Білім философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. ] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2) білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1) Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2) Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3) Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1) білім берудің технологияларының өзгеруі; 2) білімнің көлемінің өсуі; 3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау - оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру - бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны.

2. Оқушылардың қүзыреттілігі мынадай үш деңгейде ажыратылады: - Базалық құзыреттілік - Түйінді құзыреттілік - Пэндік кұзыреттілік Мұндағы базалық қүзыреттілік білім салалары мен оқу пәндері деңгейінде оқытудың эрбір сатысы үшін нақтыланады. Базалық жэне түйінді қүзыреттілік қүндылық-бағдарланған пәндік ақпараттық, іс-әрекетгік коммуникативтік сияқты түлғалық маңызды іс-әрекетте керініс табады. Түйінді кұзыреттіліктің интегративті сипаты бар, өйткені олар мэдениет пен іс-әрекеттің кең ауқымына жататын. Пәндік құзыреттілік оқу пәндері шеңберінде қалыптасады жэне нақты сипатталады. Бүгінгі таңда мектептегі білім берудің мақсатын кайта қарап, ұғыну, мұғалім мен оқушы жұмысының мазмұны мен формаларының түбегейлі өзгеруі, білім беру процесінің субъектілері арасындағы өзара қарым -қатынастардың сипатының өзгеруі болып отыр. 12 жылдық білім беруге, білімнің жаңа сапасына бейімделген жаңа стандартгар дайындалып, оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасалып жатыр. Білім, іскерлік, дағды, қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер жэне элеуметтенудің нэтижелері ретіндегі білім берудің жаңа нэтижелері барлық білім салаларында, оқу пәндерінің мазмұнында көрініс тапқан.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасывда 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру мақсаты айқындалған

Білім білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі қүзыреттіліктердің, әлеуметтік дагдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсатгарына жету үшін ішкі жэне сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін қүзырет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру нәтижелері түріндегі -проблеманың шешімін табу қүзыреттілігі; ақпараттық қүзыреттілік; коммуникативтік кұзыреттіліктер жиынтығы.

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі элемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр

Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықгың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше үмтылуымыз қажет. Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12-жылдық білім жүргізілуде. оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Финляндия. ТМД елдерінен Украина, Өзбекстан, Балтық мемлекетгері көшті. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шыгармашылыққа бейім, құзыретті жэне бәсекеге қабілетті тұлганы қалыптастыру. 12 жылдық білім беру ерекшелігі: • Білім беру парадигмасының өзгеруі: Білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу. • Оқушылардың денсаулығын сақгау проблемасы • Оқушы түлғасын элеуметгендіру • Білім сапасын арттыру • Отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сэйкестендіру: Білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәні және оның қызметі
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Екінші позитивизм
Даналыққа құштарлық және философиялық пікірлер
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бірлік философиясы
Қазақ философиясы тарихын логикалық-құрылымды кестелер арқылы оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz