Ауыспалы егісті ұйымдастыру әдістемесі


Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
Ақмола облысы Целиноград ауданы «Ақмол» ЖШС-нің кадастрлық құнын анықтау және егістік жерлерді орналастыру жобасы
Мамандығы 5B090300-«Жерге орналастыру»
Нұр - Сұлтан 2021
Қ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«»
Кафедра меңгерушісі
Төлеубекова Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Ақмола облысы Целиноград ауданы «Ақмол» ЖШС-нің кадастрлық құнын анықтау және егістік жерлерді орналастыру жобасы
Мамандық 5В090300 - «Жерге орналастыру»
Орындаған
Тулеуов А.
Ғылыми жетекші
Омарова Г. Н
Нұр- Сұлтан 2021
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
(Шифр, атауы)
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Төлеубекова Ж. З.
(қолы)
«»2021ж
(күні, айы, жылы)
Студент Тулеуов А.
Дипломдық жобаны орындауға
ТАПСЫРМА
Жобаның тақырыбы: Ақмола облысы Целиноград ауданы «Ақмол» ЖШС-нің кадастрлық құнын анықтау және егістік жерлерді орналастыру жобасы
30. 11. 2021 ж. № 1729 бұйрықпен бекітілген.
Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі «17» мамыр 2021ж
Жобаның бастапқы мәліметтері:
Кіріспе
Әдебиетке шолу
2 Жобалау объектісінің сипаттамасы
2. 1. Жалпы мәліметтер
2. 2 Табиғи - климаттық жағдайлары
3 Жобаның мазмұны мен негізделуі
3. 1. Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастыру және олардың
территориясын реттестірудің сипаттамасы
3. 2. Жыртылған жердің территориясын реттестіруінің
экономикалық негізделуі
3. 3 Кадастрлық құнды анықтау жерді пайдалану
Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)
1. Осы күнгі жер пайдаланушылық планы (1:25 000-1 : 500 000)
2. Шаруа қожалықтарының жер пайдаланушылықтарын жетілдіру жобасы
(1:25 000; 1: 500 000)
Ұсынылған негізгі әдебиет:
1. ҚР Жер кодексі 20 маусым 2003 ж. (өзгертулер және толықтыруларымен) ;
2. М. А. Гендельман, Ж. Қ. Қырықбаев. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері, Оқулық, Астана 2004;
3. Қырықбаев Ж. Қ., Карбозов Т. Е. Шаруашылықаралық жерге орналасты-рудың теориялық және әдістемелік негіздері: Оқу құралы, Астана, 2004
4. Қырықбаев Ж. Қ., Ахметов Е. С., Жұпархан Б. Ж. Қазіргі жерге орналастырудың және кадастрдың теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы, Алматы, 2014
Жoбa бoйыншa кеңесшiлеp (oлapғa қaтысты жoбa бөлiмдеpiн көpсетiңiз)







Жoбaның жетекшiсi
Омарова Г. Н., аға оқытушы
Қoлы, aты-жөнi, лaуaзымы
Тaпсыpмaны opындaуғa aлғaн студент
Тулеуов А.
(студенттiң aты-жөнi, қoлы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Әдебиетке шолу . . . 5
2 Жобалау объектісінің сипаттамасы . . . 25
2. 1. Жалпы мәліметтер . . . 25
2. 2 Табиғи - климаттық жағдайлары . . . 27
3 Жобаның мазмұны мен негізделуі . . . 29
3. 1. Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастыру және олардың
территориясын реттестірудің сипаттамасы . . . 29
3. 2. Жыртылған жердің территориясын реттестіруінің
экономикалық негізделуі . . . 37
3. 3 Кадастрлық құнды анықтау жерді пайдалану . . . 51
4 Еңбекті қорғау . . . 49
5 Қоршаған ортаны қорғау . . . 52
Қорытынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Кіріспе
Жер - аса маңызды өндіріс құралы. Сондықтан ол қоғамның басты байлығының бірі болып табылады. Осыған байланысты оны иелену қоғамның әр түрлі таптары мен топтарының мүліктік және әлеуметтік орындарын себептейді. Жерді иелену, үлестіру, сату, сатып алу, жалға беру, пайдалануын ұйымдастыру және басқа көптеген осы тәріздес сан алуан әлеуметтік-экономикалық байланыстар жер қатынастары жүйесін құрайды. Қысқаша айтқанда, жер қатынастары - бұл жерді өндіріс құралы және қоғам байлығы ретінде пайдалануға және иеленуге байланысты орын алатын өндірістік қатынастар. Әр түрлі таптардың, ұжымдардың және жеке адамдардың өндіріс құралдарына деген қатынастарын белгілейтін өндірістік қатынастар құрамында жер қатынастарының орны ерекше. Олардың басты элементі - жер меншігі. Жер кімнің қолында болса-байлық та, билік те соның қолында. Бұл әрқашан қоғам таптарының арасындағы күрестің негізгі себебі. Сондықтан да жер қатынастары аграрлық саясаттың іргелі және негізгі мәселесі, осы саясаттың аса күрделі аспектісі болып табылады. [3]
Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша жерге орналастыру -бұл жер заңдарын және басқа нормативтік актілерді жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі . Жалпы түрде бұл жүйе құқықтық, экономикалық және техникалық шараларды қамтиды. [1]
Жыртылған жер территориясын ұйымдастыру ауыспалы егістерді ұйымдастыру және олардың территориясын ұйымдастыру жыртылған жер территориясын ұйымдастыру ауыспалы егістерді реттестіруу мен олардың территориясын ұйымдастыру жұмыстарынан тұрады. Ауыспалы егістіктерді реттестіру бірқатар өзара байланысты және кешенді түрде қарастырылатын жобалық міндеттерді қамтиды. Ауыспалы егістерді реттестіру олардың типін, түрін, санын, ауданын, дақылдардың кезектелу схемасын анықтауды және ауыспалы егістерді территорияда орналастыруды қамтиды.
Ауыспалы егіс - бұл кеңістікте және уақыт аралығында ауылшаруашылық дақылдардың белгілі бір территориядағы алмасуы. Ол танаптардан тұрады. Ауыспалы егістердің танаптары а. ш. дақылдарын өсіріп, өндіру және агротехникалық механикаландырылған жұмыстарды орындау үшін арналған ауыспалы егіс массивінің тең ауданды бөліктері. Кейде танаптар жұмысшы учаскелерге бөлінеді. Танаптар мен жұмысшы учаскелердің межелері бойынша алқаптық жолдар жүргізіледі.
Ауыспалы егістерді жобалау және олардың территориясын реттестіру
кезінде белгіленген талаптар ескеріледі. Ауыспалы егіс массиві орналасуы
тиіс:
- а. ш. дақылдарын өсіріп, өндіру үшін жарамды топырақтарда;
- агроэкологиялық біртекті территорияларда;
- ықшамды.
Ауыспалы егістердегі а. ш. дақылдарын топырақты ескере отырып орналастырады. Мысалы, кезектелу схемасында жүгері егістігі бар ауыспалы егістерді тұзданған немесе эрозияланған топырақтарда орналастыруға болмайды. Тұзданған топырақтарда арпа немесе көпжылдық шөп егістігін орналастырған жөн. Ауыспалы егіс массиві ықшамды, яғни ұзындығы минималды болуы тиіс.
Ауыспалы егістердің танаптарын жобалау кезінде ескерілетін талаптар:
- бірегей сапалы;
- тең ауданды;
- формасы және өлшемі бойынша тиімді;
- бұрынғы ұйымдастырылған территорияны ескере отырып.
Жыл сайын ауыспалы егістерден бірдей мөлшерде өнім алу үшін, олар тең ауданды және тең сапалы болу тиіс. Сондықтан танаптарды жобалау кезінде ауыспалы егіс бойынша танаптардың ауданы орташа ауданнан ауытқу шамасын ескеру қажет. Егер танап жұмысшы учаскелерден құралса, онда жұмысшы учаскелердің тең ауданды болуы міндетті емес. Машина-трактор агрегаттарын тиімді пайдалану үшін, танаптардың конфигурациясы дұрыс, өлшемдері тиімді болуы тиіс. Ауыспалы егістанаптары әдетте, ықшамды, бір немесе аздаған учаскелерден жобаланады. Тік төртбұрышты немесе тік бұрышты трапециялы формалы танап, дұрыс конфигурациялы болып саналады. Тікбұрышты формалы танаптың бұрыштары 30 градустан аз болмауы тиіс. Жақтарының ара қатынасы 1:1 ден 1:4 дейін болады. Далалық аймақтағы тегіс жерлерде танаптардың тиімді ауданы 300-400га аралығында. Жыртылған жерді өңдеу кезіндегі айдау ұзындығы шамамен 2000м. Танаптың ұзындығы мен ауданына байланысты ені 1000 м ден 3000 м шамасында жобаланады.
Танаптар және жұмысшы учаскелердің межелерімен бірге байланыстырыла отырып алқаптық жолдар жобаланады. Жол желісін жобалау кезінде келесі талаптар сақталуы тиіс:
- шаруашылық орталығы мен негізгі жыртылған жер массиві арасында
байланыс жасауға қолайлы;
- әрбір жұмысшы учаскесіне келуге қолайлы;
- жолдың ұзындығының минималды болуы;
- тік сызықты;
- бұрынғы жолдарды қайта салуға кететін шығынның минималды.
Жобада, мүмкіндікке қарай, ауыспалы егіс пен танаптардың межелерін бұрынғы жол желісімен сәйкес жүргізіп, жыртылған жер территориясының бұрынғы ұйымдастырылған қалпын сақтауға тырысу керек. Ең алдымен алқаптық магистраль болып табылатын және шаруашылық орталығын негізгі жыртылған жер массивімен байланыстыратын жолдарды сақтау керек.
1. Әдебиетке шолу
1. 1 Жерге орналастыру және оның экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігі.
Жерге орналастыру - аса күрделі инженерлік-экономикалық, техникалық және ұйымдастыру шаруашылық, сонымен бірге, құқықтық шаралар кешенін қамтиды. Бұл шаралар кешені жерді тиімді пайдалануға, бірінші кезекте, қорғауға көзделген.
Жалпы, жерге орналастыру - Республиканың жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерге иелік етудің барлық түрлерін тең құқықпен қолайлы жағдайлар қамтамасыз етуге, жерді аса күрделі табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде тиімді, ұтымды пайдалануға жан-жақты мүмкіншілік жасауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі. [3]
Жерге орналастырудың тиімділігі өндірістің дамуымен және табиғи ресурстарының пайдалануымен бірге қарастырылады. Ол жерге орналастыру іс-қимылдарының нәтижесінде пайда болатын тиімділік және өндірістің, еңбектің, сонымен бірге жерді пайдаланудың дұрыс, өзара байланысты түрде ұйымдастырылуымен себептеледі. Жерге орналастыру тиімділігінің үш түрін айырып белгілеуге болады: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды орынды пайдалану мен ұдайы өндіру қажеттілігінен туындайды.
Ол ерді эрозиядан сақтауды, табиғат қорғау әрекеттерін жүзеге асыруды, топырақ қыртысын қалпына келтіруді және т. б. қамтитын жерге орналастыру шараларының қоршаған орта мен жердің өңделуіне әсер етуі арқылы байқалады. Жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі өндірістің қолайлы салалық құрамы мен территориялық реттілігін қалыптастыру және шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту нәтижесінде пайда болады.
Жерге орналастырудың әлеуметтік тиімділігі болып жер қатынастарының нығаюы, жер иеленушілері мен пайдаланушылары құқықтарының сақталуы және ауыл еңбеккерлерінің мәдени-тұрмыс жағдайларының жақсаруы табылады. [4]
Кейде үкімет, құқықтық және экономикалық шаралармен қатар, жер қорын басқаруда, жерге орналастыру арқылы аграрлық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі саяси шараларды да қолданады. Бұндай жағдайда жерге орналастыру әлеуметтік-экономикалық маңызбен қатар, саяси сипатқа ие болады және үкіметтің аграрлық саясатты жүзеге асыру құралына айналады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, азаматтардың, шаруашылық құрылымдарының агроөнеркәсіп кешенінде және басқа да өндірістік кешендерде, сонымен бірге өндірістік емес салада жұмыс істеулеріне себепті, жерге орналастыру тиімділігі халықшаруашылық және шаруашылық- есептік түрлеріне бөлінеді. Бірінші жағдайда жерге орналастыру жер қорын категорияларға, жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға, алаптарға бөлу құралы болып табылады және осы ретінде жалпы халық шаруашылығына, сондай-ақ аграрлық экономикаға әсер етеді. Бұнда жерге орналастырудың халықшаруашылық тиімділігі халық шаруашылық индикативтік жоспарлаумен, жер ресурстарын пайдалану және қорғау жөнін-дегі бас, облыстық және аудандық схемаларды әзірлеумен, сонымен қатар, белгілі бір шамада, шаруашылықаралық, ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастырумен байланысты. Жерге орналастырудың шаруашылық-есептік тиімділігі, белгі-ленген территориялық реттіліктің еңбек ұжымдарының өндірістік бағ-дарламаларды орындауына және жыл сайынғы өндіріс шығындары-ның азаюына әсер етуін қамтып көрсетеді. Тәжірибенің көрсетуінше, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары игерілген ауылшаруашылық кәсіпорындарында, басқала-рына қарағанда, бір жұмысшыға алынатын өнімнің көлемі 15-20% жоғары болады екен. [5]
ІШЖО жобаларының жүзеге асырылуы өте төмен. Оның үстіне өткен ғасырдың аяғында орын алған дағдарыс бұндай жұмыстардың толық тоқталуына әкеліп соқты. Өкінішке орай, бұндай жағдай әлі де орын алады. Оның үстіне шкішаруашылық жерге орналастыру және учаскелік жерге орналастыруға қатысты жұмыстарды қаржыландыру міндеті жер иелері мен жер пайдаланушылардың өздеріне заңды түрде жүктеліп отыр. Бұл, аталған жобаларға тапсырыс күрт қысқарады деген сөз. Ақыр аяғында, дер кезінде жүргізілмеген ІШЖО салдары ауыспалы егістіктер жүйесінің, жалпы ішкішаруашылық территория реттілігінің бұзылуына, жердің иесіз қалуына әкеліп соғады. Соңғысы жер иелері мен жер пайдаланушылардың өздерінің заңда қамтылған жерді тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттерін толық орындамауға себеп болады. Сондықтан, жер қатынастары мен жалпы жерге орналастыру жүйесін әрі қарай жетілдіру, жерге орналастыру ғылымында көпшілікпен танылған оның өндірістік процесін, жобаларды жасау, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негіздеу реттілігін қалпына келтіру, бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр. Жерге орналастыру жұмыстарының іс жүзіндегі тиімділігі тек бірер жыл өткесін ғана анықталуы мүмкін. Мысалы, жыртылған жерде ауыспалы егістің айналым аяқталғаннан кейін. Осыған себепті жерге орналастыру жобаларының күтудегі экономикалық тиімділігі анықтау қажет, ал іс жүзіндегі тиімділігін жобаны игеру мерзімінен кейін анықтауға болады. [6]
1. 2 Ішкішаруашылық жерге орналастыру оның түсінігі және міндеттері
Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын барлық кәсіпорындардың территориясында оларға бекітілген жерлерде жүргізіледі. Демек, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың объектісі ауылшаруашылық кәсіпорын территориясы болып табылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру түсінігін былайша тұжырымдауға болады: бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі ушін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындагы әр турлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.
ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу. [3]
ІШЖО-дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
ІШЖО кезінде өндірісті территориялық ұйымдастыру негізін шаруашылықтық учаскелер мен сызықтық контурлардың аудандары құрайды. Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
- жерді, еңбекті, а/ш техникасын пайдалану кезінде максималды экономикалық тиімділік алу үшін экономикалық міндеттерді шешу;
- топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту жөніндегі экологиялық міндет;
- айнала қоршаған ортаны сақтау арқылы және шаруашылық экономикасын нығайту кезінде шешілетін әлеуметтік міндет.
ІШЖО жобаларының топтары табиғи-шаруашылықтық жағдайлары бойынша жобалар топтамаларына бөлінеді: богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары; суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖОжобалары; топырақ эрозиясы аймағындағы ІШЖО жобалары; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО жобалары. Шаруашылық жүргізу формасы бойынша ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобалары және шаруа қожалықтарының ІШЖО жобалары болып бөлінеді. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобаларында шаруашылықтың ішкі территориясын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
ІШЖО жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, ІШЖО жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:
- өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;
- ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру;
- алаптарды ұйымдастыру;
- ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;
- жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектік, жүзімдік) территориясын орналастыру;
6) мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру.
ІШЖО жобасының нәтижесі ауылшаруашылық өндірісінің терри-торияда ұйымдастырылуын көрсететін шаруашылықтық учаскелердің экономикалық негізделген ауданын, межелерін және орналасқан жерін планда графикалық көрініспен дәл анықтау болып табылады. [6]
ІШЖО жобаларының топтары табиғи-шаруашылықтық жағдайлары бойынша жобалар топтамаларына бөлінеді: богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары; суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖОжобалары; топырақ эрозиясы аймағындағы ІШЖО жобалары; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО жобалары. Шаруашылық жүргізу формасы бойынша ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобалары және шаруа қожалықтарының ІШЖО жобалары болып бөлінеді. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобаларында шаруашылықтың ішкі территориясын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
1. 3 Жер алаптары туралы түсінік және оларды топтастыру, ұйымдастыру
Алап дегеніміз табиғи-тарихи және басқа қасиеттерінде сапалық айырмашылығы бар, белгілі бір өндірістік мақсаттар үшін жопарлы және жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелерін (массивтерін) айтамыз. Өндірісте пайдалану сипаты және табиғи қасиеттері бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылығы жер алаптарына бөлінеді. Өз кезегінде олар ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес болып топтастырылады.
Қазіргі кездегі топтастыру негізгі а. ш. алаптарын бөліп көрсетеді. Оларға а. ш. өнімін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер жатқызылады: жыртылған жер, көпжылдық жеміс-жидек көшеттері, тыңайма, шабындық, жайылым.
Жыртылған жер - ең құнды және өнімді алап. Оған топырағы құнарлы, ауылшаруашылық дақылдар егістігі үшін жүйелі түрде өңделетін, сонымен қатар парға бөлінген жерлер жатады.
Көпжылдық жеміс-жидек көшеттері - жеміс-жидек немесе жүзмдік өнімін, сонымен қатар арнайы техникалық және дәрі-дәрмектік дақылдар өсіру үшін арналған, мәдени бұталы немесе көпжылдық шөптер егілген ауылшаруашылық алаптары. [6]
Тыңайма - бұрын жыртылған жерге пайдаланылған және бір жылдан астам ауылшаруашылық дақылдары егілмеген немесе парға пайдаланылмаған жер учаскелері.
Шабындық - ылғалдылығы жоғары немесе суарылатын шалғынды топырақта орналасқан учаскелер. Ондағы өсімдіктер шөп дайындау үшін жүйелі түрде орылып отырады.
Жайылым - мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер.
Ауылшаруашылықтық емес алаптарға егіншілік өнімдері үшін пайдаланылмайтын алаптар жатады: ормандар, бұталар, жолдар, су қоймалары, құрылыстар, сонымен қатар сортаңдар, құмдар, жыралар және т. б. астындағы жерлер.
Ауылшаруашылықтық емес алаптарды келесідей топтарға бөлуге болады: ауылшаруашылық алаптарына қызмет көрсететін жер алаптары: жоладар, құрылыстар, мал айдайтын жолдар, елді мекендер, орман көшеттері, гидротехникалық қондырғылар, су астындағы жерлер және а. ш. пайдалануға жарамсыз жерлер (бұталар, тұзданған жерлер, құмдар және т. б. ) .
Алаптарды ұйымдастыру дегеніміз трансформациялау және жақсарту арқылы олардың құрамы мен ара қатынасын анықтау және территорияда шаруашылыққа тиімді орналастыру. Оның мақсаты топырақ құнарлығын сақтай отырып, максималды мөлшерде ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін, жерді пайдалану интенсивтілігін көтеру. Жобаның осы құрамдас бөлігінің басты міндеті жерді жоғары интенсивтілікпен пайдалану үшін жағдай жасауға болатын кӛлемде алаптардың құрамын анықтап, орналстыру.
Алаптарды ұйымдастырудың негізгі бағыттары: трансформация және жақсарту. Алаптардың нақты құрылымынан жобалық құрылымға ауысу оларды бірте-бірте трансформациялау арқылы жүргізіледі. Трансформация дегеніміз алаптардың түрін өзгерту (қайта құру), яғни жерді бір алап түрінен басқа түріне ауыстыру. Алаптарды жақсарту - алаптарды пайдалану интенсивтілігін көтеретін (өнімділігін көтеретін), бірақ олардың түрін өзгертпейтін шаралар. Алаптарды ұйымдастыру нәтижесі жер алаптарының жобалық құрылымы болып табылады. Алаптардың құрамы мен ара қатынасы, оларды территорияда орналастыру келесідей талаптарға сай болуы тиісті: табиғи қасиеттеріне сәйкес бүкіл жерді тиімді пайдалануға; эрозиялық процестерді тоқтату, жою және ландшафты жақсартуға; топырақтың құнарлығын жүйелі түрде қалпына келтіріп отыруға және көтеруге; салалардың мамандығына және олардың үйлесіміне, алаптарды ұйымдастыру жобасының сәйкес келуіне; мал шаруашылығының мал азығымен тұрақты қамтамасыз етілуіне; өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын жүмсалуына; еңбек өнімділігін көтеруге және машина-трактор агрегаттарын жоғары өнімде пайдалануға қолайлы жағдайлар құруға; жаңа жерлерді игеруге күрделі қаржыны аз жүмсауға, өнделіп жүрген жердің пайдаланылу қарқындылығын көтеруге және жүмсалған қаржының тез қайтарылуына; а/ш алаптарының ішкі территориясын реттестіру үшін қолайлы жағдайлар құруға. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz