ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мұхаметжанов Біржан Сайлаубекович

Қазақстан Республикасы ІММ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Дене шынықтыру дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары,

полиция подполковнигі

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулы-қараларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын Білім туралы Заңының 37-бабындағы Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау туралы білім беру ұйым, мекемелерінде жолға қою үшін игі іс-шаралар өткізілуде [1, 2] . Бірақ, қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлар жас буынға өз әсерін тигізуде. Халықта «Жаман әдет-дерт» деген нақыл сөз бар. Бүгінгі күндері теледидар, газеттер мен журналдар бетіндегі денсаулыққа зиян - темекі мен спирттік ішімдіктерді жарнамалау жасөспірімдерді қызықтыруы, еліктіруі ертеңгі күні арты нашақорлыққа ұрдыру мүмкіндігі, нарықтық экономиканың қиын кезеңінде ата-аналардың қолы тимей үйден тыс болуы, жасөспірімдердің қараусыз қалып, уақтылы дұрыс тамақтанбай, мәнсіз бос сенделіске бой ұруы кейінгі кезде мектеп оқушыларының, жастар денсаулығының әртүрлі ауру-сырқаулы болуына әкеп соғуы, бәрімізді алаңдатады. Осылардың алдын алу үшін жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбие жұмыстарына жүктелер міндет те талап та қатаң. Біріншіден, бұл үшін салауатты өмір салтын насихаттау аздық етеді, екіншіден, жоғарғы оқу орындарының тәрбиеленушілерін сауықтыруға бағытталған жұмыс кестесін кеңейтіп, олардың материалдық базасына толығымен жағдай жасалу керек.

Біріншіден, салауатты өмір сүру бағытында бүгінгі студент жастарға жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі көзі әр факультет өз ішінде жеке бастың салауатты өмір сүру жөнінде диспут-конференция өткізуі керек. Екіншіден, денсаулығы жақсы көп жасаған тарихи тұлғалармен кездесулер өткізіп, олардың өмір жасының ұзақтығынан жастарды хабардар етіп отыру керек. Үшіншіден, салауатты өмір сүру тәрбиелік жұмысында әрбір тақырыптың мазмұнына сәйкес халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларды пайдалануымыз керек. Төртіншіден, салауатты өмір сүру үшін, яғни жеке бастың өзінің күнделікті дайындалған тұжырымдама болуы керек. Осындай іс-шараларды іске асырғанда ғана студент жастар салауатты өмір сүруге бет бұрған болар еді.

Жастар ұлттық мәдениетті бойында қалыптастырып, рухани жағынан жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеп, денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды ойлаған жөн. Адамның әлеуметтік психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз болады:

1. Белсенді қазғалыс нәтижесінде ағзаларды шынықтыру, дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану.

2. Дұрыс және сапалы тамақтану.

3. Жеке және әлеуметтік гигиена талаптарын орындау.

4. Зиянды әтеттерден аулақ болу.

5. Дұрыс жыныстық тәрбие алу [3] .

Осылардың барлығы, өзге сала қызметкерлерімен бірге ұрпақ тәрбиесімен шұғылданатын әр педагог мамандарға зор міндет жүктейді. Ғалымдардың пікірінше, салауатты өмір салтын қалыптастыру үш негізгі мақсатты іске асыруды қөздейді:

1. Глобальді - өсіп келе жатқан ұрпақтың физикалық және психологиялық жағынан салауаттылығын қамтамасыз ету.

2. Дидактикалық - жастарды денсаулықтың қадіріне жетіп, оны сақтауға бағытталған біліммен қаруландыру.

3. Әдістеме - жастарға адамның тіршілік әрекеті және гигиенасы жайындағы біліиді тиімді жолмен жеткізеді. Яғни, психологиялық, психикалық аурудан сақтау, жұқпалы және венерологиялық аурудың алдын алу, алғашқы медициналық көмекті пайдалану. Салауатты өмір салтының бүгінгі ең маңызды мәселесінің бірін зерттегенде:

- әлеуметтік - экономикалық жағдай;

- отбасындағы психологиялық орта;

- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт тағы да басқаларын айтуға болады [4] .

Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани - адамгерщілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірдің салтына саналы түрде қараған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу - кезек күттірмес міндетіміз.

Адам баласы өмірге келгеннен бастап ата-ана тарапынан өмір салтына қалыптасады. Ол бала-бақшада тәрбиешіге байланысты болса, мектепке барғанда баланың салауатты өмірге қалыптасуын мұғалім жалғастырады. Ал жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі мамандарының теориялық, практикалық адам денсаулығына негізделген біліммен сусындауы шарт деп есептеймін.

Дайындығы мол, күшті, төзімді, қайратты, епті балуан болмай жеңістен-жеңіске жету, табыстан-табысқа жетуі мүмкін емес. Кілем үстінде белдескен екі балуанның қайсысында жоғарыда айтылған қасиеттер мол болса, сөз жоқ сонысы жеңіске жетеді. Kүреспен айналысатын палуанның бойында күші-қайраты мол болумен қатар, ол өте-сезімтал болуы керек. Себебі кейбір белдесулер аз уақыттың ішінде, көзді ашып жұмғанша өте шығады. Белдесулер-кезінде адамның бойындағы сан қасиеттер сынға түседі. Бірнеше секундқа, кейде түгелдей 10 минутқа созылатын жекпе-жектерде, жаттығу барысында бойға жиналған әдіс-айла, күш, шапшаңдық, бәрі-бәрі сынға түсетін болады. Кейде жеңісті осы қасиеттердің бірі қамтамасыз етсе, екінші бір жолы жетпей жатады. Соңдықтан да балуанның жан-жақты дайындығы туралы әңгіме қозғалғанда оның тактикалық психологиялық дайындығы және жылдамдық, төзімділік сияқты қасиеттердің бірлесе бас қосуын жиынтығын айтамыз. Міне, өмірде осындай жан-жақты дайындықтан өткен палуан ірі-ірі жарыстарда табыстан-табысқа, жеңістен-жеңіске жетіп, жақсы өнер көрсететінін байқап жүрміз. Жан-жақты дайындығы жақсы палуандар белдесу кезінде тактикалық айла-тәсілдерді де дер кезінде қолдана алады.

Оған өмірімізде кездесіп жүрген мына бір мысалды келтірейік. Кілем үстінде белдесу басталғаннан соң үстін-үстін үдемелі шабуыл жасап, өзіне керекті ұпайын жинап алады да, содан соң толық қорғанысқа көшеді. Ол өзінің белдескен бәсекелесінің шабуылын нәтежиелі аяқталуына мүмкіндік бермейді. Осындай кезде балуанға күш-жігер, қайрат, төзілімділік қажет. Міне, осындай жадайда ғана ол бәсекелесінің мықты қорғанысын бұзып, жіберген есесін қайталап, алға шығып жеңіс тұғырына көтеріледі. Балуан жан-жақты дайындық, кілемдегі белдесулер, жарыстар барысында және көптеген жаттығулар арқылы шыңдалады. Арнайы жаттығулар дегенде біз күш, шапшаңдылық, төзімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді адам бойында қалыптастыруға, дамытуға әсерін тигізетін спорт түрлерін айтамыз.

Ал, жас талапкерлер күшті балуан атану үшін құрыштай күш, шыдамдылық, жарық еткен шапшаңдық керек. Енді міне, осы қасиеттерге жеке-жеке тоқталып өтейік.

І. Күш.

