Егістік жерлерді орналастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кожаев Алишер

Астық өндіруге арналған егістік жерлерді орналастыру жобасы.

Мамандық 5В090300 - Жерге орналастыру

Нұр-Сұлтан 2021
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Қорғауға жіберілді
_____
Кафедра меңгерушісі
___________Төлеубекова Ж.З.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Астық өндіруге арналған егістік жерлерді орналастыру жобасы.

Мамандық 5В090300 - Жерге орналастыру

Орындаған Кожаев А.Ш

Ғылыми жетекші Шиназбаев Қ.У

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ІШКІШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТӘРТІБІ ... ... ... ..
1.1 Ішкішаруашылық жерге орналастырудың түсінігі және міндеттері ... .
1.2 Алаптарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ...
2.1 Шаруашылық туралы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шаруашылықтың табиғи жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕЛУІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
3.1 Жер алаптары туралы түсінік және оларды топтастыру ... ... ... ... ... ...
3.2 Егістік жерлерді орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Жобаның техникалық-экономикалық тұрғыдан негіздеу ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Ауылшаруашылығында экологиялық-экономикалық жүйесінде жер маңызды компонент болып табылады. Жердің сапасы мен құнарлығының жоғарылауы арқылы дақылдар өнімділігінің артуы жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын көрсетеді. Алайда еліміздің жер қорын тиімді пайдалану қанағаттанарсыз жағдайда қалып отыр.
Жалпы жер қорын, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерді тиімді пайдалану - күрделі мәселе. Оның шешімін ауылшаруашылық айналымына өнімділігі жоғары алаптарды енгізу, топырақ эрозиясымен және басқа зиянды процестермен күресу, топырақтың құнарлығын сақтау және көтеру арқылы табуға болады. Топырақтың құнарлығын қалпына келтіру және жақсарту, егіншілік дақылдарының өнімділігін көтеру үшін территориялық жағдай жасау, сонымен бірге техника мен еңбек қорын тиімді пайдалану ауыспалы егістер жүйесін дұрыс жобалау арқылы жүзеге асырылады.
Табиғи жағдайларды есепке алмау нәтижесінде халық шаруашылығы айтарлықтай шығындарға ұшырауда. Экологиялық қиындықтарды шешпей тұрып халық шаруашылығының басқа салаларының проблемаларын шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларды жүзеге асыру барысындағы ішкішаруашылық жерге орналастырудың міндеттері ерекше және ұшан теңіз.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын барлық кәсіпорындардың территориясында оларға бекітілген жерлерде жүргізіледі. Демек, ішкішаруашылық жерге орналастырудың объектісі ауылшаруашылық кәсіпорын территориясы болып табылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру кезінде территориялық ұйымдастыру негізін шаруашылықтық телімдер мен сызықтық контурлардың аудандары құрайды. Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланыста бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
1) жерді, еңбекті, ауылшаруашылық техникасын пайдалану кезінде максималды экономикалық тиімділік алу үшін экономикалық міндеттерді шешу;
2) топырақтың құнарлылығын сақтау және көбейту жөніндегі экологиялық міндет;
3) айнала, қоршаған ортаны сақтау арқылы және шаруашылық экономикасын нығайту кезінде шешілетін әлеуметтік міндет.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру түсінігін былайша тұжырымдауға болады: бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындағы әртүрлі шаруашылық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.
Жобада ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық негіздері, ұғымы, мақсат міндеттері, сонымен қатар ішкішаруашылық жерге орналастыру кезінде жүргізілетін іздестіру жұмыстары, алаптарды реттестіру мазмұны, әдістемесі, экономикалық және экологиялық түрғыдан негізделуі келтіріледі. Агроқұрылымның территориясында ауыспалы егістерді ұйымдастыру, олардың территориясын реттестіру реттілігі және жыртылған жерде астық өсіруге арналған егістерді ұйымдастыру ерекшеліктері, оны экономикалық және экологиялық тұрғыдан негіздеу мәселері қарастырылған.

1 АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ІШКІШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТӘРТІБІ
0.1 Ішкішаруашылық жерге орналастырудың түсінігі және міндеттері

Ішкішаруашылық жерге орналастыру жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге, акционерлік қоғамдарға және басқа шаруашылықтық құрылымдарға бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады.
ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
ІШЖО-дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті ұйымдастырылған территория жердің әрбір учаскесін толық, ұтымды және тиімді пайдалану, сонымен қатар уақыт пен ресурстарды үнемдеу мақсатында машинатрактор паркін өнімді пайдалану мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген формасын құру болып табылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың қазіргі кездегі мазмұны шаруа қожалықтарын, кооперативтер мен шаруашылықтық серіктестіктерді, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын және ірі, орташа, ұсақ агроқұрылымдарды ұйымдастыру-шаруашылықтық тұрғыдан нығайтудың, ауыл шаруашылықөндірісін интенсификациялау және жерді пайдалану деңгейін көтерудің, егіншіліктің топырақ қорғау бағытындағы ғылыми негізделген жүйесін жүзеге асырудың және шаруашылықты жүргізудің прогрессивті жүйесінің объективті қажеттіліктермен анықталады.
Қазақстандағы ІШЖО түрлері мыналар болып табылады: богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО; суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖО; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО. Богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО міндеті топырақ су қорғау технологиясын жүзеге асыру болып табылады. Суармалы егіншілік аймағында қойылған міндеттер жер мен суды кешенді пайдалану арқылы шешіледі. Отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО міндеті мезгілдік жайылымдарды пайдалану болып табылады.
Жерге орналастыру кезінде жобаланатын контурлар өндірістің территорияда ұйымдастырылуын көрсетеді. Олар территорияны ұйымдастыру формасы деп аталады. ІШЖО кезіндегі территорияны ұйымдастыру формаларына жататындар: бөлімшелер, бригадалар; алаптар; шаруашылық орталықтары (құрылыстар); ауыспалы егістер, ауыспалы жайылымдар, ауыспалы шабындықтар; жеміс-жидек кварталдары; танаптар; жұмысшы учаскелер, алқаптық жолдар; каналдар; мал айдайтын жолдар; орман белдеулері.
ІШЖО жобаларының топтары табиғи-шаруашылықтық жағдайлары бойынша жобалар топтамаларына бөлінеді:
богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары;
суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары;
топырақ эрозиясы аймағындағы ІШЖО жобалары;
отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО жобалары.
Шаруашылық жүргізу формасы бойынша ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобалары және шаруа қожалықтарының ІШЖО жобалары болып бөлінеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобаларында шаруашылықтың ішкі территориясын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
ІШЖО жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, ІШЖО жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:
ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру;
алаптарды ұйымдастыру;
ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;
жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектік, жүзімдік) территориясын орналастыру;
мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру.
ІШЖО жобасының нәтижесі ауылшаруашылық өндірісінің территорияда ұйымдастырылуын көрсететін шаруашылықтық учаскелердің экономикалық негізделген ауданын, межелерін және орналасқан жерін планда графикалық көрініспен дәл анықтау болып табылады.
Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде бірқатар басқа да маңызды мәселелер шешіледі: топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту; ауылшаруашылық алаптардың пайдаланылуын жақсарту, өнделетін жерлердің қарқындылығын көтеру; топырақ эрозиясы салдарын жою және болашақта эрозиялық процестерді болдырмау; суармалы жерлердің тұздану салдарын жою, ирригациялық эрозия мен қайта тұздануды болдырмау; барларын сақтап, жаңа мәдени ландшафтарды құру; адамдардың дем алу, еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, маңыздылығы әр түрлі жобалық мәселелерді шешу кезінде белгілі бір әдістемелік жүйелілікті қамтамасыз ету үшін ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының барлық құрамдас бөлшектерін талдауға тура келеді.

Құрама бөліктің біріншісінің мазмұны шаруашылықтың қазіргі жағдайларына түзетулер енгізу немесе жаңа шаруашылық құрылымын жасау, өндірістік бөлімшелерге бекітілген жер массивтерінің көлемдері мен межелерін, ішкішаруашылықтың мамандандырылуын, сонымен қатар шаруашылық орталықтарының, фермалардың, кешендердің тұрған орнын анықтау. Екінші құрама бөлік шаруашылық орталықтары және басқа да жерлермен байланыс жасау үшін пайдаланылатын ішкішаруашылық жолдарды орналастыруды қамтиды. Жобаның үшінші орталық құрама бөлігі - алаптарды ұйымдастыру болып табылады. Оның мазмүны әрбір жер учаскесін қазіргі кездегі талаптарға сай мелиорация, химизация және культуртехникалық шараларды қолдану арқылы пайдалануды көрсетеді.

2.1 Алаптарды ұйымдастыру

Алап дегеніміз табиғи-тарихи және басқа қасиеттерінде сапалық айырмашылығы бар, белгілі бір өндірістік мақсаттар үшін жоспарлы және жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелерін айтамыз. Өндірісте пайдалану сипаты және табиғи қасиеттері бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылығы жер алаптарына бөлінеді. Өз кезегінде олар ауылшаруашылытық және ауылшаруашылықтық емес болып топтастырылады. Қазіргі кездегі топтастыру негізгі а.ш. алаптарын бөліп көрсетеді. Оларға ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер жатқызылады: жыртылған жер, көпжылдық жеміс-жидек көшеттері, тыңайма, шабындық, жайылым.
Жыртылған жер - ең құнды және өнімді алап. Оған топырағы құнарлы, ауылшаруашылық дақылдар егістігі үшін жүйелі түрде өңделетін, сонымен қатар парға бөлінген жерлер жатады.
Көпжылдық жеміс-жидек көшеттері - жемңс-жидек немесе жүзімдік өнімі, сонымен қатар арнайы техникалық және дәрі-дәрмектік дақылдар өсіру үшін арналған, мәдени бұталы немесе көпжылдық шөптер егілген ауылшаруашылық алаптары.
Тыңайма - бұрын жыртылған жерге пайдаланылған және бір жылдан астам ауылшаруашылық дақылдары егілмеген немесе парға пайдаланылмаған жер уаскелері.
Шабындық - ылғалдылығы жоғары немесе суарылған шалғынды топырақта орналасқан уаскелер. Ондағы өсімдіктер шөп дайындау үшін жүйелі түрде орылып отырады.
Жайылым - мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер.
Ауылшаруашылықтық емес алаптарға егіншілік өнімдері үшін пайдаланылмайтын алаптар жатады: ормандар, бұталар, жолдар, су қоймалары, құрылыстар, сонымен қатар сортаңдар, құмдар, жыралар және т.б. астындағы жерлер.
Алаптарды ұйымдастыру дегеніміз трансформациялау және жақсарту арқылы олардың құрамы мен ара қатынасын анықтау және территорияда шаруашылыққа тиімді орналастыру. Оның мақсаты топырақ құнарлығын сақтай отырып, максималды мөлшерде ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін, жерді пайдалану интенсивтілігін көтеру. Жобаның осы құрамдас бөлігінің басты міндеті жерді жоғары интенсивтілікпен пайдалау үшін жағдай жасауға болатын көлемді алаптар құрамын анықтап, орналастыру.
Алаптарды ұйымдастырудың негізгі бағыттар: транформация және жақсарту. Алаптардың нақты құрылымынан жобалық құрылымға ауысу оларды бірте-бірте трансформациялау арқылы жүргізіледі. Трансформация дегеніміз алаптардың түрін өзгерту, яңни жерді бір алап түрінен басқа түріне ауыстыру. Алаптарды жақсарту - алаптарды пайдалану интенсивтілігін көтеретін, бірақ олардың түрін өзгертпейтін шаралар. Алаптарды ұйымдастыру нәтижесі жер алаптарының жобалық құрылымы болып табылады. Алаптардың құрамы мен ара қатынасы, оларды территорияда ұйымдастыру келесідей талаптарға сай болуға тиісті:
- табиғи қасиеттеріне сәйкес бүкіл жерді тиімді пайдалану;
- эрозиялық процестерді тоқтату, жою жіне ландшафты жақсартуға;
- топырақтың құнарлығын жүйелі түрде қалпына келтіріп отыруға және көтеруге;
- салалардың мамандығына және олардың үйлесіміне, алаптарды ұйымдастыру жобасының сәйкес келуіне;
- мал шаруашылыңғының мал азығымен тұрақты қамтамасыз етілуіне;
- өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын жұмсалуына;
- еңбек өнімділігінің көтерілуіне және машина-трактор агрегаттарын жоғарғы өнімде пайдалануға қолайлыжағдайлар құруға;
- жаңа жерлерді игеруге күрделі қаржыны аз жұмсауға, өнделіп жүрген жердің пайдаланылу қарқындылығын көтеруге және жұмсалған қаржының тез қайтарылуына;
- а.ш. алаптарының ішкі территориясын реттестіру үшін қолайлы жағдайлар құруға.
Алаптарды ұйымдастыру тиімділі олардың сапасының жоғарылауы, ауылшаруашылық өнімінің жалпы шығымының көтерілу, таза кірістің өсуі және күрделі қаржының қайтарылу мерзімі бойынша анықталады. Ауылшаруашылық алаптарының сапасының жоғарылауын жердің экономикалық бағасының және топырақтың бонитет балының өсуімен сипаттауға болады.
Алаптарды ұйымдастыру жобасының тиімділігін анықтау кезінде техникалық-экономикалық (таза) және экономикалық (құнды) көрсеткіштер есептеледі. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер алаптар құрылымын сипаттайтын коэффициенттер (жер пайдалану, ауылшаруашылық алаптарын пайдалану қарқындылығының, жыртылғандығының, экологиялық тұрақтылығының) және ауылшаруашылықтық алаптарының сапалық құрамын сипаттайтын бонитет балы жатады. Экономикалық көрметкіштерге алаптарды трансформациялау және жақсарту тиімділігі) шығындардың қайтарылу мерзімі, алаптарды трансформациялау және жақсарту кезіндегі табыс). Алаптардың нақты және жобалық құрылымын сипаттайтын коэффициенттер есептеледі.
2.2 Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру

Егістік территориясын реттестіру ауыспалы егістерің ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру жөніндегі жүйелік әдіспен шешілетін кешенді міндеттерді қамтиды. Ауыспалы егістерді ұйымдастыру олардың типін, түрін, дақылдардың кезектелу схемасын, ауданын анықтауға және олардың территориясын орналастыруды қамтиды. Ауыспалы егіс - а.ш. дақылдарының уақыт пен кеңістікте кезектелуі жүргізілетін территория.
Ауыспалы егістер жүйесін жобалаудың міндеті топырақтың құнарлығын қалпына келтіру және жақсарту, егіншілік дақылдарының өнімділігін көтеру үшін территориялық жағдай жасау және осының негізінде ауыл шаруашылығында жалпы өнімді жоғарылату, сонымен қатар техника мен еңбек қорын тиімді пайдалану болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында ауыспалы егісті жүргізу, игеру және жетілдіру жөнінде үлкен тәжірибе бар. Мысалы, ауыспалы егістер тұрақты игерілген шаруашылықтарда дәнді дақылдардың өнімділігі, ауыспалы егістер игерілмеген шаруашылықтармен салыстырғанда 3-4 ц жоғары болады.
Нарықтық қатынастардың дамуына, байланысты, бұрынғы қалыптасқан ауыспалы егістерді түзетуге, кейде тіпті оларды қайтадан жасауға тура келеді. Қайтадан құрылған шаруашылықтық агроқұрылымдарда бұл мәселені толығымен шешу қажет. Осы міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ауыспалы егістер жүйесін жобалау мыналарға саяды: ауыспалы егістердің типін, түрін, санын, ауыспалы егіс массивінің өлшемін анықтау, оларды территорияда орналастыру, пар мен егістіктің кезектесу схемасын жасау, ал ірі жер пайдаланушылықтарда оларды өндірістік бөлімшелерге бекіту.
Жүйенің барлық элементтерін жобалауға және мәселені кешенді шешуте ғылыми негізделген әдістемені қолдану арқылы қол жеткізуте болады. Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру кешенді мәселе. Сондықтан, экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін, жер массивінің ауданы, орналасқан орны, саны, олардың агротехникалық құрамы бірге қарастырылуы тиіс. Осы мақсатпен бұрын жасалған есептеулерді пайдалана отырып, тұқым қорын, қысқы мал азығын сақтау пункттері анықталады. Сонымен қатар, жаңа жоба бойынша негізгі ауыспалы егіс массивтері мен танаптарын пайдалану мүмкіндігі анықталып, еңбекті болашақта ұйымдастыру, жоспарланған прогрессивтік технологияны пайдалану жөніндегі мәселелер қарастырылады. Содан соң топырақтық, жерге орналастырулық зерттеулер және жер бағалау материалдары бойынша шектеулі пайдаланылатын немесе арнайы топырақ қорғау шараларын қажетсінетін жыртылған жер массивтері бөлінеді.
Жобалау осы егістік массивінде ауданы (көлемі) және орналасқан орны бойынша ерекшеленетін ауыспалы егістерден басталады. Ауыспалы егіс массивтері шағын, мүмкіндігіне қарай ұзындығы минимальды, табиғи қасиеттері біртекті, егілетін ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жарамды болуы тиіс. Бұл ауыспалы егіс массивтерін жолмен, орман жолағымен, қандай да бір урочищамен шектелген бір шеттегі жыртылған жер массивінде орналастыруға болады.
Ауыспалы егіс типіне әр түрлі өндірістік мақсаттағы ауыспалы егістің ең негізгі үш тобы жатады. Олар: далалық, мал азықтық, арнайы.
Далалық ауыспалы егістерге бөлінген массивтің 50%-дан астамына далалық дақылдар себілген ауыспалы егістер жатады. Далалық ауыспалы егістер әр түрлі болуы мүмкін: сүрі - дәнді дақылды, сүрі - дәнді - отамалы, дәнді - отамалы, сонымен қатар, қант қызылшалық, мақталық және т.б.
Мал азықтық ауыспалы егістің 50%-дан астамына мал азықтық дақылдар егіледі. Олардың мынадай түрлері болады: ферма маңындағы, лагерьлік және шабындықты - жайылымдық ауыспалы егістер.
Арнайы ауыспалы егістерге қоректену жағдайларына жоғары талап қоятын (көкөністік, кейбір техникалық дақылдар) немесе оларды өсіруге жоғары талап қоятын (темекі, дәрі - дәрмектік және т.б.) дақылдар егіледі. Сонымен қатар біріктірілген (көкөністік-мал азықтық, мал азықтық-далалық және т.б.) ауыспалы егістер жүргізілуі мүмкін.
Ауыспалы егіс территориясын реттестіру танаптарды, жұмысшы учаскелерін, танап қорғайтын орман белдеулерін, далалық жолдарды, дала қостарын, авиа алаңдарды, және су көздерін орналастыруды қамтиды. Демек, бұл кешенді міндетті шешу варианттық әдісті кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауыспалы егіс территориясын реттестірудегі әрбір элементтің маңыздылығы, әр түрлі табиғи - шаруашылықтық аймақтарда бірдей емес. Мысалы, тығыз қоныстанған аудандарда дала қостарын, орманды аймақтарда орман белдеулерін, жол желісі тығыз аудандарда жолдарды жобалаудың қажеті жоқ, сол сияқты авиа алаңдарды да барлық жерде қажетсінбейді. Сондықтан бұл кешенді міндеттің мазмұны мен шешілу тәртібі әрбір элементтің маңыздылығына байланысты.
Ауыспалы егіс территориясын реттестіру төмендегідей талаптарға сай болуға тиісті:
1) Топырақ құнарлығын үнемі көтеріп отыруға жағдай жасауға, эрозиялық қауіптілікті жоюға және эрозия салдарын болдырмауға;
2) Далалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника мен транспорт құралдарын жоғары өнімділікпен пайдалану үшін тиімді территориялық жағдай жасауға;
3) Барлық (ротациялық) өсіп-өну жылдары негізгі біртекті дақылдардан тұрақты жалпы өнім алуды қамтамасыз етуге;
4) Ауыспалы егіс территориясын орналастырудан тәуелді күрделі шығындар мен жылдық өндірістік шығындарды азайтуды қамтамасыз етуге.
Осы аталған талаптарды орындауға ауыспалы егістің кеңістік ерекшеліктерін, оның қазіргі жағдайын, әсіресе жолдарды, орман белдеулерін, каналдарды және т.б. орналастырғанда мұқият ескеру арқылы қол жеткізуге болады.
Ауыспалы егіс танаптары массивтің тең ауданды бөлігі бола отырып, оларда ауылшаруашылық дақылдарын кезектестіріп отырғызу және осы мақсат үшін қажетті жұмыстарды орындауға арналған. Кейбір жағдайларда танаптардың іші ұйымдастырылады, яғни танаптар жұмысшы учаскелерге бөлінеді немесе басқа алаптармен шектелген жыртылған жер контурларынан тұрады. Ауыспалы егіс танаптарын қалыптастыру кезінде топырақтың құнарлығы, агротехникалық және динамикалық жағдайлары ескеріледі. Ауыспалы егіс танаптары шамамен тең сапалы болуы тиіс. Бір танапқа құнарлығы төмен топырақтарды қосуға болмайды, өйткені олар дақылдар үшін жарамдылығы аз немесе мүлдем жарамсыз болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылық өнімнің төмендеуіне немесе ауыспалы егістің бұзылуына әкеліп соғады. Сонымен қатар агротехникалық ерекшеліктері мен эрозияға қарсы бейімдеу кешенінің мазмұнының бір типтілігін ескеру қажет. Ауыспалы егіс танаптарын орналастыруға топырақтың динамикалық қасиеттері де белгілі бір әсерін тигізеді. Механикалық құрамы әр түрлі топырақтар әр түрлі салыстырмалы қарсылық көрсетеді. Ал трактор агрегаттарының өнімділігі осыған байланысты болады. Бір танапқа механикалық құрамы әр түрлі топырақ қосылса, оның кейбір бөліктерінде трактор агрегаттарының жұмысына әр түрлі әсер етеді. Егер осы танапта жалпы бүкіл танап бойынша өңдеу жүргізілетін болса, онда агрегаттарды іріктеп сайлау, салыстырмалы қарсылыгы жоғары топырақта оның жүмыс істеу мүмкінділгі ескеріліп жүргізіледі.

1 ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Шаруашылық туралы мәлімет
Шортанды ауданы - Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы - Шортанды кенті.
Географиялық орны, жер бедері. Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Жер бедері - саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзңлген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көнқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кең байлықтарынан алтын, кірпішті саз кездеседі.
Тұрғындар саны: 29538 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар (39,95%), орыстар (34,36%), украиндар (6,18%), немістер (6,20%), поляктар (4,64%), беларустар (2,80%), татарлар (1,72%), басқалары (4,15%). Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,9 адам.
Шаруашылығы: ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, оған қосымша сүтті, етті-сүтті мал, шошқа, жылғы, картоп, көкөніс өсіруге маманданған ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығы болған. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты олардың барлығы дерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Жерге орналастырудың жұмыстары
Ауыл шаруашылық жер иелену,пайдалану жұмыс жобасы
Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалануы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы "Асар" шаруа қожалығының жыртылған жерлерін кадастрлық бағалау
Жерге орналастыру кезінде
Топырақ құрамының тұздылығы төмен
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Жерді түгендеу жұмыстары
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Пәндер