Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ғылым және білім министрлігі

Сөж
Тақырыбы:Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсібі.

Орындаған:Юлдашев Х
Қабылдаған:Төртбаева Д

Жоспары:
1.Жалпы мұнай өнеркәсібі туралы түсінік.
2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі
3. Зауыт тарихы.
4.Қорытынды.

Мұнай өнеркәсібі - отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:Шеврон-Тексако (Теңіз)ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).Қазмұнайгаз Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.Көш бастаушы Атырау облысы.Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент.Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді. Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин 1768, П. И. Рычков 1772, П. С. Паллас 1773, С. Г. Гмелин 1785, Г. Гельмерсен 1836, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі - Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы Горный журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен - деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады. Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі - Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтынжұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат - Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Ұабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдыңішінде ол 17 есеге, яғни 272,746тоннаға жетті.Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне осындай жағдайда Қазан көтерілісіне дейін республикалық мұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес үкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат, шындық.Кеңес үкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазақ жұмысшы табын шындады. Мұнайлы Ембі алғашқа кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М.Сартов, М.Жұмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және т.б. болды. Олар жаңа үкәметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В.И.Лениннің негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде, Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес.Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақ гвардияшылардан азат етпей жатып, В.И.Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтардағы Москвада болған кен жұмысшылары мен қызыл армияшылар конференциясында В.И.ленин Енді бізде Гурьев мұнайы бар− деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде - ақ құралған Жайық − Ембі ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Бұл жаңа басқарма трест 1920 жылы Отан қоймасына 1,5 млн пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма Эмбанефть тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған Эмбанефть бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын. Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал - жабдықтарын тасымалдау, азық - түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тас жоы және темір жол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етт.

Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар жда қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны Политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов, т.б. академиктер Атыррау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халығ игңлңгңне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарды игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін Эмбанефть тресінің өзінен орталық ғылыми - зерттеу лабораториясы 1934 құрылды.Осыған орай гравиметрия, электрокаротажсияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұ ңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толтыра бастайды. Ескене 1934 , Байшанас 1935, Қошағыл 1935, Сағыз 1938 , Құлсары 1939 сияқты жаңа кен орындар іске қосылды 1959 - 1969жж арасында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Тереңөзек, Шығыс - Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таңатар, т.б.) ашылды. Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мажиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманнның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы кәсіпкерлік сферасындағы салықтық жүктеменің жағдайы
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Тарих ғылымдарының кандидаты
Ұйымдағы персоналды басқару
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Пәндер