Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың ерекшелігі және мәртебесі. 2. Экономикалық мәдениет түсінігі. Оның функциялары мен сипаттамасы. Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары. 3. Халықаралық еңбек нарығы, жұмыссыздық, профсоюздар 4. Білімнің әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігі. 5. Білім әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі. 6. Білім беру саласындағы үрдістер мен реформалар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1.Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың ерекшелігі және мәртебесі.
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.
Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері.
І кезең - алғашқы: ХҮІІІ ғ. - ХІХ ғ. экономикалық әлеуметтанудың алғышарттары. Өкілдері: А. Смит, Д. Рикардо, Ж. Сисмонди - бастапқы кезеңі; К. Маркс, Г. Шмолер, К. Бюхер, Л. Брентано - екінші кезеңі. Доминантты әдіс - экономикалық. Жетістіктері: экономиканы зерттеуде әлеуметтік ыңғайды дамыту, капиталистік экономиканың әлеуметтік қайшылықтарын ашу (жекелей алғанда пауперизация мен пролетаризация), "экономикалық емес шарттардың" өндірістің дамуына ықпалын анықтау, бірқатар маңызды социологиялық категориялардың пайда болуы: тап, әлеуметтік институттар, статустық артықшылықтар, экономикадағы статустық топтар, экономикалық мінез-құлық. К. Маркс - экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға әсері және бұл заңдылықтың әмбебап сипатын анықтау; капиталдың криминализациясы үрдісіндегі әлеуметтік және экономикалық мәнінің байланысы; капитализм тұсында мүліктің азғантай меншік иелерінің қолында шоғырлануы және пауперизацияға ұшыраған жұмысшы бұқараның капитал иелері арасындағы шиеленісінің мәнін ашу; Үсетеме құн механизмі және жұмысшыларды эксплуатациялауды талдау. Еңбектері: "Капитал" А. Смит - экономикалық адам - ол нарық субъектісі, нарыққа жұмыс істейтін өндіруші. Экономикалық адамның басты ерекшелігі прогресстің қозғаушы күші экономикалық еркінің болуы. Экономикалық адам - өзімшіл және рационалды. Еңбегі: Халықтардың байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу.
ІІ кезең - экномикалық әлеуметтанудың қалыптасуы (ХІХғ. 90 - шы жылдары - ХХғ. басы). Өкілдері: Э. Дюркгейм, М. Мосс, Ф. Симиан, М. Хальбвакс, М. Вебер, К. Поланьи, Т. Веблен және т. б. М. Вебер - әлеуметтанулық категорияларды енгізді: билік, бедел, бюрократия, статустық топтар. Экономикалық мінез-құлқына құндылықтар жүйесінің ықпалына талдау жасады. Еңбектері: "Протестанттық этика және капитализм рухы" Т. Веблен - экономикалық ғылым адамдардың тіршілік ету үшін материалдық құралдарға қатысты мінез-құлқы туралы ғылым болуы тиіс. Әлеуметтік топтардың тұтыну мәдениеті. Эксплуатация теориясында басты назар тек материалдыққа емес, сонымен бірге этикалық, мәдени факторларға дай байланысты деп есептейді. Басты еңбегі: "Думаншыл тап теориясы".
ІІІ кезең - экономикалық әлеуметтанудың дамуы (ХХғ. 50 -80 жылдар). Өкілдері: Т. Парсонс, Н. Дж. Смелзер, Д. Стинчкомб, А. Мартинелли және т. б. Т. Парсонс - құрылымдық-функциялық талдау теориясының, "әлеуметтік әрекет" және "әлеуметтік жүйе" тұжырымдамаларының авторы. ІҮ кезең - экономикалық әлеуметтанудың дамуының қазіргі заманғы кезеңі. Өкілдері: В. Сведберг, М. Гранноветтер. Негізгі тұжырым - қоғам қалайша көптеген еңбек түрлерінің арасынан шектеулі өндірістік ресурстары тиімді қолдануға мүмкіндік беретін баламаны таңдайды.
Экономикалық әлеуметтанудың ерекшелігі - экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстыру.Ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.

2. Экономикалық мәдениет түсінігі. Оның функциялары мен сипаттамасы. Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.
Экономикалық мәдениет экономикалық мінез-құлықтың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, мінез-құлық үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен нысандардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу).
Экономикалық әлеуметтанудың құрамдас элементтері және сипаттамалары:
Өндіріс - экономикалық әлеуметтану үшін өндіріс процесі әлеуметтік қайта өндіру процесі. Тек микросоциологиялық қатынастар емес, басқару типінің қайта өндірілуі.
Тарату - шаруашылық Әрекеттің нәтижесін тарату, егерде ол ұлттық кіріс туралы болатын болса, маңызды әлеуметтік мәнге ие.
Тұтыну - экономикалық әлеуметтануда тұтыну өндіру секілді әлеуметтік қатынастарды қайта өндіру сипатында қарастырылады. Тұтынуды зерттеу әлеуметтік құрылымды талдауға мүмкіндік береді.
Айырбас - Бұл түсінік экономикалық қатынастарға қарағанда ауқымы кең. Айырбас қатынасы адамдардың әрекетінде рационалдылықтың дамуына әкеледі. Себебі адам өзінің кетіретін шығынын бағалай отырып, нәтижесінде алатын табысты алдын ала есептейді.
Әлеуметтік зертттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбаст аушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.
Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері - инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.
Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы,әділеттілігі,белсенділіг і,жауапкершілігі т.б қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін зерттейді.
Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады.Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.
Экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды процестерді зерттегенде басты назарды адам факторына аударады.
Қоғамның өндіргішкүштерінің басты элементі деп, өнімді еңбекке қабілетті,талап-тілегі, мүддесі және денсаулығы тәжірибесі бар қоғамның белгілі бір жас мөлшеріндегі адамның тобын айтамыз.
Тиімді табысты еңбек ету үшін әрбір еңбек етушінің субъектінің, яғни тұлғаның белгілі бір көзқарасы, білімі, мамандық дайындығы,тәжірибесі,тәрбиесі,жоғар ы санасы,психологиясының болуы аса маңызды. Осыған орай әрбір еңбеккердің жұмысты ойдағыдай тиімді жүргізуі үшін оның жоғары әлеуметтік - адамгершілік қасиеттері де болуы қажет.Бұған жататын жоғары қасиеттері
:: Терең мамандық
:: Білімдар
:: Маманданған тәжірибе
:: Жұмысқа дайындалу
:: Саналық
:: Әділеттілік
:: Сөзбен істің бірлігі
:: Жауапкершілік
:: Белсенділік
:: Тәртіптілік
:: Дербестік

Бұлардың әрқайсысы адамға оның ішінде,әсіресе,еңбеккерге, жоғары мамандарға,кәсіпкерлерге,қызметкерл ерге, т.б тән қасиет.Бұл қасиеттерді әрбір адам бойына сіңіріп,қалыптастыруы қажет.Бұл қасиеттер қоғамдық өндірісті дамытудың, өндірісті тиімді жүргізуін сапалы тауарларды шығарудың негізгі факторлары болып саналады.
Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі - адамдардың еңбекке қатынас және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу.
Бұрынғы кеңестік тотолитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты кретерийлері болмады.Осының салдарынан миллиондаған адамдар еңбекке қалай болса,солай қарап,жұмыс ісетеу қабілетін жойды,еңбекке жауапкершілікпен қарау болмады.Бұл ойдың растығын 1997-1998 жылы орта мектепті бітіруші оқушылардың сұрақ арқылы алынған деректердеен көруге болады.Орта мектепті бітірушілердің 7%-і ғана өндірістік,маманданған еңбекке құйық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді,ал 37% - еңбекті жағымсыз процесс ретінде қараған.
Еңбекшілердің арасында еңбекке қызығудың өлшемдері мынадай 99%-жұмыс қызықты (адамды еңбектің ұдайы таратындай балу)болуын,88% жалақаны істеген еңбегіне қарай бөлінуін 85% - еңбектің әлеуметтік қорғау кепілдігін,82% - басшылардың еңбек адамына әріптестік қарым-қатынаста болуын қалайды.
Елде жоғары мамандарды дайындау деңгейі,қазіргі өндірістің талап-тілігіне сәйкес емес.Ал,нарықтық экономикалық қатынастар жаағдайда ғылыми-техникалық жоспарға сәйкес жоғары кәсіби маманданған,білімді,компьютерді жақсы меңгерген,шет тілдерін білетін, жоғары адамгершілік қасиеттері бар кадрлар қажет.
Жоғарыда айтылғандардан келесідегі мәселелершығады.Өндірістегі әр түрлі қоғамдық топтардың құрылымын
Олардың жіктерге бөлінуін, сапалық өзгешелігін талдап,анықтау қажет,өйткені олар экономикалық дамудың негізгі әлеуметтік жағын құрайды.Өндірістегі барлық топтардың мұң-мұқтаждығын,мүддесін қабілетін,белсенділігін ескріп отыру - бүгін күннің басты талабы.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде - өндіріс - бөлу - айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.
Айта кететін бір жайт экономикалық әлеуметтану жеке-дара әлеуметтану терияларымен,мысалы,еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтанумен айналады.Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуінің басты айырмашылық - ол жалпы экономикалық және әлеумғеттік құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылығын зерттейді.
Ал заңдылықтар дегеніміз не? Олар осы байланыс қатынастардың ең тұрақты қайталанатын қажетті мәнді басты жақтарының жиынтығы.
Қысқаша айтқанда,өндірістегі басты тұлға - еңбек адамы екендігін естен шығармауымыз керек.Еңбеңк адамына жұмыс күші ретінде ғана қарамай, оның көңіл-күйімен,мүддесімен санасу керек.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін бағалау - басты мәселе.Өндірісте, фирмалар мен корпорацияларда еңбек адамын өндірісті ұйымдастыру әлемдік тәжірибе көрсеткіші жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

3. Халықаралық еңбек нарығы, жұмыссыздық, профсоюздар
Еңбек нарығы -- бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы -- бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану ғылымының тарихы
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Жастық шақ теориялары
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Пәндер