ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДИЗАЙН САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ


Жаңа компьютерлік технологиялардың дизайн салаларының дамуына ықпалы
Изтаева Гулназ Сексенбаевна,
Бультенова Гулнар Қожабергеновна
Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе қаласы
Адамзат қоғамының қарқынды дамуына жаңа ақпараттық технологиялардың ықпалы өте зор. Еліміз бүкіл адамзат өркениетінің бір бөлшегі ретінде онымен бірге дамып отыруы заңдылық. Соңғы 20 жыл ішінде дүние жүзінде болып жатқан техникалық прогресстің ықпалын біздің елімізде де айқын сезінеді. Қазіргі кезеңде заманауи компьютерлік технологияларды адамзат тіршілігінің көптеген салаларында тұтыну өріс алған. Әсіресе, өндірістегі электрондық техника өндіру, медицинадағы биотехнологияларды қолдану, ғылым мен білім беру саласында, мәдениет пен өнер саласында, көпшілік ақпарат құралдарында, кино мен теледидарда т. б. қолдану үйреншікті құбылысқа айналды. Ақпараттық технологиялар дами келе компьютерлік технологиялардың небір ғажайып түрлерінің пайда болуына әкеліп соқтыруда. Бұрын тек орындалмайтын қиял болып есептелген заттар қәзіргі күнде күнделікті тұрмыстың бір көрінісі болып табылады. Солардың бірі - компьютер адам қиялының сиқырлы құралы сияқты. Оның пайда болуы адам тіршілігіндегі көптеген бірсарынды өнімсіз тірлік түрлерінен босатып, жоспарланған қызмет түрлерін жылдам орындауға
мүмкіндіктер береді. Адамның биологиялық қасиеттері мен ойлау
қаблеттерінен әлдеқайда басым түсетін озық компьютерлік технологиялардың жаңа түрлері күн сайын пайда болуда. Бұл құбылыс игі ниетпен қолданылса, адамзаттың келешегі тек жақсылыққа тола болады деген ойдамыз. Осындай көмекші құралды ойлап тапқан адамзат оны өз мұратына дұрыс қолдана біледі деп сенеміз. Ал, бұл өз кезегінде қоғамның салаларының дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Осы мақсатты саналы әрі жоспарлы түрде іске асыру үшін, қоғамның дұрыс дамуына жауапты басты рухани салалар - ғылым мен білім беру және мәдениет пен көркем өнер қызметкерлері алға парасатты мақсат қоя білулері шарт. Солардың айқындаған бүкіл адамзат мүддесін қолдайтын парадигмалары ойдағыдай іске асырылуы қажет. Осы игі іске үлес қосу әр адамның да қоғам институттарының да ортақ міндеттері болып табылады. Сондықтан, бүгінгі күнде заман талабына сай кәсіби деңгейі жоғары маман дайындау - білім беру саласының басты міндетіне айналғанын біз өз тәжірибемізден жақсы
білеміз. Нақтылап айтар болсақ, қәзіргі дизайн саласында еңбек етуге әзір, озық технологияларды қажетті деңгейде меңгерген жас маман дайындау - өзекті мәселерлердің бірі. Болашақ маманға қойылатын талаптарды саралайтын болсақ, улар мынадай: біріншіден - көркем заңдылықтарды жете меңгерген; екіншіден - заманауи технологияларды жоғары кәсіби деңгейде қолдана білуге дағдыланған; үшіншіден - ой-өрісі кең, шығармашылық қаблеттілігі өте жоғары; төртіншіден - адами қасиеттері мол және парасатты қоғам мүшесі болуы шарт. Еліміздің білім беру саласына ел басшымыздың қойып отырған талабы қарқында дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында бәсекелестікке икем маман даярлау ісі осы күндегі ең басты нысана екенін де есте ұстауымыз керек. Білім сапасы мен кәсіби деңгейі жоғары мамандар
ғана еліміздің әлемде құрметке ие болуының кепілі болмақ. Сондықтан, Қазақстанның әр білім ордасы өз қызметін осы мақсатқа жұмылдыруы қажет. Әрине, мақсатты айқындап алғаннан кейін, оны іске асыру шараларына кірісу керек. Тарихқа үңілсек, Қазақстандағы дизайн салаларының дамуы еліміздің тәуелсіздік алған кезеңімен тұспа-тұс келеді. Кеңес Одағының ыдырап, экономикалық дағдарысты бастан кешкен шағымызда, «темір жамылғының»жиырылған кезінде бүкіл әлемге есігіміз айқарыла ашылған еді. Мәдениетіміз бен өнеріміз еліміздің дамудың бірбеткейлік тығырығында отырған шағындағы жағдайға байланысты тоқырау кешіп отырғанын дамыған елдердегі өркениеттің деңгейін көргенде түсіндік. Көш кейін қалған экономикамыз бен рухани салаларымызды жандандыру оңайға түскен жоқ. Дегенмен, қазіргі кезеңде озық тәжірибелерді жинақтау, оларды барлық салаларға енгізу осы күннің басты талабына айналды. Жоғарыда айтылған барлық салалардағы даму қарқынының күннен күнге үдей түсуі осы
саясаттың нәтижесі. Бұндай тарихи шолу дизайн саласының елімізде қалыптасуы кезеңдерімен қатар жүріп отырғанына куә болдық. Жалпы дизайн саласы елімізде бұрын қажетті деңгейде ескерілмеді. Жоспарлы экономика саясаты жүргізілген Кеңес Одағында тұтыныушының әсемдікке талпынуын «өзімшіл буржуазиялық індет» деп бағалайтын. Батыс елдерде кемеліне жете дамып, көркем өнерде өз орынын алған дизайн саласына кеңес саясаткерлері кері көзқараспен қарады. Өйткені, нарықтық экономиканың дамуы заттық ортаның эстетикалық тұрғыдан дамуына әсер ететін. Ал, ол өз кезегінде қоғамның әл-ауқатының
өсуінің көрсеткіші ретінде қабылданатын. Ол кезеңде біздің еліміздің азаматтары ұлан ғайыр еліміздің қай жерінде тұратынына қарамастан бір пошымды киім киіп, бірыңғай пішінді заттарды тұтынатын. Жарнама деген ұғым мүлдем жоқ болатын. Тұтынушының көңілінен шығу, оның талғамын ескеру деген түсінік те болмайтын. Сондықтан, көркем заңдылыққа бағынатын дизайн ұғымы да болған жоқ. Жоспарлы өндірісте өндірілетітін бұйымдардың сыртқы сипатын айқындайтын «техникалық эстетика» заңдылықтары қолданылатын. Оның басты қағидасы - өндірістік шығын көлемі төмен, көп мөлшерде шығаруға ыңғайлы, пішіндері конвейірлік тәсілменен орындауға оңтайлы заттар жасау болатын. Осындай тұрғыдан адамды қоршаған ортаны ұйымдастыру өз кезегінде олардың әсемдікті сезінуі мен сұлулыққа сүйсіну қаблеттіліктерін басып, бірыңғай бір сарынды ғұмыр кешуге мәжбүрлейтін. Адамның басты қажеттіліктерінің бірі эстетикалық лаззат алу оның табиғи қасиеті екенін психология ғылымы дәлелдеп берген. Адам психикасына қоршаған ортаның әсері көптеген ғылыми-ізденіс жұмыстарының негізі болды. Қазіргі ақпараттық қоғам заманауи компьютерлік технологияларды жетік меңгерген біліктілігі және кәсіби икемділігі жоғары мамандарға мұқтаж. Заман ағымына тез бейімделе алатын дизайн салаларына қажетті мамандар даярлау осы мақсаттарға бағытталуда. Компьютерлік технологиялардың дамыған елдердегі дизайн салаларында кең қолданыста болуы біздің елдегі осы салаға маман даярлау жұмысында өз деңгейінде болуы шарт. Жаңа технологияларды адам қызметінің барлық салаларына жаппай енгізілуі білім беру саласын қайта қарастыру және оны дамытудың жаңаша түрлері мен жолдарын іздеуді міндеттейді. Бұл мәселені теориялық негізін айқындап алғаннан кейін жасайтын келесі қадам - тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын қолға алу. Болашақ мамаманның алдында тұрған мақсат - оқу іргесінен еңбек нарығына аяқ басқан шақта оның қояр талаптарына сай болу. Ендеше нақты тәжірибе
сабақтарында осы талаптарды еске ала отырып, кәсіби пәндерді құрылымдау және әдістемелік базасын жасауға кірісейік. Ол үшін қазіргі кезеңдегі оқу үрдісіне зер салып, жеткен жетістіктер мен кеткен олқылықтарды анықтар алуымыз қажет. Компьютерлік технолгияларды дизанерлерді дайындау үдірісінде қолдану соңғы 10 жылда кең етек алуда. Ендігі көңіл бөлуді қажет ететін мәселе дизайнерлердің кәсіби қалыптасуына әсер ететін компьютерлік технологияларды қолдану арқылы даярлаудың педагогикалық шарттары болып табылады. Оқыту барысында озық педагогикалық әдістемелерді қолданып, заман талабына сай маман даярлауды жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Ол үшін оқу жоспарындағы компьюерлік технологияларды қолданудың үлесі жеткілікті көлемде болуын және оқу формаларының жаңаша түрлерін үрдіске енгізілуін қамтамассыз ету керек.
Дизайнерлердің кәсіби деңгейінің қалыптасу межесін анықтап, оның
заман талабына сай болуына қол жеткізу керек. Дегенмен, техникалық прогресс қарқынына ілесе алмай келе жатқан оқытушылар осы үдірістен тыс қалып, студенттермен салыстырғанда компьютерлік білімі мен дағдыларының жоқтығынан немесе ондай ептіліктерінің төмен деңгейде болуынан көшке ілесе алмай келе жатқан жағдайы бар. Сондықтан дәстүрлі оқыту технологияларын заманауи озық компьютерлік технологиялармен ойдағыдай ұштастыра отырып, дизайн
салаларына маман даярлау жұмысын қайта құру қажеттілігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz