан тұсқа қарай жобалайды.
уақытша қолданылатын қоршау
Уақытша қолданылатын қоршауды құрылыс жүріп жатқан аумаққа қолданылады. Егер құрылыс елді мекенге орналасқан болса, онда оны айналдыра қоршап тастайды.
Уақытша қолданылатын жолдар
Құрылыстық бас жоспарда уақытша жолдар жүктерді тасымалдау үшін қажет. Жол құрылыс алаңында шеңбер тәрісздес болғаны жөн, машиналар бұрылатын алаң қарастырылады. Жолдың ішкі алаңдық дөңгелену радиусы тасымалдау көлігінің өлшеміне байланысты, R=20-30м; Бір жақты айналым жүріс болса, жолдың ені 3-4 м, ал екі жақты айналым жүріс болса 5-8 м;
Жол белгісі «Бөгде адам кіруге болмайды»
в) Кестелердегі графаларды толтыру
1-і графа. Жұмыс көлемін есептеу тізімі бойынша реттік сандар жазылады.
2-і графа. Жұмыстардың істелу реті бойынша толтырылады.
3-і графа. СНиП ІV-2-82-ң кестесінің номері, графасы жазылады.
4-і графа. СНиП-тегі өлшем бірлік жазылады.
5-і графа. Өлшем бірлікке байланысты жұмыстардың жалпы есептелген көлемі толтырылады.
6-7 -ші графа. СНиП ІV-2-82-ден алынған сандар жазылады.
8-ші графа. 5-ші және 6-шы графаларды көбейтіп, 8 сағатқа бөліп жазамыз.
9-шы графа. 5-ші және 7-ші графаларды көбейтіп, 8 сағатқа бөлеміз.
10-шы графа. Жұмыстың түріне байланысты бригададағы жұмысшылар саны ЕНиР-ден алынады.
11-ші графа. Тәуліктегі айналым саны жазылады.
12-ші графа. Жұмыстардың еңбек сиымдылығына қарай 8-ші немесе 9-шы графаны 10-шы және 11-ші графаға бөледі.
ІV. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі /41мин/
1. Әрбір оқушы өздерінің жұмыс көлеміне байланысты еңбек сиымдылығы мен машина қажеттілігін есептеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz