Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сауат ашу әдістемесі Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері

Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс - тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » - ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті - студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу. Пәннің міндеті - студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс - тәсілдерін меңгерту.

Метод - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген. /под ред. проф. Д. Н. Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2, стр 199. / Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді. Метод - халықаралық термин болып орныққан сөз. Метод - сөзбе - сөз алғанда жол, прием т. б.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс - тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.

"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты

"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру: байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты міндеттері: Әліппеге дейінгі кезең: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. "Сауат ашу" пәнінің зерттеу объектілері Интеграцияланған (оқу, жазу) мазмұндағы "Сауат ашу" пәні - ана тілінің байлығын меңгертудегі алғашқы саты, "Филология" білім саласына кіретін пән. "Сауат ашу" пәнінің оқыту аясы:

- қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі;

- қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;

- балалар көркем әдебиеті шығармалары.

"Сауат ашу" пәні мазмүнының даму болашағы. Мектептің бастауыш сатысындағы "Сауат ашу" пәнінің мазмұны 2-4-сыныптарда "Қазақ тілі" және "Әдебиеттік оқу" пәндері, негізгі мектепте "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндерінің мазмұнында дамытылады.

"Сауат ашу" пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны БОЖ-да "Сауат ашу" пәні "Филология" білім саласына кіретін, мектептің бастауыш сатысында міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген. Сауат ашуды оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (тандау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін. Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас үрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:

оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;

сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын тұрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;

баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқыл арттырылады;

үйге тапсырма берілмейді;

апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;

Сауат ашу аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:

1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;

Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, оны айтуға үйрету;

Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;

Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;

Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;

Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудық каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;

Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.

Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.

"Әліппеге" дейінгі кезең де, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең де балалардың, тілін дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.

"Әліппеге" дейінгі кезең де заттарды тегіне, тұріне, т. б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйе­ленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстық ерекшеліктері туралы ұғым беру.

Даярлық кезеңі-сөйлеммен танысу: сөйлеуді-сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге, -сөздерді буындарға, - буынды дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.

Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңі нде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т. б. "Әліппені" оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл үй. Бұл үлкен үй. Бұл қызық кітап, т. б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді, сабақтық барлық кезеңі нде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда, кезінде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Баланы мектепке дайындаудың негізгі формалары

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала- біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол- үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты- баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Баланың мектепке дайындығының көрсеткіштерін өзара байланысты 3 бөлікке бөлуге болады: физиологиялық, интелектуалды және өзіндік дайындығы. Физиологиялық дайындығын дәрігер, интелектуалдық және өзіндік дайындығын психолог бағалайды.

Баланың белсенділігі, өздігімен жұмыс жасай білуі, өз қатарластарымен және ересектермен ойлау деңгейі жағынан тіл табыса білу. Оқушылық бағытының қалыптасқандығы туралы мәліметтерді мұғалімге психолог береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Әріптерден сөз жасау
Бүгінгі күнде әртүрлі ғылымдардың өзара тоғысуы
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Әліппеден кейінгі кезең
Сауат ашудың міндеттері
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz