Климаттың жаһандық жылынуы


Реферат
Тақырыбы: Климаттың жаһандық жылынуы
Орындаған:Орынбаев Наурыз
Тексерген:Ильясова Нарқыз
Ғаламдық жылыну -жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.
Парниктік газдар - табиғи газдар, мысалы, хлорфторкөмірсутектер. Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Осы парник газдарының әсерінен озон қабаты жұқ аруда. Озон қабаты оттегінің бір түрі озоннан тұрады. Бұл қабат Жерді Күннен шығатын зиянды ультрокүлігін сәулелері нен қорғайды. Ол ультрокүлгін сәулелерін 97-99 %-ын өзіне сіңіріп алады. Зиянды ультрокүгін сәулелері тері ісігін, шелдерді тудырады. Егін түсіміне және суға зиянды әсерін тигізеді. 1985 жылы 3 Британдық ғалым Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин озон қабаты тесігін тапты.
Ғаламдық жылынудың басты әсерлері мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.
Мұз қабаттарының еруіӨңдеу
Ғаламдық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз - жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да ғаламдық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.
Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздікелдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0, 7 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың туындаған көмірқышқыл газы (CO 2 ) мен метанның (CH 4 ) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect) .
IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1, 1 °C-тан 6, 4 °C-қа көтеріледі-мыс. Ал кейбір аймақтарда керісінше сәл төмендейді.
Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен) . Жылыну процесі - мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.
Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы[1] .
Кейбір зерттеушілердің ойынша, ғаламдық жылыну - бұл тек миф, ал кейбіреулері бұл процеске адамның қатысы мүлдем жоқ деп санайды. Бірен-саран зерттеушілер ғаламдық жылынуға сенгенімен, климатқа қатты әсер ететіндердің бірі - бұл өндірістік қалдықтар дегенге сенбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz