ЖУСАН ОПЕРАЦИЯСЫ - ОРАЛҒАН ОТАНДАСТАР БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ОРНАТУ ПРОЦЕСІ
ЖУСАН ОПЕРАЦИЯСЫ - ОРАЛҒАН ОТАНДАСТАР
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰ - РАҚ - ТЫ - ЛЫҚ - ТЫ ОРНАТУ ПРОЦЕССІ
ОПЕРАЦИЯ "ЖУСАН" - ВЕРНУВШИЕСЯ СООТЕЧЕСТВЕННИКИ ПРОЦЕСС УСТАНОВЛЕНИЯ МИРА И СТАБИЛЬНОСТИ
OPERATION "ZHUSAN" - RETURNED COMPATRIOTS
THE PROCESS OF ESTABLISHING PEACE AND STABILITY
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Автор туралы: САБИРА БАЗАРБАЙ ҚАЙНАРҚЫЗЫ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының магистрі

Об авторе: САБИРА БАЗАРБАЙ ҚАЙНАРҚЫЗЫ
Магистр Казахского национального университета имени аль-Фараби, кафедра ЮНЕСКО, международной журналистики и медиа в обществе
Аbout the autor: Bazarbay Sabira Kainarkyzy
master of Kazakh National University named after al-Farabi, UNESCO Chair in International Journalism and Media in Society
Аннотация: Бұл мақалада "Жусан" операциясы туралы және қақтығыс болған аймақтардағы біздің отандастарымыз туралы айтылады. Арнайы операцияның көмегімен олардың елге оралуы және саяси экстремизм мәселелері қозғалды.
Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары, террор, терроризм, ықпал, ақпарат, қауіпсіздік, бақылау, қорқыныш, әрекет, ұйымшылдық.
Аннотация: В этой статье рассказывается об операции" Жусан " и о наших соотечественниках из регионов, где произошел конфликт. С помощью спецоперации были затронуты вопросы их возвращения в страну и политического экстремизма.
Ключевые слова: медиа, террор, терроризм, влияние, информация,
безопасность, контроль, страх, действия, организация.
Аbstract: This article tells about the operation" Zhusan " and about our compatriots from the regions where the conflict occurred. The special operation addressed issues of their return to the country and political extremism.
Keywords: media, terror, terrorism, influence, information, security, control, fear, act, organization.
Жусанның түрі де, қасиеті де көп. Жоғалу қаупі бар болғанымен, елімізде жусан жетеді. Туған ауылымыздың ауасын жусан иісімен байланыстыратынымыз да содан...
Жусан - қазақ даласының символы іспеттес өсімдік. Елден жырақ кетсең иісін сағынасың. Ал аузыңа салсаң ащы дәмі өзекті өртейді... Сондықтан отандастарымызды елге қайтару операциясының Жусан аталуы да тегін емес. Елден жырақ жүріп жусанның иісін сағынғанымен, өмірдің ащы дәмін татып үлгерген.
Алайда тәуелсіздігімізді бәрінен жоғары екенін түсінген қауым үшін ең қымбаты - Адам. Адам өмірі. Өз кезегінде Жусан операциясы мемлекеттің өз азаматтары үшін жауапты екенін көрсетті. Дін атын жамылып, қақтығыс болған аймақтан өз азаматтарын алдыру жауапкершілікпен қоса, батыл әрекет. Батыл деп айтатын себебіміз, әлемнің дамыған мемлекеттері Сириядағы өз азаматтарын қабылдау немесе олардан бас тарту жөнінде әлі де нақты қадамдарға барып жатқан жоқ. Ал біз, нақ осы Сирия мәселесі бойынша БҰҰ-ның Женева -- 3 деп аталатын бейбіт келісімге келу отырыстарынан кейін, Астана -- бейбіт келіссөздер алаңын ұйымдастыра алдық [1].
Елорда төрінде Сирия билігінің өкілдері және оппозиция (Джейш аль-Ислам) мен Иран, Түркия, Ресей біріккен келіссөздер жүргізілді. Осының нәтижесінде отандастармызға демилитирациялық аймақтар құрылды. Басты мақсат адамдардың өмірі және қауіпсіздігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиевттің мәліметінше, Сириядан қайтарылған азаматтар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Олар елден 2012-2015 жылдар аралығында кеткен. Ал Қазақстанға оралған балалардың әкелері түгелге дерлік соғыс жағдайында опат болған.
Халықаралық радикилизацияны зерттеу орталығының 2019 жылғы деректері бойынша, ДАИШ тың қатарына әлем бойынша 41 490 адам қосылған. Олардың 13 пайызы әйелдер, оның ішінде 4600-дей жасөспірім мен бойжеткен бар. Олардың басым көпшілігі еуропалықтар. Алайда Еуропа өз азаматтарынан бас тартуда. Орта Азия елдері арасында Қазақстан алғашқы болып Сирияға кеткен азаматтарын қайтарды. Жақында ғана Тәжікстан да өз азаматтарын елге алып келді.
2019 жылдың 9 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Жусан-1 арнайы операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралды. Ал 7-9 мамыр аралығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен Жусан-2 операциясы жүзеге асып, Сириядан 231- Қазақстан азаматы, оның ішінде 156 бүлдіршін елге қайтарылды. Соның ішінде 18-і жетім балалар, 59 әйел [3].
Кейіннен Жусан-3 операциясының аясында 28-31 мамырда Сириядан елге 67 әйел, 171 бала жеткізілді. Бұл туралы 31 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Төртінші кезеңде елге 71 адам қайтарылды: 3 ер адам, 19 әйел, 49 бала Осылайша Сириядан елге жалпы 595 адам қайтарылды: 33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім). Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, елге оралған барлық әйелдер мен балалар оңалту және бейімдеу курстарынан өтті. Террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін 45 ер мен 12 әйел адам 10 жыл мен 17 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Барлығы делік лаңкестердің арбауына еріп, сотта қателік жібергенін мойындады. Абақтыға қамалсақ та өз еліміздің түрмесінде, туған топырағымызда жазамызды өтейміз, деп оқ пен оттың арасынан алып шыққан мемлекетке ризашылығын білдірді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде - мына адамдарды біз мемлекет ретінде көмек көрсетіп, бізге достық қарым қатынасы бар елдердің көмегімен Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz