Шәкәрімнің қай шығармасынан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 220 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі дәуір әдебиеті

Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады:
1.Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар. ( Сақ,ғұн, үйсін дәуірі б.з.б VII ғ. - б.з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден бізге келіп жеткен Есік жазуы , Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым,Ширақ батыр , Зарина сұлу, Мөде батыр т.б. жайындағы аңыз- жырлар бар. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Сактар көне туркі тілінде сөйлеген.
2.Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. (V-VIII ғ.ғ.) Орхон ескерткіштері -Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ жырлары, жазған кісі- Йоллығ тегін.
3.Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (ІХ- Х ғ.ғ.) Қорқыт ата кітабы , Оғыз қаған жыры ( VIII-ІХғ.ғ)
4.Ислам дәуіріндегі әдебиет . (Х- ХІІ ғ.ғ) Бұл дәуір әдебиеті шығарма иесінің шыққан ортасына қарай екіге бөлінеді.
а)Сыр бойы әдебиеті: Әл- Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки , Сүлеймен Бақырғани.
ә)Қарахан әдебиеті: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари.
5.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет: (ХІІІ- ХІV ғ.ғ) Рабғузи , Хорезми, Сәйф Сараи.

Алып Ер Тоңа- өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі, Иран ақыны Фирдоусидің Шаһнама (ХІ ғ.) кітабының кейіпкері (Афрасияп деп аталған) болған .Төрт ұлы болған: Барысхан , Қарахан, Шиде, Алақ, Алып Ер Тоңаны жоқтау жыры М.Қашқаридің Түркі сөздерінің жинағына енген.

Қорқыт (VІІІ ғ.)- тарихи тұлға аңыз кейіпкері. Туып- өскен жері- Сыр бойындағы Жанкент (Жаңакент) қаласы. Қобыз аспабын ойлап тапқан, ұрпақтарға Желмая, Аққу, Елім ай , Қорқыт күйі, т.б. күйлерді қалдырған.
Қорқыт ата кітабының (ХV ғасырда жазылған) бізге жеткен екі нұсқасы бар. Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы және Италияда (Ватикан) 6 жырдан тұратын қолжазбасы. Алғаш рет ХХ ғасырда хатқа түсірілген.
Қорқыт ата кітапбы -VIII ғасырларда және одан бұрын туған аңыз -дардың жинағы. Кітаптағы жырлар: Қазанбектің ауылын жау шапқалы туралы жыр, Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр , Төбекөз дәуді жеңген Бисат батыр ,т.б. Бамсы Бейрек жыры оқиғасы, құрылысы жағынан Алпа- мыс батыр жырына жақын келеді.Кітапта нақыл сөздер көптеп кездеседі.

Оғыз қаған жырының ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақталып келген. 40- тан астам хикаядан тұрады. (Жыр кейіпкерлері:Оғыз, анасы - Айқаған, ақылшы кеңесшісі- Ұлық Түрік ұлдары- Күн Ай , Жұлдыз ,Көк , Тау, Теңіз ,Ормандағы ғажап аң-Қат ,жол көрсетуші- Көк бөрі)
Жыр ІХ ғасырда жинақталып,ХІV ғасырда хатқа түскен.Жырдың басты идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. Қыпшақ, қаңлы,қардұқ, қалаш рутайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады. Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататыны аңғарылады.

Әбунасыр әл - Фараби ( 870-950 ж. ж) ақын, ойшыл, ғұлама. Музыка, математика,логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз деген атақ берген.
Ғылымның көптеген салаларын меңгергеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер (трактаттар) жазған. Еңбектері: Музыканың үлкен кітабы , Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы, Өлең өнерінің қағидалары, Риторика , Китаб аш шеер ( Өлең кітабы), Философияны оқу үшін не білу керек?, Ақылдың мәні туралы т.б.
Музыканың үлкен кітабында түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған.Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид ,Птоломей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған.

Ахмет Йасауи (ХІІ ғ. Туған жылы белгісіз 1166 жылы қайтыс болған). Еңбектері: Диуани хикмет (Даналық кітабы), түркі тілінде араб әліпбиімен жазылған,149 хикметтен тұрады. Диуан- жинақ, хикмет- Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді.

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. 1015-1016 жылдары туған,қайтыс болған жылы белгісіз).
Еңбектері: Құдатғу біліг (Құтты білік). 85 тараудан 6500- ден аса бәйіттен тұрады (13040 жол) және 3 қосымшасы бар.Кемел мемлекет- тің сипаты баяндалады. Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған, Фирдоусидің Шаһнамасымен қатар қойып, Түркі шаһнамасы деген атақ берген.
Кітапта төрт кейіпкер бар: Күнтуды бек- әділет бейнесі,Айтолды уәзір - бақыт бейнесі,Өгдүлміш- уәзірдің баласы, ақыл- сана бейнесі,Одғұрмыш- уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде алынған.

Махмұт Қашқари (ХІ ғ. 1029-1039 жылдар аралығында туған,қайтыс болған жылы белгісіз) білімпаз тілші, ғалым,әдебиет үлгілерін жинақтаушы. Диуани лұғати- т -түрік (Түркі сөздерінің жинағы). 1070 жылдары жазылған, 3 кітап- тан тұрады. 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арапша түсінік берілген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылады.

Рабғузи (ХІVғ) Еңбектері: Қисас- ул -әнбиа (Әулие -әнбиелер туралы қиссалар),1370 жылы жазылған ,ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең- әңгімелерінің жинағы.
Сәйф Сараи (1320-1396 ж.ж.) Еңбектері: Гүлстан бит- түрки(Түркіше Гүлстан), 8 тарау, кіріспе , қорытындыдан тұрады, Сағдидің Гүлстан кітабынан ( 1258) түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Төл туындысы Суһаил мен Күлдірсін.
Хорезми Мұхаббатнама, 1353 жылдары жазған , 473 бәйіттен тұрады;Хусам Кәтиб Жұмжұма сұлтан; Құтып (Құтб) Хұсрау- Шырын ,1341-1342 жыл дары Әзірбайжанның ұлы ақыны Низамидің осы аттас поэмасы негізінде түркі тілінде жазған, Сүлеймен Бақырғани Дүниенің ақыры; Ахмет Йүгнеки Хибатул- хақайқ (Ақиқат сыйы) 14 тарау , 235 өлеңнен тұрады;Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551ж.ж) Тарихи Рашиди кітабы, Жаһаннама дастаны.

Ежелгі дәуір әдебиеті: (5 кезеңге бөлінеді)
Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ ,ғұн,үйсіндердің түркілер атанған ғасыры -: (Заманымыздың V ғасыры ).
Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!-деген сөз жазылған шығарма: (Есік қаласынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда)
3.Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен шығарма: (Алып Ер Тұңғаны(Тоңаны) жоқтау).
Бөрідей жұрт ұлысынп,
Айқаймен жаға жыртысып.
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер,- деген үзінді алынған жыр: (Алып Ер Тұңғаны жоқтау).
Алып Ер Тұңғаның өз заманындағы мәртебесі:( Түркілердің көсемі)
Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің Шаһнамакітабының кейіпкері болғантүркі көсемі : (Алып Ер Тұңға).
Алып Ер Тұңғаны жоқтау жырын қазақ тіліне аударды: ( Асқар Егеубай)
* ... Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады.
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын,- деген жолдарарналған жоқтау: (Алып Ер Тоңа)
Ғалымдардың түркі жазуларына берген атауы: (Руна жазуы)
Руна жазуы деген ұғым: Скандинавия халықтарының сөзі
Күлтегінжырын тапқандар: (Швед Иогани, орыс ғалымы Н.М.Ядриницев `(ХVІІІ-ХІХ).
Көне түркі жазуын алғаш рет оқыған ғалым:( Вильгельм Томсен - дат ғалымы)
Орхон жазуының сырын алғаш рет ... ашты: :( В. Томсен1893 жылы)
Тасқа қашалған көне жәдігерлердің ішінде бізге жеткендердің ең ірілері:( Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған ескерткіштері
Күлтегін, Тоныкөк - қай ғасырдың туындысы ? (VІ- VІІІ ғ.ғ)
Күлтегін, Тоныкөк дастандарының тастағы жазуы табылған жер( Орхон- Енисей өзендері аңғарлары)
Орхон жырларының негізгі ойы мен мұраты: ( Ел тәуелсіздігін аңсау)
Күлтегін жырының негізгі тақырыбы: ( Ерлік, ел қорғау)
**Күлтегін жырында суреттелетін түркілердің қасиетті мекені :(Өтүкен аймағы)
**Күлтегін жырында баяндалатын оқиға ( Түркі қағанатының жорықтары)
*Күлтегін, Тоныкөк жырларын жазған: (Йоллығ Тегін)
*Күлтегін жырындағы жырау ( Тоныкөк ( Тонұқұқ)
Тоныкөк кім болған? ( Қағанның кеңесшісі)
*Күлтегін батырдың ақылшысы, кеңесшісі( Тоныкөк)
*Күлтегін жырындағы Елтеріс, Қатаған, Білге қағандардың ақылшысы болған кейіпкер ; ( Тоныкөк)
*Күлтегін жырындағы Күлтегін мен Білгенің әкесінің аты: (Елтеріс қаған)
*Елтеріс хан өмірден өткенде артында қалған ұлы: (Білге)
*Әкелері Елтеріс қайтыс болғанда балалары Күлтегін мен Білгенің жастары: ( Білге 7 жаста, Күлтегін 5 жаста)
P.S ... Әкем қаған өлгенде
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды.- деген ( Күлтегін жырынан)( 9 сынып Қазақ әдебиеті хрестоматиясы)
*Күлтегін жырындағы тауғаштар деп аталатын тайпа . ( Қытайға қараған түркі тайпалары)
*Күлтегін жырында түркілер 50жыл бойы қай халықтың бодандығында болған : Тауғаштардың
*Күлтегін ескерткішінің көшірмесі қойылған жоғарғы оқу орны: ( Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті)
*Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінген: (2001)
***Күлтегін жырына сәйкес мәліметтер : ( Түркі қағанатының жорықтарын суреттейді.* Алғаш тапқан швед офицері Иогани; Руна жазуымен жазылған)
*** Орхон- Енисей жырлары кімге арналған? : (Күлтегін, Тоныкөкке)
Орхон- Енисей ескерткіші кейіпкерлері: Білге қаған ,Тоңұқұқ, Күлтегін)
VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын,күйші аңыз кейіпкері: ( Қорқыт)
Қорқыт ата кітабының жыр саны: (12) ( Кітаптың сақталған екі нұсқасы бар)
Қорқыт ата кітабында нақыл, мақал-мәтел : ( Жиі ұшырайды)
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба тілін бүгілткенше, бүгілтпегені игі нақыл сөздің авторы : (Қорқыт)
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.-деген нақыл сөздің иесі : (Қорқыт)
12 жырдан тұратын Қорқыт ата кітабындағы қай жыр оқиғасы, құрылысы жағынанэпостық жырдың қайсысына жақын келетіні: (Бамсы Бейрек жыры, Алпамыс батыржырына жақын келеді)
Қорқыт ата кітабына енген жыр:( Байбөрі баласы Алып Бамсы жыры)
Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр : ( Қорқыт ата кітабындағы жыр)
Қорқыт ата кітабындағы Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырда сөз болатын тақырып: ( Анаға деген түркі халықтарының құрметі)
Қорқыт ата кітабындағы кездесетін кейіпкер : ( Қазан бек)
Аңыз бойынша ажал Қорқытқа келеді:( Жылан болып)
Қорқыт бабаның қобызшылар сақтап қалған күйі : (Желмая )
***Қорқыт ата кітабына сәйкес мәліметтер : ( *Алғаш ретХХғасырда хатқа түскен; * Қарасөзбен жазылған 12 жырдан тұрады;* Қазан бектің ел қорғаған ерлігін жырлайды)
***Қорқыттың нақыл сөздері(* Ескі қамыс біз болмас, Ежелгі дұшпандос болмас; * Алла демейінше іс түзелмес,Тәңірі бермейінше, ер байымас;* Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес)
:: Түркі халықтарына ортақ көркем шығарма: ("Оғызнама")
:: "Оғызнаманың" ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер:(Париждің кітапханасы)
"Огызнамадағы" хикая саны: (Қырықтан астам )
"Огызнаманың" басты идеясы: (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,
достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға карсы күресу)
"Огызнамада" мол кездеседі: (Мифологиялық суреттер)
"Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы: (Ұлық Түрк)
:: Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер: (Оғыз қаған)
:: Жырдағы Оғыз қағанның анасы: (Айқаған)
:: Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді: (Көкбөрі)
:: Оғыздар киелі санаған түс: (Көк)
:: "Мұзтау" деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?("Оғызнама")
:: Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар: (Әл-Фараби, А. Яссауи,Ж. Баласағұн, М. Қашқари)
*** Орта ғасырлық ойшылдар: (*Әл-Фараби; *Ахмет Йасауи; *АхметЙүгнеки)
*** Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіне жататын шығармалар: (***Құтты
білік" кітабы; **"Даналық кітабы" еңбегі; ***Түркі сөздерінің жинағы"кітабы)
:: Әбу Насыр әл-Фараби: (Ғалым, ақын, әдебиетші)
:: Әл-Фарабидің толық аты-жөні: (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани)
:: Әл-Фарабидің шығармалары жататын ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі: (Ислам дәуіріндегі әдебиет)
:: Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)
:: Түркі халықтарына ортақ көркем шығарма: ("Оғызнама")
:: "Оғызнаманың" ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер:
(Париждің кітапханасы)
"Огызнамадағы" хикая саны: (Қырықтан астам )
"Огызнаманың" басты идеясы: (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,
достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға карсы күресу)
"Огызнамада" мол кездеседі: (Мифологиялық суреттер)
"Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы: (Ұлық Түрк)
:: Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер: (Оғыз қаған)
:: Жырдағы Оғыз қағанның анасы: (Айқаған)
:: Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді: (Көк
бөрі)
:: Оғыздар киелі санаған түс: (Көк)
:: "Мұзтау" деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?
("Оғызнама")
:: Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар: (Әл-Фараби, А. Яссауи,
Ж. Баласағұн, М. Қашқари)
*** Орта ғасырлық ойшылдар: (*Әл-Фараби; *Ахмет Йасауи; *Ахмет
Йүгнеки)
*** Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіне жататын шығармалар: (***Құтты
білік" кітабы; **"Даналық кітабы" еңбегі; ***Түркі сөздерінің жинағы"
кітабы)
:: Әбу Насыр әл-Фараби: (Ғалым, ақын, әдебиетші)
:: Әл-Фарабидің толық аты-жөні: (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ
Тархани)
:: Әл-Фарабидің шығармалары жататын ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі: (Ислам
дәуіріндегі әдебиет)
:: Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)
Әбу Насыр әл- Фараби еңбегі:(Өлең өнердінің қағидалары)
Әбу Насыр әл- Фараби Өлең өнердінің қағидалары кітабында ақындарды неше топқа бөледі: 3
Кімде-кім хикмет(философия)білімін оқып үйренуге кіріспек болса,ол ең алдымен жас болуы,ниеті дұрыс,әдепті,қайырымды адам болуы керек,-деген пікірді айтқан ғұлама ғалым: (Әбу Насыр әл-Фараби)
Мұхтар Шахановтың Арман,Әнуар Әлімжановтың Ұстаздың оралуыатты тарихи туындылары арналған: (Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға)
Мұхтар Шахановтың Арманөлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қария қалай түсіндірген:(Ғылым мен өнердің шамын жағу)
Мұхтар Шахановтың Арманөлеңінің оқиғасы өтетін жер: (Отырар)
Мұхтар Шахановтың Әбу Насыр әл- Фараби өмірінен алынған өлеңі: (Арман)
Ахмет Йасауидің өмір сүрген уақыты:(ХІІ ғасыр)
Қожа Ахмет Йасауи: (Дін ағартушы)
Сопылық әдебиеттің негізгі өкілі: (Қожа Ахмет Йасауи)
Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы: (Арыстан баб)
Қожа Ахмет Йасауидің өміріне тән дерек(7 жасында Арыстанбабты іздеп табады)
Диуани хикмет еңбегінің авторы(Қожа Ахмет Йасауи)
Қожа Ахмет Йасауидің кітабы: (Диуани хикмет)
Диуани хикмет кітабының қазақша атауы: (Даналық кітабы)
Қожа Ахмет Йасауидің Даналық кітабын тақырып жағынан бөлуге болады:
(2 топқа);(1.Сопылық ілім туралы.2.Дәуір,қоғамды жырлаған шығармалары)
Жеті жаста Арыстанбабқа қылдым сәлем,
Осы халде мың зікірін қылдым тәмам...-тармақтарының иесі: (Қожа Ахмет Йасауи)
Қожа Ахмет Йасауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өмірі суреттеледі: (63)
63 жасқа келген Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей,қылуетке түскен ортағасырлық ойшыл: (Қожа Ахмет Йасауи)
(Қылует-арабша оңашалану деген сөз,жер астындағы үй)
Ахмет Йүгінекидің еңбегінің аты:(Ақиқат сыйы)
Ахмет Йүгінекидің Ақиқат сыйы атты кітабы неше өлең жолынан тұрады: (466)
Ақиқат сыйы кітабының қолжазбасы қайда сақталған:(Стамбұлдағы Тоқпалы сарайы)
Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари өмір сүрген ғасыры:(ХІ ғ.)
Түрік шаһнамасы атанған орта ғасырдағы түркі әдебиетінің үлгісі(Ж.Баласағұн Құтты білік)
Жүсіп Баласағұн кітабының аты: (Құтадғу біліг)
Құтты білік дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп жазылған: (4)
Әділет,дәулет,ақыл мен қанағат жайлы кітап: (Құтадғу біліг)
Әділет,дәулет,ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұлама: (Ж.Баласағұн)
Құтадғу біліг дастанындағы ақыл-парасат бейнесі:(Өгдүлміш)
Әділдік бейнесі: (Күнтуды бек (Құтты білік)
Уәзір аты: (Айтолды)
Күнтуды бек: әділет бейнесі
Айтолды уәзір-бақыт бейнесі
Өгдүлміш-уәзірдің баласы,ақыл - сана бейнесі
Одғұрмыш-уәзірдің бауыры,қанағат бейнесі
Ж.Баласағұнның Құтты білік дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен керек нәрсе: (Әділдік)
Құтадғу білік дастанындағы Өгдүлміш айтқан пайдасыз үш нәрсені табыңыз: (Өтірік айту, сараңдық,жауыздық)
Жазған кітабын Табғаш Қара Боғра ханға тарту еткен ақын:(Ж.Баласағұн)
Ж.Баласағұнға берілген хас хажиб атағының мағынасы:(Сарай министрі)
Көп сөйлеме-азбан келтір иінін.
Бір сөзбен шеш,түмен сөздің түйінін,-деп айтқан: :(Ж.Баласағұн)
Махмұт Қашқаридің өмір сүрген мезгілі: (ХІ ғ.)

Түркі халықтарының ортақ мұрасы (Оғызнама)
Оғызнаманың ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер (Париждің кітапханасы)
Оғызнамадағы хикая саны (қырықтан астам)
Оғызнаманың басты идеясы (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,достық пен адамгершілікке үндеу,сыртқы жауға қарсы күресуі)
Оғызнамада мол кездеседі (мифологиялық суреттер)
Оғыз қаған жырындағы оғыздың ақылшысы (Ұлық түрік)
Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер (Оғыз қаған)
Жырдағы Оғыз қағанның анасы (Айқаған)
Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді (Көкбөрі)
Оғыздар киелі санаған түс (Көк)
Мұзтау деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?(Оғызнама)

1 АХМЕТ ЙУГІНЕКИДІҢ АҚИҚАТ СЫЙЫ АТТЫ КІТАБЫ НЕШЕ ӨЛЕҢ ЖОЛЫНАН ТУРАДЫ: 466
2 АҚИҚАТ СЫЙЫ КІТАБЫНЫҢ ҚОЛ ЖАЗБАСЫ ҚАЙДА САҚТАЛҒАН.CТАМБУЛДАҒЫ ТӘПҚАЛЫ САРАЙЫ
3 ЖҮСІП БАЛАСАҒУН МЕН МАХМҰТ ҚАШҚАРИДІҢ ӨМІР СҮРГЕН ҒАСЫРЫ.11 ҒАСЫР
4 ТҮРКІ ШАҺНАМАСЫ АТАНҒАН ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІНІҢ УЛГІСІ.ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҚҰТТЫ БІЛІК
5 ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ҚҰТТЫ БІЛІГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАШАН ЖАРЫҚ КӨРДІ?1986Ж АУДАРҒАН АСҚАР ЕГЕУБАЕВ
6 ВАЛИДОВ ҚАЙСЫ ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРДІҢ НҰСҚАСЫН ТАПТЫ?ҚҰТТЫ БІЛІК
7 КЕМЕЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ СИПАТЫН БАЯНДАЙТЫН ЕҢБЕК ҚҰТТЫ БІЛІК КІТАБЫ
8 КҰТТЫ БІЛІК ДАСТАНЫНЫҢ БАСТЫ ИДЕЯСЫ НЕШЕ ПРИНЦИПКЕ НЕГІЗДЕЛІП ЖАЗЫЛҒАН 4
9 ӘДІЛЕТ, ДӘУЛЕТ , АҚЫЛ МЕН ҚАНАҒАТ ЖАЙЛЫ КІТАП ҚҰТТАУДАҒЫ БІЛІК ЖАЗҒАН ЖУСІП БАЛАСАҒҰН
10 КҮНТУДЫБЕК - ӘДІЛЕТ БЕЙНЕСІ
11 АЙТОЛДЫ УӘЗІР - БАҚЫТ БЕЙНЕСІ
12 ӨГДҮЛМІШ - УӘЗІРДІҢ БАЛАСЫ АҚЫЛ-САНА БЕЙНЕСІ
13 ОДҒҰРМЫШ - УӘЗІРДІҢ БАУЫРЫ ҚАНАҒАТ БЕЙНЕСІ
14 ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ҚҰТТЫ БІЛІК ДАСТАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІ ДҰРЫС БАСҚАРУ УШІН ЕҢ АЛДЫМЕН КЕРЕК НӘРСЕ ӘДІЛДІК
15 ҚҰТАДҒУ БІЛІК ДАСТАНЫНДАҒЫ ӨҒДУЛМІШ АЙТҚАН ПАЙДАСЫЗ УШ НӘРСЕ ӨТІРІК АЙТПАУ САРАҢДЫҚ ЖАУЫЗДЫҚ
16 ЖАЗҒАН КІТАБЫН ТАБҒАШ ҚАРА БОҒРА ХАНҒА ТАРТУ ЕТКЕН АҚЫН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
17 ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНҒА БЕРІЛГЕН ХАС ХАЖИБ АТАҒЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ САРАЙ МИНИСТРІ
18 КӨП СӨЙЛЕМЕ - АЗБЕН КЕЛТІР ИІНІН
БІР СӨЗБЕН ШЕШ ТҮМЕН СӨЗДІҢ ТҮЙІНІН- ДЕП АЙТҚАН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
19 ӘР ЖЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕП МАҚАЛ МӘТЕЛ ЖЫРЛАРЫН ЖИНАҒАН ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ДӨҢГЕЛЕК КАРТАСЫН ЖАСАҒАН ОЙШЫЛ МАХМҰТ ҚАШҚАРИ
20 МАХМҰТ ҚАШҚАРИДІҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕГІ ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - 11 ҒАСЫРДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН
21 МАХМҰТ ҚАШҚАРИДІҢ ТҮРІК СӨЗДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ КІТАБЫ НЕШЕ КІТАПТАН ТҰРАДЫ 3 КІТАПТАН ТҰРАДЫ
22 КӨНЕ ДӘУІРДЕГІ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БАСТЫ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚҰНДЫ ТҮЙІНДЕР ЖАСАҒАН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК ДИУНИ ЛҰҒАН АТ-ТҮРІК
23 ЕДІЛ МАҢҒЫСТАУ ІЛЕ САЙРАМ Т Б ЖЕР СУ АТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ДЕРЕКТЕР АЙТЫЛҒАН ЕҢБЕК МАХМҰТ ҚАШҚАРИ ТҮРІК СӨЗДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
24 ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН ҰЛЫ ТӘҢІР АЙТАДЫ: МЕНІҢ БІР ТАЙПА ҚОСЫНЫМ БАР ОЛАРДЫ "ТҮРІК" ДЕП АТАП ЖҮЗДЕРІ МЕЙІРІМДІ ӘДЕПТІ ҮЛКЕНДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛЕТІН КІШІПЕЙІЛ УӘДЕЛЕРІНЕ БЕРІК ТҰРАТЫН МӘРТ ... ДЕГЕН СӨЗДЕРДІҢ АВТОРЫ МАХМҰТ ҚАШҚАРИ
25 ҚҰТЫПТЫҢ НИЗАМИДЕН АУДАРҒАН ДАСТАНЫН: ХҰСЫРАУ-ШЫРЫН
26 ХҰСЫРАУ-ШЫРЫН ДАСТАНЫН БАСТЫ КЕЙІПКЕРІ: (ШЫРЫН) БИСАТ ТЕМІРУЛ ДЕРСЕХАН БАМСЫ БАЙРАҚ-ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНАН
ЕКЕНДІГІ (АРАБ ПАРСЫ СӨЗДЕРІ АРАЛАСҚАН ТҮРКІ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ ТІЛІ)
28 ҰЛЫ МОҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН МҰХАММЕД БАБЫР
29 ЖАМИҒАТ-ТАУАРХИ (ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ)ЕҢБЕГІНІҢ АВТОР: ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙРИ
*ФИРДОУСИДІҢ КІТАБЫ: ШАХНАМА
* ФИРДОУСИДІҢ ШАХНАМАСЫН ЖАТҚА АЙТЫП ЖЫРШЫ БАЛА АТАНҒАН СӘБИТ БІРТЕ-БІРТЕ САУАТ АШАДЫ БҰЛ ПІКІРДІҢ ИЕСІ Т.ӘЛІМҚҰЛОВ
*ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР ӘЙЕЛ ТӘҢІРІ ДЕП САНАҒАН : ҰМАЙ АНАНЫ
*ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР ТАБЫНҒАН ҚҰДІРЕТТІ КҮШ ИЕСІ: КӨК ТӘҢІРІ
* АРАБ ТІЛІНДЕ БАЯНДАУ, ӘҢГІМЕЛЕУ МАҒЫНАСЫН БІЛДІРЕТІН ЕЖЕЛГІ ӘДЕБИЕТ ЖАНРЫ: ҚИССА
*М. ҚАШҚАРИДІҢ ДИУАНИ-ЛҰҒАТ-АТ ТҮРІК КІТАБЫНДА АТАЛАТЫН ТАЙПА САНЫ: 29
*ДИУАНИ-ЛҰҒАТ-АТ ТҮРІК ЕҢБЕГІ: ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНА ОРТАҚ МҰРА
*М. ҚАШҚАРИДІҢ ТҮРКІ СӨЗДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ ЕҢБЕГІНЕ ЖАТПАЙТЫН ҚАТАР: ТҮРКІЛЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАБЫ БОЛҒАН ТОҒЫЗ ІШЕКТІ ДОМБЫРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ СИПАТТАЛҒАН.
*М. ҚАШҚАРИДІҢ ТҮРКІ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫНА ЕНГЕН МАҚАЛДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БІРЛІК
*АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СӘЙФ САРАИ РАБҒУЗ
*13-14 ҒАСЫРЛАРДА АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ҚИСАС-УЛ-ӘНБИА КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ РАБҒУЗИ
*ЛҰҚМАН ХАКІМ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕЛЕР КЕЗДЕСЕТІН ШЫҒАРМА ҚИСАС-УЛ-ӘНБИА
*ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС МИФТЕРІ МЕН АҢЫЗДАРЫ ӨЛЕҢ-ӘНГІМЕЛЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ ҚИСАС-УЛ-ӘНБИА
* ҚАРЛЫҒАШТЫҢ АДАМҒА ДОСТЫҒЫ ЕРТЕГІСІ КЕЗДЕСЕТІН ЕҢБЕК; ҚИСАС-УЛ-ӘНБИА
*РАБҒУЗИДІҢ ҚИСАС-УЛ-ӘНБИА КІТАБЫНЫҢ МАЗМҰНЫ: ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ, ТАБИҒАТ ЖАРАТЫЛЫСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ӘУЛИЕ-ӘНБИЕЛЕР ТУРАЛЫ, ПАЙҒАМБАРЛАР ТУРАЛЫ
* САЙФ САРАИ-ҚАЙ ДӘУІРДІҢ ӨКІЛІ: АЛТЫН ОРДА
* ПАРСЫ АҚЫНЫ САҒДИДІҢ ГҮЛСТАН КІТАБЫНЫҢ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАСЫН ЖАСАҒАН АҚЫН: САЙФ САРАИ
*САЙФ САРАИДІҢ НАЗИРАЛЫҚ ҮЛГІДЕ ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНЫ: ГҮЛСТАН-БИТ-ТУРКИ
* ГҮЛСТАН-БИТ-ТУРКИ НЕШЕ ТАРАУ: 8
*ХІІІ-ХІҮ ҒАСЫРДА ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ҚИССА, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ: ГҮЛСТАН-БИТ-ТУРКИ
*САЙФ САРАИДІҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ: СУХАЙЛ МЕН КҮЛДІРСІН
**САЙФ САРАИДІҢ ТҮРІКШЕ ГҮЛСТА КІТАБЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ: МАХАББАТ ПЕН ЖАСТЫҚ, КӘРІЛІК ПЕН ӘЛСІЗДІК, ТӘРБИЕНІҢ ЫҚПАЛЫ
МҰХАББАТ-НАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ АВТОРЫ: ХОРЕЗМИ
*МҰХАББАТ-НАМЕ ДАСТАНЫНА ЖАТАТЫН ӘДЕБИЕТ КЕЗЕҢІ: АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІ
*МҰХАББАТ-НАМЕ ДАСТАНЫ ҚАЙ ЖЫЛДАРЫ ЖАЗЫЛҒАН:1353-1354
* САРАЙ ҚАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ҚҰТБ АҚЫННЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ҒАСЫРЫ: ХІҮ ҒАС

:: Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді,оның қандай тіл екендігі: (Араб, парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі); (ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға
түсінікті тіл болған)
:: Ұлы Моғол империясының негізін қалаған: (Мұхаммед Бабыр)
:: "Жамиғат-тауарих" ("Жылнамалар жинағы") еңбегінің авторы:(Қадырғали Жалайри)
:: Фирдоусидің кітабы: ("Шаһнама")
:: "Фирдоусидің "Шаһнама сын" жатқа айтып, "жыршы бала" атанған Сәбит бірте-бірте сауат ашады. " Бұл пікірдің иесі: (Т. Әлімқұлов)
:: Ежелгі түркілер әйел тәңірі деп санаған: (Май ананы (аңыз бойынша)
:: Ежелгі түркілер табынған құдіретті күш иесі: (Көк Тәңірі)
:: Араб тілінде "баяндау, әңгімелеу" мағынасын білдіретін ежелгі әдебиет жанры: (Қисса)

Халық ауыз әдебиеті
1.Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы ,мазмұндылығы және түр көркемдігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді... Қ.Жұмалиев
2.Халқымыздың игі салт-дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз. Б.Момышұлы
3.Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр - жазушы: М.Ғабдуллин
4.Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: С.Сейфуллин
5.Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым:- А.Байтұрсынұлы
6.Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: Қиыншылықты жеңіп,жақсы өмір сүруге үндейді.
Тұрмыс - салт жырлары
Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:
1 Төрт түлік малға ,еңбекке ,аңшылыққа байланысты туған шығармалар және Наурыз жырлары;
2 Баланың дүниеге келуіне ,есейіп ер жетуіне байланысты туған шығармалар шілдехана өлеңдері,бесік жыры,тұсау кесу жыры,атқа мінгізу тойы;
3 Үйлену салтына байланысты өлең жырлар тойбастар,жар-жар,беташар,сыңсу;
4 Көңіл-күйді білдіретін өлең- жырлар қоштасу,естірту,көңіл айту,жоқтау
5 Бата-тілектер.
Қойдың пірі- Шопан ата, төлі -қозы, шақыруы -пұшайт-пұшайт
Ешкінің пірі - шекшек ата,төлі - лақ, шақыруы - шөре - шөре.
Жылқының пірі - Қамбар ата, төлі - құлын, шақыруы - құрау - құрау.
Сиырдың пірі - Зеңгібаба , төлі - ұзау, шақыруы - ауқау - ауқау.
Түйенің пірі - ойсылқара , төлі - бота, шақыруы - көс- көс.
*Тұрмыс- салт жырларының басы түрлері Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған және әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар
*Әдет - ғұрыпқа байланысты туған өлең : Лирикалық жанр
* Бақыт іздеп,ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы - қазақ халқы,- деген пікірдің иесі : М.Әуезов
* Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға жататындар: наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және аңшылық туралы өлең жырлар
*Қазақтың ертедегі күнкөріс кәсібі: Төрт түлік мал
* Халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі жайлы шығарылған өлең түрі: төрт түлік малға, еңбекке байланысты туған жырлар
* Бақташының сөзі деген халық өлеңінің негізгі тақырыбы: әр түлікті бағып - қағудың қиындығы,өзіндік ерекшелігі.
* Малдың баласын сүюі не үшін айтылған? Адамның малды бағалауы үшін
* Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай.
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер! Шопан ата - деген шумақтағы,буын, бунақ сандары: 7-8 буынды,
2 бунақты
* Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмеген момыны деп,-деген жыр: Малдың баласын сүюі
*Керекті сөзді қойып ,толықтырыңыз: Ешкі сүйеді баласын ... .. лағым деп,тастан-тасқа секірген шұнағым деп
*Ауыз әдебиетінде аз тоқталады: Сиырға
* Сиыр туралы жыр: Зеңгі бабаға
* Тұрмыс-салт жырлары бойынша төлін қараңғыға баспаған қорқағымдеп сүйетін түлік Сиыр
* Шөк! деп айтылатын мал: Түйе
* Түйені шақыру: Көс- көс
* Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешті қом басқан, - деген жолдар арналған мал түрі: Түйе
*Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.:
Түйе сүйеді баласын ... ...
Жаудыраған көзіңнен поташым деп: Боташым деп
Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте? Жетінші
Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың,әдеміліктің символы: Аққу мен ақбөкен
Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең - жырлар: Аңшылық туралы өлең - жырлар
Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: Мергеншілік
Қазақ халқының ерте заманнан бері тойлап келе жатқан мейрамы: Наурыз мерекесі
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін!-деген өлең жолдары айтылатын уақыт: Наурыз мерекесінде
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын,
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын Салт өлеңінің қай түрі? Наурыз батасы
Наурыз жырының ауыз әдебиетінде жататын жанры: Тұрмыс - салт жырлары
Наурыз жыры тұрмыс-сат жырларының қай түрі? Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар
Құшақтасып көріскен,жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен деп басталатын жыр түрі: Наурыз жыры
Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырлар лирикалық жанрға жақын.
Тұрмыс - салт жырларының қатары: Бата - тілек,жоқтау
Бала дүниеге келгенде айтылатын салт өлең: Шілдехана
...Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,- деген жолдар айтылатын өлең үлгісі : бесік жыры
Қаз-қаз балам,қаз балам:
Тақымыңды жаз балам. Тұсаукесер жыры
Этнограф- фольклорист ғалым А.В.Васильев тұрмыс - салт жырларының қай түріне қатысты пікір айтқан? Бата
Бата - қазақ поэзиясының ерекше түрі,онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас,пейілі,ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады,- деген пікір иесі: А.Васильев
Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнантайды көлденең ұстап тұрып,қонақтардан не күтті? ( Бата Абай жолы)
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін -деген : Ас қайыру батасы
Жамбылдың бата түріндегі туындысы: Аттандыру
Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар,бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын... деген жолдар айтылатын жағдай: Қыз айттыру
Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!-деген: Тойбастар жыры
Тойбастар аяқталады: Бата беріп,жақсы тілекпен
Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: Жар-жар
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі Жар-жар
Жар- жар: Қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады
Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: Психологиялық параллелизмге
Ұзатылатын қыздың ел-жұртымен қоштасарда элегиялық сарындағы өлең жыры: Сыңсу
Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам ба деп едім?!-тармақтары қай жырдан Сыңсу
Сыңсу - Элегиялық өлеңге жатады
Жат жұрттық болып кеткен соң
Кетер - ау бастан сәулетім - деген үзінді алынған салт өлеңі: Сыңсу
Жаңа түскен келінді елмен таныстырып,тәрбие беретін жыр: Беташар
Әдет-ғұрып жанрының түрі:
Келін,келін келіп тұр,иіліп сәлем беріп тұр -Беташар
Айт, келін-ау,айт,келін!
Сауысқандай сақ келін! - деген үзінді: Беташар жырынан алынған
Беташардың Айт,келін бөлімінің мазмұны мен мәні: жас келіннің отбасы мүшелері мен үлкендерді,жора - жолдастар мен қонақтарды сыйлау ғұрпы
Балталы,Бағаналы ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,-деген Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады.
Жамбылдың Аттандыру өлеңі Қоштасу
Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңі : Қоштасу
Жоқтау,сыңсу- лирикалық жырлар.
Қаралы жыр - Жоқтау
Салт жырларының ішіндегі ең молырақ сақталғандарынығ бірі: Жоқтау
Жоқтау қандай өлең? Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадыр-құрметін білдіретін өлеңдер
Бөрідей жұрт ұласып,
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер-деген үзінді: - Алып - Ер Тұңғаны жоқтау жыры
Абайдың баласы Әбдірахманға арналған өлеңдері: Жоқтау өлеңдер
Абай жолы романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адамның есімі: Әйгерім
Бөжейді жоқтайтын: Сары апа Абай жолы
Уа,алатаудай Ақшадан
Асып тудың Бөгенбай - деп жоқтау айтқан жырау: Үмбетей
Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақын: Жамбыл
Алла ісіне шара шара жоқ-ау!
Жетпесті қуып алқынба!
Қайырлы ғұмыр бере көр - ау,
Қозыжанға артында Тұрмыс - салт жырларының ішіндегі жататыны Жұбату
Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салт жырында естіртуге жатқызамыз.
Аққу ұшып көлге кетті,
Ақсұңқар ұшып шөлге кетті-деп Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін жұмбақтап естірткен: Тазша Қозы Көрпеш- Баян сұлу
Сол ерлікпен хан болдың,
Әлем асқан жан болдың... - деген өлең жолдары: Үмбетейдің Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі
Көңіл айту- жақын жаны қайтыс болған адамның қайғысына ортақ болу.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ.
Өлген қайтып келмек жоқ... Бұл - көңіл айту жыры
Түңлігімнің төрт бауы мақта,ата,
Мен кеткен соң балаңды жоқта ,ата.
Жыл айналып сағынып мен келермін,
Боз інгеннің ботасын сақта,ата. Қайым айту-өлең тармақтарының буын саны : 11 буынды
Ауыз әдебиетінің түрлері:эпикалық жырлар,жұмбақ,шешендік сөздер,ертегі,тұрмыс-салт жырлары,мақал-мәтелдер
Тұрмыс-салт жырларының түрлері: бата-тілек,тойбастар,беташар
Үйлену салтына байланысты туған өлең -жырлар: Беташар,тойбастар,жар-жар
Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар: Естірту,жоқтау,қоштасу
Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалар: Бата - тілектер,көңіл-күйді білдіретін өлең жырлар,наурыз жырлары
Ананың жас сәбиіне деген арман - тілегі айтылған бесік жырлары:Құрығыңды майырып,түнде жылқы қайырып,жаудан жылқы айырып,жігіт болар ма екенсің?!
Берілген жыр қай қатарға тән?
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұртық болып кеткен соң,
Кетер - ау бастан сәулетім Сыңсу
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Мақал-өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтыай түйіні.
Мәтел-белгілі бір ойға, ұғымғы ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы:
1)Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады.
2)Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары айтылады да, себебі айтылмайды.
3)Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде айтылады.
4)Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады.
Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем өрнек-снтаксистік параллелизм, әсірелеу, теңеу, т.б.

Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті тілінде. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын тапса қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан алады. Кемедегінің жаны бір.

Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі)
Өмір құбылыстарын аз сөзбен шебер кестелеуі жағынан шешендік сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел)
Мақал-мәтелдің авторы: (Халық)
Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы: Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады. (Синтаксистік параллелизм)
Мақал-мәтелдегі көркемдік өрнек:
Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді. (Синтаксистік параллелизм)
Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс: Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. (Шендестіру)
Мақалдағы көркем сөз айшығы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. (Теңеу)
Астарлы, ауыспалалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі)
Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ)
Кең болсаң, кем болмайсың. Ақыл-жастан, асыл-тастан. Тәуекел кемесі суға батпайды. Жігітті жолдасынан таны. Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Өнер алды-қызыл тіл. (Мақалдар)
Мақалды белгілеңіз: (Бірлік болмай, тірлік болмас)
Өжет адам... нені жеңеді? (Өлімді жеңеді)
Жіігітке жетпіс өнер де аз деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)
Ақ жүрген азбас мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы)
Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы шәйі орамал кекенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше)
Асырауын тапса, адам болар мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы)
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді мақалының тақырыбы: (Ынтымақ, бірлік тақрыбы)
Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар мақалының тақырыбы: (Еңбек туралы)
Мақалдың тақырыбы: Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе (Үнемшілік туралы)
Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі мақалының тақырыбы: (Батырлық, ерлік тақырыбы)
Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: (Отан оттан да ыстық)
Еңбек тақырыбындағы мақал: (Жан қиналмай жұмыс бітпес);
(Бейнетің қатты болса, Тапқаның тәтті болар)
Бейнет, бейнет түбі зейнет мақакалының тақырыбы: (Еңбек)
Ерлік тәрбиеден туады мақалының тақырыбы: (Отанды сүю тақырыбы)
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішесің. мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)
Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақал: (Кеңесіп пішкен тон келте болмас)
Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз ер өледі. Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)
Әке көрген-оқ жонар,
Ана көрген-тон пішер. Мақалының тақырыбы: (Тәрбие-тәлім туралы)
Болған адам болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес,-өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық)
Мақалдың алғашқы жолы: ..., тірлік болмас. (Бірлік болмай)
Мақалдың екінші жартысы: Батыр туса-ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса-жер ырысы)
Мақалдың екінші жартысы: Қатардан ассаң да ... (Халықтан аспақ жоқ)
Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса, ..Мақалдың дұрыс аяқталуы: (Бықсып жанған оттай)
Мақалдың жалғасы: Ер бір рет өледі, ... (Қорқақ мың рет өледі)
Өнер алды-қызыл тіл мақал қандай мағынада қолданған? (Тура мағынада)
Абай өзінің 29-қара сөзінде Ата-анадан мал тәтті, Періштьте алтын көрсе жолдан таяды, Атың шықпаса жер өрте деген мақалдың дұрыс еместігін дәлелдеген.
***Отбасы, туыстық қатынас туралы мақал-мәтел(дер): (*Туысы бірге кепейді, түбі бірге түтпейді; *Ағайынды жігіттің отарында малы бар; *Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады )
***Мақал-мәтелдің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі; *Мазмұндылық; *Ықшамдылық)
***Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен; *Қорыққанға қос көрінеді)
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды? Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңылтпаш)
Қазақтың халық жұмбақтары деген кітабында М.Әуезов жұмбақтың 20 тақырыбына тоқталады.
Тапқырлық, аңғарымпаздықты қажет ететін ауыз әдебиетінің түрі: (Жұмбақ)
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. Жұмбақтың шешуі мен көркемдік тәсіл: (Бұлақ, кейіптеу)
Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ. Жұмбақтың шешуі: (Су немесе құдық)
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. Жұмбақтың шешуі: (Сыпырғыш)
Қашсам-құтылмадым,
Ұстасам-қолыма түспеді. Жұмбақтың шешуі: (Көлеңке)
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі, адам соқса,
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үнемдемей адам жоқта. Жұмбақтың шешуі: (Домбыра) (Үш қазық-екі құлағы, бір тиегі; екі желі-екі ішегі; Тоғыз ноқта-тоғыз пернесі)
Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойынның, қиялының шамасын білдіреді-дегенқанатты сөздің авторы: (М.Әуезов)

Ертегілер
Ертегі - қара сөзбен айтылатын(кейде өлеңтүрінде), көбіне өмірде сирек кездесетін немесе ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайтын шығармалар:
Ертегі үшке бөлінеді:
Қиял -ғажайып ертегілер (Ер Төстік, Күн астындағы күнекей қыз, Ұшқыш кілем, Сырттандар т.б.)
Хайуанаттар туралы ертегілер(Түлкі,қойшы, аю, Түлкі мен бөдене, Боз інген)
Тұрмыс - салт немесе шыншыл ертегілер (Аяз би, Атымтай Жомарт, Дүмше молдат.б.)
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезовнеше жікке(жанрға)бөлген:(3 - ке)
Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалатын ауыз әдебиетінің ең көне жанры: (Ертегілер)
Ертегі не себепті үнемі жақсылықпен аяқталады? (Адам жаны жақсылықты аңсағандықтан, арман - қияында үнемі жақсылық жеңгендіктен)
Ертегілердің кіріспесінде кездесетін нұсқа:(Ерте - ерте ертеде...)
ЖиһанкезСиндбадтың жеті сапары ертегісі қай халықтың туындысы? (Араб)
Қиял ғажайып ертегілер:(Керқұла атты Кендебай, Ер Төстік, Алтын сақа), (Үш өнерпаз)
Шыншыл ертегілер(Аяз би, Қырық өтірік)
Қазақ ертегілерінің түрлере:(Хайуанаттар жайлы ертегі, Қиял -ғажайып ертегі)
Шыншыл ертегі:( Атымтай Жомарт,) (Аяз би, Қырық өтірік)
Жаман, Меңді сұлу, Ақша хан қай ертегінің кейіпкерлері? (Аяз би),
Аяз би: (Шыншыл бейне)
Асқан ақылымен ел билеп, хан тағына отырып, кедей кезіндегі киімдерін төрге іліп қойған кейіпкері бар ертегі: (Аяз би),
(Аяз би) ертегісінде Мадан ханның құдасы (Ақша хан)
(Аяз би) ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі:(Наубай)
(Аяз би) ертегісінде Мадан ханның уәзірлерінің саны: (Қырық)
(Аяз би) ертегісінің бас кейіпкері: (Жаман)
Аяз бидің бұрынғы есімі: (Жаман)
Жаманға Аяз би деген атты қойған:(Бес ханның елі)
Аяз бидің әйелінің аты (Меңді)
(Аяз би) ертегісіндегі Жаманның пікірінше шөптің, құстың жаманы: (Қара қоға мен сауысқан); (Уәзірлердің пікірінше жантақ пен дуадақ)
Шөптің жаманы - қара қоға, құстың жаманы - сауысқан еді, - дейтін ертегі кейіпкері:(Жаман)
Бұл күндерде хан оны өзіне жақын дос қылды.Бұлекеуін араздастырайық, деп ақылдасып,хан мен Жаманның арасына от жаққан кейіпкерлер: (40 уәзір)
Аяз бидің басына бақ әкелген басты үш қасиет:(Өмірлік тәжірибесінің молдығы, зеректік, уәдеге беріктігі)
Жаман - көптің бірі және айласыз жалқы адам, - деп М.Әуезов айтқан кейіпкер: (Аяз би)
Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді бейнелі,тұспалды түрде сипаттайтын ертегінің түрі: Хайуанаттар жайлы ертегілер: (Тышқан мен жылан, Аю, түлкі және қойшы)
Зорлықшыл, қиянатшыл,жауыз,озбыр, қатал адам бейнесінде суреттелетін аң: (Арыстан)
Қу, айлакер адам бейнесінде суреттелетін аң:(Түлкі)
Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аң: (Қоян)
Ананың балаға деген шексіз махаббатын ғажап бейнелеген ертегі: (Боз інген)
Табиғаттың сырын түсінсем,жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегінің түрі: (Қиял - ғжайып ертегілер)
Ертегіде кездесетін жауыздық бейнесі: (Жалмауыз кемпір)
Қиял - ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:(Мыстан кемпір, дию, пері, жезтырнақ)
Қиял - ғажайып ертегілер:(Ер Төстік, Күн астындағы Күнекей қыз, Керқұла атты Кендебай)
Жерден шыққан Желім батыр ертегесі ертегілердің қай түрі: (Қиял - ғажайып)
Сырттандар ертегісінде бала шошып оянады? (Қасқырдан)
Сырттандар ертегісінде баланы қасқырдан аман алып қалған адам:(Жігіттің сырттаны)
Ер Төстік ертегісі
Ер Төстік-негізгі кейіпкер: Ерназар- Ер Төстіктің әкесі.Кенжекей - Ер Төстіктің жары. Шалқұйрық - Ер Төстіктің тұлпары. Құба інген - түйесі.

Аңыз-әңгімелер
Аңыз-фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа , рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар-хан, батырлар, би-шешендер жайындағы , сондай-ақ нақтылы бір жер - су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш назар аударғандар - Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин. Дербес жанр ретінде М.Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Кейіпкерлері: Алдар көсе,
Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т.б
Аңыздың өзіндік ерекшеліктері:
1) Тарихи шындықтан туады;
2) Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде айтылатын жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, оқиғаның болған кезеңі, өмірде бар деректер болады;
3)Аңызда да ойдан қосылған күшеткіш қоспалар болады, біріақ ертегідегідей қиял емес
Аңыз әңгіміенің өзіне тән еркешелігі: Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді
Белгігі бір адамның атына , іс - әрекетәне байланысты туатын, шындық оқиға мен қиял ғажайын араласып келетін ауыз әдебиетінің түрі: Аңыз әңгімелер
Аңыз әңгіменің қай түріне жатады: Мифтік әңгімелер
Қазақ аңызында кездесетіндер: Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт
Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытатын аңыз кейіпкері: Жиренше шешен
Қазақ аңыздарындағы қарапайым адамдар бейнесіндегі кейіпкер: Жиренше шешен
Жәнібек ханның Бұл дүниеде не өлмейді ? деген сұрағына жауап берген шешен адам?: Жиренше шешен
Жиренше шешеннің ссүйген жары әрі ақылшы серігі: Қарашаш
Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын хан: Әз Жәнібек хан
Жиреншеге қандай жаманат хабар туралы естірте айтылды?- Қарашаш дүниеден өткенде
Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі -естіртудің қай түріне жатады?: қарасөз түріндегі естірту
Жәнібектің - Інісі өлген қандай екен?-деген сұрағына Жиренше : Сол қанатың қайырылғаны
-Ағасы өлген қандай екен? -деген сұрағына Жиренше : Оң қанатың қайырылғаны деп жауап берген.
Қатының өлді , қамышының сабы сынды,- деген сөз ел аузында кімге байланысты айтылған?: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім - философ
Шәкәрім Құдайбердіұлы ( 1858 – 1931 )
Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту
Абайдың ақындық мектебі
XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері
Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселесі
Пәндер