Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
7.1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесіне үйрене отырып, сақтандыру жүйесі дамып жатыр.
Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жеке азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қордың қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Сақтандыру туралы заңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті баптарынан, Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінен тұрады.
Сақтандыру өндірістік қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық - экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып табылады. Сақтандыру сөзінің бастапқы мағынасы қорқу, үрей сөздерімен байланысты. Қазіргі кезде сақтандыру термині жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін қорғау құралы деген мағынаны білдіреді. Сақтандырудың алғашқы формасы ежелгі дәуірде пайда болған. Құл иелену дәуірінде қозғалмайтын мүлік, сауда, кеме қатынасын сақтандыру туралы келісімдер жасалған. Мұндай келісім шарттың мақсатын табиғи апаттан келтірілген зиянды әрбір тұлғаға бөлу. Мұндай құжаттар қазіргі кезге дейін сақталып келген. Ең алғашқы сақтандыру палатасы 1310 жылы Германияның Брюгге қаласында құрылған. Бұл палата көпестердің мүліктік мүддесін қорғау операцияларын жүргізген. Кеме қатынасы арқылы халықаралық сауда жаңа сауда рыноктарының пайда болуымен, дамуымен байланысты мүліктік мүддені қорғау қажеттілігі арта түсті. Осы қажеттілікке сай мүлігі бар бірнеше тұлғалар өзара біріккен сақтандыру мекемелері пайда бола бастайды. Осы кезде кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде мүліктік сақтандырумен қатар ортамен сақтандыруда дами бастады. Мысалы, 1666 жылы Лонданда болған өрт қаланың бүкіл орталығын жойған, осыдан кейін "Өрттік полис" басқа да үйлермен ғимараттарды сақтандыру үшін құрылған. Мұндай сақтандыру өзара сақтандыру деп аталады. Өзара сақтандыруда оның қатысушылары қызметтің мұндай түрінен пайда табуды мақсат етіп қоймаған. Олар өздеріне келітірілетін зиянның мөлшерін төмендетуді көздеген. Сақтандыру бірлестіктері бірте - бірте коммерциялық професионалды сақтандыру компаниялары болып қайта құрыла бастады. Мұндай компаниялардың басты мақсаты осындай операциялардан пайда табу болды. Экономиканың дамуымен байланысты сақтандыру компанияларының саны көбее түсті. Батыста 60 - жылдардың басында мүліктік және жеке сақтандырудың 100 - ге жуық түрі болды. Уақыт талабына сай сақтандыру формалары мен әдістері өзгеріп отырды.
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтардыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қаупі - қатерлі сипаты.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүгедектерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
7.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байла - нысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтан - дыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып та - былады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделерне (авто - мобиль, темір жол, әye немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жи - ынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бip адамдардың үмітіне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген
зияндар үшін жауаптылықты сақтантдыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

7.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабынасәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

7.4 Сақтық рыногы
Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.
Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі ерекше тауар - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметінің кең спектрін ұсынатын бірнеше мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюта бағамының өзгеруі, ереуілсіз кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыруды кіріктіреді.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты - бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандырудың мәні
Сақтандырудың экономикасы
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Математикалық жабдықтау
Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері туралы
Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы
Қаржы мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Пәндер