Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар


Кіріспе
Өңеш . Өңеш - ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады
Ас қорыту жүйесі (көне грекше : systema digestoria; көне грекше : systema - бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria - асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалықлық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum - қуыс; or -ауыз; грек, stoma - ауыз қуысы) - ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін - ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін - есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын - жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын - күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын - оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын - оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін - қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
II. Негізгі бөлім.
2. 1. Өңеш дивертикулы
Өңеш дивертикулы - ағза қабырғасының көкірек қуысына мөшек тәрізді кеңейіп, шығып тұруы. Өңеш дивертикулы жіктелуі
Пайда болуына байланысты:
- Туа пайда болған.
- Жүре пайда болған.
Даму механизмі бойынша:
- пульсионды,
- тракционды.
Орналасуына (локализациясына ) байланысты :
- жұтқыцншақ - өңештік (ценкеровский)
- бифуркационды.
- Диафрагма үстілік
Құрылымына байланысты
- нағыз
- жалған
Өңеш дивертикулы патогенезі.
Пульсионды өңеш дивертикулы өңештің қабырғасының кеңеюінен (выбухание) пайда болады. Оның себебі өңеш ішілік қысымның әртүрлі себептерге байланысты жоғарылауы.
Тракционды өңеш дивертикулы өңештен өспе тәрізді құрылымның өсіп шығуымен түсіндіріледі. Ол негізінен Ол негізінен қабыну әрсеінен болып, өңеш пен басқа органдар (лимфа түйіндері, өкпе түбірі, трахея бифуркациясы) арасында орналасады.
Жұтқыншақ - өңештік және диафрагма үстілік дивертикулдар негізінен пульсионды болып келеді. Себебі олардың пайда болуы өңештің төменгі және жоғарғы сфинктерінің қысымының жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал бифуркационды дивертикулдар болса, тракционды түрде дамиды.
Нағыз деп қабырғасы барлық өңеш қабырғасынан құралған дивертикулды айтады. Ал жалған деп бұлшық ет қабаты жоқ дивертикулдарды айтады.
Өңеш дивертикулы клиникалық
Жұтқыншақ - өңештік дивертикулдар ұзақ уақыт бойы еш көрініс бермей келуі мүмкін. Көлемі үлкейген сайын, оның қуысына тағам түсіп, ол өңештің өзін қысып, дисфагияны (тағам өтудың қиындауы) шақырады. Сонымен қатар, ауыздан жағымсыз иіс шығу да байқалады. Мойын аумағына кездесетін үлкен көлемді дивертикулдарда эластикалық томпаю байқалады. Оған басып қысым түсіретін болсақ, қыжылдау байқалады. Сирек жағдайда ентігу, жүрек соғысының жылдамдауы, мойын веналарының кеңеюі, дауыстың өзгеруі, Хорнер синдромы көрініс береді. Бифуркационды және эпифренальді дивертикулдардың кіші көлемдері негізінен еш симптомсыз өтеді, оларды рентген түсірілімінен анықтайды. Көлемі үлкейгенде төс сүйегі артында және белде ауырсыну, гиперсаливация (сілекейдің көп бөлінуі), кекіру пайда болады.
Дивертикулдың асқынуына дивертикулитті жаткызады. Ол өз кезегінде дивертикулдың перфорациясына (тесілу) алып келіп, көкірек қуысында ішіндегі ішіген тағамның төгілуіне себеп болады. Мұның әсерінен медиастинит (көкірек аралық қабынуы) туындайды. Сонымен қатар өңештік- респираторлы жыланкөздер пайда болады. Дивертикулит себебінен қан ағу туындайды. сип Сирек жағдайда дивертикул перфорациясы жоғары қуысты венаға, өкпелік артерияға, аортаға шығып, өмірге қауіп тудыратын қан ағуға алып келеді.
Емі: өңеш дивертикулы кезінде консервативті ем асқынбаған дивертикул және операцияға қарсы көрсетілімдер болғанда жүргізіледі.
2. 1. Өңеш. Өңештің қызметі мен дамуы.
- Моторлық - эвакуаторлық.
- Секреторлық - тамақ түйірінің өтуін жеңілдететін шырын өндіру
- Тосқауылдық - қорғаныштық
Дамуы. Өңештің эпителиі - алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады. 4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайыла өскен эпителий жасушалары әрі қарай ыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы да ашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте бірте құрамында гликогені бар жазық жасушалар алмастырады. 6 - шы айдан өңештің эпителиі коп қабатты жазық болады.
Өңештің құрылысы. Өңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықшы мен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді. Өңештің шырышты қабықшасы эпителийден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған.
2. 2 . Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар.
Ауыз уылуы (стоматит) - ауыздың кілегей қабығының қабынуы.
Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; ауыз кілегей қабығының күлбіреуі, ауыз ойылуы. Стоматиттің талауранған түрі жиірек, күлдіреген, күлбіреген,, жаралы, қабыршақтанған іріңді түрлері сирегірек кездеседі. Негізі стоматит механткалық, биологиялық, химиялық факторлардың әсер етуінен пайда болады.
Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда жануарлардың қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.
Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады, тағам шайнаудан қалады, аузынан сілекей ағады, дене қызуы көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған жануарлардың тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды.
Ауыздың уылуы.
Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына мал күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.
Айқындалуы -ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда малдың тамақтануы, жұтуы қиындайды, малдар тамақтан бас тартады, мазасы болмайды, тез шаршайды.
Емі:
1. 2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен жануарлардың аузын тазалау керек.
2. Жануарларга саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру. Ветеринариялық дәрігерге көрсетіп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет.
Гастри
т-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.
Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық) .
Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады - енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады. . Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн. Диагностикасы:
1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері) .
2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар) .
3) Клиникалық белгілері.
4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату
диагностикасы.
ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ [грек. gastr (gastrs) - асқазан, қарын, nteron - ішек және lgos - ілім] -асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, аурулары (көбінесе, жұқпайтын), олардың себептері, патогенезі (дамуы), белгілері, оларды анықтау, емдеу және олардан сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. ғылым ретінде гепатология, проктология бөлініп шықты. Ас қорыту органдарының аурулары ерте заман ғалымдарына да белгілі болған. Мыс., асқазанның ойық жара кеселі, оны емдеу жолдары Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) еңбектерінде де кездеседі. Гастроэнтерология ғылымы 19 ғ. -дың аяғы мен 20 ғ-дың басында кеңінен дамыды; асқорыту қызметін реттейтін гормондар (гастрин, секретин, холецистокинин) ашылды, асқазанның гастрит, ойық жара, қарын рагін тудыратын H. pylorі микробының және созылмалы гепатиттің қоздырғыштары - А, В, С, D, Е, G вирустары терең зерттелді. Қазақстанда Гастроэнтерология саласындағы зерттеулер 1931 ж. басталды. Гастроэнтерология республикадағы ғыл. мед. орталықтар, мед. ин-ттар мен ун-ттер, академияларың тиісті бөлімдері, кафедралары шұғылданады. Хирургиялық Гастроэнтерология (М. Әлиев) зерттелуде. Асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларын “Сарыағаш”, “Ақсай” минерал суымен емдеу тәсілдері табылды (И. Г. Железников, З. И. Одинец) . Әр түрлі кәсіби топтарға жататын адамдардың ішек-қарын ауруларына шалдығу себептері, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану жолдары зерттелуде (Г. И. Белоруская, М. Бердіхожин) . Ұйқы безі, өт шығару жүйесі дерттерін анықтауға мүмкіндік беретін рентгенол. зерттеулер дами түсті (С. Түсібеков) . Өңеш пен ішек-қарынның, өт жолы мен ұйқы безі түтіктерінің сырқаттары эндоскоп арқылы, асқорыту жүйесі радий-изотоп, ультрадыбыс әдістерімен зерттелетін болды. Асқорыту жүйесі ауруларын анықтауда гистол., гистохим., гастро-энзимол., иммуноморфол. әдістер, электрондық микроскоппен зерттеу әдісі кеңінен қолданылады (Н. И. Колычева, Е. Л. Зумеров) . Өңеш қабынуын емдеу, одан сақтану тәсілдері ұсынылды (Р. Бектаева, т. б. ), асқазан, ішек ауруларының патогенезіне қарай емдеу әдісі табылды (А. Жанғабылов), бауыр, өт жолдары ауруларының паталогиялары зерттелуде (Л. К. Пальгова, т. б. ) .
Асқазан, 12-елі ішек жарасы .
Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын, рецидивті өтетін созылмалы ауру.
Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.
Клиникалық формалары:
І. Жараның орнына байланысты:
1. Асқазан жарасы
2. 12-елі ішек жарасы.
3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.
ІІ. Асқазанның секроторлық қызметіне байланысты:
1. Қышқылдығы қалыпты
2. Қышқылдығы жоғары.
3. Қышқылдығы төмен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz