Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау
Жоспар:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Инфляция және оның табиғаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Инфляция және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 Антиинфляциялық шаралар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

І БӨЛІМ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция және оның табиғаты мен мазмұны
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуына ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі inplatio – (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада
1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардың тым көбейіп кетупроцесін білдірген. XIX-ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі XX-ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кездерінде
көрінді. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына
және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне алып келеді. Алайда инфляцияны
айналыс процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру
жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға
тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы
нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемаларының бірі. Ақша, тауарды сатып алу қабілеті, күшті валютамен
салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақшасияқты жалпылама
эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі тауарға
сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.
Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-ші жылдардағы
энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуімен де байланысты.Демек,
бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюнктураның
циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды.
Циклдың түрлі базаларынан өту барысында бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Еңбек өнімділігін арттыру – бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс.
Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі – жалақының өсуі еңбек өнімділігінен
артып кетуінде. Мұндай құбылыс – шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз
кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да
бағалық инфляцияға көп әсер етеді. Айталық, су басып кеткен аймақты құрылыс
материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты тоқырау барысында баға төмендеуі тиіс.
Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляцияның
көп сәйкессіздіктеріне байланысты екенін есте ұстап, оның ішіндегі ең
бастыларын айтайық. Біріншіден, мемлекеттік шығындар мен кірістердің тепе-
теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджеттік
тапшылығынан көрінеді. Егер Орталық эмиссия банкінен заем арқылы
қаржыландырса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық
теңдігін M V+PO еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштерінің өсуіне байланысты
анықталады. Екіншіден, осындайжолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда, бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе, экономиканы
материалдандырумен байланысты инвестицияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери
мақсатта пайдалану, өндірістік емес шығындар, оларқоғамдық байлықты
теккерәсуа етеді. Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтың
экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, жетілген бәсеке кезіндегі
нарыққа көптеген өндірушілер мүлдем ұқсамайды. Ал олигополист (жетілмеген
бәсекелестер) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополистер бағаны өсіруді
бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсеке
бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін, өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту
арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның
төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына
қарсы болады.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашықболуы оынң бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланысына тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда аталған 1979-шы жылғы энергияға бағаның шарықтауы,
сырттанәкелінетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбе бойынша басқа
тауарлар бағаның қымбаттауына әкеледі.Импорттық инфляциямен күресу
мүмкінділігі шектеулі, әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның
құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ,
ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл
дүниежүзілік нарықта бәсекелестікті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляциямен өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің күту пайдасын жою, инфляцияға қарсы саясаттың ең басты
міндеті. Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін кетеді. [1;92]
Қазіргі заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс
және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар
бұзылуы нәтижесі.Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі –
бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР-да орын
алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл рынок
шартына сәйкес) және тепе-теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда
болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.
Қажет тауарды іздеуде сатып алушыға қажетінен көп төлеп, бұдан ақша
өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар
өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс
күшейеді.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:
1. Бағаның өсу қарқыны (баға индексі)
2. Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3. Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан баяу (ползучий, умеренный) инфляцияны
ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10% , Секірмелі
(голопирующий), мұнда бағаның өсуі жылына жүздеген процентпен өлшенеді;
Гиперинфляция, мұнда бағаның өсуі 1000% - н жоғарылайды және ақша айналымы
толық бұзылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең
емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты өзгермейді, ал
тең емес инфляцияда - әр тауардың бағасы бір-біріне ұатысты үнемі өзгеріп
тұрады.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу
факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі
жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді рынок жағдайында олар келесі
жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында
бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт , нашарлатады.[7;194]
Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөледі.
Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі сұраныс жағынан
бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда
болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне
итермелейді.
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек
өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бұның салдары жалақының
өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.
Шығынынның өсу қайнар көздері және экономика дисбалансының факторлары:
1. Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсіреді, бұл
фирманың қызмет көрсетуін жоғары бағамен төлейді және несие-қаржылық
механизм жолымен жүргізіледі.
2. Кәсіподақтар. Олар жалақының өсуін талап етеді, бұдан шығын да
өседі, одан кейін баға өседі, сосын – жалақы мөлшерінің жаңа өсімі
қайталанады. Нәтижесінде “инфляциялық серіппе” пайда болады.
3. Ірі фирмалар.Олардың монополиялық жоғары баға қоюға мүмкіндіктері
бар және инфляциялық процеске мүмкіндік туғызады. Әлемдік экономикалық
әдебиетте осы үш факторды инфляцияның басты себептері деп атайды.
Инфляция салдары бір мағыналы емес. Кейнс біркелкі инфляция экономика
үшін пайдалы екенін, ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті
ынталандыратынын, экономикалық өсуге мүмкіндік беретінін, инвестиция
процесін тездететеін дәлелдеген және ол тәжірибе де растаған. Экономикалық
дамудың жалпы заңдылығы – ақшаны шектен тыс шығару теріс салдарды туғызады:
- халықтың жағдайы қатып қалған жалақымен нашарлайды, олардың
тұтынуы шектеліп, қор жинаулары қысқарады.
- ақша эмиссиясы бүркемелі жолмен мемлекеттік орындар көптеп
шығарады.
- кәсіпкерлік қызметдеңгейі түседі және капитал өндіріс ауқымынан
шығады, шет елге және айналым ауқымына ұмтылады.
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі –
инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі – оның антиинфляциялық
шараларын жояды.[7;196]
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау.
Жеке деңгейде табыс индексациясы кәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық
келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты
мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің,
зейнетерлердің, әскерлердің жағдайын, жеке кешендегі адамдармен
салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.
Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы
белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық,
әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда
тиімді.Тәжірибеде көп елдер инфляциямен күрес ретінде “келісімді” жолды
таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама-
қарсы деген тұжырым жатыр.Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қорытынды қысқа
мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі
деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды, бұл тұжырымды кәсіподақтар
мен фирмалар жалақы мен бағаны көтере отырып ұрындырады.Статистика
дәлелдегендей, инфляция 1 % - ке түсу үшін, жыл бойына жұмыссыздық 2 %
табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Инфляцияны түсіру үшін, жұмыссыздықпен
өтеу керек деген оймен барлық экономистер келіспейді. Әзірше бұл мәселе бір
шешімге келген жоқ.Өндіріс стагнациясымен ере жүріп, жұмыссыздықтың жоғарғы
деңгейі және бір уақытта бағаны өсіру инфляциясы стагфляция деп
аталады.[7;197]
Стагфляция
Стагнация (экономикалық
өсімнің тоқтауы)
Инфляция
1.2 Инфляция және оның түрлері, даму механизмі
“Инфляция” – қабару, көтерілу, өсу деген мағынаны білдіретін латын
сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с.
кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз
ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз
ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша
айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жж.
соғысы және 1861-1865 жж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың
сатып алу мүмкіндігі 60 процентке дейін төмендеген); XIX ғ. бас кезіндегі
Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жж. Француз революциясы.
Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары
қарқынға жетті, 1923 ж. күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион
рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды.
Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе
жатқан феномен (айрықша құбылыс) екенін дәлелдейді.
Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
• егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, казіргі
инфляция елдің бүкіл жерін камтиды;
• егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі
инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
• егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса
• қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т.б. факторларға
байланысты болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі
аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар – ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы
заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан
тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын
бірқалыпта ұстау үшінүкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топка тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі,
шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттіңэкономикалық саясаты, оның
ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және т.
с.с. факторлар жатады. [6;251]
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі - тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт "ақшаның тауарды
қууы" деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі - айналымдағы ақша массасы
мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бүзылуы. Бұндай диспропорция,
біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар
массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында
қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да
инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70-жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша
массасы бір қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін
қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша
айналымының шапшаңдығын артгырудың нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша
айналымының шапшаңдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен,
басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция
әсерін күшейтеді: несиені, өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар
ұсынысын кысқартады., Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты тауарларды
шығаруға және сатуға; ақша массасын және айна-лым жылдамдығын өзгертуге
әсер етеді.
Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-
бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын
күрделі, әрі көп факторлы құбылыс.
Экономикалық әдебиетте инфляцияның мынадай түрлері аталады:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің терендігіне, инфляцияға қарсы
саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған
бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айкын немесе ашық
формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсынын төмендеуі
аркылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол
өнім сапасының төмендеуі, ассортимент қүрылымының өзгеруі, экономикадағы
тапшылықтың өсуі, кезектегі тұрушылардың көбеюі арқылы көрінеді.
2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және
әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық, және аймақтық масштабта талдау объектісін
көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, еддер
бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы
қүрайды.
3. Ішкі жөне сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ыкпал ететін
инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған
инфляция болады. Елдің валюта курсы қатаң сақталып түрған жағдайда
импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса да өлуі, елге инфляцияны
импорттайды.
4. Бағаның өсу қаркынына байланысты, инфляцияның мынадай түрлері
болады: жылына 10%-ке дейін болса орташа, немесе, жылжымалы инфляция,
жылына 200% болғанда — секірмелі, немесе, латындық, 200% артқанда —
гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық
болса). [6;250]
5. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты,
инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған
(тендестірілмеген) болып бөлінеді. Біріншіде бағалар орташа және тұракды
өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде
тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал
экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
6. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты,
инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.
7. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың
өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.
8. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу
дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға
болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.
9. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға
байланысты сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы болады.
Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық
теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның
ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, ал жиынтық
ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемі мен баға дәрежесінің
көбейтіндісі деп, тұжырымдауға болады. Айналымдағы ақша санының немесе оның
айналым жылдамдығының қандай болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне
әкеледі және керісінше. Жиынтық сұраныстың өсуін тудыратын, ақша массасының
көбеюінің бірнеше себептері болады: экспансионистік қаржы саясаты, мемлекет
саясаты, бюджет тапшылығын баспа станогі арқылы өтеу, несиені кеңейту
тәртібі, инвестициялық бум, түтынушылық талғаудағы құрылымдық өзгерістер
және басқалар.
Сұраныс түрткі болған инфляцияның талдауының үлгісі 1. суретте
келтірілген.
Өндірістің нақты көлемі
1. Сур. Сұраныс инфляциясының дамуы
Экономикада тепе-теңдік бар деп есептейік Графикте бұны жиынтық сұраныстың
1 және ұсыныстың 2 қисық сызықтарының А нүктесінде берілген базалық баға
дәрежесіндегі өндірістің көлемінің нақты табиғи деңгейімен түйіскені
көрсетеді. Ақша массасының өсуі (ақша айналымының жылдамдығының) жиынтық
сұраныстың қисық сызығын, жиынтық ұсыныстың қисық сызығының бойымен, жоғары
1', қысқа мерзімде тепе-тендіктің жаңа дәрежесіне жеткенше, жылжытады.
Өндіріс көлемінің кеңеюі, сұраныстың бастапқы өсуіне сәйкес
мультипликациялық эффектпен үйлесімді жүреді. Сонымен бірге, есіп келе
жатқан сұраныс бағаның жалпы дәрежесін жоғарыға итереді. Белгілі уақыт
мерзімі өткеннен кейін ,бағаның өскенін барлық шаруашылық субъектілері
сезеді. Еңбектің бағасы өседі, басқа ресурстардың құның өсуі де өндіріс
шығындарын өсіреді. Нәтижесінде жиынтық ұсыныстың қисық сызығы бағаның өсу
шамасына солға қарай жоғары 2 жылжиды. Жиынтық сұраныстың сызығы осының
алдындағы сұраныстың өсімінің шамасының көлемінде тағы жоғары көтеріледі.
Бұған кейінгі кезеңдерде сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарының жылжулары
болып тұрады: ұзақмерзімдік кезеңде сұраныстың барлық өсімі бағаның
өсімімен өтеліп отырады, ал өндіріс көлемі өзінің табиғи деңгейіне оралады.
Инфляциялық процестің дамуының осындай түрі сұраныс түрткі болған инфляция
деп аталады.
Осындай сұраныс инфляциясының дәрежесін мынадай факторлар белгілейді:
Экономикалық өсудің орташа жылдық қарқыны
• Еңбек нарығының болмасы және толық жұмысымен қамтылу дәрежесі
• Жиынтық ұсыныс компоненттерінің динамикасы және өсім қарқыны;
• Шаруашылық агенттерінің бағаның болашақта қалай өсетінін болжай алатын
қабілеті.
Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер тудыруы
мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі, ұзақ
мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы
өсуіндегідей болады.
Осындай әдістер инфляциялық процестің жүруі шығындар түрткі болған инфляция
немесе шығындар инфляциясы деп аталады. Мұнда баға дәрежесі өндіріс
шығындарының нақты өсуі нәтижесінде және ағымды шығындар өсуін күту
нәтижесінде көтерілуі мүмкін.
Шығындар қысқа мерзімді факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа
мерзімде өсуі) қызметі әсерінің нәтижесінде ғана емес, ал ұзық мерзімді
факторларының қызметтерінің әсерінің нәтижесінде өседі:
өндірістегі диспропорциялар мен жекелеген қалайсыз жағдайлардың болуы
(құрылымдық инфляция);
монополизацияны өсіру бағытындағы нарық құрылымын өзгерту;
ұсынысты бұзу немесе жою;
еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан артық қарқынмен жалақының өсуі.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша
инфляцияның бүл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін
ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қаркынды және ұшқыр инфляция
басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және
инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің
экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға
байланысты төмендегідей жіктеуге болады ;
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады,
оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-
теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта
ақша шығару станогі мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып,
ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттык валютаның курсы
төмендеді. Никарагуада,мысалы, 1990 ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процентке,
Перуде - 8291,5 процентке жетті.
Екінші топка Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили
елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал
қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені
ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде каркынды инфляция (бағаның
жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу
жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер - Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен
Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде
экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттері Оларда жылжымалы инфляция (1-5%)
сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық
жағдайында жұмыс істеуде, Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа
шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жүмыссыздық
бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топка дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі
инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан
тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден,
кұрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке
салынатын инвестицияның тез өсуі; үшіншіден, "баға қайшысы" деп
аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп
өнімдері бағасының карқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздігі.
Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай
жасап қана қоймай, сонымен катар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін
тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сүранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде ішкі және сытқы қарыздар пайда болады.[3;195]
Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны
- ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу
мумкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі
бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы
қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының
қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және
елден капиталдың әкетілуіне соқтырады.
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
1993 ж. Бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының”
басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы
Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкеп соқтырды.
Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады.
Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 ж. жазында
гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылдың
қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге
мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын
“жоғалтып” жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы
ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүгізуге бағыт берді.[8;249]
Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды.
1999 ж. инфляция 11,7% болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.
Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау
Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің
шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында
алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады:
“Шетелдік инвестициялар туралы” Заң, “Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы” жаңа Заң, “Бюджеттік жүйе және басқалар
туралы” Заң.
Үкімет “Стратегия-2030” сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6%
шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
• ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандыру;
• ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық
механизмді дамытады;
• жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін
қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
• бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді
пайдаланады;
• мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және
т.б.[11;250]
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі
инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы -
шаруашылықты басқарудың жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды
механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық
үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына
зиян шеккізді. Әсіресе:
1. Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер:
• айналымға бюджеттің тапшылығын жабу үшін, тауарлық ресурстармен
қамтамасыз етілмеген тым көп қолма - қол ақша шығару;
• айналымға қолма-қол ақша шығарумен байланысты, шаруашылыққа
шамадан тыс көп несие беру;
• ұлттық валютаны бағамен бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық банктің,
басқа елдердің, еркін айырбасталатын валюталарын сатып алу, не
сату.
2. Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер:
✓ шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы;
✓ шаруашылықтың шығынды тетігі;
✓ салық саясаты;
✓ баға саясаты;
✓ мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі - тауар тапшылығы біздің
экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық
кұрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы
үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар
шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, түтыну
құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар - ауыл
шаруашылығы, тамак, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика
мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың
үлесі 1928 ж. - 39,5%, 1940ж- 61%, 1960 ж- 72,5% болды;
үшіншіден, бүрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинактау
қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол - 15-25
процент болды;
төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің) 25-30
проценті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65
процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 13 бөлігін
құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 23 бөлігі болды.
Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан)
инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы-
әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында да
директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын
түрақты калыпта ұстауға мүмкіндік берді. Көптеген тауарлар бағасын
өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалыпта
немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет
бағасының олардың құнымен салыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына
(деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу
бағаларын қайта карап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта
қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің
сапасын, олардың түтыну қасиетін, оларға сүраныс пен ұсыныстың арақатынасын
көрсеткен жоқ, ол әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудадағы
бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған
мемлекеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бүл тауар
өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген
ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және
кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп
соқтырды.
Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз кұнын төмендетуге
ынтасы болмады. Нәтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауарлар бағамен
(уценка) сатылып, немесе шығынға жазылып (списание) отырды (жылма-жыл 1,5-2
млрд сом). Осының бәрі "жабық" (скрытая) инфляцияның айғақ белгілері.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің ресми мәліметтері
бойынша 2008 жылдың маусым айында инфляция деңгейі 0,4%-ды құрады, яғни
алдыңғы айға қарағанда төмендеген (2008жылы мамыр айында – 0,6%). Азық-
түлік тауарлары 0,4% қымбаттады, Азық-түлік емес –0,4%, ақылы қызметтер –
0,3 % қымбаттаған.
Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2009 жылғы 20 шілдедегі инфляция
0,2% болды (2009 жылғы маусымда – 0,3%). Азық-түлік тауарларының бағасы
0,4% төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,9%, ақылы
қызмет көрсету 0,5% қымбаттады. 2009 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының
ішінде жұмыртқа 4,6%, қант 2,5%, жеміс-көкөніс өнімдері 1,7%, май жəне тоң
май 0,4%, балық жəне теңіз өнімдері 0,2% арзан болды. Жарма бағасының 0,9%,
күріш бағасының 0,7%, ет жəне ет өнімдері бағасының 0,2% өсуі тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензин бағасының 6,5% біршама өсуі
байқалды. Сонымен қатар киім мен аяқ киім, тұрмыстық заттар, баспа
басылымдары, жеке гигиена тауарлары əрқайсыcы - 0,4% қымбаттады. Халыққа
ақылы қызмет көрсету ішінде көлік қызметі 2009 жылғы шілдеде 2,0%, мəдениет
жəне білім беру мекемелерінің қызметтері əрқайсысы - 0,6%, медициналық
қызмет көрсету 0,5% қымбаттады. Тұрғын ай-коммуналдық қызмет көрсету
тарифтері 0,3% ұлғайды. Бұл ретте қоқыс жинау бойынша қызмет көрсету 3,4%,
газбен қамтамасыз ету 0,6%, сумен қамтамасыз ету 0,4%, электр энергиясы
0,1% қымбаттады. 2009 жылдың басынан бері тұтыну нарығындағы бағаның өсу
5,1% болды (2008 жылғы қаңтар-шілде аралығында – 4,0%). Азық-түлік
тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы
3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету бағасы 7,0% (4,0%) өсті. 2009
жылғы шілдеде инфляция жылдық көрсетумен 8,7% болды (2008 жылғы желтоқсанда
– 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,8%,
ақылы қызмет көрсету 11,1% қымбаттады.Сондай-ақ:
Ақша агрегаттары. Ұлттық Банктің таза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz