Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
М. ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ
Ғылыми-зерттеу орталығы
Заңнаманы жетілдіру және қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің өзекті мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімше
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ
АЛМАТЫ-2017 ж.
Рецензенттер:
С.И. Сұлтанов - Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы жалпықұқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі.
Қ.М. Кучуков - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Автор: С.М. Абижанов - Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы ғылыми-зерттеу орталығы заңнаманы жетілдіру және қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің өзекті мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесінің ғылыми қызметкері.
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану: Әдістемелік ұсыным - Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы. 2017. - 22 б.
Бұл әдістемелік ұсыным экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолданудың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне арналған. Автор экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдануға бағытталған әдістемелік және криминалистикалық ұсыныстарды қарастырады.
Әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және ІІО тәжірибе қызметін талдау негізінде құрастырылды.
Әдістемелік ұсыным құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының курсанттарына арналған.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, 2017 ж.
Экономика аясындағы қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша қызметті түпкілікті ұйымдастырусыз жүргізу мүмкін емес. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру мәселелері көптеген криминалисттердің, яғни, С.И. Анненковтың, А. Герцензонның, Г.И. Грамовичтің, З.Т. Барановтың, В.В.Братковскаяның, С.С. Куклянскистің, В.Я. Осениннің, В.Г. Танасевичтің, В.И. Теребиловтың, Л.Я. Драпкиннің, Б.В. Волженкиннің, О.Н. Колесниченконың, В.Е. Коновалованың, В.Д. Ларичевтың, В.К. Лисиченконың, А.Ф. Лубинның, Н.И. Николайчиктің, И.В. Постиктің, П-З.К. Пошюнастың, А.М. Ромашовтың, А.Г. Филипповтың, Ю.В.Цветковатың, Г.А. Матусовскийдің, қазақстандық ғалымдар Н.М. Абдировтің, А.Н. Ахпановтың, С.Е. Еркеновтің, Е.Г. Жәкішовтың, Е.Я. Гинсбургтің, А.С. Жиенбаевтың, Е.І. Қайыржановтың, М.Ч. Қоғамовтың, М.О. Нүкеновтың, Б.М. Нұрғалиевтың, Е.Н. Бегалиевтің, А.Б. Қызайбековтың және т.б. зерттеу объектілерінің негізіне айналды және олармен қылмыстарды тергеуді жүргізудің мәселелері дайындалды.
Ғалым-криминалисттердің ұсыныстарын қорыта отырып, тергеуді ұйымдастыру - бұл:
- келісілген қажетті іс-шаралар жоспарын уақтылы әзірлеу;
- тергеушінің, жедел уәкілдің, маманның арасында өзара әрекет етуді қалыптастыру;
- жедел-тергеу тобын білікті жетекшілікпен қаматамасыз ету;
- тергеу тобы жедел кеңестерінің әрдайым жүргізілуін қамтамасыз ету;
- тергеу тобы мен әр тергеушінің жұмыс нәтижелері туралы ақпараттармен және есептермен жүйелі алмасуды қалыптастыру;
- қажетті жұмыс шарттарымен қамтамасыз ету.
Криминалды жалған көрініс жасау, бұрмалау, жалған, жасандылау жолымен жасалатын қылмыстарды тиімді тергеу үшін сотқа дейінгі тергеу органдарының, жедел қызметтердің, мамандардың өзара нақты қызмет етулері қажет. Тергеушілерге арналған нұсқаулықтың редакторы И.Н. Кожевников айтқандай - экономика аясындағы қылмыстарды тергеудің болмысы оның ұйымдастырылу қажеттілігіне жол сілтейді, тергеу органдарының басым күштерінің бірі ретіндегі тергеу мен жедел-іздестіру қызметтерінің бірлесуі аталған қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша көптеген міндеттері шешу үшін жеткіліксіз болып табылады [1, 18-23 б.].
Криминалисттермен жүргізілген көптеген зерттеулер несиелік және қаржылық ресурстармен байланысты криминалды жалған көрініс пен бұрмалау қылмыстарын тергеу барысындағы жедел-тергеу тобы жұмысының барлық жағдайда қажет екендігін көрсетті (ал қалған 25 %-дан көбі жедел-тергеу тобы жұмысының күрделі көп эпизодты істерді тергеу барысында қажеттілігін және 2 % жедел-тергеу тобы жұмысының қажеттілігі тек тергеудің бастапқы сатысында ғана туындайтынын көрсетті, 3 % қойылған сұраққа жауап бермеген).
Жедел уәкілдер, тергеушілер мен мамандар өзара сенім, жолдастық ынтымақтастық, жедел әрекет аясында заңдар мен нормативтік актілер талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс жасаған жерде түсініспеушіліктердің туындамайтынын, жедел материалдар тез әрі нәтижелі іске асатынын, бағдарлаушы ақпараттар мен дәлелдемелерді жинау барысында процессуалдық және процессуалдық емес әдістер оңтайлы қолданылатынын, алдын ала ескерту шаралары болып табылатын қылмыскерлердің қылмыстық жауапкершіліктен бойтасалауына жол бермейтін тергеу әрекеттерінің неғұрлым толық, сапалы әрі тез жүргізілетінін тәжірибе көрсетті [1, 6-8 б.; 2, 28-29 б.]. Тергеушімен, жедел уәкілмен және т.б. қызметкерлермен алынатын, тергеу өндірісі үшін қажетті ақпараттарды толық өзара алмасу жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін табысты үйлестіруге, тергеу әрекеттерін уақтылы және тактикалық тұрғыдан ұқыпты жүргізуге, жедел-іздестіру мәліметтері мен ғылыми-техникалық құралдарды сәтті қолдануға мүмкіндік береді [1, 26-27 б.].
Тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын үйлестіру - жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілетін немесе ревизорлар тартылатын жағдайларды қоспағанда, жоспарлау үрдісінде жүзеге асырылады. Тергеуші дәлелдемелік ақпараттарды табу бойынша міндеттерді шеше отырып, жедел-іздестіру шараларының мүмкіндіктерін, олардың тергеу әрекеттеріндегі орнын және жоспар құру мән-жайларын ойластыруы қажет. Тергеуші жедел мәліметтерді қолдана отырып, тергеу бағытын анықтайды, версиялар құрады, қандай да бір тергеу әрекеттерін белгілейді, нақты шешім қабылдайды, тергеу әрекеттерін жүргізудің неғұрлым тиімді тактикалық тәсілдерін таңдайды [1, 11-12 б.].
Қылмыстарды тергеу барысындағы өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі тергеушілер мен анықтау органы қызметкерлерінің тұрақты жалпы ақпараттандырылуымен қамтамасыз етіледі. Жедел-іздестіру жолымен анықтау органы қызметкерлерімен алынған ақпараттар тергеушімен қолданылады, ал процессуалдық қайнар көздерден алынған мәліметтер сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін негіз болып табылады. Тергеушінің жедел-іздестіру мәліметтерімен, аудиторлық тексеріс нәтижелерімен, ал анықтау органы қызметкерлерінің сотқа дейінгі тергеу материалдарымен тікелей танысуы ақпарат алмасудың неғұрлым тиімді нысандарының бірі болып табылады [1, 10-11 б.]. Тергеу үрдісіндегі өзара әрекет ету - тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізудің жоспарын бірігіп дайындауды, оларды бірлесе жүзеге асыруды, анықтау органымен тергеушінің тапсырмаларын орындауды және қылмыстарды ашу мен кінәлі тұлғаларды әшкерелеудегі ортақ жауапкершілікті көздейді [3].
Жедел-тергеу тобы мүшелерінің арасындағы өзара әрекеттесу тергеушінің, жедел уәкілдің және маманның құзыреттілігінің қатаң үйлесуі мен айқындалуынан құрылуы қажет. Құқықтар мен міндеттер қылмыстық-процессуалдық заңнамамен жеткілікті түрде толық реттелген және тергеушінің аталған нормаларды бұзуға құқығы жоқ.
Әрбір қатысушымен өзінің қызметтерін жүзеге асыру құралдарын өз беттерімен таңдауы өзара әрекет етуді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады. Тергеуші қылмысты тергеу үрдісінде қандай процессуалдық құралды қолданатынын дербес шешеді, алайда ол жедел-іздестіру жұмысына, маманның қызметіне; анықтау органы немесе маман оның берген тапсырмаларын қандай құралдармен және әдістермен орындап жатырғанына араласпауы қажет. Әр қатысушы қатаң жеке жауаптылықта өзінің құзыреті шегінде әрекет етеді және тергеушінің процессуалдық дербестігін сақтайды. Тергеу әрекеттерінің тактикасы алқалы түрде талқылануы мүмкін, бірақ, тергеуші жауаптылықта болатындықтан, шешім оның жеке өзімен қабылдануы тиіс.
Қазіргі уақытта қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заң сотқа дейінгі тергеуді жүргізу барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара әтекеттесуінің үш нысанын қарастырады:
а) тергеушінің анықтау органына жедел шараларды жүргізуді тапсыруы;
б) тергеушінің анықтау органына жекелеген тергеу әрекеттерін орындауды тапсыруы;
в) жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу барысында анықтау органына тергеушінің көмек көрсетуі [4].
Тергеуші мен анықтау органының өзара әрекеттесеуі аталған өзара әрекеттесу нысандарымен шектелмеуі тиіс. Өзара әрекеттесудің басқа да нысандарына өзара ақпарат алмасуды, тергеулік және жедел-іздестірушілік мәліметтерді бірлесіп талқылауды, жалпы әрекеттер жоспарын дайындауды, консультациялық көмек ұсынуды және т.б. жатқызуға болады.
Маманның көмегі консультация, жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу және тексерістерді жүргізу нысандарында қолданылады. Маманның консультациясы көбінесе тергеушімен заңсыз қызметі тергелетін, қандай да бір ұйымның жұмыс жасау шарттармен және ережелерімен танысу үшін ұйымдастырылады. Тергеушінің қылмыскерді әшкерелеу барысында қажетті болып табылуы мүмкін барлық білімдерді меңгеруі мүмкін емес. Осыған байланысты, тергеуші әділ түрде қылмыстарды тергеу барысында оған көмек көрсету үшін сәйкес мамандарды шақыруға мәжбүр болады [5, 5-14 б.].
Маман-кеңесші көмегінің қажеттілігі экономикалық үрдістердің бұзылу белгілері бар фактілер құжаттарында көрініс табатын, тауарлық-материалдық құндылықтар мен қаржылар есебі мен қозғалысының тәртібі зерделетін экономикалық санат бойынша, шаруашылықты жүргізу механизмі бойынша, шаруашылық үрдістер мен операциялардың маңыздылығы бойынша, есепке алудың, есеп берудің, оларды құрастыру механизмінің және олардың дұрыстығының жай-күйін талдаумен байланысты экономикалық қызмет, нұсқаулар мен шешімдер бойынша тергеушіге кеңес алу қажет болған жағдайда тергеудің бастапқы сатысында туындайды. Маман тергеушіге шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қызметіндегі экономикалық байланыстардың бұзылуын анықтау және оларды бақылау, сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру, ревизорларға немесе аудиторларға берілетін тапсырмаларды нақтылау бағытында көмек көрсетеді [5, 11-13 б., 6, 6-18 б.]
Маман құжаттардың арналуы мен сипаттамасын, қаржылық-шаруашылық операциялар көрініс табу барысында олардың өзара байланысын, есептік тіркеулерде бекіту үшін құжаттардың толтырылу тәртібін және олардың қолданылу мерзімі мен сақтау орындарын түсіндіруде көмектеседі. Алуды жүргізу барысында маман құжаттарды анықтауда, олардың толықтай құрастырылғанын және қажетті көлемін нақтылауда тікелей көмек көрсетеді. Аталған тергеу әрекетін жүргізудің қорытынды кезеңінде маман алынған құжаттардың тізімі, атауы мен көлемі бойынша алу хаттамасын толтыруда көмектеседі [5, 11-16 б.].
Маман-экономисттің білімдері тергеушіге құжаттарды тиімді әрі нәтижелі қарау үшін жәрдемдеседі. Маман саны көп құжаттардың ішінен өндірістік және қаржылық қызметті көрсететін, қылмыстық әрекет іздерін сипаттайтын немесе қылмыс іздерін жасыру мақсатында оларды қолдану мән-жайларына сілтейтін құжаттарды таңдауға көмектеседі.
Банк аясындағы маманнан кеңес алудың пәні келесілер болуы мүмкін:
а) қаржылық-несиелік операциялардағы қандай да бір құжат реквизитінің түрі мен маңыздылық деңгейін нақтылау;
б) құжаттардың қозғалу механизмі мен олардың несиелік мекемелерде бекіту;
в) құжаттарды сақтау тәртібі мен оларды алу шарттары;
г) құжаттары алу немесе дайындау үшін техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігі.
Бухгалтерлік есеп саласындағы маман төмендегі себептер бойынша кеңес беруі мүмкін:
1) қаржы құралдарының қозғалу тәртібі бойынша;
2) қаржылық операцияларды құжат түрінде бекіту мен есепке алу бойынша;
3) бухгалтерлік есептілік бойынша;
4) бухгалтерлік есепке алу мен салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілер бойынша;
5) жауап алу кезінде сұрақтарды қою бойынша;
6) ұсынылатын қажетті құжаттар мен т.б. іріктеу бойынша.
Тергеу әрекеттеріне қатыстырылғанға дейін мамандар келесідей жағдайларда шақырылуы мүмкін:
1) арнайы білімдер мен дағдылар қажет болғанда;
2) тергеуші арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін қандай да бір жұмысты тез әрі сапалы орындау тәсілдері мен құралдарын қажетті деңгейде игермегенде;
3) бірқатар криминалистикалық техника құралдарын бір уақытта қолданғанда;
4) арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін үлкен ауқымдағы жұмыстарды орындау қажеттілігі пайда болғанда.
Экономика саласындағы криминалды жалған көрініс жасау мен бұрмалауларды тергеу барысындағы тергеу әрекетін жүргізуде маман көбінесе тінтуді, алуды, жауап алуды, құжаттарды қарауды жүргізуге, ревизияны немесе аудитті, сараптамаларды және т.б. тағайындауға қатыстырылады. Маманның компьютерлерде сақталатын ақпараттарды іздеу мен алуда жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуы маңызды болып келеді [5, 17-19 б.].
Компьютерлік техникалармен жұмыс жасау барысында арнайы білімдерді қолдану келесілер үшін қажет:
1) ақпараттарды құрал-жабдықтық тасымалдағыш ретіндегі объектінің мәртебесін, олардың жай-күйін, арналу мақсаты мен ерекшеліктерін анықтау;
2) құжат түріндегі және компьютерлік ақпараттарды зерттеу, іздеу және алу;
3) ақпараттардың құрал-жабдықтық тасымалдағыштарына және ақпараттардың өздеріне ықпал ету белгілері мен іздерін табу;
4) дәлелдемелерді табу, бекіту және алу бойынша қажетті қосалқы әрекеттерді нақтылау.
Компьютерлік технологиялар аясындағы маман тергеушінің қызығушылығын тудыратын компьютерлік бағдарламаларды құру, оның жұмысы, ақпараттардың орналасу орны, ақпараттарды компьютер жадысынан алу тәсілдері, компьютер арқылы нақты операцияларды жүргізу бойынша кеңес беруі мүмкін. Компьютерге ұқыпсыз қарау қажетті ақпараттардың табылмауына немесе олардың мүлде жойылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да, тергеуші осы тектес әрекеттерді жүзеге асыру барысында атқарылатын шаралар бағытына сәйкес маманның қатыстырылуын алдын ала ұйымдастыруы қажет [7, 12-24 б.].
Бухгалтерлік құжаттарды, экономикалық және статистикалық есептерді, сонымен қатар, тауарлық-материалдық құндылықтарды қолданумен орайластырылған экономика саласындағы криминалды жалған көрініс пен бұрмалау жолымен жасалған қылмыстарды тергеумен байланысты маман-бухгалтердің, сату жөніндегі қызметкердің, экономисттің алу, тінту, қарау тергеу әрекеттеріне қатысуын - қылмыстық іске қатысы бар және заттай дәлелдемелерді сақтау шарттары қамтамасыз етілетін қажетті құжаттардың барлығы алынатындығының кепілі ретінде түсіну қажет.
Мысалға, бұрынғы Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жедел-іздестіру қызметінің қызметкерлері экономикалық қылмыстар туралы ақпараттарды тексеру барысына бақылау-ревизиялық қызметінің бухгалтерлерін, маман-криминалисттерді, аудиторларды, банк қызметкерлерін, психологтарды және басқа да мамандарды тартқан.
Мамандар тергеушілермен экономика саласындағы криминалды жалған көрініс пен бұрмалау жолымен жасалған қылмыстарды тергеу барысында қажеттілігі туындайтын ревизияларды және аудитті жүргізу үшін шақыртылуы мүмкін. Ревизия мен аудит - бұл мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін құжаттық бақылау мен қаржы мәселелері бойынша заңнамаларды, есепке алу мен есептілік шынайылығын сақтау әдістері [8, 9].
Аудит пен ревизия - бұл дәлелдемелерді алудың жеткілікті деңгейде кең тараған тәсілдерінің бірі. Біз шешімі қаржы саласындағы криминалды жалған көрініс пен бұрмалауларды тергеу барысындағы аудитормен және ревизормен арнайы білімдердің қолданылуын жақсартатын бірқатар мәселелерді қарастырамыз.
Қылмыстық істер бойынша ревизия деп мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлерімен жүзеге асырылатын операцияларды немесе қызметтік әрекеттерін заңдылық, шынайылық және экономикалық мақсатқа лайықтылығы тұрғысынан тексеру үшін ревизордың арнайы білімдерін қолдану нысаны түсініледі [9, 191-196 б.]. Ревизия өз құрамына бухгалтерлік есептің жай-күйін, оның қолданыстағы нормативтік актілер ережелерімен сәйкестігін, есепке алу және есеп беру көрсеткіштерінің дұрыстығын шынайы және құжаттық тексеру әдістерін кірістіреді. Қазақстан Республикасында бақылау-ревизиялық қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.10.2004 жылғы №1134 қаулысының және сәйкес нормативтік актілердің негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алулар комитетімен жүзеге асырылды [10]. Бүгінгі күнде қаржылық бақылау органдарын реформалау үрдісі жүруде, құзырына Республикалық бюджеттің орындалуын тексеру кіретін Қазақстан Республикасының Есеп комитетінің мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен шаралар қабылдануда. Бұл органның қызметін кеңейту аталған реформалау үрдісінің міндеті болып табылады, және де тереңірек қарастыратын болсақ, Қаржылық бақылау комитеті мен Есеп комитеті де қаржылық бақылауды жүзеге асырады және құжаттық ревизияларды жүргізеді.
Құқық қорғау органдарының бастамашылдығымен жүргізілетін құжаттық ревизия қаржылық-экономикалық бақылау әдісі бола отырып, қылмыстық-процессуалдық заңға сәйкес дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылады [6, 8 б.]
А.А. Эйсман ревизияны тек дәлелдемелерді алу мақсатында тергеуге маманды қатыстырудың күрделі нысаны ғана емес, сонымен қатар, маманды қатыстыру экономикалық қылмыстарды тергеу шеңберіндегі ең шынайы және тергеушінің одан кейінгі әрекеттерін анықтайтын нысан деп санаған [11, 33-45 б.]. Көптеген авторлармен әкімшілік құқық пен қылмыстық іс жүргізу элементтерін байланыстыратын ревизияның кешенді болмысы ерекшеленеді. Негізінен өзінің жиынтығы бойынша құжаттық ревизияны жүргізу әдістері бухгалтерлік құжаттар (ең алдымен) бойынша мүмкін болатын қылмыс белгілерін табу әдістемесін құрайды [8, 48-62 б.]. Аудиторлық, ревизиялық және сараптамалық қызметтермен, сонымен қатар, көптеген экономикалық қылмыстарды анықтау мен құжаттау барысында құқық қорғау органдарымен қолданылатын экономикалық қызметтің шынайылығын тексерудің жария тәсілдері аталып өткен әдістеменің негізіне жатады. Экономикалық қылмыстарды тергеу аясында ревизияларды жүргізу туралы талаптар оларды дәлелдеу үрдісінің ерекшелену шегі болып табылады. Құжаттық ревизия анықталуға жататын қылмыс оқиғасы мен басқа да мән-жайлар туралы фактілік мәліметтердің әмбебап қайнар көзі болып табылады. Тәжірибеде нәтижелері төмендегі шараларды тергеу барысында қолданылатын бақылау әрекеттерінің нақты жүйесі қалыптасқан:
- жоспарланған қаржылық-шаруашылық бақылау мен аудит тәртібіндегі ревизияны;
- тергеу субъектісінің талабы бойынша жүргізілетін ревизияны;
- соттық-экономикалық сараптаманы [8, 12, 13].
Аталған шаралар тобының элементтері ұқсас болса да, бұл арнайы зерттеулердің әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие.
Қылмыстық істерді зерттеу төменде көрсетілетіндердің құжаттық ревизияның құралы болуы мүмкін екендігін көрсетті:
- қылмыстық заңнаманы бұзу фактілерінің анықталуы;
- қылмыстық қызметті растайтын құжаттардың жиналуы;
- келтірілген зиян көлемінің анықталуы;
- қылмыстық жолмен алынған бюджеттік немесе қандай да бір несиелік қаржыларды қойылған мақсаттан ауытқу бағытында қолданылуының анықталуы;
- анықталған талаптардың бұзылуына нақты тұлғаның (тұлғалардың) қатыстысы бар екендігінің расталуы.
Құжаттық ревизияның тұжырымдары қылмыстық істі тіркеу үшін негіз ретінде, айып тағу үшін дәлелдеме ретінде, дәлелдемелік ақпараттардың қосымша қайнар көздері ретінде, қосымша тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін және соттық-экономикалық сараптаманы тағайындау үшін негіз ретінде қолданылады.
Ревизорға сұрақ қояр алдында тергеуші несиені алу, беру және қолданумен байланысты нақты қандай мемлекеттік органдар және олардың қай аралықтағы қызметтері тексерілуі тиіс екендігін анықтап алуы қажет. Тергеуші сұрақты құрастыра отырып ревизиямен анықталуы мүмкін қажетті дәлелдемелік ақпараттар көлемі туралы және оларды одан әрі қылмыстық істі тергеуде қолдану бағыттары туралы бағдарлай алуы тиіс. Қарастырылған санаттағы істер бойынша несие алушы мен несие берушінің, сонымен бірге, несие алушы мен үшінші мекеме құжаттарын қарсы тексеру - заңсыз несие алу мен оларды мақсаттан ауытқушылықпен қолдану фактісін анықтаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Мысалы, бағыттас тексерулерге келесілерді жатқызамыз:
- несие берген банк, несие алған мекеме, есеп-шотына несиелік қаржы түскен үшінші мекеме;
- бұрынғы несиесін жаңа несиемен жапқан мекеме мен заңға қайшы несие берген банк;
- пайданы жасыру және қаржы құралдарын қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында қосымша есеп-шот ашқан несие алушы мекеме, және де мұндай есеп-шотты ашқан банк;
- несие алушы мекемелер мен кепіл болған, өтінім жасаған және сақтандыру мекемелері.
Құжаттық ревизияны тағайындау бойынша ғылыми-тәжірибелік басылымдарда, ғылыми монографияларда құқық қорғау органдарының бастамашылдығы бойынша негізгі, қайталама және қосымша ревизияларды тағайындау негіздері жеткілікті дәрежеде толық көрініс тапқан [6, 210-219 б., 12, 14 б., 13].
Мұндай ревизиялардың аяқталуы бойынша анықталған материалдар мазмұны сипатталып, құқық қорғау органдарына төмендегідей құрамда жолданады:
- бұзылған нормативтік актілерге сілтеме жасай отырып олқылықтар мен асыра пайдаланушылықтар және кінәлі тұлғалармен келтірілген зардаптың мөлшері сипатталатын тексеру актісінің үзіндісі;
- тексеру тобы жетекшінің, тексерілетін мекеменің бас (аға) бухгалтерінің қолдары қойылған тексеру актісі (түпнұсқасы);
- асыра пайдаланушылық фактілерін растайтын құжаттардың түпнұсқалары (немесе олардың көшірмелері);
- қызметі тексерілген тұлғалардың, сонымен қоса, асыра пайдаланушылықты жасаудың мән-жайларын тексеру үшін маңызды болып табылатын басқа да тұлғалардың түсініктемелері;
- қарсы келулер болған жағдайда лауазымды тұлғалардың түсініктемелерімен бірге тексерушінің тұжырымы.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру шарттарында ревизиялық бақылаудың ролі туралы мәселені қарастыра келе, соңғы уақыттарда ревизиялық бақылау, оларды жүзеге асырудың басқа да дербес нысандарымен және аудиторлық бақылаумен белсенді түрде алмасу үрдісінде екендігін айырықша атап өтуге болады. Бақылау нысандарының өзара алмасу құқық қорғау органдарына да әсер етпеуі мүмкін емес. Біріншіден, бұл экономикалық қылмыстармен күрес бойынша жедел қызмет бөліністерінің бастамашылдығымен жүзеге асырылатын аудитті жүргізу үшін аудиторларды таңдау тәртібіне әсер етеді. Осыған байланысты, бұл мәселені шешудің бірқатар бағыттары қарастырылуда:
1) жедел қызмет бөліністері тек Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің ревизиялық аппаратына бағдар ұстайды (бақылаудың дәстүрлі нысаны);
2) олар аудиторлық мекемелерді келісім-шарт негізінде пайдаланады.
Экономика саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тексерулер мен басқа да арнайы зерттеулердің басты ерекшелігі олардың толыққанды бухгалтерлік болып табылмайтындығында. Олар өздерінің мәртебесі мен шаруашылық субъектілерін есепке алу ерекшеліктері бойынша әрқилы өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметтің сан түрлі нысандары қамтиды және кең ауқымдағы іздеу жұмыстарын көздейді.
Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы Заңының қабылдануымен келісім-шарт негізінде дербес тұлғалармен (аудиторлармен) шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қаржылық-экономикалық қызметі туралы жариялы бухгалтерлік есеп беруді, есепке алуды және басқа да ақпараттарды тексеруге қатысты жұмыстары заңды негізге ие болды [14].
Аудит пен ревизия келесідей бір-біріне ортақ қасиеттерге ие:
- бір объектіні зерттей отырып, бір әдіснаманы пайдаланады;
- қызмет барысында ортақ ақпарат қайнар көздерін қолданады және т.б.
Сонымен қатар, аталған екі қызмет бір-бірінен елеулі айырмашылықтармен ерекшеленеді.
Аудит барысында бақылаудың екі түрі қолданылады: Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы Заңының 5 бабы аудиттің міндетті және бастамашылық түрлерін қарастырады, бастамашылық аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Ішкі аудит несиелік мониторинг шеңберінде жүзеге асырылады. Әр банк немесе басқа да заңды тұлғалар өздеріне бағынышты болып келетін және банк басқармасының (директорлар кеңесінің) жедел бақылау органы болып табылатын ішкі аудиттің арнайы қызметін құрады. Міндетті аудитте, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша агенттікке жүктелген құзыреттерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер жыл сайын мақсаттары мен міндеттері Агенттік туралы Ереженің 8), 9), 13) және 17) бөлімдерімен және Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы Заңымен анықталатын сыртқы аудиторлық тексерістен өтеді [14]. Аталған заңның 4 бабының 2 бөліміне сәйкес міндетті аудиттеуден басқа да мекемелер өтуі қажет.
Ұсынылған несиелердің мақсатқа сай қолданылуын, мерзімі ұзартылған және өтіп кеткен несиелер бойынша есепке алу құжаттарындағы жекелеген операциялардың дұрыстығын бақылау сатысында несиелік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz