Сәлемдесу түрлері


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қол алысу шарттары
2. 2. Амандасу (Сәлемдесу)
2. 3. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
2. 4. Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
ІІІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Екі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу - Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екінші мұсылман ризашылық пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл - шариғатта «фарз айнға» жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : «Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар» - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз.
Сәлемдесудің абзал түрі:
«Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ».
Оған қайтарылатын жауап:
«Уа алейкум сәләм уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ».
Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың. Сәлемдесу - Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) сүннаті.
Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол - «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік.
Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол - «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік.
Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.
Әйелге ер адам, бастығына қызметкері, жастар үлкенге ең бірінші сәлем береді. Амандасқанда біреуге басыңызды иіп, иығыңызды қозғап, қолыңызды көтеріп, көзіңізді қысып, ерсі әрекет жасамаңыз. Егер де сәлем берген кісіңіздің құлағы естімесе, оған сәлеміңізді ымдап түсіндіруіңізге болады.
Сәлем беруде берік ұстанатын қағидалар:
- Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем бермей өтпейді.
- Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
- Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді.
- Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді.
- Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады.
- Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.
- Кешке не түнде үйге кірген адам: «Кеш жарық!» деп сәлемдеседі.
Қандай жағыдайда салемдесуге тиым салынады:
- Әжетханада отырғанда.
- Ер мен әйел жұптасып жатқанда (байқамай не кездейсоқ арттарынан барсаңыз) .
- Ұйықтап жатқан кісіге.
- Моншаға түскенде.
- Аузыңызда ас шайнап орырғанда.
- Дұға оқып отырған кісіге
- Азан шақырып тұрғанда.
- Құран оқып отырған кісіге.
- Тілек айтылып бата беріліп жатқанда.
- Күнде көрісіп ждүрген адамдармен амандаспайды.
Қол алысу шарттары
Егер өзіңмен туған аға - қарындастарың, некелі әйелің болмаса, басқа әйелдермен бет сүйістіріп, қол алысып амандасудың қажеті жоқ. Егерде қадірлі кісімен қол алысып амандасқаннан кейін оның қолынан сүйіп, құрмет көрсетсеңіз еш айыбы жоқ. Туған - туыстарың, бауырларың, жора - жолдастарың ұзақ сапардан қайтып оралса, не болмаса оларды белгілі себептермен ұзақ көрмесең құшақтасып, бет сүйістіріп көрісуге болады. Солардың ішінде жас балалардың бетінен, маңдайынан сүйу айып емес. Алайда ересек адамдардың (соның ішінде ер кісілердің) бір - бірімен сүйісіп амандасуы - ерсі саналады.
Қызымет орнына не болмаса бөлмеге келген адаммен ер кісінің түре келіп амандасуы жеткілікті.
Ата - ене күйеу баласының, келінінің маңдайына ерін тигізбей, жеңгесі қайын сіңілісінің, апалы - сіңілілер бір - бірінің бетінен сүйіп құшақтасып көріседі. Ислам діні адамдардың өзара сәлемдесуіне айрықша мән берген. Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 86 аятында былай делінген: «Егер сізге сәлем берілсе, сіз одан жақсырақ болмаса да тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз». Ал енді Мұхаммед (с. ғ. с) пайғамбардан: «Исламның ең жақсы сипаттары қандай?» деп сұрағанда ол: «Аштарға тамақ беру, танитын, һәм танымайтындарға сәлем беру» деп жауап қайтарыпты.
Амандасу (Сәлемдесу)
Амандасу (сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тобының, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнына белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптаға адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, олрға жақындай алмаған. Ал егер ол қолын қайырым ретінде созса, онда бір тізерлеп жерге отырып, бай немесе сұлтаннаң қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам қолын қыспай кеудесіне қойып, басын иген. Хан немесе лауазымды әмірші өзіне сәлем берген қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, силастығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кездестірсе, онда жолда тоқтай қалып, оның өтіп кетуін күтуі қажет те, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлемдесуі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде көбіне тізесін бүгіп: «Алдияр тақсыр!» деп сәлемдерін берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың артынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталған.
Дәрежесі тең, бірақ жақын емес адамдар бір - бірінің қолдарын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер - адамдар) бір - бірімен екі қолдарын беріп және содан соң, екі жаққа алма кезек иықтарын тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір - бірінің кеуделерін қысып құшақтайды. Әйелдер де кездескен кезде сәлемдесу әдептерін сақтау тиіс. Әлеуметтік жағыдайлары тең әйелдер қауымы ешқашан қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді) тек бірі екіншісіне жай ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдері мен қарапайым лауазымы жоқ әйелдер кездесіп қалса, төмен санаттағы әйелдер жанарларын төмен түсіріп, иіліп сәлемдесуі керек.
Қазақтар бір - бірімен жолыққанда бір - бірінен «Мал жан аман ба?» деп хал - жағыдай сұрасқан. Олай сұрауы олардың тұрмыс - тіршілігі, күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы болып саналатын төрт түлікпен тікелей байланысты болуы.
Осылай сәлемдескеннен кейін ризашылықпен кішіден «Мал - жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал - жаныңыз аман ба?» - деп жауап қайтарады. Қазақ халқы «Жақсы сөз жарым ырыс» деп ырымдап әрқашан «жақсы» деп айтып жүрген. Ерлер арасындағы мұндай сәлемдесулер әйелдергеқатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», - деп амандасу жеткілікті. Далада бір топ қазақтар ат үстінде отырған екінші қазақтармен кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп оң қолын созып амандасып, сол қолын сәлемдесушінің оң иығына қойған. Сәлемін қабыл алған екінші жақ «Уағалейкүмсалам» деп жауап қайтарған.
Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үй жанынан ат үстінен түседі. Үй алдынан үй егесі шығып, аман - саулық сұрайды. Әйел адам үй ішін реттеп, кілем - сырмақтарын төрге төсеп қояды. Келген мейманның өзі киіз үйге кіргенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлемін беріп кіреді. Тіпті баспанада адам жоқ болсада немесе әйелдер отырған жағыдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңыраққа сәлем беру әдеті қалыптасқан. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарын көрген кезде екі қолын бірін - біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап иілетін болған. Үлкендер келін сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!», - деп жауап қайтарған. Бұл дәстүр келіннің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдірген.
Жаман ырым болып саналатындықтан, ауылда атпен алыстан асығып шауып келуге болмайтын. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» - деп дауыстайды . Үш қайталаудан кейін жауап қайтпаса қонақты қабыл алмауы деп есептелген. Үй иесінің шақыруымен үйке кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Амандасып, жөн сұрасып болған соң, қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлем - арабшадан бейбітшілік, тыныштық мағынасын білдірген. «Сәлем - сөздің басы» - дегені де сондықтан. Тегінде әдептілік, сыпайылық сәлемдесуден басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жетпес зор игілігі - сәлесдесуі. Оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебиетінің қалыптасуында, педелердің барлығы бір - біріне жылы мейір мен кеңпейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындастықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір - бірімен тата - тәтті, сыйласып өмір сүреді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу құраған.
Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті - қолдарын жуып келіп, ата- анасына, отбасы мүшелеріне сәлем беруге дағдыландыру керек. Адамның әрбір іс - қимылы таңертеңгі сәлемінен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатындығын түсіндіру қажет. Қазіргі кезде сәлемдесу түрлері өте көп. Алайда балаға тек «Ассалаумағалейкүмды» үйретіп қана қоймай, бір міндеттен құтылғандай болмай, мән мағынасын жетік түсіндіру қажет. Амандасудың әдеп ретіндегі алға шарты - жылы шырай таныту. Онда сәлем беруші мен алушының қас - қабағы, бет - жүзі құбылысы, дауыс ырғағы маңызды әрі жауапты қызмет атқарады. Дұрыс амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол амандасумен қатар үлкен сәлемдесу салтанатты өткізіледі. Назарларыңызға әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерін ұсынамын.
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының «хонги» сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір - бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын сүйкелеп амандасады. Мұрынмен сүйкелесу арқылы олар «ха» рәсімін жүргізеді. «Ха» рәсімі тәңірге құлшылық ету.
Жапония
Жапония халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Олар бір - бірін көрген кезде иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде жерге тізерлеп отырып, жерге қарай иілуі керек.
Кения
Кенияға сапар шеккен жандар маи тайпасын кездестіреді. Маи тайпасының халқы бірін - бірі көргенде, билей бастайды. Бұл арқылы олар бір - бірімен амандасады. Сөйлесу биі «адаму» деп аталады. Билеген кезде шеңбер жасап, секіре бастайды.
Гренландия
Гренландия сияқты эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімі бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екенші адамның бетіне немесе қолына тигізеді де терең дем алады.
Қытай
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарын бүгіп, иілу қажет, Әйел адамдардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz