Картографиялық проекциялар туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

МІ және Г кафедрасы

№3 Зертханалық жұмыс

Пәні: Картография

Тақырыбы: Картографиялық проекциялар

Орындаған: Наралов. Б

Тобы: ЦАФ - 19-3

Тексерген: Жумадилова. Д

Қарағанды 2020

Картографиялық проекция [1], картографиялық кескін - Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды , тең бұрышты , тең аралықты және еркін проекциялар .

Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.

Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.

Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель - немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.

Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.

Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік , конустық және азиммуттық деп бөлінеді.

Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.

Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.

Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.

Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты - математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.

Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын 6 - I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция - жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б. з. XVI ғасырында Г. Меркатордың, XVII - XVIII ғасырларда Р. Бонның, Д. Кассинидің, И. Ламберттің, Л. Эйлердің, Ж. Лагранждың XIX ғасырда К. Гаусстың, А. Тиссоның еңбектерінде дамыды. КСРО картографтары В. В. Каврайский, Н. А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.

Проекциялардың жіктелуі:

Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар.

Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.

Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.

Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель - немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бұрмалануы соншалықты байқала бермейді

Кесте 3. 1 - Проекцияны анықтауга арналған нұсқалар

Нұсқа
Картографиялық
торлардың
қосымша
нөмерлері
Нұсқа: 2
Картографиялық: 5
торлардың: 37
қосымша: 21
нөмерлері: 25
: 15
: 29

Проекция 25

C:\Users\User\Desktop\c0cc01c9-13b1-4e55-a57b-9376c9918d26.jpg

Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді
Проекцияның атауы
Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі: Карта рамкасының формасы-дөңгелек, тор-тіктөртбұрыш
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді: Параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан жаққа бойлық бұрышта түзу сызық болып тарайды
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді: Ортаңғы нүктеге қарай кішірейеді
Проекцияның атауы: Азимуттық проекция

Проекция 21

C:\Users\User\Desktop\655e4d87-8f21-4c8a-9ea3-eab375764a22.jpg

Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді
Проекцияның атауы
Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі: Карта рамкасының формасы-дөңгелек, торлары-доғал
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді: Меридиандар мен параллельдер қисық
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді: Меридиандар мен параллельдер бір нүктеге қарай сығылады
Проекцияның атауы: Целиндерлік проекция

Проекция 37

C:\Users\User\Desktop\91c00cdf-7013-44b7-b0d2-4c35be531d65.jpg

Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді
Проекцияның атауы
Карта рамкасының формасы немесе тордың барлық түрі: Карта рамкасы мен тордың формасы-тіктөртбұрыш.
Меридиандар мен паралельдер қандай сызықтармен белгіленеді: Меридиандар мен параллельдер түзу
Тік меридиандар параллельдер бойынша экватордан алыс аралықтар қалай озгереді: Қатты созылады 0 ˚-90 ˚дейін
Проекцияның атауы: Тең бұрышты проекция

Проекция 15

C:\Users\User\Desktop\6ae5756c-9673-4124-8341-ac61b5873969.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Туристік карталардың қасиеттері мен негізгі элементтері. Математикалық негіз
Гаусс Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаттар
Проекциялардың жіктелуі мен дамуы
Картографиялық проекция түрлері
Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар
Картогафиялық проекциялар
Топографиялық карталардың торлануы мен номенклатурасы
Картаграфиялық генерализация
Тахеометр.Электронды тахеометрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz