Дене шынықтырудың адам денсаулығына әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дене шынықтырудың адам денсаулығына әсері
Е.О.Джуашев, С.Т.Джумабаева. Сәтбаев университеті
Е.Ә. Мұқажан. Алматы қаласы.
Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулы-қараларында, тұжырымдамаларында, негізгі орын алады. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасын Білім туралы Заңының 37-бабындағы Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау туралы білім беру ұйым, мекемелерінде жолға қою үшін игі іс-шаралар өткізілуде. Бірақ, қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлар жас буынға өз әсерін тигізуде. Халықта Жаман әдет-дерт деген нақыл сөз бар. Бүгінгі күндері теледидар, газеттер мен журналдар бетіндегі денсаулыққа зиян - темекі мен спирттік ішімдіктерді жарнамалау жасөспірімдерді қызықтыруы, еліктіруі ертеңгі күні арты нашақорлыққа ұрдыру мүмкіндігі, нарықтық экономиканың қиын кезеңінде ата- аналардың қолы тимей үйден тыс болуы, жас өспірімдердің қараусыз қалып, уақтылы дұрыс тамақтанбай, мәнсіз бос сенделіске бой ұруы кейінгі кезде мектеп оқушыларының , жастар денсаулығының әр түрлі ауру- сырқаулы болуына әкеп соғуы, бәрімізді алаңдатады. Осылардың алдын алу үшін жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбие жұмыстарына жүктелер міндетте талап та қатаң. Біріншіден, бұл үшін салауатты өмір салтын насихаттау аздық етеді, екіншіден, жоғарғы оқу орындарының сауықтыруға бағытталған жұмыс кестесін кеңейтіп, олардың материалдық базасына толығымен жағдай жасалу керек.
Біріншіден, салауатты өмір сүру бағытында бүгінгі студент жастарға жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі көзі әр факультет өз ішінде жеке бастың салауатты өмір сүру жөнінде деспут-конференция өткізуі керек. Екіншіден, денсаулығы жақсы көп жасаған тарихи тұлғалармен кездесулер өткізіп, олардың өмір жасының ұзақтығынан жастарды хабардар етіп отыру керек. Үшіншіден, салауатты өмір сүру тәрбиелік жұмысында әрбір тақырыптың мазмұнына сәйкес халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларды пайдалануымыз керек. Төртіншіден, салауатты өмір сүру үшін, яғни жеке бастың өзінің күнделікті дайындалған тұжырымдама болуы керек. Осындай іс-шараларды іске асырғанда ғана студент жастар салауатты өмір сүруге бет бұрған болар еді.
Жастар ұлттық мәдениетті бойында қалыптастырып, рухани жағынан жан-жақты дамыған ұрпақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене дайындығы
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Салауатты өмір салты ұғымы
Заманауи денсаулықты сақтау технологиясы
Гиподинамия туралы түсінік
Баланы шынықтыру
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Пәндер