Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Жүргізуші : Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсанатты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Кешімізді бастамас бұрын эдвайзеріміз Айтжанова Эльмира апайға сөз кезегін береміз.
Тәуелсіздіктің түп - тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Дүниені дүр сілкіндірген оқиғаның барысын еске түсірсек:
Пәзілбек Айдана:
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан арманы болған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсан күні қолы жетті. Бірақ бұл сырттай қарағанда Кеңес Одағының шаңырағынын өздігінен опырылып құлауымен оп-оңай келген жеңіс сияқты көрінгенімен, мұның артында қазақ батырлары мен зиялыларының көзсіз ерліктерінің жатқаны ақиқат. Патшалық Ресей бодандығына қарсы алғашқы ірі көтерілістерді Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және Кеңесары Қасымұлы ұйымдастырып, ұлт-азаттығы жолында құрбан болған еді. 1917 Ақпан төңкерісімен Патшалық Ресей құлап, қазақ халқы арманына жететіндей болды. Осы орайда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат сынды қайраткерлер Алаш ұлттық қозғалысына жетекшілік етіп қазақ ұлттық мемлекеттігінің негізін қалауға күш жұмсады. Алайда Большевиктер бұған жол бермеді. Қазақ жерінде Кеңестік билік орнады. Бірақ қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы арманы толастаған жоқ.
Орынтай Ақбота:
Айдана айтқан ұлт-азаттық көтерілістерінің жалғасы, һәм қорытындысы ретінде 1986 жылы 17-18 күндері қазақ жастары демократиялық көтерілісін айта аламыз. Олар қазақ халқының хақ-құқықтарын қорғау мақсатымен алаңға шықты. Міне бұл сан ғасырлық тәуелсіздік арманының жүзеге асуының алғашқы қадамы ретінде тарих беттерінде орын алды. Қазақ жастарының көтерілуіне 24 жыл бойы Қазақстан Компартиясын басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына бір қазақ емес, тіпті Қазақстанда туып өскен бір орыс та емес, Ресей Федерацсиясы ішінен Геннадий Колбин атты бір саясаткердің тағайындалуы себеп болды. Мұның өзі Кеңес Одағын көбірек демократияландыру, халықты ел басқаруға көбірек араластыру жөнінде "қайта құру" және "жариялылық" науқандарын бастап отырған Горбачевтың саясатына қайшы еді. Негізінде қазақ жастары оның сол саясаттарына сеніп демократиялық көзқарастарын атап өту үшін алаңға жиналған еді. Кейін Кеңестік үгіт-насихат органдарының бұрмалап айтқанындай, ол "қазақ ұлтшылдығы" немесе "орыстарға қарсы дүшпандық" пиғылдағы әрекет емес еді.
Маман Ақниет:
Бірақ Мәскеудегі билік мұны көргісі де, түсінгісі де келмей, қазақ жастарының бейбіт демократиялық қозғалысын күшпен, қанмен жаншуға ойысты. Алаңда жиналғандарға қарсы сапер күректері, талағыш иттер, өртсөндіруші машиналар, бронды транспортерлер жіберілді. Қолға түскен жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеше сағат бойы зорлықпен қар үстіне жатқызылды, оларға өрт сөндіргіш машиналардан суық су бүркітілді. Бұл уақиғалардан көптеген жастар жарақат алды. Жүздеген адамның құрбан болғаны айтылса да, күні бүгін дәлелденбей келеді. Өйткені осы уақиғалардан кейін республикада желтоқсан уақиғаларын зерттеуге, жазуға, айтуға тыйым салынған еді.Желтоқсан оқиғалары 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері ғана болған екі күндік қимыл емес. Ол Кеңес Одағының күйреу себептерінен бірі болып, әлемдік тарихта терең із қалдырған күрделі процес.
Ердәулетова Ақерке:
Қазақстан тарихы тұрғысынан алар болсақ, бұл көтеріліс Қазақстанды жіті білмейтін жат-жұрттық Геннади Колбиннің биліктен кетуіне түрткі болып, Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке келуін қамтамасыз етті. Негізінде Горбачевтың әу баста, атап айтқанда 1986 жылы қабылдайтын дұрыс шешімі осы еді. Бірақ ол бұған бармады. Өйткені Қазақстанда Homo Sovieticus, яғни ұлтсыз және рухсыз Кеңес адамы жарату жөніндегі саясаттарының Қонаев кезінде толық іске аспай қалғанын байқап қалған Мәскеудегі билікке қазақ халқының саясатта, ғылымда және басқа салаларда қол жеткізген ұлттық сипаттағы жетістіктерін жою керек болды. Бұл үшін Қазақстанды білмейтін, тіпті қазаққа жаны ашымайтын қатыгез бір саясаткерді Ресейден әкеліп тағайындады. Бірақ Мәскеу ұлттық санасы күшті қазақ жастары және олардың артынша зиялыларының бұған жол бермейтін батыл іс-әрекеттерге бара алатынын есептемеген еді.
Жарылхасын Алтынай:
Тұрсада биік өр басын
Қазаққа бақыт орнасын
Сексен алтыншы жылғыдай.
Желтоқсан желі болмасын.
Күн кешіп лапылдаған жастарым.
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрің.
Қорғау үшің көтерді олар бастарын!
Абай Сымбат :
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талайқазаққыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Желтоқсаным - тәуелсіздіктірегі,
Желтоқсандықадіртұтыптұрелі.
Естесақтапағалардыңерлігін,
Жүректергесақтаукерекүнемі
Жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дейтін дана халқымыз мұң- мұқтажын, қуанышын күй арқылы естіркен. Олай болса Асан Мөлдірдің орындауындағы Желтоқсан күйін қабыл алыңыздар.
Күй. Орындайтын: Асан Мөлдір
Жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!! ... ..
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа - ағаларымыз ерлік көрсетті.. Оларға үлкен айып тағылды.
Келесі кезекті желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескен Халық Қаһармандарына арнасақ:
Сахиева Әйгерім:
Қайратқа арнау
Мен қазақпын - даланың ұланымын,
Көк жүзінде самғаған қыранымын.
Қазақтың бар жастарын рухтандырған -
Қайраттай қайсар ұлдың ұранымын!

Мен қазақпын - қайсар ұлмын, Қайратпын,
Ұраныммен СССР-ды жайраттым.
Кольбинді өз орнынан түсірдім де -
Отаныма қазағымды сайлаттым!
МуталхановаАружан
Желтоқсан жалауы
Желтоқсан толғауында мәңгілік,
Кейбіреулер күресінде әл біліп .
Егемен ел таңы атты қасқайып,
Аязына Алатаудың ау құрып.

Азапталып арландары қазақтың,
Жарқырады төбемізден азат күн.
Желтоқсан ұмытылмас мәңгіге,
Ізі қалған Сәбира, Ербол, Ләзаттың.

Желтоқсанда қайсар кеткен Қайратың,
Күрегіне қызыл тілмен қайрап үн.
Азаттықтың үнін аңсап ақтаңнан,
Алатаудың Арланы ұлып жататын.

Елемес Қымбат
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Айсаева Шахназ
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Иран -- Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал "Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады" деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәйбасты. Не бары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Иманалы Камила
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні -- тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. 16-желтоқсан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын Мұхтар Шаханов
Талғат Рысқұлбеков Жалған желтоқсаншылар көп
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТАРТУ
Соғыс жылдарындағы әдебиет пен өнердегі патриотизм
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Патриотизм- қасиетті ұғым
Пәндер