Атқару өндірісінің құқық жүйесінде толық және азаматтық сот өндірісінде ішінара орын алуы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік құқығы
Тақырыбы: Атқару өндірісінің құқық жүйесінде толық және азаматтық сот өндірісінде ішінара орын алуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ . . .
- Атқару өндірісінің түсінігі, мақсаты, міндеттері . . .
- Атқару өндірісінің қатысушылары . . .
2 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ . . .
2. 1 Атқарудың негіздері және атқару құжаттары . . .
2. 2 Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі . . .
2. 3 Мәжбүрлеп атқару шаралары . . .
2. 4 Кейбір азаматтық істер бойынша шығарылған шешімдердің орындалуының ерекшеліктері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбымның өзектілігі: Еліміздің Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі. Ал құқықтық мемлекеттің басты сипаты болып табылатын заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жігерлікті талап етеді. Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсіздігін, судьяның әділдігі мен алалықсыздығын қамтамасыз етуге, судьяның қабылданған заңдардың қоғамда әрекет етуінін кепілі ретінде болуына бағытталған. Сонымен бірге, мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе құруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу органдарын қайта құру жүргізілуде.
Қазіргі кезде құқықтың - олардың кепілі, қорғау, іс жүзінде іске асуы, орындалу проблемасы көп мәнге ие болуда. Бүгінгі күнде сот төрелігі жүйесінде ең нашары сот актілерін атқару болып табылады. Сот органдарының бұл ортада жумысы халықтың ашу кернеуін туғызу бекер емес. Сотқа өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шағымданған адамдарға сот процесі емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін іс жүзінде қалпына келуі маңызды. Шешімдер, егер олар ешкіммен орындалмайтын болса кімге керек?
Құқықты іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етудің жалпы мақсаттарының ішінде азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару барысында азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотпен шығарылған шешімді орындаумен байланысты мәселелер көңіл бөлуді керек етеді. Көп жағдайда құқықты қорғау шешім шығарумен аяқталмайды. Сотқа шағымданған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері толық қорғалу үшін, әдетте, сот шешімінің негізінде белгілі бір әрекеттер жасалуы тиіс. Тек қана зиянды өтеу алимент өндіру және т. б. туралы шешім шығару емес, сонымен қатар іс жүзінде залалдың өтелуі, алимент өндірілуі керек.
Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың және азаматтық құқықтық қатынастардың басқа да субьектілерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың, заң және сот алдында теңдігі сақталған жағдайда, тиімді құралы болып табылады.
Сот және басқа органдардың актілерін орындау барысында пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары және де атқарушылық іс жүргізу құқығына тән теориялық көзқарастар осы дипломдық жұмыста зерттеудің пәні болып келеді. Зерттеу барысында осы жұмыста атқарушылық іс жүргізуге қатысты азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы және осы құқықтық саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардағы кемшіліктерге көңіл бөлінеді.
Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері: атқарушылық іс жүргiзудiн қағидалары мен қатысушылары, атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері мәселелерінің теориясын, тәжірибесін, заңнамамен реттелуінің өзіндік кемшіліктерін көрсетіп, атқарушылық іс жүргізуді іске асыруды көрсету.
Курстық жұмысымдағы зерттеу объектісі: сот актілерін атқару өндірісі болып табылады.
Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің сот шешімін орындауды реттеуге арналған 236-237 бабтары, сондайақ атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның тиісті ережелері және осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі құрайды.
Курстың жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда атқарур гылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы ретінде қарастырылады және осы тарауда атқарушылық іс жүргізудің қағидалары мен қатысушылары қамтылған. Екінші тарауға атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері кіргізілген, яғни, атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі, атқарудың негіздері және атқару құжаттары, мәжбүрлеп атқарудың шаралары және атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстар және өндіріп алынған ақша сомаларын бөлу. Ал, үшінші бөлімдекейбір азаматтық істер бойыншта цығарылған шешімдерді орындаудың ерекшеліктері қарастырылған.
1 АТҚАРУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
- Атқару өндірісінің түсінігі, мақсаты, міндеттері
Азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттары Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша ҚР АІЖК) 5 бабында бекітілген,
Азаматтық сот ісін жүргізу заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың заңдарды бұлжытпай орындауға тәрбиелеуге және жалпы тұрмыстық ережелерді сыйлауға ықпал жасауы керек. Осы мақсаттар сотпен шешіледі. Сот әділетті шешім шығарып және азаматтық құқық туралы дауды шеше отырып даулы субьективті құқықты қорғайды және бұзылған құқықты орнына келтіреді.
Соттың шешiшiмiн атқару сатысында азаматтық дауларды қарау мен шешу бойынша оның қызметі аяқталады. Азаматтық істі мәні бойынша қарау мен шешудің нәтижесінің негізінде сот өз пікірін ерекше процессуалдық актіде - сот шешімінде көрсетеді. Сот шешімі нақты азаматтық құқықтық дауды шешу барысында атқарған көлемді және ауыр еңбектің нәтижесі. Сот шешімінде тек қана соттың ғана емес, сонымен қатар тараптардың, үшінші тұлғалардың, сот өкілдерінің және прокурордың процессуалды қызметтері көрініс табады. Көптеген сот шешімдері соттың беделіне байланысты тараптардың өз еріктерімен орындалады. Тарап сот шешімімен белгілі қызметтерді жүзеге асыруға немесе белгілі қызметтерден бас тартуға міндеттелгенде соттың шешімін орындаудан бұлтару жағдайлары жиі кездеседі. Егер, жауапкер сот шешімін ерікті түрде орындамаса, ол атқарушылық іс жүргізу тәртібімен мәжбүрлі түрде атқарылады. Кез-келген соттың шешімін әртүрлі себептермен атқаруға мүмкін болмағанда өндіріп алушының өндіруден бас тартқан және бітімгершілік келісімге келген жағдайлардан басқа) соттың және азаматтық іс жүргізудің басқа да субьектілерінің атқарған еңбегінің пайдасыз болып қалатынын айтпағанда, сот төрелігі актісінің мәнін төмендетеді және соттың беделін түсіреді. Сот шешімі атқарылғанда, әрi атқарылуы заңға сәйкес және шешімнің мазмұны қатаң сақталумен жүзеге асырылғанда ғана азаматтық іс жүргізудің мақсаты орындалады. Тек қана осы жағдайда тараптардың субьективті құқықтары іс жүзінде орнына келтіріліп азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізу аяқталады. [1]
Азаматтық іс жүргізуде сот шешімін атқару - соттың, атқару органдарының, прокурордың, тараптардың және іс бойынша басқада қатысушы түлғалардың соттың шешімімен сәйкес тараптар арасындағы фактілік қатынастарды өзгертуге бағытталған, азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыратын соттың қызметі және осы қызметтен шығатын іс жүргізушілік қатынастар болып табылады.
Сонымен қатар, ғалымдарда басқа да пікірлер қалыптасқан. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығының аяқтаушы сатысы. Атқарушылық іс жүргізу құқығының нормалары азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының бір бөлігі және оның бір құқықтық институты. [2]
Атқарушылық іс жүргізу дербес іс жүргізу болып табылады және оны реттейтін нормалар дербес кешенді құқықтық саласын құрайды. Біртұтас атқарушылық заңнамада, орындауға жататын шешімнің сипатына және түріне тәуелсіз, барлық атқарушылық іс жүргізудің нормаларын біріктіруге мүмкін болады. [3]
Атқарушылық іс жүргізу алдыңғы сатылардан шығады және органикалық байланысып азаматтық іс жүргізудің аяқтаушы сатысы болып келеді.
Іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктері бар. Ол сотта азаматтық істі қараумен байланысты емес атқарушылық іс жүргізуді қозғау мүмкіндігінен көрінеді, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) шығаратын қаулылары. Осы актілердің негізінде атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің алдынғы сатыларынсыз қозғалады.
Егер атқарушылық іс жүргізуді іс жүргізуден тыс саты деп санап және оны сотты процессуалдық бақылауынан алып тастасақ, керекті іс жүргізушілік кепілдермен қамтамасыз етпесек, онда мұндай мәселелер құру азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерге сай болмайды. Керісінше, бұл мақсаттарға қарама-қайшы келеді, өйткені сот шешімдерін атқару сатысында тараптар құқықтарының іс жүргізушілік кепілдерінің жоқ болуы бұзылған субьективті құқықтарын орнына келтіру және керекті қорғаныс жасауға кедергі болады. Ол
Сот және атқару органдары іс жүргізушілік әдістерді қолданып сот шешімдерінің атқарылуын мәжбүрлеп бағыттауы заңды күшіне енген шешімнің міндеттілігін және азаматтық, енбектік, отбасылық-некелік құқықтық қатынастарды тұрақтылығын және анықтылығын қамтамасыз етеді, яғни сот төрелігін жүзеге асыруда өз мақсаттарын орындайды.
Сот шешімдерін атқару атқарушылық іс жүргізу тәртібімен, АІЖК-нің ережесімен жасалатын әрекеттер ғана емес, сонымен қатар басқа да сот шешімін жүзеге асырумен байланысты әрекеттер деп жиі айтылады. Көптеген сот шешімдерінің негізінде әртүрлі мемлекеттік органдарда тіркеулер жүргізіледі - тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу; АХАЖ фактісін тіркеу; қамқоршы мен қорғаушы тағайындау. Осылардың барлығы шешімді атқару бойынша кең мағынадағы әрекеттер, өйткені шешім негізінде және оларды жүзеге асыру үшін жасалады. Бірақ, бұл әрекеттерді азаматтық іс жүргізу сатысы деп атқарумен ауыстыруға болмайды, себебі іс жүргізудің шегінен шығып кеткен және АІЖК-нің ережесімен жасалмайды.
Сонымен аткару сатысы азаматтық іс жүргізудің соңғы, қорытынды және міндетті сатысы. Біріншіден, азаматтық істі қараудың және шешудің нәтижесі болып табылады; екіншіден, бұл сатыда азаматтық субьективті құқықтарды және заңды мүдделерді қорғау нақты өзінің көрінісін табады; үшіншіден, бұл саты басқа азаматтық сот өндірісінің сатыларына өтпейді.
Қорыта келе, атқарушылық іс жүргізу дегеніміз бұзылған құқықты қорғау және қалпына келтіру бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіппен юрисдикциялы актілерді мәжбүрлеп жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 131 449-баптарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің әрі қарай - АІЖК) 21-бабына сәйкес, соттар мен судьялардың заңды күшіне енген үкімдері, шешімдері, қаулылары, ұйғарымдары, бұйрықтары, сондай-ақ заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен сот актілерін орындауға байланысты басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға жатады. Соттың үкімін, шешімін, қаулысын және өзге де сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соғады.
Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды көздейтін ҚІЖК-нің 170, 305-баптарының және АІЖК-нің 158, 159-баптарының талаптарын мүлтіксіз орындаулары қажет. Соттар көрсетілген шараларды басты сот талқылауына әзірлік жүргізу барысында, сондай-ақ сот талқылауы, үкім шығару, азаматтық талапты қанағаттандыру жөнінде шешім немесе өзге де сот актісін шығару кезінде қолдануы мүмкін.
Соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парақтарын уақытында жазып, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, өндіріп алушылар мен борышкерлерді көрсетіп, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін борышкерлер мен олардың мүліктері тұрған жерлер бойынша сот әкімшілерінің облыстардағы аумақтық органдарына жіберуге тиіс. Сот орындаушылары атқару құжаттарын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz