Синтаксистік стилистика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
26.10(Тапсырма 11) Синтаксистік стилистика

Тапсырмалар:
1. Синтаксистік синонимдер туралы түсінік.
2. Сөз тіркесі, сөйлемдердің стилистикалық қызметі
3. Функционалдық стиль мәтіндеріндегі сөйлемдердің қолданыс жиілігі.

Сұрақтар:
1. Синтаксистік синонимдердің негізгі белгілері.
2. Атаулы (вокатив және коммуникем) сөйлемдердің қызметі.
3. Синкретті тіркестер, оксюморон, плеоназм, катехреза.

Тапсырмалар: 1.Синтаксистік синонимдер туралы түсінік
1.Грамматикалық синонимдер деген терминді алғаш қолданған ғалым А.М.Пешковский болды. Грамматикалық синоним туралы мәселелерді қарастыра отырып, ол оған мынадай анықтама береді: сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары грамматикалық мәні бойынша бір-біріне жақын. Ғалымды бір ойды қандай тілдік құралдармен түрліше беруге болатыны қызықтарған. Соның негізінде түрлі конструкциялардың грамматикалық мағынасы бойынша жақындығы белгіленеді. А.М.Пешковский грамматикалық синонимдерді екі топқа бөледі: а) морфологиялық; б) синтаксистік. Сонымен қатар, автор синтаксистің стилистикалық мүмкіндігінің морфологияға қарағанда әлдеқайда көпқырлы да маңызды екенін көрсетеді. Е.М.Галкина-Федорук, Г.И.Рихтер, А.И.Гвоздева, И.И.Ковтунова, В.П.Сухотин, Е.И.Шендельс, В.Н.Ярцева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде тілдегі синонимдер, әсіресе, синтаксистік синонимдер туралы тұжырымдар берілген. Соның нәтижесінде синонимиялық конструкциялардың белгілі бір классификациясы жасалды. Түрлі деңгейдегі синонимдер ажыратылады: морфологиялық, лексикалық, сөз тіркесімді, жай сөйлемді, құрмалас сөйлемді, сөзжасамды. Синтаксистік синонимдердің анықтамасы, синонимділік өлшемдері, сондай-ақ, синонимдік қатар мен синонимдік өріс ұғымдары туралы кейбір ғалымдардың пікірлеріне назар аударып көрейік. Мәселен, проф. А.Н.Гвоздев синтаксистік синонимдерді: Мағыналары бір-бірінен нәзік реңктермен ажыратылатын және көп жағдайларда бірін-бірі ауыстыра алатын параллельді сөйлеу оралымдары деп түсіндірсе, кейбір зерттеушілер синтаксистік синонимдерді ажыратуда грамматикалық мағыналарының жақындығын немесе бір-біріне барабар ұғымдарды білдіретін ұқсас синтакисистік қатынастарды негізге алады. Осыдан келіп төмендегідей анықтамаларды көруге болады: Сөз тіркестері мен сөйлемдердің синтаксистік синонимділігі деп біз тепе-тең мағыналарды қамтитын, лексикалық мағыналары жақын сөздерден жасалған, бірдей функцияларды білдіретін, бірақ құрылымдық жағынан әртүрлі құрылған, алайда бірін-бірі ауыстыра алатын конструкцияларды айтамыз немесе әртүрлі модельдер бойынша құрылған, бірақ ұқсас синтаксистік қатынастарды білдіретін кез келген синтаксистік бірліктер синтаксистік синонимдер болып табылады.
Проф. Р.Г.Пиоторовский синтаксистік синонимдерді қарастырғанда, ең алдымен оның стилистикалық қырына қызығушылық танытады. Оның пікірінше: синтаксистік категориялар әдетте әрқайсысының қосымша өзіндік дербес стилистикалық реңктері бар стилистикалық синонимдер формасында көрінеді. Ол синтаксистік синонимдерді талдау барысында сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін әртүрлі позициядан қарайды: сөздердің орын тәртібі сақталған сөйлемдер, сөйлем мүшелерінің сөйлем құрамындағы әртүрлі позициялары, сыңарларын түрліше ауыстыруға болатын сөз тіркестері . Орыс тіл білімінде сөйлем мүшелерін түрліше орналастыруға болатынын көрсеткен алғашқы ғалымдардың бірі - А.М.Пешковский. Ол сөздердің орын тәртібінің еркін болуын орыс тіліндегі синтаксистік синонимнің негізгі байлығы деп есептеген. Синтаксистік синонимдерге берілген өлшемдер мен анықтамалардың ішінде, И.М.Жилиннің тұжырымдарын толығырақ деп айтуға болады: Синтаксистік синонимдер - бұл мағыналары тепе-тең немесе жақын, бір-біріне барабар грамматикалық мағыналары бар, ұқсас синтаксистік қатынастарды білдіретін және белгілі бір контексте бірін-бірі ауыстыра алатын синтаксистік конструкциялардың (сөйлемдердің, оралымдар, сөз тіркестері мен түрлі сөйлемдік-атаулық тіркестердің) моделі.
Орыс ғалымы Л.Ю.Максимов синтаксистік синонимдерді құрмалас сөйлем деңгейінде қарастырады да, бір типті және әр типті синонимдерді көрсетеді. Сонымен қатар автор құрылымдық сипаттағы синонимдердің стратификациясын жүргізіп, бір деңгейдегі синонимдік конструкцияларды ажыратады:
а) морфологиялық деңгейдегі синонимдер;
б) сөз тіркестері деңгейіндегі синонимдер;
в) жай сөйлемдер деңгейіндегі синонимдер;
г) құрмалас сөйлемдер деңгейіндегі синонимдер;
д) синтагматикалық мүшелену деңгейіндегі синонимдер
Р.Г.Пиоторовский синонимдерді тілдік және сөйлеу синонимдері деп бөледі. Сөйлеу синонимдері ретінде белгілі бір контексте және ерекше метафоралық қолданыста ғана тілдік синонимдердің баламасы болатын сөздер, сөйлемшелер мен грамматикалық формаларды түсінеді.
Синтаксистік синонимдер туралы зерттеулерде қазақ ғалымдарының ішінде проф. М.Серғалиевтің орны ерекше екені анық. Ғалым синтаксистік синонимияны синтаксистік параллелизммен бірлікте қарастырады да, төмендегідей анықтама береді: ...синтаксистік синоним дегеніміз - екі немесе одан да көп синтаксистік конструкцияның лексикалық құрамы бірдей, мазмұны бір, бірыңғай синтаксистік қатынаста келіп, құрылымы әр түрлі болып, соған сай нәзік мағыналық айырмашылығы байқалатын синтаксистік параллелизмнің түрі. Сондай-ақ, автор екі не одан көп сөз тіркестері немесе сөйлемдер бір-бірімен синоним болу үшін, алдымен, параллелизм болулары керек. Ал параллелизм болмаған конструкциялардың синоним болулары мүмкін емес. Демек синоним - параллелизмнің бір түрі деп тұжырымдайды.Қазақ тілі де мағыналық жағынан бір-бірінен нәзік реңктері арқылы ажыратылатын және кейбір жағдайларда бірін-бірі ауыстыра алатын мәндес оралымдарға өте бай. Тіліміздегі синтаксистік синонимдердің пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді. Ғылыми еңбектерді саралай келгенде, оған төмендегідей негізгі себептерді көруге болады:
1) синтаксистік бірліктердің көпмағыналылығы, яғни осы мағыналардың компоненттерінен тұратын мағыналық құрылымның күрделілігі;
2) қолданыстағы тілдік бірліктерге ұқсас және оларға синтаксистік балама ретінде жұмсалатын жаңа синтаксистік конструкциялардың пайда болуы;
3) синтаксистік бірліктерді қолданудың көпқырлылығы мен олардың бірін-бірі трансформациялай алуы;
4) сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрылымдық элементтерінің синонимділігі, яғни септеуліктер мен жалғаулықтардың және жаңадан жасалған сөйлемшелердің синонимділігі.
Синтаксистік синонимдер стилистикалық тұрғыдан кітаби, сөйлеу және бейтарап синонимдерге бөлінеді. Синонимдік қатарларды бір синтаксистік қатынасты әртүрлі грамматикалық конструкциялармен беру арқылы топтастырылатын модельдер жүйесі деп қарауға болады. Синтаксистік синонимдер жалпы синтаксистік жүйенің бір тармағы ретінде әлі де толық зерттелмеген, тілдегі өзгерістерге байланысты өзгеруге, толығуға бейім, ашық тілдік категория болып табылады. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бір ойды түрліше құбылтып жеткізуде жазушыға көптеген мүмкіндіктер береді. Қазақ тілінің тілдік қолданысында синтаксистік синонимге көптеген қызықты материалдар кездеседі. Оларды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріп, мағыналық реңктері мен синонимділік деңгейін ажырату - қазақ тіл білімінің кезек күттірмес міндеттерінің бірі.

2. Сөз тіркесі, сөйлемдердің стилистикалық қызметі.
Стилистика сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,' дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды, -- кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық кұбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады. Сайын келгенде, стилистиканың мақсаты -- дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету. Шебер суретшінің Суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері -- бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Онысыз ешбір өнерде шеберлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюластырып айтылған нәзік үн, әсерлі деп, терең мағына болуға тиіс. Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай "толғауы тоқсан" тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкіншілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді. Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей "маржан" емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады. Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилінен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме-дәл пайдаланып, сөйлөмдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен байқаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дүрыс білдіретіндей тіл мүмкшшіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, қүрмалас сөйлемдер жиі қолданылады. Әдеби тілдің қай стилінде болмасын, -- оның бәріне тән нәрсе-ол ой айқындылығы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс. Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу-тілінің оинтаксисімен салыстыруға болады. Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйткені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара-пайым, сөйлемдері кысқа -- қысқа, көбнесе толымсыз болады. Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатындықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материалдары негізінде игеруге тиіс. Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті болатын бір бүтін бөлшегі -- сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қызметте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен "дәм татам" деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады. Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шек-телмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл -- стилистика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысалды сол талапқа сай құралған сөйлемдер тізбегі деуге болады. Күн батып бара жатқан кезде, күйеулер отырган үйден үш-төрт жігіт шығып, қыз-келіншек отырған үйге қарай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ақ елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай атқан ернін томпитып шырт түкіріп қойып, қолындағы кішкене ақ домбырасын сыңқылдатып шертіп келе жатты.(С. Сейфуллин). Осындай, өз ара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сеземіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары айтайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сөйлемдер қатары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөйлеміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл -- жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да -- стилистика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі - синтаксистік синонимдердің қолданылуы.

3. Функционалдық стиль мәтіндеріндегі сөйлемдердің қолданыс жиілігі.

Функционалды стиль мәтіні өзінің ең кіші бөлшегі болып саналатын белгілі бір мазмұн мен логикалық ойды білдіретін микро тақырыбы бар күрделі фразалық тұтастықтарға және смантика-синтаксистік аяқталғандығымен ерекшеленетін мағыналық топтар - сөйлеу тілінің ең шағын бірлігі синтагмаларға мүшеленеді. Мәтіннің семантикалық мүшеленуі интонациялық құралдар арқылы жүзеге асады. Қолданыстағы мәтін - дискурс оның тірек бірліктерінің қимылға түсуі, айтылу сазы, екпін, ырғақ, кідіріс, дауыс күші, әуен, қарқынның өзгеруі мен сөз әуезділігі, үдемелілік сияқты көріністер кешені арқылы орын табады. Сөйлеу коммуникативтік қатынаста біреуге бағытталады. Ақпарат алмасу формасы ауызша. Қарым-қатынасқа түсушілердің санына қарай монолог пен диалог қолданылады. Жазбаша да, ауызша да сөйлеу тілінің негізінде әдеби тіл жатыр. Әрбір әлеуметтік саладағы жағдаяттағы әрекетте қарым-қатынас үшін сөйлеу ережесі, сөйлеу нормасы, функционалды стильдің түрі қажет. Ол стильдердің әр қайсысының өзіндік табиғаты бар. Сонымен интонациялық құрылым функционалды стиль мәтіндерінің мәнін түсіндірудің басты тәсілі, онда әр стильдің интонациялық құрылымын табиғатын ескерген маңызды.
Енді ғылыми стильдің табиағытын аша отырып, ғылыми стиль мәтіндеріне жасалған аудиторлық талдауға тоқталамыз. Негізгі мәселеге көшпес бұрын ғылыми стильдің өзіне тән белгілерін анықтап алайық. Әдетте белгілі бір функционалдық стильді түзуші, қалыптастырушы, жеке стиль ретінде ұйымдасуына жағдай туғызушы факторлар болады. Бұл факторлар тілдік емес сипатта, яғни тілден тыс болып келеді, бірақ тілдік құралдардың сол стиль аясында жұмсалу, қолданылу ерекшеліктерін қалыптастыруға ықпал етеді және функционалдық стильге тән белгілерді құруға қатысады. Жалпы тіл білімінде оларды экстралингвисткалық факторлар деп атап, ұзақ жылдаран бері зерттелуіне мән беріліп келе жатыр. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми стильге қатысты азын-аулақ еңбектер негізінен семантикалық (терминологиялық) талдауларға, иә болмаса, таза тілдік ерекшеліктерді көрсетуге құрылады, ал стильді құрайтын сыртқы лингвистикалық факторларды, олардың тілдік құбылыстармен бірлігін, байланысын ашу өз алдына міндет етіп қойылмайды. Ал мұндай бағытты қазіргі тіл білімінде кең тарап отырған функционалдық тәсіл де қолдайды. Дегенмен соңғы кезде бұл мәселенің көкейтесті екенін кейбір ғалымдар айтып жүр. Р. Сыздық Функционалдық стильдердің пайда болып қалыптастуында және әрі қарай баяу не қарқынды дамуында тіл қозғалысының өз заңдылықтарынан тыс тұратын жағдайлар- ғылымда экстралингвистикалық факторлар дегендер басты рөл атқарады, тілдің әлеуметтік қызмет өрісі функционалдық стильдердің қалыптасуына не өшуіне тікелей ықпалын тигізеді, -деп жазады.
М. Серғалиев экстралингвистикалық факторларға мыналарды жатқызады: қарым-қатынас аясы, қоғамдық қызметтің түрі, қоғамдық сананың түрі. Одан әрі функционалдық стильдің толық қанды өз міндетін атқару үшін лингвистикалық фактордан гөрі тілге қатыссыз фактор жетекші рөл атқарады деп көрсетеді. Батыс Еуропа лингвистері И. Петерсон, В. Шнейдер, Б. Гавранек, К. Гаузенблас, М. Елинек, орыс тіл білімінде В.П. Мурат, Ф.П. Филин, В.М. Жирмунский, М.Н. Кожина, М.П. Котюрова және т.б. өз еңбектерінде ғылыми стиль туралы аталған мәселелерге тоқталмай кетпеген. Ғылыми стильге әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильдің қолдану аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде қолданылады. айырмашылықтар болады.
Ғылыми стиль-функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Тіл мен сөйлеу
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Стильдік қателер
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі стилистика
Стилистикалық категориялар
Пәндер