Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы
Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы.



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Азаматтық іс жүргізу қағидаларының маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Азаматтық.іс.жүргізу.құқығының.қ ағидаларының.түсінігі ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2Азаматтық.іс.жүргізу.қағидаларын .топтастыру.негіздері ... ... ... .. ... ... ... .13
II Азаматтық іс жүргізу қағидаларының кейбір түрлері олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Функционалды қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасы және бітімгершілік келісім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Азаматтық іс жүргізу қағидаларының сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

КІРІСПЕ

Құқық принциптері туралы айта кетсем бұл - нормативтік құқық актілермен бекітілетін, қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқық салалар, институттар мен нормалардың мәні мен мәні ашылады.
Әрбір құқық саласын зерттей келе бұл олрадың принциптерінің дамуын қалыптастырады. Салалық принциптерді білу бұл құқық саласының нормаларын түсінуге оңай болады. Мысалы, азаматтық процестің принциптеерін білу бұл соттағы азаматтыұ істерді қарап және оны шешу тәртібін білуге көмектеседі. Жалпы айтқанда азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды. Азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескеріле отырып жасалынады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқықтық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтың сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.
Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны -- азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер, ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше принциптер - бұл құқықтың мазмұнын тереңінен ашады.
Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ, онық қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар. Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

І тарау. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының маңызы мен мәні

1.1 Азаматтық іс жүргізу қағидаларының түсінігі

Бұрынғы кеңес республикалары дүние жүзілік экономикалық жүйеге интеграциялануына орай азаматтық айналымның кез келген субъектісінің экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау нысанын дамытуды, жаңалатуды талап етті. Құқықтық қорғау механизмінде азаматтық процессуалдық заңнама маңызды инструментінің бірі және реформалауды қажет ететін материалдық құқық саласының санкцияланған нормаларын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруға қолданылады.
ҚР-ның азаматтық процессуалдық заңнама және сот ісін жүргізу бөлігінде құқықтық реформалау бағыты осындай болып көрінеді:
А) азаматтық сот ісін жүргізу азаматтық дауда мемлекеттің тең қүқықты тараптарға көрсететін қызметке айналуы қажет;
Б) Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибеге енуі үшін азаматтық процессуалдық заңнама мен сот ісін жүргізудің унификациялануы;
В) ұлттық заңнама шеңберінде құқық қорғау соттық нысаны унификациялануы;
Г) сот билігі тармағының ақиқатты тәуелсіздік пен дербестікке жетуі;
Д) азаматтық айналымның іс жүзіндегі тең құқылы субъектілерімен ақылға қонымды уақытта әділетті жария қарау жағдайында азаматтық процессте диспозитивтілік және жарыспалылық қағидаларының толық көрініс табуы, азаматтардың арасындағы кез келген дауды қараудың бәріне ортақ бір процессуалдық регламентінің болуы;
Е) соттардың және өзге қаулылардың іс жүзінде орындалуы.
Кез келген құқық саласының қағидалары заңнама бастамасы және жалпы түсінігі түйіні, бұларда осы сала мен реттелетін қоғамдық қатынастардың заңдылықтары мен құқық саласының ерекшеліктері көрініс табады.
Қағидалар құқық шығармашылығының мақсатының, керектігінің критэриі және құқық қолданудың ориентирі болып табылады.
Зерттеуші-заңгерлер құқықтың қағидаларына байланысты ортақ ойға келді. Құқық қағидалары -экономикалық қатынастармен келісілген және заңда көрініс тапқан, жалпылама, маңызды идеологиялық тәртіптегі басшылыққа алынатын бастапқы идеялар. Құқық өзі идеологиялық құбылыс болып табылады, ал оның мазмұны экономикалық қатынастардың деңгейімен айқындалады. Құқық қағидаларының проблемаларының ауқымдылығы дау тудырмайды, себебі, біріншіден, құқық экономикамен, саясатпен, идеялогиямен, қоғамдағы моральдық құндылықтармен тығыз байланысты; екішіден, құқық қағидалары бүкіл құқықтың және оның саласы мен институтын негізін айқындайды.
Құқық қағидалары - құқықтың нормативтік-басшылықты негіздері (бастаулары). Л.С. Явич тұжырымдауы бойынша құқық қағидалары бүкіл заң нормалар жүйесіне біріңғайлылықты енгізеді және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бірлік береді, заңы құрылымдардың барлық компоненттерін бекітеді.
С.С. Алексеевтың айтуы бойынша азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын фундаментальді ережелер, азаматтық істер бойынша сот әділдігінің негізі басшылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер
Құқық қағидалары түсінігі, түрлері
Сотта істі қараудың жариялылығы
Қылмыстық процесс жайлы
Сыртқы экономикалық келісімдер
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Сот ісін жүргізу тілі
Пәндер