«Күш атасын танымайды» - дейді халқымыз. Табиғи күш немесе қара күштің ролін ешкім жоққа шығармайды. Бұл әсіресе балуан бойынан табылатын, ең қажетті қасиеттердің бірі болмақ керек. Күш балуаны үшін қарсыласының дүлей шабулына қояр қалқан немесе қарсы шабуылдарға ауадай қажет. Күш-бала жастан спортпен айналысатындарға бағынатын биіктік. Жекпе-жек кезінде түскен зор қысымының, үлкен салмақтың нәтижесінде бұлт-бұлт ойнаған бұлшықет сан түрге, сан күйге түседі. Сондаай-ақ, жекпе-жек кезінде палуан әрқилы күшке түсетін тәсілдер, әдістер қолданады, дене ширығады, жекпе-жек басында өзінше күш жұмсалады. Күш неғұрлым көп болса соғұрлым әдістерді нақты қолданасың, ойың әрі жылдам, әрі шапшаң жүзеге асады.

Мінеки, осы ерекшеліктер қай балуанға болсын күш керек екенін айқындап бергендей. Табиғи күштің өзі жекпе-жек кезінде тез сарқылады. Оның әрдайым көзін ашып, байытып отыру керек. Бұл үшін арнаулы жаттығулар бар. Оған керекті нәрселер мыналар: алдымен өз денеңді күтіп-баптау. Спорттық киімдер, штанга, гирлер, гантелдер, доп, блоктар, эспондар, резина, амартизаторлар және тағы басқа да құрал-жабдықтар керек. Балуанның өз күшін арттыру үшін жеке әдістерді жүзеге асыруға әріптес палуан қажет. Ол балуанның айта қаларлықтай күші, әйтпесе ауыр салмағы болуы тиіс. Жоғарыда аталған спорттық құрал-жабдықтар арқылы күнделікті жұмыс істеп отыру керек.

а) Жаттығуларды қайталап істеп, қашан бұлшықеттер талып, шаршағанша орындай беру керек. Неғұрлым ол жаттығулар жеңілдеген сайын, оның санында, қайталау жиілігін де арттырған жөн. Әрбір жаттығулардың бір сериясы - бірнеше рет қайталанып болған соң палуан үзіліс (2-5 мин. ) жасайды. Бұл үзілісте бірнеше тыныс жаттығуларын орындайды және ширыққан бұлшықеттеріңді бір уақыт босаңдатып, әлсіздікке берілесің. Күн сайынғы жаттығу ойындарының күрделілігі артқан сайын, оның саны да артады. Бұл әдіс арқылы күштің көп уақытқа дейінгі шыдамдылығына арта береді.

б) Үлкенді-кішілі жаттығулардың ауқымын, қысымын арттыру, оларды қайталау (жұлқу, лақтыру, итеру, серпілу, тартылу, отырып-тұру, еңкею және басқалар) . Жаттығулардың өзі төмен, орта, жоғары болып бөлінеді. Палуан түсер салмақта арта береді. Мысалы гирлерді, тастарды лақтыру, сонан соң бас арқылы екі қолмен лақтырып, қайта қақшып алуға дағдылану әрине, мұндай кезде кейін шалқайғаның дұрыс. Бұларды қас-қағым сәтте, әрі дәл істегенше қайталай берген абзал. Осы әдісті қолдану күшті дамытуға көп әсерін тигізеді, екіншіден палуанның жылдамдығын, шалттығын, шапшаңдығын арттырады.

в) Әріптесіңмен күш сынасу, қарсыласын тежеп отыру, яғни тер төге отырып үйренген, жаттықан серияларды қаталап отыру.

ІІ. Изотермиялық әдіс.

Бұл әдіс жаттығуларды жиі-жиі қайталау арқылы (5-10 рет) бұлшық еттерді жетілдіру. Осы қайталаулар уақытпен (2-ден 8 секундқа дейін ) өлшеніп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістері
Футболшылардың дайындық әдістемесі
Қозғалыс дағдыларының даму кезеңдері
Спортшылардың дайындығын кешенді бақылау және басқару жүйесінің техникалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz