Жүгірудің өзге спорт түрлеріне әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жүгірудің өзге спорт түрлеріне әсері

Джуашев Ермек, Сәтбаев университеті
Мухамеджанов Біржан Сайлаубекович, ҚР ІММ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Жауынгерлік және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі
Жүгіру спорты қандай бір міндетті шешсе де, мұның өзі қиындықсыз болмайды. Осыған орай спорттың бұл түрі өз атауын ақтай алады деп айту да оңай емес. Сөйте тұра, жеңіл атлетиланың үйретпейтіні жоқ деседе де болғандай. Ол бойынша спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарды бір күн емес, апта бойы қызықтайтынымыз белгілі. Жеңіл атлетика шешетін міндеттің күрделілігі мынада: игеру талап етілетін қозғалыс дағдысын орындауда жаттығушы техникалық қимылдарды нақты атқарып қана қоймай, тез қозғалыс, күш пен төзімділік шапшаңдығын, сонымен бірге органдар мен ағза жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін көрсете білуі тиіс. Сондықтан да жеңіл атлетиканы спорт падишасы деседі. Спорт тарихының ежелгі деректеріне сүйенсек, жүгіру адамдардың қозғалыс арқылы алдына қойған мақсатына жетуінің ең алғашқы түрі, сонымен қатар ресми жарыстың бастауы екені даусыз. Жүгіру жарысын бәрінен бұрын ежелгі грек олимпиадалық ойындарының атлеттері бастағаны белгілі. Жүгіру. Жүгіру - бұл үлкен ерік пен жігер көрсету... салмақсыздықты, өз денеңнің қозғалыс жылдамдығын сезіну, бәрін ұмыта ұмтылу, уақыт ағысын артқа тастау, ең ақырында, жеңістің жақын екеніне сену... қуанышы!
Жеңіл атлетика сабақтарының негізгі талаптары. Жеңіл атлетика сабақтарының талабы өте қатал. Мұнда мықты денсаулық, спорттық мінезбен қатар икемділік, шапшандық, төзімділік, күш жылдамдығы, иілгіштік іс-қимылдарын шоғырландыру арқылы қозғалу сапfсын көтеруге бағытталған күш-жігерді жұмылдыру, саналы түрдегі белсенділік талап етіледі. Әсіресе 16-17 жастағылар арасында осы сапаның үйлесімді дамуының үлкен мәні бар: бұл жеке адамның өз күшін сезінуіне , ұзақ уақыт күш-жігерін жұмсауды қажет ететін қиыншылықты жеңуге, күн сайынғы күрделі міндеттерді орындауға назар аударуға көмектеседі. Мұның өзі бұған дейін еті үйренген немесе жаңадан туындайтын іс-әрекет түрлеріне де қатысты. Сондықтан бұл міндеттерді тым шаршап-шалдықпай-ақ, орындауға болады.
Жүгіруде жылдамдық пен шыдамдылықтың қайсысы маңыздырақ
Әрбір оқушы бұл сұраққа жауап беру үшін, бәрінен бұрын өзіне қызықты және маңызды екенін нақты түйсініп, неғұрлым ақырын, бірақ ұзақ жүгіруге немесе қысқа уақытқа жылдам жүгіруге өзін машықтандыру тиіс.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, жеңіл атлетика сабақтарында мұның екеуіне де жаттықтырылады: алыс және қысқа қашықтыққа жүгіруді жеңіл игеру мүмкіндігі дамытылуы қажет. Мұнда жеңіл атлетика сабақтары нені үйретті, өткен тоғыз-он жылда бұл сабақтардан қандай пайда келтірілді деген сауал төңірегінде өзіндік әділ есеп, түйін болғаны жөн. Шынында да, жеңіл атлетианың әрбір сабағы оқушылардың түрлі дене жаттығуларымен шұғылдануға, бұл жаттығуларды қатесіз, мүдірмей орындай білу құштарлығына баулыйды. Егер осындай жете түсіну талпынысына қол жетсе не жалпы дамыту және арнаулы дамыту жаттығуларын қолдану жөнінде іске пайдалы өз тәжірбиесі болса, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам денсаулығына және организмге жүгірудің әсері
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары жайында
Жеңіл атлетика. Жарыс ережелері. Жүгіру. Лақтыру. Қарғу
Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың ролі
Жеңіл атлетика түрлері
Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Сапта тұру жаттығулары
Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу
Пәндер